«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысы
(2005.03.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 23 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінiң 31.12.03 ж. № 1378 қаулысымен (қазақ тіліндегі мәтіні бойынша) күші жойылды. ҚР Үкіметінiң 31.12.03 ж. № 1378 қаулысының орыс тіліндегі мәтіні бойынша осы қаулының 30-тармағының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 19 қазандағы № 2541 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлген қоса берiлiп отырған өзгертулер бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының арасында мiндеттердi бөлу туралы" 1995 жылғы 8 тамыздағы № 1103 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 20 тамыздағы
№ 1031 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер
1. ҚР Үкіметінің 23.05.97 ж. № 877 қаулысымен күшi жойылды
2. ҚР Үкіметінің 12.02.97 ж. № 203 қаулысымен күшi жойылды
3. ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1139 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу хаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 1992 жылғы 30 қазандағы № 925 қаулысының 2-тармағындағы, 4-тармағының алтыншы абзацындағы, 5-тармағының бiрiншi абзацындағы "Мемлекеттік комиссия", "Мемлекеттік комиссияны", "Мемлекеттік комиссияның" сөздерi осыған сәйкес "Мемлекеттік комитет", "Мемлекеттік комитеттiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
5. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1139 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
8. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiмiн бекіту туралы" 1993 жылғы 3 маусымдағы № 455 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993ж, № 21, 262-бап) бекітілген қызметтiк тұрғын үй-жайлар берiлетiн қызметкерлер санаттарының тiзiміндегі 23-тармақтағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
10. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11. ҚР Үкіметінің 30.11.04 ж. № 1246 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты туралы Ереженi бекіту туралы" 1993 жылғы 27 қазандағы № 1066 қаулысымен бекітілген Дипломатиялық паспорт берiлетiн лауазымды адамдардың тiзiміндегі "Мемлекеттік комиссия" сөздерi "Мемлекеттік комитет" сөздерiмен ауыстырылсын.
13. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Маңғышлақ аумақтық-өндiрiстiк кешенiн дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1993 жылғы 22 қарашадағы № 1166 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 45, 541-бап) 24-тармағындағы "Мемлекеттік комиссияға" сөздерi "Мемлекеттік комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
14. ҚР Үкіметінің 28.04.97 ж. № 672 қаулысымен 14-тармақтың күшi жойылды
15. ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
16. ҚР Үкіметінің 27.04.99 ж. № 482 қаулысымен 16-тармақтың күшi жойылды
17. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Архивi туралы" 1994 жылғы 25 наурыздағы № 298 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 15, 146-бап) 2-тармағындағы, 3-тармағының үшiншi абзацындағы, 7-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
18. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Ұлттық патенттiк ведомствоның мәселелерi" 1994 жылғы 28 сәуірдегі № 439 қаулысының атауындағы, 1-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
19. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Архивтердiң Халықаралық Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының мүшелiгi туралы" 1994 жылғы 29 маусымдағы № 728 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 27, 300-бап) "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
20. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Төтенше жағдайлар жөніндегі Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру туралы" 1994 жылғы 11 қазандағы № 1159 қаулысымен бекітілген, Төтенше жағдайлар жөніндегі Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқарушы жүйесiн құру және дамыту тұжырымдамасының мәтiніндегі (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 43, 467-бап) "Мемлекеттік комиссияның", "Мемлекеттік комиссияны", "Мемлекеттік комиссия" деген сөздер "Мемлекеттік комитет", "Мемлекеттік комитеттiң", "Мемлекеттік комитеттi","Мемлекеттік комитет" деген сөздермен ауыстырылсын.
аталған тұжырымдаманың кiрiспесіндегі:
1, 3, 5, 6-тармақтарындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс штабы" сөздерi "ТЖМК" сөзiмен ауыстырылсын;
4, 7, 8, 9, 10-тармақтардан "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы" сөздерi алынып тасталсын.
22. ҚР Үкіметінің 28.07.00 ж. № 1154 қаулысымен күші жойды
23. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" 1994 жылғы 16 қарашадағы № 1300 қаулысының 7-тармағындағы "және Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылаудың мемлекеттік комитетiне" деген сөздер "және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы қаржылық валюталық бақылау комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. ҚР Үкіметінің 03.11.04 ж. № 1139 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
25.ҚР Үкіметінің 20.05.97 ж. № 851 қаулысымен күшi жойылды
ҚР Үкіметінің 30.01.04 ж. № 119 қаулысымен 26-тармақтың күшi жойылды
26. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Суаттарды оңашаланған пайдалануға беру тәртібі туралы нұсқауды бекіту туралы" 1994 жылғы 29 желтоқсандағы № 1483 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, № 49, 558-бап) бекітілген суаттарды оңашаланған пайдалануға беру тәртібі туралы нұсқаудың 2-тармағының екiншi абзацындағы, 6-тармағының бесiншi абзацындағы, 7-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
27. ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29. ҚР Үкіметінің 17.08.98 ж. № 776 қаулысымен күшi жойды
ҚР Үкіметінiң 31.12.03 ж. № 1378 қаулысымен 30-тармақтың күші жойылды
30. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібін бекіту туралы" 1995 жылғы 24 қаңтардағы № 75 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 3, 42-бап) бекітілген мемлекеттік су кадастрын жүргiзу тәртібі мәтiніндегі "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
31. ҚР Үкіметінің 03.08.00 ж. № 1176 қаулысымен күші жойылды
32. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қаруларын тарату жөніндегі Үкiметтiк комиссия туралы" 1995 жылғы 6 ақпандағы № 119 қаулысының 3-тармағындағы Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 26.01.04 ж. № 85 қаулысымен 33-тармақтың күші жойылды
33. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану тәртібі жөніндегі Ереженi бекіту туралы" 1995 жылғы 15 ақпандағы № 160 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 7, 74-бап) бекітілген судың мемлекеттік есебi және оны пайдалану тәртібі жөніндегі Ереженiң мәтiніндегі "Министрлер Кабинетi жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
34. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен ұйымдарында қаржы және материалдық ресурстардың пайдалануын және сақтауын қамтамасыз етудi тәртiпке келтiру туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы № 311 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 10, 116-бап) 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiмен бiрлесiп" сөздерi алынып тасталсын.
35. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарында жүгерi өсiрудiң ауыл шаруашылық технологиялық жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 24 наурыздағы № 328 қаулысының мәтiніндегі "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
36. ҚР Үкіметінің 24.09.98 ж. № 950 қаулысымен күшi жойылды
37. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің қалпына келтiру заемына қатарлас Жапон Экспорт-Импорт Банкінің заемын пайдалану туралы" 1995 жылғы 13 сәуірдегі № 470 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 12, 149-бап) 3-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
38. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 62 қаулысымен күші жойылды
39. ҚР Үкіметінің 31.12.96 ж. № 1749 қаулысымен күшi жойылды
ҚР Үкіметінің 06.02.04 ж. № 144 қаулысымен 40-тармақтың күшi жойылды
40. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау туралы Ереженi бекіту туралы" 1995 жылғы 29 сәуірдегі № 600 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 16, 181-бап) бекітілген су ресурстарын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау туралы Ереженiң мәтiніндегі "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
41. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
42. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Таратуға ұсынылған мемлекеттік кәсiпорындарды, мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктерiн iрiктеудiң тәртібі туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 193-бап) 1995 жылғы 12 мамырдағы № 652 қаулысымен бекітілген Таратуға ұсынылған мемлекеттiң қатысуындағы шаруашылық серiктестiктердi мемлекет қатысуымен iрiктеу тәртібі туралы Ереженiң 2-тармағындағы "Экономика министрлігінiң жанындағы" сөздерi "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 20.05.03 ж. № 467 қаулысымен 43-тармақтың күші жойылды
43. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасында әскери-техникалық құралдар мен екi жақты қолданылатын өнiмдердi дайындау, өндiру, жөндеу және қызмет көрсету тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 мамырдағы № 657 қаулысының:
1-тармағындағы, 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
аталған қаулының 1-қосымшасының 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Өнеркәсiп және сауда министрлігінде" сөздерiмен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысына сәйкес 44-тармақтың күші жойылды
44. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi" 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж, № 18, 199-бап):
атауындағы, 1-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi алынып тасталсын;
аталған қаулының 4-қосымшасының атауындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
45. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 25 мамырдағы № 743 қаулысының 9-тарауындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi алынып тасталсын.
46. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Шағын бизнес орталықтарының республикалық желісін құру және дамыту туралы" 1995 жылғы 20 маусымдағы № 849 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 248-бап) 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитетке" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитетке" сөздерiмен ауыстырылсын.
47. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің 1995 жылғы наурызда Канадаға ресми сапары барысында қол жеткен келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 22 маусымдағы № 857 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 250-бап) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы наурызда Канадаға ресми сапары барысында қол жеткен келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарындағы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет" сөздерi "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет" сөздерiмен ауыстырылсын.
48. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Конденсат" акционерлік бiрлескен кәсiпорнының отын өндiру жөніндегі Қарашығанақ шағын тоннажды қондырғысын салу" жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 26 маусымдағы № 878 қаулысының 8-тармағының "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
49. ҚР Үкіметінің 17.03.99 ж. № 251 қаулысымен күшi жойылды
50. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
51. ҚР Үкіметінің 28.03.00 ж. № 449 қаулысымен күші жойылды
52. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәсiпорындары мен салаларының өндiрiстiк кооперациясын дамытуды қолдаудың жауапты шарттары мен механизмi туралы келісім мен осы келісімдi жүзеге асырудың механизмi туралы хаттаманың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 914 қаулысының мәтiніндегі "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
53. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік қала құрылысының кадастры туралы" 1995 жылғы 6 шiлдедегi № 931 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 23, 266-бап) бекітілген Мемлекеттік қала құрылысының кадастрын құру және жүргiзу Тәртiбіндегі 21-тармақтың екiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
54. ҚР Үкіметінің 27.05.98 ж. № 483 қаулысымен күшi жойылды
55. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Тауарларды реэкспорттау тәртібін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 25, 291-бап) 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 1003 қаулысының 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
56. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "КАТЭП" Атом энергетика мен өнеркәсiбi жөніндегі ұлттық акционерлік компаниясының кәсiпорындары үшiн Техникалық қауiпсiздiк жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 299-бап) 1995 жылғы 26 маусымдағы № 1022 қаулысының 2, 3, 5-тармақтарындағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
57. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Биржалық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы" 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 26, 302-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiне" деген сөздер, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне" сөздерiмен ауыстырылсын.
58. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қайта жаңарту және даму халықаралық банкінің Қазақстан Республикасының қала көлiгiне арналған займын пайдалану туралы" 1995 жылғы 2 тамыздағы № 1062 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 27, 318-бап) 5-тармағының 3-абзацындағы, 6-тармағының 1-абзацындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" сөздерi "Қаржы министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
59. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Азиялық Даму Банкi Арнаулы көмегiнiң жобасы жөніндегі арнайы операциялар займын пайдалану туралы" 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1083 қаулысының 5-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздерi "Қаржы министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
60. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы" 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 27, 324-бап) бекітілген iзгiлiк көмек ретiнде тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу тәртібі туралы Ереженiң 2-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
61. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
62. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың мемлекеттік акциялар пакеттерiнiң бiр бөлiгiн қор биржасында сату туралы" 1995 жылғы 21 тамыздағы № 1154 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 29, 347-бап) 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң" сөздерiмен ауыстырылсын.
63. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық авиатасымалдарын уақытша схема бойынша ұйымдастыру туралы" 1995 жылғы 23 тамыздағы № 1170 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 29, 352-бап) мәтiніндегі "Кеден комитетi" деген сөздердiң алдындағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын.
64. ҚР Үкіметінің 12.02.97 ж. № 203 қаулысымен күшi жойылды
65. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Ақтау теңiз сауда порты инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы" 1995 жылғы 6 қыркүйектегi № 1236 қаулысының 3-тармағының екiншi абзацындағы, 4-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер "Қаржы министрлігінiң жанындағы" деген сөздерiмен ауыстырылсын.
66. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаулыларын жою жөніндегі Үкiметтiк комиссия туралы Ереженi бекіту туралы" 1995 жылғы 25 қыркүйектегi № 1280 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы стратегиялық шабуыл жасау қаруларын жою жөніндегі Үкiметтiк комиссия туралы Ереженiң 4,9-тармағындағы "Министрлер Кабинетінің жанындағы" деген сөздер "Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң жанындағы" сөздерiмен ауыстырылсын.
67. ҚР Үкіметінің 29.01.99 ж. № 70 қаулысымен күші жойылды
68. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "1995 жылы жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға бағытталған қаражатын бөлу туралы" 1995 жылғы 6 қазандағы № 1310 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 32, 404-бап) 5-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын.
69. ҚР Үкіметінің 12.02.97 ж. № 203 қаулысымен күшi жойылды