іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету»
деген 053 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6600000 мың теңге (алты миллиард алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамызындағы № 383 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазанындағы № 867 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды институционалдық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қаржы институттарын капиталдандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарламаның коды | Кіші бағдарламаның коды | Кіші бағдарламалардың (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 053 | | Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын институционалдық қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ұзақ мерзімді орнықтылығы мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру. | Қаңтар- наурыз | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
3 | | 101 | «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру. | Қаңтар- наурыз | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
4 | | 102 | «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру жүйесін дамыту мақсатында «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын толықтыру | Қаңтар- наурыз | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталын толықтыру.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беру тұрақтылығын қолдау және Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беру тұрақтылығын қолдау.
Уақтылығы: Жарияланған жарғылық капиталды төлеу уақтылығы.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ орындауын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
201-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 33965 мың теңге (отыз үш миллион тоғыз жүз алпыс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған Стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы, «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің одан әрі таралуына қарсы тиімді мемлекеттік және қоғамдық іс-қимыл жүйесінің негізгі буындарын нығайту, кеден органдарын техникалық жарақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекет тетігін дамыту, есірткі құралдарының заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына бақылау жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың контрабандасын анықтау нысанына кедендік тексеріс сапасын жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Қазақстан Республикасына есірткі құралдарының әкелінуінің алдын алу, елдегі есірткі ахуалын тұрақтандыруға жәрдем көрсету; нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-әрекет жасау саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; есірткі құралдарының контрабандасы фактілерін анықтау; нашақорлықтың алдын алу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасауды күшейту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресті тиімді ұйымдастыру үшін кедендік бақылау органдарына қажетті жабдықтарды сатып алу жолымен есірткі және жарылыс заттары контрабандасының жолын кесу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін нығайту, кедендік бақылау сапасын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: есірткі құралдарын айқындаудың фактісіне арналған шығындардың орташа құны - 169 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралар жоспарының мерзіміне сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру.
Сапасы: есірткі құралдарының кіруіне жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
202-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет құру»
деген 112 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3836607 мың теңге (үш миллиард сегіз жүз отыз алты миллион алты жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі; «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысы; «Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 579 қаулысы; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметінің айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 1. азаматтармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен, басқа органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттердің тиімділігін қамтамасыз ету;
2. мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындау рәсімдерін біржолғы оңайлату кезінде азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерге көрсетілетін қызметтердің аясын кеңейту;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін кешенді дамыту мен жетілдіру, оның ішінде:
Салықтардың, алымдардың және басқа міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін өзге түсімдердің түсімін қамтамасыз ету, бюджетке міндетті төлемдердің толық және уақтылы аударылуы, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару бойынша;
алкоголь өнімінің және этиль спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша;
кеден төлемдері мен алымдарының бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету бойынша;
республикалық меншік және жекешелендіру объектілерін басқару бойынша.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының құзыретін әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындалған арттыру;
5. Қаржы министрлігінің жүйесінде ақпараттық технологиялардың жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі жүйесінің ақпараттық-техникалық және аппаратты инфрақұрылымын қайта жарақтандыру мен жаңғырту;
6. ақпараттық қызметтерді біріктіру, мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеттерді жетілдіру мен арттыру;
7. ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесін құру | 1. Техникалық құралдарын сатып алу. 2. «Электрондық кеден» ақпараттық жүйесінің дамыту және енгізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
3 | | 101 | Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін дамыту «КААЖ» | 1. Техникалық құралдарын сатып алу. 2. Лицензиялық бағдарламалық қамтымды сатып алу. 3. «КААЖ» қолданбалы бағдарламалық қамтымды дамыту және енгізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
4 | | 102 | Біріккен салықтық ақпараттық жүйесін дамыту «ҚР БСАЖ» | 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелерінің функционалдығын дамыту және кеңейту. 2. Техникалық құралдарын сатып алу. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтымды сатып алу. 4. Аумақтық бөлімшелерде жабдықтарды және қосымша құрылымдалған кабель желілерін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алу. 5. Серверлік жабдықтарды жаңғырту. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің веб-порталын және ықпалдастық шинасын дамыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
5 | | 103 | «СТжСО» «Салық төлеушілердің және салық салынатын объектілердің тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту | 1. «Салық төлеушілердің және салық салу объектілерінің тізілімі» ақпараттық жүйесінің функционалдығын дамыту және кеңейту. 2. Серверлік жабдықтарды жаңғырту. 3. Лицензиялық бағдарламалық қамтымды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
6 | | 107 | «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту | «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесін дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде: кедендік рәсімдерге теріс пиғылды қатысушыларды анықтау;
кедендік рәсімдерді оңайлату және жеделдету;
контрабандаға және әкімшілік кедендік құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру;
лицензиялар мен квоталарды пайдалану бойынша бақылаудың тиімділігін арттыру;
кедендік төлемдердің дұрыстығы мен есептелу жеделдігін арттыру және кедендік төлемдердің түсуін бақылаудың тиімділігін арттыру;
кеден статистикасы мен сыртқы сауда статистикасын жүргізу;
басқа ведомстволармен және басқа мемлекеттердің кеден органдарымен ақпараттық өзара байланыс;
кедендік төлемдер мен алымдардың бюджетке түсу толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттың жеделдігін арттыру және оның сапасын қамтамасыз ету; қабылданатын шешімдердің жеделдігі мен сапасын арттыру;
салықтардың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке өзге де түсімдердің түсуін, міндетті төлемдерді бюджетке аударудың, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсімдер бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру, оның ішінде:
салық төлеушілердің салық және басқа есептілігін жедел қабылдау және өңдеу;
салық әкімшілендіру рәсімдерін автоматтандыру;
салық есептілігін электрондық камералдық бақылау тізбесін кеңейту;
қосылған құн салығын төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салық төлеушілерді жедел тіркеу, салық төлеушілердің тізілімін жүргізу;
салықтар мен алымдар туралы заңнаманың толық сақталуын, анықталған жолсыздықтар жөніндегі шараларды жедел қабылдау және осының салдары ретінде, салықтар мен алымдардың барлық деңгейлі бюджеттерге және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға тұрақты түсуін бақылауды арттыру;
салық төлеушілерге ақпараттық сервис пен көрсетілетін қызметтерді кеңейту;
салық міндеттемелерін орындау кезінде салық төлеушілерге тең, белгілі және бірыңғай шарттарды қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын және хабардар болуын арттыру;
салық салу объектілерінің қызметін барлық көлемін қамтитын салық төлеушілердің есеп жүйесін құру және оны шұғыл бақылау; азаматтардың кірістері мен мүлкі туралы деректерді жинау оларды әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді;
алкоголь өнімі мен этил спиртінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
банкроттық рәсімдердің (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ дәрменсіз борышкерді соттан тыс таратудың жүргізілуін бақылау бойынша қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіру;
қосымша мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді пайдаланушыларды инсталляциялауды болдырмауға мүмкіндік беретін веб-технологиялар арқылы «Мемлекеттік меншік тізілімі» ақпараттық жүйесіне пайдаланушылардың төте және тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Бюджеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мемлекеттік бюджетті есепке алудың барлық салаларына, оның ішінде, басқару шешімдерін қабылдау мерзімін жеделдетуге және оның сапасы мен тиімділігін арттыруға кезеңді ықпал етеді. Ақпараттық жүйелерді біріктіру елеулі мәңгі ие болады. Бюджеттік бағдарламаның осы бөлігінің әсері салықтардың жиналымдылығын арттыру мен олардың түсу толықтығын қамтамасыз етуден көрінетін болады, салық, кеден органдарының, қазынашылық органдарының және мемлекеттік бюджет қаржысын есепке алу жүйесінің басқа органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру мүмкіндігін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны түбірімен жою мүмкіндігін арттырады, елдің қауіпсіздігін арттыруға қабілет береді. Бюджеттік бағдарламаның іс-шарасы Қаржы министрлігінің жүйесі органдарының ішіндегі сынды, азаматтармен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен де ақпараттық алмасу процесін жылдамдатуды қамтамасыз етеді. Қажетті өндірістік функцияларды жүзеге асыруға шығынды қысқартуға, қағазсыз құжат айналымының үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, оның ішінде халықпен жұмыс кезінде ақпараттық технологиялардың құралдары мен аспаптарын пайдаланатын халық және шаруашылық жүргізуші субъектілер үлесінің өсуіне жанама индикатор болады. Қазақстанның географиялық ережелерінің ерекшеліктері, өндірісті орналастыру құрылымы ақпараттық технологиялардың ерекше маңызын және халық пен бизнесті қажетті консультациялық қызметтермен қамтамасыз ету үшін ақпаратқа үзілген қол жеткізу жүйесін анықтайды. Қаржы министрлігінің жүйесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу әлеуетті түрде барлық азаматтарға «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді. Бұл жариялылықты дамыту және ақпарат саласында барлық азаматтардың тең құқықтарын анық қамтамасыз ету жолында маңызды қадам болады. Internet пайдаланушылардың саны және үзілген қол жеткізу жүйесінің көмегімен берілетін қызметтердің көлемі индикатор болады. Бағдарламаны іске асыру Қазақстанды дүниежүзілік коммуникация мен стандарттар жүйесіне біріктіру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар құрады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде «электрондық үкімет» технологиясын енгізу қызметтің тиімділігін арттырады, сыбайлас жемқорлықтың және әкімшілік барьерлердің азаюына әкеледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қаржы-экономикалық тиімділіктің негізгі нәтижелері мыналармен қорытындыланады:
30 %-дан аспайтын деңгейге дейін кеден шекарасында физикалық инспекциялардан алынатын импорт декларацияларының санын қысқарту;
10 %-ға алдын ала операцияларды ескере отырып, шекарада кедендік тазалаудың орташа уақытын қысқарту;
50 %-ға кедендік тазалаудан кейін тауарлардың кеден аумағына кіргеннен бастап шыққанға дейінгі уақытын өлшеу кезінде кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
декларация берілгеннен бастап 50 %-ға тауарларды шығаруға рұқсат берілгенге дейінгі уақытты өлшеу кезіндегі кедендік тазалаудың орташа ұзақтығын қысқарту;
тапсырыстарды өңдеу, статистикалық және талдамалы есептілікті (сағат) қалыптастыру уақытын қысқарту;
камералдық бақылау қорытындылары және салықтық тексеру актілері бойынша есептеулерге дейінгі соманы ұлғайту (теңге);
мәні бар ақпараттан шығындарды қысқарту;
инспекторлардың уақытын тиімсіз пайдалануынан болатын шығынды қысқарту.
Уақтылығы: Шарттарда белгіленген мерзімге сәйкес.
Сапасы: Есептер, ақпараттық қызметтер беретін ақпараттық жүйелердің жұмыс сапасы қанағаттандыратын пайдаланушылардың ең жоғарғы санына қол жеткізуге талпыну. Мемлекеттік қызметшілердің ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру. Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын арттыру және олардың қызметінің үлкен айқындылығы мемлекетке деген азаматтардың сенімін арттыруға мүмкіндік береді және мемлекеттік шығыстарды бақылауды күшейтуге қабілет береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
203-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру»
деген 400 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 449066155 мың теңге (төрт жүз қырық тоғыз миллиард алпыс алты миллион бір жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы Заңы; «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бюджет кодексімен облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бекітілген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік қызметтердің стандарттық деңгейін ұсыну.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті бюджеттердің бірінші кезектегі шығыстарын уақтылы қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттерге субвенцияның барлық сомасының түсуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 400 | | Облыстық бюджеттерге субвенциялар беру | Республикалық бюджеттен мынадай облыстардың бюджеттеріне субвенциялар аудару: Ақмола облысына - 31 498 056 мың теңге; Ақтөбе облысына - 15 722 690 мың теңге; Алматы облысына - 48 921 656 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 46 936 313 мың теңге; Жамбыл облысына - 44 196 691 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 20 212 610 мың теңге; Қарағанды облысына - 35 715 079 мың теңге; Қостанай облысына - 33 661 004 мың теңге; Қызылорда облысына - 36 160 661 мың теңге; Павлодар облысына - 14 677 917 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына - 31 031 953 мың теңге; Оңтүстік Қазақстан облысына - 90 331 525 мың теңге. | Ай сайын | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, жергіліктi атқарушы органдар |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтердің стандарттық деңгейін ұсыну.
Түпкі нәтиже: жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегінің болмауы.
Уақтылығы: жергілікті бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру.