п/п № | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дарла- ма коды | Бағдар- лама атауы (кіші бағдар- лама) | Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шара- лар (кіші бағдарлама) | Орындалу мерзімі | Жауапты орындау- шы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | «Оңтүс- тік» арнайы экономи- калық аймағын дамытуға Оңтүстік Қазақс- тан об- лысының әкімді- гіне дамуға беріле- тін мақсатты транс- ферттер | «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы инфрақұ- рылымының дамуына нысаналы транс- ферттердің ауда- рылуы - ішкі инженерлік желі- лердің құрылысы (су жабдықтау, канализация, электрлендіру, телефондандыру, газдандыру); ОҚО «Оңтүстік» АЭА» на әкелі- нетін инженерлік коммуникациялық желілер құрылы- сының аяқталуы (су құбыры және канализация); 220/10 кВ кіші станциясының және кіріс-шығыс Вл-220 кВ құрылы- сының аяқталуы; 220/10 кВ кіші станциясындағы алғашқы іске қосу жұмыстарын өткізу; ОҚО «Оңтүстік» АЭА-на» апаратын темір жолдардың, автомобиль жолы- ның және Бадам өзенінен өтетін көпір құрылысының аяқталуы; ОҚО «Оңтүстік» АЭА-ын» электр- лендіру үшін 6 кВ ЖвЛ құрылысы. | Мамыр- желтоқ- сан | Қазақс- тан Рес- публика- сы Ин- дустрия және сауда министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кіргізілетін инженерлік-коммуникациялық желілердің (сумен қамтамасыз ету және канализация, энергиямен қамтамасыз ету), келу темір жолдарының, автомобиль жолдары мен Бадам өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылыстарын аяқтау.
Соңғы нәтиже: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту, заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындарын соғу, отандық экономиканың тоқыма және тігін өнімдерінің импортына тәуелділігін жеңу, қосымша жұмыс орындарын құру, дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту, сапа мен ассортиментті жақсарту арқылы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндіріс шығындарын төмендету, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және оны әлемдік экономикаға интеграциялау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, отандық мақта талшықтарын қосымша құны жоғары дайын өнімге дейін өңдеу;
- өңірге инвестицияларды, жаңа технологияларды тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- шығарылатын өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, әлемдік нарықтың дәстүрлі сегменттерін бекіту және жаңа сегменттерін игеру арқылы соңғы өнімнің есесіне қарай экспорттың құрылымын өзгерту үшін ғылыми және өнеркәсіптік-технологиялық негіздерді құру;
- сапасын, ассортиментін жақсарту және өндіріс шығындарын төмендету есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.
Уақтылығы: орнатылған келісімдерге сәйкес.
Сапасы: арнайы экономикалық аймақты құру жоғары технологиялық өндірістер мен технологияларды дамытуға, республиканың ғылыми және техникалық потенциалын пайдалануды кеңейтуге, тоқыма өнеркәсібі саласында бәсекеге қабілетті өнімдердің жаңа буындарын әзірлеу және өндіру үшін технологиялық негізді жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
328-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру жөніндегі іс-шараларды өткізу» деген
021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құны: 22000000 мың теңге (жиырма екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығы, ««Ертіс», «Оңтүстік» және «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы, «Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы, Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 22 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 376 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аумақтық дамуды жеделдету және өңірлік дамуға екпін түсіре отырып, Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға барынша бейімделген өңірлердің, шикізаттық емес секторлардың бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кластерлік даму, өзін-өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды жұмылдырудың, әлеуетті инвесторларды экономиканың шикізаттық емес секторларына тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың тетіктерін енгізу жолымен өңірлік Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 581ж Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорация құру жөніндегі іс-шараларды өткізу | I. «Сары-арқа» ӘКК ҰК АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайту. Теміртау қаласындағы индустриялық парктің инженерлік инфрақұрылымын салу. II. ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) III. «Ертіс», «Жетісу», «Тобыл», «Каспий», «Батыс» Оңтүстік алты әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын ұлғайту. IV. ӘКК капиталдандыру жолымен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың кең жігін қол жетімді тұрғын-үймен қамтамасыз ету үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды құру. IV. ӘКК капиталдандыру жолымен Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың кең жігін қол жетімді тұрғын-үймен қамтамасыз ету үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды құру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорциясы» АҚ |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Материал, энергия және еңбек өнімін сыйымдылықтарын азайтуға бағытталған, құрылыс материалдар сапасын жақсартуда және ассортименттердің өсуіне жоғарғы өнімді құралдарды және жаңа технологияларды енгізу;
- Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының құрылыс нарығын арзан бағаға қанықтыру, сапалы және сенімді құрылыс материалдарын, бұйымдармен және үй құрылысына керек-жарақтары және құрылыс материалдар импорты үлесін төмендету;
- Ішкі нарықта құрылыс материалдарды бәсекеге қабілетті етіп шығару және экспорттық нысандағы өнімдерді игеру;
- таза экологиялық және тиімді ассортиментті құрылыс материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды кеңейту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- салық түсуін ұлғайту.
Тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың кең жігін қол жетімді тұрғын-үймен қамтамасыз ету үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Соңғы нәтиже: Қосымша жұмыс орындарын құру, сапа және түр-түрлілікті жақсарту есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндіріс шығындарын азайту, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және оның экономикаға әлемдік ықпалдасуын арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, жаңа мақта талшығын жоғары қосылған бағамен дайын өнім жасау;
- инвестиция аймақтарына жаңа технологияларды тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруды жоғарлату есебінде түпкі өнім пайдасына экспорт құрылымының өзгеруі үшін ғылыми және өнеркәсіп-технологиялық негізін құру;
- өндіріс шығындарын төмендету және ассортименті, сапаны жақсарту есебінде бәсекелестікке қабілеті өнімді жоғарлату.
Уақыттылығы:
- жасалған шарттарға сәйкес;
- өңірдің экономикалық дамуын жеделдету, елдің өңірлік дамуына отандық және шетел инвесторларды тарту серпінін жақсарту, инвестициялық капиталды жақсарту, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының басымды қызмет түрлерін инвестицияда тиімді пайдалану.
Сапасы: Арнайы экономикалық аймақты құру жоғарғы технологиялық өндірістер мен технологияларды дамытуға жағдай туғызады, республиканың ғылыми және техникалық әлеуетін пайдалануды кеңейтеді, текстильді өндіріс саласында бәсекелестікке қабілетті жаңа буынды өндіру және өңдеу үшін техникалық негізді құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
329-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға
жәрдемдесу» деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1174603 мың теңге (бір миллиард бір жүз жетпіс терт миллион алты жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 және Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген «Мемлекет басшысының 2007-2009 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары».
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экспорттық бейімделуін (ішкі елдер бағыттары мәселесі) ынталандыруда, қазақстандық өнімдерді экспортын жылжытуға (сыртқы бағыттар мәселесі) жәрдемдесуде, ең көп экспорт әлеуетімен мемлекеттік тарауларды қолтабыс ету тетіктерін пайдалануда жағдайлармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу | 1. Кадрлар құзыретіндегі ықпалдастықты дамыту: - шетелдік жетекші өнеркәсіп-экспортерлерде кәсіпорын басшыларын оқыту курстарын ұйымдастыру; - экспорттық басқару саласында оқыту қызметтері, сонымен қатар сапа және қауіпсіздік саласындағы қызметтер анықтамалықтарын және жеткізушілер қызметтері каталогтарын дайындау және жариялау. 2. Сапаны қамтамасыз етуге жәрдемдесу: - қазақстандық экспортерлердің имидждік өнімдерін әзірлеу және қалыптастыру. 3. Сауда ақпараттарымен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: - экспортерлер тізілімін жасау және жүргізу; - отандық экспортерлар үшін мамандандырылған веб-сайт құру; - сауда және коммерциялық ақпарат жөнінде халықаралық ақпараттық деректер базасына ақпаратты-техни- калық сүйемелдеу және қосылу. 4. Сауданы қолдау желісінің өзге де қызметтерін дамытуға жәрдемдесу: - экспортты ілгерілету және шетелде бизнесті жүргізу жөнінде семинарлар өткізу; -«атушылар мен «Сатып алушылар» жыл сайынғы кездесулерін ұйымдастыру және жүргізу; - «Дайын өнімнің үздік экспортері» конкурсын өткізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысын беру; - Қазақстан Республикасының «Экспо-2008», «Сарогоса» (Испания) халықаралық көрмесіне, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлеріндегі көрмеге қатысуы; - Қазақстан Республикасының «Экспо-2010», Шанхай (Қытай) халықаралық көрмесіне қатысуы жөніндегі жұмыс жобасын әзірлеу. 5. Қазақстандық өнімдер экспортын жылжытуға жәрдемдесу: - экспорттық өнімнің жыл сайынғы анықтамалығын басуға дайындау және Қазақстан сыртқы нарықтарға ұсынатын орыс және ағылшын тілдеріндегі «Экспортер» арнайы журналын шығару; - Ресей Федерациясының, Қырғызстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының сауда-экономикалық аймақтарын құрудың шаралар кешенін әзірлеу; - шетелдегі отандық қауымдастықтар өкілдіктерін ашуға жәрдемдесу. 6. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін бағалауды жүргізу: - өңдеуші саланың 200 кәсіпорындарының экспорттық әлеуетінің диагностикасы; - экспорттың салалық стратегияларын және дамудың дара бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға көмектесу және шетелдік сараптаманы тарта отырып 3 пилоттық салалар бойынша (машина жасау, химия, тағам) кемінде 30 кәсіпорындар үшін экспортты жылжыту; - халықаралық стандарттарды орындауда кәсіпорындар мен зертханаларға жәрдемдесу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- 200 кәсіпорынның экспорттық әлеуетінің диагностикасы;
- кемінде 75 кәсіпорындардың экспорттық дайындығын шетел сараптамасын тарта отырып бағалау;
- Қазақстан сыртқы әлемге ұсына алатын орыс және ағылшын тілдеріндегі жыл сайынғы қазақстандық өнімдердің каталогтарын дайындау және басу (басылым - 1 000 дана);
- «Экспортер» арнайы журналының бірінші нөмірінің шығару, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде;
- үш пилоттық саланың даму стратегиясы және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жоспарлары және неғұрлым экспорттық әлеуеті бар 30 кәсіпорындардың экспортын дамыту;
- экспортерлердің тізілімін жасау;
- экспорт саласында Қазақстанда көрсетілетін қызметтер мен жеткізушілер қызметтерінің анықтамалықтарын орыс және қазақ тілдерінде дайындау және басу (басылым - 1 000 дана);
- сапа мен қауіпсіздіктің міндетті халықаралық стандарттарын іс жүзінде орындау;
- пилоттық салада қызмет көрсететін 3 зертхана үшін халықаралық аккредитациялауға дайындау үшін қажет ресурстардың мұқтаждықтарын бағалау;
- қазақ және орыс тілдерінде (отандық аудитория үшін) мамандандырылған интерактивті веб-сайт дайындау және қосу;
- экспортерге көмек ретінде орыс және қазақ тілдерінде 6 басылым дайындау және басу;
- Қазақстан Республикасының кемінде 25 елшіліктері арқылы қазақстандық экспорттың имидждік өнімін тарату;
- қазақстандық шикізаттық емес экспорт және дәстүрлі емес өнімдер тауарларын іздеу үшін өткізудің перспективалық нарықтары маркетингтік зерттеулері нәтижелерін жариялау - кемінде БАҚ-қа 30 басылым кәсіпорындар мен ҮЕҰ тарату үшін 1000 дана жалпы тиражбен жекелеген шығарылым;
- Ресей Федерациясымен, Қырғызстан Республикасымен және Өзбекстан Республикасының сауда-экономикалық аймақтары құру жөнінде тұжырымдамалар жобаларын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының «Экспо-2008», «Сарогоса» (Испания) халықаралық көрмесіне, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңы өңірлеріндегі көрмеге қатысуы;
- Қазақстан Республикасының «Экспо-2010», Шанхай (Қытай) халықаралық көрмесіне қатысу бойынша жұмыс жобасын әзірлеу;
- «Үздік экспортер» жыл сайынғы конкурсын өткізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйақысын беру;
- экспортты жылжытудың жаңа нысандарын, халықаралық тәжірибені қоса алғанда анықтау жөніндегі жұмысты зерттеу.
Түпкілікті нәтиже:
- экспорттауға икемділігін арттыру саласында арнайы білім және дағдыландырылған кадрларды дамыту;
- сыртқы сауда саласында мемлекеттік қызметтердің тиімділігін және атаулығын жоғарлату;
- институттық деңгейде мемлекеттік тетікті құру және экспортқа жағдай жасауды қолдау;
- бизнес-орта индексі бойынша 63 позициядан (2007 жылы) 50 позицияға дейін (2010) рейтингті жоғарылату;
- Қазақстанда 10 пайызға жұмыс істейтін ірі ТНК жеткізілімдерін жергілікті ұстауды жоғарылату;
- жеке және мемлекеттік секторлардың іс-әрекетінің тетіктерін пысықтау;
- жеке сектор қызметін дамытуға (оқыту, стандарттау, сертификаттау) бағыттау;
- неғұрлым экспорттық әлеуеті бар 30 кәсіпорындарды сыртқы нарықтарға (2009-2010 жылдардың аяғы) кезең кезеңмен шығару алгоритмі;
- халықаралық стандарттарды орындауда экспортқа бағдарланған кәсіпорындар мен зертханаларға жәрдемдесу;
- экспорттың қосымша құнын арттыру;
- қолданыстағы шикізаттық емес экспорттың көлемдерінің өсімін жеделдету және географиясын кеңейту;
- экспорттық бағдарлылық мәдениетін дамыту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: тек ұзақ мерзімді (2015-2020) жоспарда көрсетіледі. Орта мерзімді (3 жыл) жоспарда: тиімді экспорттық қызметті жетілдіруге, сыртқы нарыққа бәсекелестікке барынша қабілетті қазақстандық тауар және қызметтерге үлесін, инвестиция үшін экономиканың шикізат секторын тартуды, ІЖӨ-нің үлесін арттыру.
Уақыттылығы: Шикізаттық емес экспортты қолдау үш жыл ішінде экономикалық шикізаттық бағыттылығынан ауытқуға мүмкіндік береді.
Сапасы: Бағдарлама экономиканың шикізаттық емес секторын сыртқы нарыққа жылжытуға ықпал ететін болады.
330-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
331-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін
дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 12889968 мың теңге (он екі миллиард сегіз жүз сексен тоғыз миллион тоғыз жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2006-2010 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі арасындағы «Астана қаласын сумен қамту және кәріз» жобасы бойынша қарызды бекіту Келісімі туралы» 2003 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; «2006-2010 жылдарға арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сумен қамту жөніндегі қызметке халықтың тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сумен қамту және су жіберу қорғаныстарын кеңейту және жаңарту үшін жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | «Астана қаласын сумен қамту және су жіберу» жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
3 | | 005 | Ішкі көздерінің есебінен | 1) Вячеслав су қоймасынан су жеткізудің 2-желісін жаңарту (2006 жылғы 24 тамыздағы № 2-465/06 «Мемлсараптама» РМК қорытындысы); 2) Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су құбырлары және канализация желілерін кеңейту және қайта құру; 3) Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су қоймасынан су жеткізудің желісін жаңарту бюджеттік инвестициялық жобалардың аясында іс-шараларды іске асыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен трансферттер беру. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Қызылорда қаласының әкімдігі. |
4 | | 016 | Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен | «Астана қаласын сумен қамту және су жіберу» жобасын іске асыру үшін Астана қаласының бюджетіне дамытуға арналған мақсатты трансферттерді аудару. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, Астана қаласының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: мына жобалар бойынша орындалған жұмыстар көлемі:
«Астана қаласын сумен қамту және су жіберу»;
«Вячеслав су қоймасынан су жеткізудің 2-желісін жаңарту»;
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су құбырлары және канализация желілерін кеңейту және қайта құру»;
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласының су қоймасынан су жеткізудің желісін жаңарту»;
Ақырғы нәтижесі: қауіпсіз, сенімді және сапалы ауыз сумен, сонымен бірге су жеткізудің сапалы қызметімен қамтамасыз ету үшін сумен қамту объектілерін қолданысқа енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы халқының сумен қамту қызметтеріне тұрақты қол жеткізу бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы республика үшін экономикалық әсерге қол жеткізіледі.
Уақыттылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес.
Ескерту: *) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға (ЖСҚ № және бекітілген немесе мемлекеттік сараптама жасалған күні көрсетіліп) сәйкес іс-шаралар, трансферттерді игеру аясында күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламаларда бейнелеп көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
332-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй
қорының тұрғын үйін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 8733838 мың теңге (сегіз миллиард жеті жүз отыз үш миллион сегіз жүз отыз сегіз мың теңге).