Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау
комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы
(2007.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мүлкiн бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттері, кедендері, Кинологиялық орталығы, Орталық кеден зертханасы мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендiк бақылау департаменттерi, кедендерi, Кинологиялық орталығы, Орталық кеден зертханасы мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы;
3) Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Комитет төрағасының төрт орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
2) Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.
6. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 325-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігі мемлекеттік мекемелерiнiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 10 наурыздағы № 300 қаулысының 4-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1133 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Кедендiк бақылау комитетi туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негізгi мiндеттерi:
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының егемендiгiн, ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiн, сондай-ақ адамның өмiрi мен денсаулығының қорғау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кедендiк және өзге де заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету;
кедендiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi және кедендiк бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегінде шетелдiк мемлекеттердiң кеден және өзге де құзыретті органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
сыртқы экономикалық және кеден iсi саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Комитеттің заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендiк бақылау департаменттерi, кедендер, Кинологиялық орталық және Орталық кеден зертханасы жатады.
3. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік-құқықтық кесiмдерге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлері және мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында бюджеттік шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитет басшысының бұйрығы Комитет шығаратын кесiм нысаны болып табылады.
6. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітедi.
ҚР Үкіметінің 2005.22.10. № 1063 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендік бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке заңнамалық кесiмдермен кірiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген жағдайда, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
11. Комитет заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мынадай салада мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
оларды алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелетiн кедендiк төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгiзiлуiн қамтамасыз ету;
кедендiк рәсiмдердi оңайлату және жетiлдiру мақсатында кедендік ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйенiң шеңберiнде пайдаланылатын техникалық құралдар жүйесiнiң жұмыс iстеуін қамтамасыз ету;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу;
Қазақстан Республикасының кедендiк сыртқы сауда статистикасын және арнайы кедендiк статистиканы жүргiзу;
Қазақстан Республикасы кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, заңсыз әрекеттерiне немесе әрекетсiздiгiне шағымдарды уақытылы және объективтi түрде қарауды қамтамасыз ету;
кеден iсi саласында ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргізу;
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
жедел-iздестiру қызметiн, контрабандаға, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтаруға және кеден iсi саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күресті жүзеге асыру;
кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту;
кеден iсi бойынша мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгін көтерудi, кеден зертханаларында, басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдарда жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлауды қамтамасыз ету;
мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарлар мен көлiк құралдарының сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының салық, валюта және өзге де заңнамалары салаларындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, алдын алуда және жолын кесуде салық қызметi органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсету;
кеден органдары қызметiнiң қауiпсiздiгiн, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңға қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету;
кеден органдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысу;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру.
2) бақылау және қадағалау функциялары:
валюта заңнамасының сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізуi, қылмыстық iстер және кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуi кезiнде заңдылықты сақтауын бақылау;
тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзудiң рұқсат ету тәртібінiң орындалуын қамтамасыз ету;
өз бетiмен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру, кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн қорғау жүйесiн ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк органдарымен бiрге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кедендiк шекарасын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы үшiн стратегиялық және басқа да өмiрлiк маңызы бар материалдардың, сондай-ақ мәдени құндылықтардың әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды және лицензиаттардың олардың белгіленген құзыреттер шегіндегі лицензия талаптарын қамтамасыз етуi жөніндегі қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
тауарлардың кедендiк құнын белгiлеудiң дұрыстығын бақылау жүйесiн ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізудi ұйымдастыру.
12. Комитеттiң:
кеден заңнамасының Қазақстан Республикасында және шетелдiк мемлекеттерде қолданылу практикасын талдауға және қорытуға, сондай-ақ кедендiк заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке тұлғалардан кеден заңнамасын бұзушылықтарды жоюды талап етуге және оның орындалуын бақылауға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке тексеру жүргiзуге;
кеден iсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы iстер бойынша жедел-iздестiру iс-шараларын, анықтауды және iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес құқық бұзушылық жасаған немесе қылмыс жасауға күдiктi адамдарды ұстауға және Қазақстан Республикасының кеден немесе құқық қорғау органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткiзуге;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес фактiлер мен оқиғаларға құжаттау, бейне және дыбыс жазбаларын, кино және фото түсiрудi жүргізуге;
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген басқа да шараларды қолдануға;
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, шетелдiк мемлекеттердiң кедендiк және өзге де құзыреттi органдарымен, халықаралық ұйымдармен кеден iсi мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауға;
кеден ісі саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердің жобалары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi, байланыс жүйелерiн және деректердi беру жүйелерiн, кедендiк бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзiрлеуге, құруға және пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдарына жүктелген функцияларды орындау үшiн қаруды, арнайы техникалық және өзге де құралдарды қоса алғанда, тауарларды сатып алуды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес соттарға талаптар қоюға;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кеден iсiнiң мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
өз құзыретiнiң шегінде нормативтiк құқықтық кесімдер шығаруға құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкі
13. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрiнiс табатын өзге де мүлiктiң есебінен қалыптасады.
14. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттің, егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, өзiне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiкті өз бетімен иелiктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетті Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Үкiметі төрағаның ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары (орынбасарлары) болады.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
18. Осы мақсаттарда төраға мынадай өкiлеттiктердi жүзеге асырады:
Комитет қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
өз орынбасарларының, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерi мен өзге де құрылымдық бөлiмшелерi бастықтарының құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды;
өз құзыретiнiң шегiнде кеден органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
заңнамаға сәйкес Комитеттiң лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарына қоса алғанда кеден қызметiнiң полковнигiне дейiн бастапқы және кейiнгi арнайы атақтар бередi;
Қазақстан Республикасы Президентiнің кеден органдары лауазымды адамдарының жоғары басшы құрамына арнайы атақтар беруi және кеден органдарының лауазымды адамдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне ұсыныс енгiзедi;
белгiленген тәртiппен кеден органдарының ресми өкiлдерiн Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде шет мемлекеттерге жiберу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне ұсыныс енгізедi; заңнамада белгiленген тәртiппен кеден органдарының лауазымды адамдарын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жаза қолданады және өз құзыретiнiң шегiнде оларға құрметті атақтар бередi;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың жарғыларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен құрылым мен штат санының лимитi шегiнде штаттық кестенi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1133 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы
Кедендiк кiрiстер басқармасы
Контрабандаға қарсы күрес басқармасы
Ақпараттық технологиялар басқармасы
Қаржы басқармасы
Талдау және статистика басқармасы
Кадр басқармасы
Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы
Энергия ресурстарына кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы
Iшкi қауiпсiздiк басқармасы
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
Халықаралық қатынастар басқармасы
Посткедендiк бақылау басқармасы
Жедел-кезекшiлiк қызмет бөлiмi (дербес бөлiм)
Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлiмi
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1133 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау
комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тiзбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Астана қаласы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетінiң Ақмола облысы бойынша Кедендiк бақылау департаменті
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетiнің Алматы облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Атырау облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендiк бақылау департаменті
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Кедендiк бақылау департаменті
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Кедендiк бақылау департаменті
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Кедендiк бақылау департаменті
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Кедендiк бақылау департаменті
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментi
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң "Астана - Жаңа қала" кеденi
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң "Байқоңыр" кеденi
19. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20. ҚР Үкіметінің 2005.30.11. № 1175 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң "Достық" кеденi
22. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27. ҚР Үкіметінің 2007.28.08. № 747 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң "Қаржы-шаруашылық кеденi"
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң "Кинологиялық орталығы"
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң "Орталық кеден зертханасы"
ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 1470 қаулысымен тізбе 31-тармақпен толықтырылды
31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Кедендiк бақылау комитетiнiң Алматы қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы;
ҚР Үкіметінің 2004.31.12. № 1470 қаулысымен тізбе 32-тармақпен толықтырылды
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендiк бақылау комитетiнiң Атырау қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығы.