3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының имиджін және инвестициялық тартымдылық рейтингін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: инвестициялық жобалар аудитін уақтылы өткізу және тиісті халықаралық қаржы ұйымдарына аудиторлық тексеру есептерін беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру | Үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен қаржыландырылатын тоғыз инвестициялық жобалардың аудитін жүргізу: 1. «Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру» жобасы бойынша аудиті (Арнайы операциялар, Кәдімгі операциялар); 2. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасы бойынша аудит; 3. «Нұра өзенін тазарту» жобасы бойынша аудит; 4. «Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз» жобасы бойынша аудит (Жай операциялар); 5. «Жол көлігі саласын қайта құрылымдау» жобасы бойынша аудит (Алматы-Астана); 6. «Автомобиль жолдары саласын дамыту» жобасы бойынша аудит (Алматы-Бішкек); 7. «Алматы-Бішкек жолын қайта жаңарту» жобасы бойынша аудит (Қарапайым операциялар); 8. «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» жобасы бойынша аудит; 9. «Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы» жобасы бойынша аудит; 10. «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы бойынша аудит; 11. «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін көбейту» жобасы бойынша аудит. Осы инвестициялық жобалар аудитін жүзеге асыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. | Қаңтар- маусым | Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған Қарыз туралы келісімдердің міндетті шарттарының бірін орындау.
Тікелей нәтиже: 16500 мың теңге сомасына 11 инвестициялық жобаның аудитін жүргізу.
Түпкі нәтиже: сыртқы қарыздар қаражатын пайдалану айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін 11 инвестициялық жобаның аудитін 100 % жүргізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір инвестициялық жобаның аудитін жүргізуге арналған шығынның шартты құны 2008 жылы 1500 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде 11 инвестициялық жобаның аудитін 100 % жүргізу.
Сапасы: халықаралық қаржы институттары белгілеген айқындылық және транспаренттілік талаптарына сәйкес келу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
183-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу» деген
003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 131938 мың теңге (бір жүз отыз бір миллион тоғыз жүз отыз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексі, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттау рәсімдерін жүргізу жолымен салық төлеушілердің тізімін тазартуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоқ және әрекетсіз борышкерлердің санын қысқарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу | Жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізу. Банкроттық туралы іс бойынша хабарландыруларды жариялау. Тарату және банкроттық рәсімдерді жүргізуге байланысты шығындарды төлеу. Салық комитетінің мәліметі бойынша таратуға жататын борышкерлердің күтілетін саны - 1684. | Жыл бойына ай сайын | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1684 жоқ және әрекетсіз борышкерлерді тарату.
Түпкі нәтиже: салық төлеуші - дәрменсіз борышкерлердің тізімін тазарту (жоқ және әрекетсіз).
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір ұйымды таратуға жұмсалатын шығындар орта есеппен 78 348 (жетпіс сегіз мың үш жүз қырық сегіз) теңгені құрайды.
Уақтылығы: «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына сәйкес дәрменсіз борышкерді тарату 9-12 ай ішінде жүргізіледі.
Сапасы: Қазақстан Республикасының салық салынатын базасын тазарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
184-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 534356 мың теңге (бес жүз отыз төрт миллион үш жүз елу алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 2-бабының 1, 2-тармақтары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының оларға мүше болу Қазақстан Республикасына кредит ресурстарына, оның ішінде экономика мен қаржы саласындағы реформаларды қолдауға, техникалық көмек пен гранттарды алуға жеңілдікті шарттарда қол жеткізу құқығын беретін Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (ХҚДБ), Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия Даму Банкі (АДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ) сияқты бірқатар ірі әрі беделді халықаралық қаржы ұйымдарында акционер мәртебесін сатып алуға байланысты қабылданған өз міндеттемелерін орындауы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу. Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы үшін көздеген төлемдер кестесіне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды тұрақты түрде төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алу | 1. АДБ - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 1996 жылғы 17 мамырда- ғы № 27-3-10/3720 қазынашылық вексельдің бөліктерін АДБ акционерлік капиталына қосымша жазылу есебіне инкассациялау; 2. ЕҚДБ-ЕҚДБ акционерлік капиталына қосымша жазылу есебіне қаражат бөліктерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 2004 жылғы 01 сәуірдегі № ҚЕӘД-1-2/3135 қарапайым векселінің бесінші бөлігін, 2005 жылғы 06 сәуірдегі № ХҚҚД-2-2-5/2987 қарапайым векселінің төртінші бөлігін инкассациялау; 3. ИДБ-ИДБ акционерлік капиталына қосымша жазылу есебіне төртінші мүшелік жарнаның 30 пайызын, екінші мүшелік жарнаның 30 пайызы бойынша бағамдық айырма нәтижесіндегі берешекті, сондай-ақ бірінші, екінші, үшінші, төртінші жарналардың 70 пайызын төлеу, 4. ХҚДБ-ХҚДБ акционерлік капиталына негізгі жазылу есебіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған 1997 жылғы 30 маусымдағы № 5/5025 қарапайым вексельдің бөлігін инкассациялау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жалпы сомасы 191646,2 мың теңгеге Ислам Даму Банкінің төлемдер кестесіне сәйкес құны 10 000 Ислам динары тұратын Банктің 103 акциясын сатып алу, жалпы сомасы 342709,5 мың теңге мөлшерінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкінің акционерлік капиталына жазылу есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығарған жай векселдерді инкассациялау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға төлеуді 100 % қамтамасыз ету.
Уақтылығы: төлем кестелеріне сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналарды уақтылы төлеу.
Сапасы: халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелік жарналар төлеу жөніндегі осы ұйымдардың кінә қоюларын 100 % болдырмау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№1224 қаулысына
185-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының
ақпараттық жүйелерін құру және дамыту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 447766 мың теңге (төрт жүз қырық жеті миллион жеті жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық технологияларды дамыту негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдары қызметінің айқындылығын және тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: басқа мемлекеттік органдармен ақпараттық-технологиялық өзара іс-әрекеттің тиімділігін арттыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін дамыту және жетілдіру; мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылау рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыру; ақпараттық жүйелердің ақпараттық-техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | | | |
2 | | 100 | Қазынашылықтың ақпараттық жүйесін құру | 1. Компьютерлік жабдықтар принтерлер сатып алу. 2. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесімен мемлекеттік мекемелердің қаржысын және активтерін басқару бойынша бірыңғай бағдарламалық өнімді біріктіру жөнінде техникалық тапсырма әзірлеу және мемлекеттік мекемелермен электрондық құжат айналымына көшу. 3. Қазынашылық жүйесінің қауіпсіздігі аудитін жүргізу (жүйесінің қорғалуын техникалық талдау) | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
3 | | 102 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін функционалдығын дамыту және жұмыс істеуін кеңейту. Пайдаланушыларды оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ақпараттық жүйелерді қолдану негізінде мынадай рәсімдерді орындауды қамтамасыз ету: барлық деңгейдегі мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылау және уақтылы қаржы-экономикалық шешімдерді қабылдау; мемлекеттік органдардың жұмысына талдау мен бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мүдделі тараптарды мемлекеттік бюджеттің атқарылуына және оны бақылауға қатысы бар жедел ақпаратпен қамтамасыз ету;
қаражат мониторингі және кірістердің түсімін, мемлекеттің шығыстардың тиімділігін, дәлелсіз шығындарға жол бермеуді, нысаналы мақсат бойынша пайдалануды;
мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарларын және жиынтық қаржыландыру жоспарын жасауды, бекітуді, өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесін талдау;
мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысы туралы жедел деректерді қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің күтілетін атқарылуын болжамдау, есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау.
Түпкі нәтиже:
қазынашылық ақпараттық жүйесінің 100 % тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуі;
мемлекеттің қаржы ресурстарын, мемлекеттің міндеттемелері мен төлемдерін 100 % тиімді және уақтылы басқару;
республика бюджетінің кез келген деңгейін атқару бойынша операцияның 100 % айқындылығы;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылау қызметін тиімді жоспарлау және жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша мәліметтерді жинау және жинақтау мерзімін қысқарту;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі органдарының қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жедел басқару;
күрделі сұрау салуларды өңдеу уақытын азайту үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары қызметкерлерінің уақтылы ақпаратқа қол жетімділігі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдарында бюджеттік процестерді және мемлекеттік бюджетке қазынашылық қызмет көрсетуді автоматтандыруды ескере отырып еңбек шығындарын төмендету.
Уақтылығы: міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына сәйкес белгіленген мерзімге сай жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: төлемдерді жүргізу және есептерді беру айқындылығы, уақтылығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
186-ҚОСЫМША
217-Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1772566 мың теңге (бір миллиард жеті жүз жетпіс екі миллион бес жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері: «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.5-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инвестициялық мәдениетті арттыру және елдің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасының қатысуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаржы құралдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңінен насихаттау арқылы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу; бағдарлама шеңберінде - нысаналы аудиторияны барынша қамтитын қажетті және жеткілікті коммуникация құралдарын қолдана отырып, республика халқының қаражатын экономиканың қаржы секторына тарту бойынша бірыңғай тұжырымдама құру және ілгері жылжыту; қарапайым және тиімді креативті идеяларды жүзеге асыру арқылы халықтың инвестициялық санасына әсер ету бойынша оңтайлы шешімдерді таңдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның атауы) | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламалар) | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Халықтың қаржы сауатты- лығын арттыру | Бағалы қағаздарға инвестициялау мәселелері бойынша телебағдарламалар мен роликтерді орыс және қазақ тілдерінде әзірлеу және орналастыру. Баспасөзде жарнамалық модульдерді, мақала- ларды, материалдарды орналастыру. Сыртқы жарнаманы орналастыру және шығару. Жарнамалық және оқыту полиграфиялық өнімдерін өндіру және тарату. Лекциялар, промо-акциялар, ойындар,викториналар, атаулы таратуларды өткізу. Қор нарығының сұрақтары бойынша Алматы қаласында «call-орталықтың» жұмыс істеуі. Орташа кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беретін білім ұйымда- ры оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қор нарығында инвестициялау тетігін пайдаланатын халықтың үлесін арттыру;
отандық нарықтағы инвестициялық процестердің оң беделін құру;
инвестициялық жобаларға тартылған халықтың қаражатын арттыру;
экономикалық дамытуды жеделдету мақсатында экономикаға халықтың ақша қаражатын тарту;
қаржы ағындарының шынайылығын арттыру;
республика азаматтары жинақ ақшасының жылжымайтын мүлікке инвестициялық операциялардың тәуекелдерінен тәуелділігін азайту.
Түпкі нәтиже: халықтың әл-ауқатын көтеру, сондай-ақ инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы республика экономикасына оның жинақ ақшасын тарту.
Уақтылығы: белгіленген кестелерге сәйкес іс-шараларды өз уақтылы орындау.
Сапасы: халықты қор нарығында қатысуға тарту үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
187-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 259815628 мың теңге (екі жүз елу тоғыз миллиард сегіз жүз он бес миллион алты жүз жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 17, 117-баптары; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10, 11-баптары; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық және жергілікті бюджеттерде жоспарланбаған, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жедел қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру; Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою; өзге де көзделмеген шығындарға; сондай-ақ сот шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнінде іс-шаралар жүргізуге бағытталған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуі; Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою жөнінде іс-шаралар жүргізу, өзге де көзделмеген шығындарға, сондай-ақ сот шешімдері бойынша Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдардың, аумақтық бөлімшелердің және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері бойынша сот шешімдерін орындауға бағытталған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві | | | |
2 | | 100 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
3 | | 101 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
4 | | 102 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві | Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
188-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3117923 мың теңге (үш миллиард бір жүз он жеті миллион тоғыз жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексінің 213-бабы; «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қарыз алушы төлемдердің қарызы шартына сәйкес оған тиесілі төлемдерді төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының кредит берушілер алдындағы мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерін орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар бойынша дефолт фактісіне жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: егер қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні толық немесе ішінара және 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде өтемеген жағдайда қарыз берушілер алдындағы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді толық және уақтылы орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау | Заңнамада белгіленген тәртіппен негізгі борыштың, сыйақылардың, мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша өзге төлемдердің сомасын төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: егер кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды қарыз алушы төлем мерзімі басталған күнге толық немесе ішінара өтемеген жағдайда толық көлемде мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді орындау.