6) Агенттіктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттіктің департаменттері мен басқармаларының басшыларын, Агенттіктің аумақтық органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
9) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Агенттіктің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
10) Агенттік төрағасымен келісім бойынша Агенттіктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
11) Агенттік төрағасымен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
12) Агенттіктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Агенттіктің төрағасы бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
13) Агенттіктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Агенттіктің төрағасына бекітуге ұсынады;
14) Агенттіктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Агенттіктің төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
15) Агенттік төрағасымен келіскеннен кейін Агенттікті қаржыландыру жоспарларын және Агенттіктің қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
16) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
17) Агенттікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
18) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Агенттікті білдіреді;
19) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен Жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
27. Жауапты хатшының мыналарға құқығы бар:
1) Агенттік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан Жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға.
28. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты болады.
29. Агенттіктің консультативтік-кеңесші органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның саны мен дербес құрамын Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және аумақтық органдарының ішінен Агенттіктің төрағасы бекітеді.
30. Агенттік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, құрылымдық бөлімшелерінің құзыреті мен өкілеттіктері Жауапты хатшы бекітетін - Агенттік жұмысының регламенті мен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
31. Жауапты хатшының өкілеттігін оны лауазымға тағайындағанға дейін Агенттіктің төрағасы не оған осыған өкілеттік берген жағдайда оның орынбасары жүзеге асырады.
4. Агенттіктің мүлкі
32. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен қалыптасады.
33. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
34. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
35. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 943 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары -
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасы.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасы.
5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы.
7. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
8. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы.
9. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасы.
10. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы.
11. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы.
12. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы.
13. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
14. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
15. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы.
16. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша басқармасы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 қазандағы
№ 943 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 520-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 96-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 4-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 900 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 35, 385-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.