Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбір мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 3 қыркүйектегі № 962 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.02.03 ж. № 144; 01.04.03 ж. № 314; 30.09.03 ж. № 1004;
24.06.04 ж. № 695; 28.10.04 ж. № 1119 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" реттiк нөмiрi 3-жолында:
"885" деген сан "1125" деген санмен ауыстырылсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) Салық комитетi 382
6) Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет 44";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдар қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 2-жолда:
1) тармақшада "3951" деген сан "3872" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi 226
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi 108229.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi құрылсын.
4. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы № 48 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 2, 20-құжат) 1-тармағының;
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 маусымдағы № 674 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 19, 204-құжат) 2-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен Ереженін күші жойылды (бұр. ред. қара)