2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 Қаулысына 362-қосымша
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
362, 363, 363-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
362-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын реттеу жөніндегі уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 543411 мың теңге (бес жүз қырық үш миллион төрт жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-І Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Заңы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 145 Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 214-ІІІ Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217-ІІІ Заңы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қаржылық орталығын әрі қарай дамуы, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Агенттік аппаратының қызметін қамтамасыз ету; қаржы орталығы қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу); қаржы орталығы қатысушыларына, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау; қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізімін жүргізу; қаржы орталығында қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу; қаржы орталығы қатысушыларына брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға жәрдемдесу; Елімізде және шет елдерде халықаралық семинарларға, конференцияларға, презентацияларға қатысу және оларды ұйымдастыру. Халықаралық Консультативтік Кеңестің қызметтерін өтеу. Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу оның шегінде ақпарат құралдарында жарнамалық және хабарламалық науқан жүргізу; қаржы орталықтың оң беделін арттыруға бағытталған беделді арттыру өнімін шығару. Кеңесшілердің және консалтинг компанияларының қызметтерін төлеу, соның ішінде шетелдіктер. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
4 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Бағдарламалық өнімдерді және міндеттерді сүйемелдеу. Есептеуші және телекоммуникациялық жабдықтарға, желілерге, сервер жүйелеріне техникалық және жүйелік қызмет көрсету және оларды жөндеу. Жасақтаушы қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу. Бағдарламалық өнімдерді сатып алу. Байланыс қызметтерін төлеу. Техникалық құрал-жабдықтарды сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін, статистикалық карточка, салық төлеушінің куәлігін беру; қаржы орталығымен өзара қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша шет ел мемлекеттерінің қор биржаларымен келісім жасау. Өңірлік қаржы орталығының маркетингін өткізу. Халықаралық Консультативтік Кеңестің қызметіне ақы төлеу. Елімізде және шет елдерде халықаралық семинарлар, конференциялар, презентациялар өткізу және оларға қатысу. Кеңесшілердің және консалтинг компанияларының қызметіне ақы төлеу.
Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығы қызметін қамтамасыз ету. Қолданыстағы қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру, ақпараттық-жарнама науқандарын жүргізу және қор технологиялары саласына халықаралық тәжірибені енгізу арқылы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамыту үшін базалық алғышарттар құру.
Мемлекеттік тілді үйрету - 50 адам;
Ағылшын тілін үйрету - 10 адам;
Кәсіптік деңгейді көтеру - 9 адам.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу.
Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту, қазақстандық капиталдық шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 27,0 мың теңге;
Бір мемлекеттік қызметкердің ағылшын тілін оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 25,5 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 21,6 мың теңге.
Уақытылығы: белгіленген графикке сәйкес шараларды дер кезінде атқару.
Сапасы: қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және қор технологияларын қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының талаптарына бейімдеу.
Мемлекеттік тілді оқыту нәтижесінде мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 6%;
Ағылшын тілін оқыту нәтижесінде ағылшын тілінде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 5%;
Біліктілігін арттырудан кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 5%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
363-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4158841 мың теңге (төрт миллиард бір жүз елу сегіз миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Заңы; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Заңы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 145-ІІІ Заңы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 21 шілдедегі № 309-ІІІ Заңы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 166 Жарлығы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігін, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамын, «Бағалы қағаздардың орталық депозитариі» акционерлік қоғамын, Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотты және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының басқа да қатысушыларын орналастыру мақсатында, «А» класты кеңсе ғимаратын сатып алу үшін «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халықаралық стандарттарға сай Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру, «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 12 мың квадрат метрден кем емес «А» кластық бизнес-орталығын алу.
Уақтылығы: белгіленген кестеге сәйкес іс-шараларды уақтылы орындау.
Сапа: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 363-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
363-1-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Халықтың қаржы сауаттылығын арттыру»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 697505 мың теңге (алты жүз тоқсан жеті миллион бес жүз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негіздері: «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымындағы Заңы; «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.5-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қаржы сауаттылығын арттыру және елдің экономикалық өсуіне халықтың жинақ ақшасының қатысуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықтың барлық деңгейлерінде өз бюджеттерін жоспарлауда және қаржылық мүмкіндіктерін пайдалануда білім деңгейін көтеру, қор, сақтандыру, зейнетақы, банк нарықтары мәселелерін кең түсіндіру, ұлттық қаржы институттарына сенімділікті арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарлама (кіші бағ- дарлама) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар (кіші бағдарламалар) | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Халықтың қаржы сауатты- лығын арттыру | Акциялардың мемлекет- тік пакеттерін сату іс-шараларын ұйымдас- тыру және жүргізу. Жарнамалық және түсіндірмелік іс-шара- ларды жүргізу және аймақтарда трансфер- агенттік желіні қол- дану арқылы қалың бұқара топтарының қатысуын қамтамасыз ету. Қаржылық сауат- тылықты арттыруға және инвестициялық мәде- ниетті көтеруге бағыт- талған мәселелер бойынша аудио- және телероликтер, бағдар- ламалар мен фильмдерді орыс және қазақ тіл- дерінде әзірлеу және орналастыру. Ақпараттық-білім беру орталықтарының қызмет етуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Сыртқы жарнаманы орналастыру және шығару. Жарнамалық және оқыту полиграфиялық өнімде- рін (кітапшалар, бук- леттер) өндіру және тарату. Семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Қор нарығының сұрақтары бойынша арнайы электрондық порталды, жалпыұлттық call-центрді ашу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы- ның қызметін реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
ұлттық қаржы институттарына сенімділікті арттыру - банк жүйесінің тұрақтылығын көтеру;
жеке зейнетақы жинақтарын ынталандыру;
қор нарығында инвестициялау механизмдерін қолданатын халық үлесін көтеру;
экономикалық дамытуды жеделдету мақсатында экономикаға халықтың ақша қаражатын тарту.
Соңғы нәтиже: халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы республика экономикасына оның жинақ ақшасын тарту.
Уақтылығы: белгіленген кестелерге сәйкес іс-шараларды өз уақтылы орындау.
Сапасы: халықтың өз қаржы құралдарына және жалпы мемлекеттің қаржы жүйесіне деген жауапкершілігін қалыптастыруға қол жеткізу.