2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
41-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
41-ҚОСЫМША
203 - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1304203 мың теңге (бір миллиард үш жүз төрт миллион екі жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 147, 147-1, 147-2, 147-3, 147-4, 147-5-баптары, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы; «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13, 14, 17, 18-баптары; «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұтынушылар, мемлекет және мемлекеттік пен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу; темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды реттеу; табиғи монополиялардың қызмет етуіне, тариф белгілеу мәселелеріне қатысты заңдардың жобаларына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізуді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың ақылы қызметтер көрсету тәртібін бақылау; өз қызметін мемлекеттік монополияға жатқызылған салада жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу мен бақылау; табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін, мемлекеттік органдар көрсететін ақылы қызметтердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу; мемлекеттік мекемелер монополиялық түрде жүзеге асыратын қызметтерге есеп айырысу әдіснамасы мен бағалар белгілеу ережесін жетілдіру; табиғи монополия саласындағы тарифтердің (бағалардың, ставкалардың, алымдардың) немесе олардың шекті деңгейлерінің есеп айырысу әдістемесін жетілдіру; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеуді, бақылауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъекті- лерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Табиғи монополия субъектісі өткізетін сатып алуды келісу; табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына және мүлікті иеліктен айыруға берілген өтініштерін қарау. Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу; тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) есептеудің кемсітпейтін әдістерін әзірлеу; Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу. Нормативтік және нормативтік құқықтық актілер әзірлеу жөнінде тәуелсіз сарапшылар мен сараптау ұйымдарының, консультанттардың, қаржылық және техникалық сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылардың қызметтеріне ақы төлеу; Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау. «Регулятор» журналын (екі айда бір рет) шығару. Шағын және орта кәсіпкер субъектілеріне кітапшаларды (жадынамаларды) тегін таратуды қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Табиғи және мемлекеттік монополия субъектілеріне тексеру жүргізу. Тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берілген өтінімдерді қарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркелімін жүргізу. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту жөнінде жария тыңдаулар өткізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің үш тақырып бойынша біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) «Мемлекеттік басқарудың осы заманғы әдістері мен технологияларына оқыту»; 2) «Құқықтық оқыту»; 3) «Экономикалық жағынан оқыту». Мемлекеттік тілді оқыту. | Қаңтар-қараша | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Агенттіктің орталық аппаратына кеңселік жиһаздар сатып алу. Агенттіктің орталық аппаратына автокөлікті сатып алу. | Сәуір- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелер-жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының Интернет пен VPDN желісіне қол жеткізу қызметтері. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының ақпараттық жүйелерін есептеу техникасымен және телекоммуникациялық жабдықпен қамтамасыз ету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығына жүйелі техникалық қызмет көрсету. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының ақпараттық жүйелері мен локальдік міндеттерін сүйемелдеу. Агенттіктің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығын материалдарымен жинақтықтаушы бөлшектерімен қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Тарифтердің мөлшеріне әсер ететін табиғи монополиялар субъектілерінің қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бұрмалауларын анықтау; тарифтерде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын оңтайландыру. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің тұтынушылар мен экономикаға тигізетін әсеріне талдау жүргізу, тарифтер серпінінің жекелеген салалары мен халықтың табысына тигізетін әсерін болжамдау.
Кәсіби деңгейді арттыру - 46 адам, олардың ішінде аумақтық органдардың қызметкерлері - 30 адам, мемлекеттік тілге оқыту - 104 адам, оның ішінде аумақтық органдардың қызметкерлері - 86 адам.
Түпкілікті нәтиже: Табиғи монополиялар субъектілерінің, темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаларды қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 18,39 мың теңге.
Бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 18,98 мың теңге.
Уақтылығы: Жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.
Сапасы: Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету тарифтердің (тарифтік сметалардың) шығын бөлігіне енгізілетін шығыстар негізділігін анықтау.