Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл
комитетінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысы
(2008.14.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Yкіметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетi (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
3. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзілсiн:
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы «, Тіл комитетi.« деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
2) тармақшада:
бесiншi абзацтағы «, Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiру« деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
3) тармақшаның екiншi абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Өзге де ұйымдар" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 45-жол алынып тасталсын;
2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" деген 1-бөлімде:
"Тілдерді дамыту комитеті 25" деген жолдағы "Тілдерді дамыту комитеті" деген сөздер "Тіл комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен ереже алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 қаулысымен құрылым алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі Тіл комитетінің құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 4 ақпандағы № 103 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.14.01. № 12 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрлігі Тіл комитетінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.