758-46) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер мен қаржылық қызмет туралы есептерді мемлекеттік мүлікке қатысты меншік иесінің құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынуы тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
758-47) меншіктің мемлекеттік мониторингінің ақпаратына қолжетімділік беру тәртібін белгілеу;
758-48) дүлей зілзалалар мен авариялар нәтижесінде физикалық немесе моральдық тозу салдарынан жарамсыз болып қалған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің жойылуын және жоюды ресімдеу тәртібін бекіту;
758-49) жою және кәдеге жарату үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;
758-50) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдау;
758-51) нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру тәртібін келісу;
758-52) нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібін келісу;
758-53) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін, мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;
758-54) цифрлық трансформациялауды жүргізу;
758-55) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін келісу;
758-56) монополияға қарсы органмен келісу бойынша ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы бекітетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін, сондай-ақ мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тiзбесiн келісу;
758-57) монополияға қарсы органмен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін келісу;
758-58) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган бекітетін салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын келісу;
758-59) егер тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінің кедендік декларациясын толтыру тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінде көзделсе, кедендік декларациялау кезінде мұндай кедендік декларациялардың көшірмелерін ұсынуға келісім беру туралы міндеттеменің нысанын бекіту;
758-60) ҚР Үкіметінің 2025.15.10. № 865 Қаулысымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
758-61) тармақша 2028 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
758-61) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тұрмыстық аспаптардың және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарының, сондай-ақ олардың өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын компоненттерінің тізбесін келісу;
758-62) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін импорты қосылған құн салығынан босатылатын пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) тізбесін келісу;
758-63) цифрлық майнингтік пулдың цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді ұсыну нысанын бекіту;
758-64) цифрлық активтер биржаларының, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтердің нысанын және оларды салық органына ұсыну тәртібін белгілеу;
758-65) цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін әзірлеу және бекіту;
758-66) ақпараттық алмасу жүйесі арқылы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген (әкелінген) көлік құралдары туралы мәліметтерді ұсыну;
758-67) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган бекітетін айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу (иеліктен шығару) тәртібін келісу;
758-68) тармақша 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
758-68) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін келісу;
758-69) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін келісу;
758-70) бюджеттік мониторингті жүргізудің және тиісті бюджеттік бағдарламаның атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастырудың әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерін айқындау;
758-71) әкімшілерге арналған кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
758-71) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
758-72) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды жыл сайынғы негізде енгізу;
758-73) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстарды жыл сайынғы негізде әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жыл сайынғы негізде қалыптастыру;
758-75) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
758-76) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
758-77) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесіп резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
758-78) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп активтерді ашып көрсету туралы декларацияның нысаны мен оны ұсыну тәртібін бекіту;
758-79) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
758-80) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағында көрсетілген резиденттердің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылауды жүзеге асыру;
758-81) тексерілетін резиденттің экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындауына валюталық бақылау жүргізу кезінде тексеру жүргізу және (немесе) «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген бақылаудың өзге де нысанын жүзеге асыру;
758-82) Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатын пайдалану және мониторингтеу тәртібін айқындау;
758-83) Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты жыл сайын жариялау;
758-84) букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың салық органына ұсынатын мәліметтердің тізбесі мен нысанын белгілеу;
758-85) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша салық агентіне ұсынылған жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын әзірлеу және белгілеу;
758-86) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзірлейтін және бекітетін консулдық алым мөлшерлемелерін келісу;
758-87) жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның объектілерді салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді салық органдарына ұсыну тәртібін әзірлеу және айқындау;
758-88) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін келісу;
758-89) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тәртібі мен тізбесін белгілеу;
758-90) мүліктік жалдау (жалға беру) шарттары тізілімінің нысанын, оны жасау және ұсыну тәртібін белгілеу;
758-91) өзара іс-қимыл жасау қағидаларын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтердің нысанын белгілеу;
759) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайтын Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны пайдалану тәртібін келісу;
760) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервті бөлу қағидаларын әзірлеу;
761) халық қатысатын бюджетті іске асыру тәртібін айқындау;
762) мемлекеттік «жасыл» облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу тәртібін әзірлеу;
763) мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті жасау, уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және ақпаратты ұсыну тәртібін айқындау және бекіту;
764) блоктық бюджеттеуді іске асыру (ендіру) қағидаларын, блоктық бюджеттеуге қатысатын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тізбесін әзірлеу;
15-тармақтың 765) тармақшасы 2027 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
765) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай қазынашылық шоттан уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру тәртібін әзірлеу;
766) салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті органға салық төлеушілер қолданған салықтық жеңілдіктердің көлемі және олардың бюджетке түсетін түсімдерге әсері туралы мәліметтерді ұсыну;
767) 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
768) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылатын кепілдендірілген трансферттің ай сайынғы көлемінің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген тәртіппен белгілеу;
769) тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қолма-қол ақшаның профициті болжанған жағдайда, уақытша бос бюджет ақшасының көлемін айқындау;
770) бірыңғай қазынашылық шоттағы ақша қалдығына күнделікті сыйақыны республикалық бюджет кірісінің есебіне жатқызу;
771) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыйақы алу мақсатында уақытша бос бюджет қаражатын Ұлттық пошта операторындағы және (немесе) екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына орналастыруын келісу;
772) қазынашылық мониторинг нәтижелерін жариялауды қамтамасыз ету;
773) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес ағымдағы бақылауды жүзеге асыру барысында қазынашылық мониторингті жүзеге асыру;
774) бюджеттің қазынашылық атқарылуын қамтамасыз ету;
775) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, оның ішінде мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бөлінісінде сыртқы және ішкі қарыз алу құрылымы туралы мәліметтерді есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету;
776) Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы жариялауды қамтамасыз ету;
777) бюджет процесін ақпараттандыру объектілеріне өкілді органдар мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
778) бюджет процесін ақпараттандыру объектілерінің стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
779) бірыңғай бюджеттік сыныптаманы жасау және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындау;
780) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлеу және бекіту;
781) тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары айқындайтын зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін келісу;
782) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қоспағанда, заңды тұлғалардың трансферттерді пайдалануы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың трансферттерді пайдалану барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
783) орталық мемлекеттік органдар айқындайтын бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібін келісу;
784) тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органы айқындайтын лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құнын және нысанасын белгілеу тәртібін келісу;
785) тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындайтын бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібін келісу;
786) тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары айқындайтын мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін келісу;
787) орындауға республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделетін мемлекеттік тапсырмалар туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру және оны республикалық бюджет туралы заң жобасына қоса берілетін материалдардың құрамына енгізу;
788) мемлекеттік тапсырманы орындау және мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманың орындалу барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;
789) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп қаржы жылының қорытындысы бойынша резервтердің пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастыру;
790) резервтердің пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастыру және оларды жариялау тәртібін айқындау;
791) мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік органның қолданыстағы даму жоспары аяқталатын жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей бекітетін мемлекеттік органның даму жоспарының жобасын келісу;
792) республикалық бюджет туралы заң жобасын қосымшаларымен бірге, республикалық бюджет туралы заңды қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығын қосымшаларымен бірге, азаматтық бюджетті, шығыстарға шолу жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды жариялауды қамтамасыз ету;
793) мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы мәліметтерді, азаматтық бюджетті, шоғырландырылған, мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ай сайынғы есепті, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижелері және аудит жүргізу нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікті, мемлекеттік борыштың, квазимемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың ағымдағы жай-күйі, мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік кепілдіктер және экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттің кепілдіктері мен экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері бойынша төленген ақша сомасы туралы статистикалық ақпарат нысанындағы мәліметтерді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің жай-күйін жыл сайынғы бағалауды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі есепті жариялауды қамтамасыз ету;
794) шығыстарға шолуды оның мақсаты мен тақырыбына қарай жүргізу;
795) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 86, 87, 90, 91, 95, 96, 119 - 128 және 153-баптарына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
796) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қаржының жай-күйін мониторингтеуді және ол туралы мәліметтер қалыптастыруды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
797) орталық салалық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп мемлекеттік қаржының жай-күйін мониторингтеуді және ол туралы мәліметтер қалыптастыруды жүзеге асыру;
798) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу;
799) салықтық және салықтық емес түсімдерді қамтамасыз ету және әкімшілендіру;
800) бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдерді айқындау;
801) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді айқындау;
802) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен бірлесіп қарыздар түсімдерін айқындау;
803) төлемдердің, алымдардың, баждардың, айыппұлдардың және басқа да төлемдердің республикалық немесе жергілікті бюджетке уақтылы әрі толық түсуін қамтамасыз ету, олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуына немесе олардың берешектерді өтеу есебінен бюджетке есепке жатқызылуына бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
804) салықтық емес түсімдер бөлінісінде республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдер жөніндегі уәкілетті органдар және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды алуға жауапты және олардың түсуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар тізбесін айқындау;
805) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік тәуекелдер туралы жыл сайынғы талдамалық есепті қалыптастыру тәртібін айқындау;
806) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп олар айқындаған тәртіппен кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу кезінде бюджеттік тәуекелдер туралы жыл сайынғы талдамалық есепті қалыптастыру;
807) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) республикалық меншікте болатын мемлекеттік кәсіпорындарға, акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 56-бабының 2-тармағында көрсетілген төлемдер мөлшерін азайту немесе түсімдерді төлеуден босату тәртібі мен тізбесін айқындау;
808) жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасау және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен бірлесіп ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесін бекіту;
809) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатының пайдаланылу барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптарды келісу;
810) заттай нормаларды әзірлеу және бекіту;
811) орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін және бекітетін заттай нормаларды келісу;
812) бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру;
813) тиісті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
814) бюджетті жоспарлау тәртібін айқындау;
815) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және жеткізу тәртібін бекіту;
816) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын қарау, лимиттерге және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асыру;
817) белгіленген лимит пен бюджеттік сұраным арасындағы алшақтықтарды жою үшін шаралар қабылдау, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымына қорытындыны қалыптастыру;
818) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарына қорытындыларды қалыптастыру және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;
819) тиісті бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастыру;
820) республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
821) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар тізбесін қалыптастыру;
822) үш жылдық кезеңге арналған шығыстар сомаларын көрсете отырып, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде тиісті бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) тізбесін қалыптастыру және оны жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдеріне қосу үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
823) бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау тәртібін айқындау;
824) жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындау;
825) тиісті орталық салалық мемлекеттік органдар әзірлейтін және бекітетін жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін қаржыландырудың салалық әдістемелерін келісу;
826) жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті әзірлеу;
827) Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ оны іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу;
828) республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
829) Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасау және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына, одан кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес нақтыланған республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оған алдын ала бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына енгізу;