942) мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;
943) Республикалық бюджет комиссиясының республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұру;
944) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
945) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде шараларды қабылдау;
946) бағалардың ең төмен деңгейі қолданылатын жекелеген тауар түрлерінің тізбесін, сондай-ақ бағалардың ең төмен деңгейін айқындау тәртібін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
947) салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібін, қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттарын айқындау;
948) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін мемлекеттік баж және алым сомасын бюджетке төлеу бойынша қатаң есептілік бланкілерінің нысандарын белгілеу;
949) салықтық берешектің шекті мөлшері айқындау;
950) салық төлеушінің паспортындағы мәліметтердің тізбесін, оны қалыптастыру және интернет-ресурста орналастыру тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
951) салық органының сервистік тобы туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
952) қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
953) интернет-алаң иелерінің Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді салық органына ұсыну нысанын және тәртібін белгілеу;
954) салық органы шешімдерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
955) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны туралы хабарламаның және мәліметтердің нысандарын, оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ дерекқорды қалыптастыру тәртібін белгілеу;
956) салықтық тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру тәртібін айқындау;
957) салық төлеушілерді салықтық тіркеу тәртібін айқындау;
958) дипломатиялық өкілдіктің жиынтық ведомосының нысанын белгілеу;
959) кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру тәртібі мен шарттарын айқындау;
960) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылау жүргізілетін салық төлеушілердің санатын әзірлеу және бекіту;
961) электрондық шот-фактуралардың жазып беру үшін автоматтандырылған бақылау операторын айқындау;
962) электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін автоматтандырылған бақылауды жүргізу қағидаларын белгілеу;
963) деңгейлес мониторингке кіру үшін салық төлеушінің деректер сөресін ұйымдастыру жөніндегі ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
964) салықтық есептіліктің көрсеткіштерін ашып көрсетуге, сондай-ақ олардың салықтық, бухгалтерлік тіркелімдердің және салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттардың көрсеткіштерімен өзара байланысына қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеу және бекіту;
965) салық салу саласындағы ішкі бақылау жүйесі жөніндегі ақпарат пен есептерге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
966) деңгейлес мониторингке қатысу туралы өтінішті беру және қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
967) деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің құрамын және оның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту;
968) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу тәртібін айқындау;
969) пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту;
970) тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық салынатын импорттың мөлшерін түзету тәртібін белгілеу;
971) тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны салық органдарына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
972) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шарттарын, сондай-ақ қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеменің нысанын, оны ұсыну және орындау тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
973) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарды жөндеу бойынша, оны қалпына келтіруді, құрамдас бөліктерін ауыстыруды қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
974) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;
975) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон көшірмесінің) нысанын және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп белгілеу;
976) өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау тәртібін, Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есепке жазу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
977) екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
978) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
979) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарларға акциздер төлеу тәртібін айқындау;
980) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің нысанын белгілеу;
981) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін салық органының мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібін айқындау;
982) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналар мен аударымдарды есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы салық органына ұсынатын жеке тұлғалар туралы мәліметтердің нысанын белгілеу;
983) салықтық тексеруді жүргізудің ерекше тәртібін арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындау;
984) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексерілетін салық төлеушіге қатысты оның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі бойынша сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындының нысанын әзірлеу, оны ұсыну тәртібін мен мерзімін және бекіту;
985) салық органының салықтық тексеруді жүргізу туралы шешімін қабылдау тәртібі мен негізін, сондай-ақ салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері және (немесе) салық салу объектісінің және (немесе) салық салуға байланысты объектінің тұрған жері бойынша салық органының хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізуі туралы шешім шығару тәртібін айқындау;
986) қарсы салықтық тексеру тағайындау тәртібін айқындау;
987) резиденттікті растау тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;
988) қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушысының, краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтер нысанын және оларды ұсыну тәртібін белгілеу;
989) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдындағы берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтердің нысандарын және осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін белгілеу;
990) автомобиль көлік құралдарын тоқтатқан кезде кеден органдары лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;
991) кеден органдарында ұтқыр топтарды құру, олардың қызметі, жарақтандырылуы, оның ішінде көлік құралдарымен жарақтандырылуы тәртібін әзірлеу және бекіту;
992) көлік құралын тоқтату туралы талаптың, автомобиль көлік құралын жеткізу туралы талаптың, сондай-ақ автомобиль көлік құралын тоқтату туралы актінің нысандарын оны толтыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
993) кеден органдарының лауазымды адамдарының сүйемелдеуімен автомобиль көлік құралын басқаратын адам жүзеге асыратын автомобиль көлік құралын және ондағы тауарларды сақтау орнына жеткізу және ұсталған автомобиль көлік құралдарын және ондағы тауарларды сақтау орнына тасу (тасымалдау) тәртібін айқындау;
994) 2025 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
995) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгізу;
996) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;
997) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
998) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
999) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
1000) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
1001) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
1002) Министрлікке бекітіп берілген салаларда жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
1003) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;
1004) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
1005) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
1006) салықтардың, төлемақылардың және (немесе) өсімпұлдың төленуін қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қоюдың үлгілік шартын бекіту;
1007) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау тәртібін айқындау;
1008) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы банк ұйымдарының салық органына ұсынатын мәліметтердің нысанын белгілеу;
1009) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1021) - 1029) тармақшалары 2026 ж. 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
1021) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және бекіту;
1022) ведомстволық бағынысты ұйымдарда өрт қаупінің алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
1023) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту;
1024) қосалқы (қалалық) және көмекші басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;
1025) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету;
1026) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау үшін ұйымдардың тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
1027) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру жөнінде ұсыныстар жіберу;
1028) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру және сақтау кезінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға ұйымдастырушылық көмек көрсету;
1029) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің запастарын құру және олардың сақталуын, жаңартылуын және оларды қолдануға әзірлікте ұстап тұруын ішкі бақылауды жүзеге асыру;
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік жүйесінің жұмыскерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауаптылықта болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
22. ҚР Үкіметінің 2022.19.04. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Министрліктің мүлкі
23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.30.12. № 1132 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.21.09. № 824 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.27.06. № 487 Қаулысымен (2025 ж. 13 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.27.12. № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы.
2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы.
3. «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
3-1. «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
4. «Direct Investment Fund «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)» Ltd жеке компаниясы.
5. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd жеке компаниясы.
6. ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1033 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1033 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. «Digital Silk Road Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.16.11. № 908 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.23.05. № 407 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2025.03.07. № 507 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің
тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Ақкөл аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Аршалы аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Астрахан аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Атбасар аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Бұланды аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Зеренді аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Біржан сал аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Ерейментау аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Егіндікөл аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Есіл аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Жақсы аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Жарқайың аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Қорғалжын аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Қосшы қаласы бойынша мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Сандықтау аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Степногорск қалалық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Шортанды аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Бурабай аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Целиноград аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті.
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Алға аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Әйтеке би аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Байғанин аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Ырғыз аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Мұғалжар аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Мәртөк аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Темір аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің Ойыл аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасы.