«Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 593 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 62.1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 593 қаулысымен
бекітілген
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны:
1. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық
моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігi
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
9. Ескертпелер
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Этносаралық және конфессияаралық келісімнің
қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
негіздеме 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің
2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегi
бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына
кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарының 62.1-тармағын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімов
бекіткен 2005 жылғы 1 ақпандағы № 35-11.4
Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 жылдығы
бойынша ұйымдастыру-насихаттау жұмыстары
жоспарының 1.2-тармағын іске асыру мақсатында
Негізгі әзірлеуші Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігi
Мақсаты Этносаралық және конфессияаралық келісімнің
қазақстандық моделін жетілдіру
Міндеттері Республикада этносаралық және конфессияаралық
келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудi
қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін әзірлеу және
іске асыру;
елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың, сондай-ақ
конфессияаралық және этносаралық қатынастар
саласындағы ахуалдың және қоғамдағы әлеуметтік-
психологиялық шиеленіс деңгейінің мониторингі,
диагностикасы мен болжамы;
ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық және
конфессияаралық келісімді нығайту
Iске асыру мерзімі 2006-2008 жылдар
Қаржыландыру Бағдарламаны іске асыру: барлығы 984 млн. теңге,
көздері оның ішінде: 2006 жылы - 316 млн. теңге, 2007
жылы 316 млн. теңге, 2008 жылы - 316 млн. теңге
республикалық бюджеттің;
барлығы 414 млн. теңге, оның ішінде: 2006 жылы -
138 млн. теңге, 2007 жылы - 138 млн. теңге, 2008
жылы - 138 млн. теңге жергілікті бюджеттің
қаражатынан қаржыландыруды талап етеді.
2007-2008 жылдарға арналған шығыстар көлемi
тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық
бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес айқындалады (нақтыланады).
Күтілетін нәтиже Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
республикадағы этносаралық және конфессияаралық
қатынастарды үйлестіру үшін жағдай жасалады;
этносаралық және конфессияаралық төзімділіктің,
этномәдени әралуандылықты көпэтникалы және
көпконфессиялы қазақстандық қоғамдағы азаматтық
келісімнің әлеуметтік-психологиялық негізi
ретінде құрметтеудің, қабылдаудың және түсінудің
қағидаттары мен нормалары бекітіледі;
республиканың діни бірлестіктері арасындағы
өзара түсіністік пен төзімділік нығайтылады;
азаматтық татулық пен қоғамдық келісімдi
қамтамасыз ету мақсатында рухани құндылықтар мен
диалог мәдениетін ілгерілету ісінде мемлекеттік
органдардың, ұлттық-мәдени, діни және үкіметтік
емес бірлестіктердің ынтымақтастығы күшейтіледі;
этномәдени білім беру жүйесі қалыптастырылады;
Қазақстан халықтары Ассамблеясының қоғамдық
рөлін нығайту жөнінде жағдай жасалады;
2006-2008 жылдары:
қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық
ахуал мәселелері бойынша 12 қолданбалы ғылыми
және 6 республикалық зерттеу ұйымдастырылады және
өткізіледі;
республика аумағында жұмыс істейтін ұлттық-
мәдени, діни бірлестіктер және шетелдік
миссионерлер туралы ақпараттық дерекқор
толықтырылады;
жастардың қатысуымен 25 халықаралық
конференция, 65 семинар, 42 конкурс, 85 дөңгелек
үстел, 26 тренинг, 42 республикалық этнос
күндері, Қазақстан халықтары достығының 3
фестивалі ұйымдастырылады және өткізіледі;
республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат
құралдарында Қазақстандағы ұлтаралық және
конфессияаралық келісімді насихаттайтын 3000-нан
астам материал жарияланады.
2. Кіріспе
Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 62.1-тармағын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы О.Әбдікәрімов бекіткен 2005 жылғы 1 ақпандағы № 35-11.4 Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 жылдығы бойынша ұйымдастыру-насихаттау жұмыстары жоспарының 1.2-тармағын іске асыру мақсатында әрі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды одан әрі үйлестіру, төзімді сана мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру және әлеуметтік тәжірибеге енгізу жөнінде кешенді және мақсатты саясатты әзірлеу мен жүргізу қажеттігіне байланысты әзірленді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында республикада қоғамның ішінде тікелей қайшылықтарға жол берілмейтіндігі белгіленген: "Біздің стратегиялық міндетіміз - халықтың көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздерді салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі."
Халық құрамының көпэтностығы әрі көпконфессиялығы айқын көрінетін ел ретінде Қазақстан үшін әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізу және оны нығайту, жеке адамның, жекелеген әлеуметтік топтар мен қоғамның мүдделерін үйлестіру этникалық қауымдастықтардың өзара қатынасының оңтайлы нысандарын іздестіру, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, этносаралық және конфессияаралық өзара қатынастар мәдениетін арттыру, экстремизм мен ксенофобияның алдын алу міндетімен тығыз байланысты.
Елімізде 130 ұлттың, ұлыстар мен этникалық топтардың өкілдері өмір сүруде. Мұндай әралуандылық рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі бола отырып, белгілі бір проблемаларды туындатады. Үйлесімді этносаралық өзара қатынастар мен конфессияаралық келісімді дамыту мемлекеттік және қоғамдық болжамдау мен реттеудің кешенді ұстанымы мен тиімді тетіктерін талап етеді.
Қазақстан Республикасы өзін ар-ождан бостандығы мен діни наным бостандығы қағидаттары, әртүрлі конфессияға жататын азаматтардың өз діни бірлестіктерін құруға тең құқықтары, мемлекеттің діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпау қағидаты және халықаралық қоғамдастықта қабылданған діннің негізін қалаушы басқа да нормалары заң жүзінде бекітілген демократиялық, зайырлық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруда.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның дамуына тән ерекшеліктердің бірі қоғам өміріндегі дін рөлінің толассыз артуы болып табылады. Оның беделі мен мәртебесі артып, әлеуметтік функциялары кеңейіп келеді, дінге сенушілер мен діни бірлестіктердің саны өсе түсуде.
Республикада құрамына Қазақстан үшін дәстүрлі діни ілімдердің (ислам, христиан) барлық діни бірлестіктері және дәстүрлі емес, бұрын Қазақстанда болмаған діни қозғалыстардың жаңа ұйымдары енген көпконфессиялы кеңістік қалыптасты. Сондай-ақ діни экстремизмнің Қазақстанға енуіне ықпал ететін дінисымақ құралымдар пайда болды.
Осындай жағдайлар аясында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни дамудың бірдей мүмкіндіктерді нақты қамтамасыз етілген, ұлтаралық келісім, Қазақстан халқының біртұтастығы, ізгілік, ұлт құқықтары мен адам құқықтарын үйлесімді ұштастыру қағидаттары іс жүзінде көрініс тапқан көпұлтты, сан алуан мәдениетті және көпконфессиялы қоғам құру ісіндегі Қазақстанның жетістіктері айқын көрінеді.
Көпэтникалы және сан алуан мәдениетті қоғамдастық құрудың қазақстандық тәжірибесі көбінесе бірегей болып табылады. Елдің одан әрі табысты дамуының басты шарты ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету болып қала береді.
Елдегі ұлттық және діни қатынастарды одан әрі үйлестіру, төзімді сананы қалыптастыру және қазақстандық қоғамда экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімді жүйесін әзірлеу және icке асыру, шешімі ұлттық-мәдени, діни және үкіметтік емес бірлестіктердің кеңінен қолдауына сүйенген мемлекеттік және жергілікті органдардың үйлестірілген күш-жігерін талап ететін кешенді міндет болып табылады.
Осы Бағдарламада этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің, елдегі этносаралық ахуалды үйлестірудің, төзімді сана мен мінез-құлық қалыптастырудың және әлеуметтік практикаға енгізудің, ұлттық және діни экстремизмнің алдын алудың мақсаттары мен міндеттері айқындалды, сондай-ақ оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері белгіленді, қаржыландыру көздері көрсетілді.
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізген сәттен бастап қазақстан демократиялық мемлекет құруға, әлеуметтік әріптестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге нық бағыт алды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясаттың негізгі қағидаттары:
адам мен азаматтың нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, қай әлеуметтік топтарға және қоғамдық бірлестіктерге жататынына қарамастан, олардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі;
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе діни тәуелділік белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысанына тыйым салу;
Қазақстанның тарихи қалыптасқан біртұтастығын сақтау;
Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан аумағында тұратын халықтардың құқықтарына кепілдік беру;
әрбір азаматтың ешқандай мәжбүрлеусіз өзінің қай ұлтқа жататынын анықтау және оны көрсету құқығы;
Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық мәдениеттері мен тілдерін дамытуға ықпал ету;
қайшылықтар мен жанжалдарды уақытылы және бейбіт түрде шешу;
мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни араздықты, өшпенділікті не қастықты қоздыруға бағытталған қызметке тыйым салу;
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде оның азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықаралық құқық нормаларына сәйкес шет елдерде тұратын отандастарға ана тілін, мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтауда әрі дамытуда, олардың тарихи отанымен байланысын нығайтуда қолдау көрсету болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда осы проблеманы шешуге бағытталған шаралар кешенін көздейтін бірқатар кесімдер қабылданды, олардың негіз қалаушылары «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 856 Жарлығы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және бірқатар басқалары болып табылады.
Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту туралы қамқорлық мемлекеттік саясат дәрежесіне көтеріліп, ұлттық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өту қажет. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге қол жеткізу жөніндегі шарттардың бірі қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтау және дамыту болып табылады, бұл ретте ұлтаралық және мәдениаралық келісім, Қазақстанның біртұтас халқының ілгерілеуі қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда тілдердің шынайы әралуандылығы бар, жүзден астамы функционалдық мақсатта пайдаланылуда.
Қазіргі Қазақстанда діни және этникалық төзімділік дәстүрлі түрде жоғары болып қалып отыр. Республикадағы ұлтаралық қатынастар жеткілікті түрде тұрақты дамуда, ал туындап жатқан мәселелер өркениетті нысанда шешілуде. Қазақстандықтардың мәдениетаралық диалог пен этникалық шоғырланудың жалпы адами құндылықтарына бейімділігі экономиканы реформалауға байыпты әрі шынайы бағдарды жүргізудің, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың, әлеуметтік қорғаудың пәрменді тетіктерін құрудың, әлеуметтік проблемаларды демократиялық жолмен шешудің рухани-адамгершілік негізі болып табылады. Өз ұлтының мүддесін күйттеу емес, ұлтаралық қатынастардың адамгершілік, құқықтық негіздерін нығайту бұлардың игіліктерінің тәсілі болып табылатынын неғұрлым жіті түсінушілік үрдісі байқалуда.
Демократиялық қоғам құру процесінде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастар түбегейлі түрде өзгерді. Қазақстан Республикасының Конституциясына және 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дінге сенушілер өздерінің жалпы адами және азаматтық құқықтары мен міндеттерін шектеуге ұшырамай, дінді еркін ұстануға мүмкіндік алды.
Қазақстанда тәуелсіздіктің 15 жылы ішінде діни институттар саны мен сапасы өсуі едәуір өсті.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 40-тан астам конфессия мен деноминация өкілі болып табылатын діни бірлестіктердің жалпы саны 3420-ны құрады. Діни бірлестіктер жалпы санының 1853-і Ислам, 267-сі Орыс православие шіркеуі, 94-і Римдік-католик шіркеуі, 1101-і Протестанттизм, 78-і дәстүрлі емес әрі жаңа құралымдар (бахайлар, Кришна санасы қоғамы, Соңғы өсиет шіркеуі және басқалары) және басқа да саны аз діни құралымдар - 349.
Діни бірлестіктерде 2565 діни ғибадат құрылыстары бар, олардың 1727-ci - мұсылман мешіттері, 241-і - православие шіркеуі, 74-і - католик костелдері, 10-ы - синагога, және бес жүзден астам протестанттық және басқа да шіркеулер.
Діни бірлестіктер 38 атаулы мерзімді баспасөз басылымдарын шығарады. Ел азаматтарының шет елге ұйымдасқан түрде шығуының ең бұқаралық сипаттағы түрі - қажылық сапарға шығушы қазақстандық зиярат етушілердің саны жыл сайын өсуде.
Қазақстанда 8 жоғары (оның ішінде 2 исламдық, 1 католиктік, 1 лютерандық, 4 протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін діни оқу орындары жұмыс істейді, ірі мешіттердің жанында тұрақты әрекет ететін курстap мен шіркеулердің жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 22 елден 413 шетелдік миссионер жұмыс істеуде.
Әр түрлі елдерде жасалған террористік акциялардан кейін терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекет ету жөніндегі батыс елдерінің халықаралық тәжірибесін ескере отырып, мемлекеттік органдардың дінді жамылып экстремистік іс-қимылды жүзеге асыратын діни бірлестіктер мен шетелдік миссионерлердің жұмыс істеуін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі жұмысын жетілдіру қажеттілігі арта түсуде.
Қазақстан Республикасындағы діни ахуалды сипаттай келе, оның елдің жалпы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайымен тікелей байланысты екенін атап өту керек. Экономиканың нығаюымен және қоғамның демократиялануымен діни саладағы бірқатар алаңдатушылық туғызып отырған үрдістердің ыдыратушы әлеуеті әлсірейді.
Қоғамдық тұрақты дамудың және барлық халықтардың әл-ауқатының жақсаруының негізгі факторларының бірі бейбіт конфессияаралық диалог болып табылады. 2002 жылдың күзінде Қазақстанға сапары барысында БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан соңғы жылдар көбінесе "өркениеттер арасындағы жікшілдік" деп аталып келген әр түрлі мемлекеттер арасындағы қатынастардағы шиеленіспен орын алуымен, сонымен бірге бұл қатынастардың шиеленісуінің себептері ретінде діни сипаттағы проблемалар аталатынымен есте қалатынын ескере отырып, сондай-ақ төзімділік пен келісімнің қазақстандық бірегей тәжірибесін назарға алып отырып, біздің елді ұлтаралық тұрақтылық пен рухани төзімділіктің үлгісі деп атады.
2001 жылғы қыркүйекте Рим Папасы Иоанн Павел II-нің Қазақстанға келуі Съезд өткізудің алдындағы елеулі қоғамдық-саяси және діни іс-шаралардың қатарынан ерекше орын алды. Съезд шақыру туралы бастаманы алғаш рет Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2003 жылғы ақпанда өзінің Ватикандағы Понтификпен кездесуінде айтқанын атап өткен жөн.