7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Бюджеттік қаражат есебі арқылы»«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру жоспарлауда, сонымен қатар келесі жұмыс түрлерін өткізу: жобалы-ізденуші жұмыстар, шекара-кеден инфрақұрылымын салу, инженерлік инфрақұрылым төсемін, әкімшілік-техникалық кешенін салу, Орталық территориясын көркейту, өтпе жол, жолдар, селден қорғайтын және жаға бекітетін құрылыстарды, сонымен қатар 2007-2011 жылдарға «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» Бағдарламасын одан әрі дамытуды жүзеге асыруға кірісу.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасының жеке капиталына тарту үшін қолайлы инвестициялық климат құру; Қазақстан Республикасын басқа елдермен сыртқы сауда айналымын жоғарлату; Алматы облысының экономикалық өсу қарқынын жеделдету, оған қоса ШМХЫ территориясындағыдай Жаркент қаласы территориясында да қызмет көрсету саласында жаңа өнеркәсіп кәсіпорындарын және объектілерін салуды енгізу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Түгелдеу Қазақстан Республикасының және Алматы облысы экономикасының интенсивті дамуына ықпал етеді, көлік, инженерлік және туристік инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру, жүк айналымын жоғалту, жаңа жұмыс орындарын жасау, шекара территорияларында тұратын халық өмірінің деңгейін жоғарлату.
Уақыттылығы: Технико-экономикалық негізге сәйкес «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру, сонымен қатар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын» акционерлік қоғам жұмыс кестесіне сәйкестеу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы негіздемелік келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 204 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысына, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 633 Қаулысы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1061 Қаулысы, «2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы, «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2007 жылғы 28 ақпан бекітілгеніне сәйкес Бағдарламаны түгелдей қаржыландырмау құрылыс және жоба кестесіне олқылық туғызады.
Сапасы: «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы дүниежүзілік елдерге сәйкес құрылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
323-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласындағы әскери қызметшілер
үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 130251 мың теңге (бір жүз отыз миллион екі жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Приозерск қаласына қоныс аударған Қазақстан Республикасы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік тұрғын үй қорын қайта құру, Приозерск қаласына қоныс аударған Қазақстан Республикасы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үйлерінде жөндеу-қалпына келтіруді өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласындағы әскери қызметшілер үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қарағанды облысының әкімшілігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 2 тұрғын үйлерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары өткізіледі.
Түпкілікті нәтиже: Приозерск қаласына қоныс аударған Қазақстан Республикасы әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне 72 тұрғын үй ұсынылады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- бір квадрат метр га жөндеу жасауға шығын құрамы - 32736 теңгені құрайды.
Уақыттылығы:
- объектілерді мерзімге сай енгізу, 2008 жылдың желтоқсан айына дейін өндіріс жұмыс кестесімен бекітілген.
Сапасы:
- құрылыс нормаларымен және ережелерімен бекітілумен келісілген құрылыс өнеркәсіп технологиясына сәйкес жұмыстар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
324-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін жетілдіру»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1420047 мың теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма миллион қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 6 , 7 және 22-баптары, «Өлшем бірліктерінің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5 , 10, 13, 15 және 17-баптары, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеудің және кодтаудың халықаралық жүйесіне көшуі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 шілдедегі № 1113 қаулысы, «Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитарийін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 926 және 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы № 801 қаулысы, «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1129 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімдер мен процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнімнің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыны адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу, өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, сондай-ақ саудадағы техникалық кедергілерді жою. Өлшемдердің сенімсіз нәтижелері салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтарының мүдделері мен экономикасын қорғау және отандық өнімдердің, процестердің (жұмыстар мен қызметтердің) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу және метрология саласындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне өту үшін мемлекеттік стандарттарды талдау және жүйелеу;
- халықаралық стандарттарға сәйкес стандарттау, сәйкестікті растау, аккредитттеу және метрология жөніндегі негізгі стандарттарды әзірлеу;
- мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру үшін стандарттау, метрология, сәйкестікті растау, аккредиттеу саласындағы халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарын сатып алу;
- өнімдер мен процестер қауіпсіздігінің арнайы талаптарын регламенттейтін техникалық регламенттерді әзірлеу;
- техникалық регламенттерді сараптау;
- Техникалық-экономикалық ақпарат депозитариінің (анықтамалардың) библиографиялық және толық мәтіндік деректер базасын енгізу арқылы жіктеуіш бойынша ақпаратты есептеуді және шұғыл алуды жетілдіру;
- материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін сенімді есептеуді қамтамасыз ету;
- Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштер тізілімін жүргізу;
- экономика саласындағы перспективалық қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жаңа эталондар жасау және қолдағы эталондарды жаңғырту;
- эталон базасын ұстау, эталондарға салыстырып тексеру және метрологиялық аттестация жүргізу, мамандарды халықаралық деңгейде оқыту;
- азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйі мен сауда-коммерциялық операцияларды бақылау кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүзеге асыру үшін техникалық база жасау;
- салыстырып тексеру нәтижелеріне зертхана аралық салыстырулар және өлшем құралдарын калибрлеу жүргізу;
- өлшем құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын өлшемдердің сенімді нәтижелерін қамтамасыз ету;
- ИСО 90006, 14000, 22000, сондай-ақ OHSAS 18001, SА 8000 сериялы халықаралық стандарттар бойынша сапа жүйесін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу;
- аккредиттеу жөніндегі ұлттық органды ІLАС және ІАҒ келісімдеріне қол қоюға дайындау;
- органдардың аккредиттеудегі зертханасында халықаралық және өңірлік аккредиттеу жүйелерінде қабылданған бойынша және сәйкестікті растауда бағалау әдісін игеру;
- аккредиттеу саласындағы персоналды даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
- зертхана аралық салыстыру сынақтарын жүргізу;
- өнімнің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуде көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесін жетілдіру | Аккредиттеудегі сәйкестікті стандарттау метрология саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу және сатып алу: 1) мемлекетаралық стандарттау; 2) мемлекеттік стандартты әзірлеу. - 1-ші кезең. Стандарттардың бірінші редакциясын әзірлеу, мүдделі ұйымдарға келісуге тарату. - 2-кезең. Стандарттың соңғы редакциясын түзету және пікірлер мәліметін құрау. 3) стандарттау, метрология, сертификаттау саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды сатып алу және аудару. ІІ. Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесін жетілдіру. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық-эконо- микалық ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесін жетілдіру оның ішінде: техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеудің және кодтаудың жүйесін жүргізуде (12 мемлекеттік жіктегіштер) депозитарияны (анықтамаларды) қалыптастыру. ІV. Республиканың физикалық өлшемдер бірлігінің ұлттық эталондық базасын құру, оның ішінде мемлекеттік эталондарды құру үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу және эталондарды сатып алу, және жаңғырту. V. Мемлекеттік эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету, оның ішінде: эталондарға қызмет көрсету; эталондық кешендерді толықтыра жарақтандыру және жаңғырту, біліктілігін арттыру мақсатына персоналды оқыту. VI. Салыстырып тексеру нәтижелеріне зертханааралық салыстырулар және өлшем құралдарын калибрлеу ұйымдастыру және жүргізу. VІІІ. Астана қаласындағы Эталон орталығын ұстау. IX. Мемлекеттік орталықты өлшем құралдарды сынау орталығын құру және дамыту, оның ішінде электромагниттік үйлесімдігін электрлік және магниттік өлшем құралдары, электроэнергия сапасы, оптикалық-физикалық шама өлшемдерінің сынақ саласындағы қажетті жабдықтарды сатып алу. X. ІСО 90006, 14000, 22000 сондай-ақ OHSAS 18001, SА 8000 сериялы халықаралық стандарттар бойынша сапа жүйесін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу. XI. Қазақстанның ІАҒ және ІLАС халықаралық аккредиттеу ұйымдарына кіруі жөніндегі жұмыстары, оның ішінде: 1) ІАҒ және ІLАС талаптарына сәйкес аккредиттеу жөніндегі ұлттық органды бағалау үшін даярлық жұмыстарын жүргізу; 2) халықаралық сарапшылармен сынақ және тексеру зертханаларын аккредиттеу; 3) аккредиттеу саласында халықаралық деңгейде мамандардың біліктілігін арттыру. XII. Зертхана-аралық салыстырмалы сынақтарды өткізуді ұйымдастыру: - зертханалық сынақтарды өткізу үшін стандартты үлгілерді сатып алу; - зертханалық сынақ бойынша жұмыстарды өткізу; - алынған зертханааралық салыстыру нәтижелерін өңдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- кемінде 120 бірлік мемлекетаралық стандарттарды талдау және жүйелеу;
- кемінде 250 мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
- стандарттау, метрология, сертификаттау саласында кемінде 331 халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды сатып алу;
- республикада қолданыстағы ТСН-ның 12 мемлекеттік жіктеуіштерін жүргізу, 1 мемлекеттік жіктеуіш әзірлеу, сайтқа техникалық-экономикалық ақпаратының жіктеу және кодтау жүйесінің халықаралық тәжірибесі мен ТМД елдерінің жетекші институттарының тәжірибесін зерделеу нәтижелерін енгізу;
- 1 бірлік - мемлекеттік бірінші эталонды жаңғырту, 2 эталон сатып алу, және мемлекеттік эталонды құру үшін кемінде 2 техникалық тапсырманы әзірлеу;
- Кемінде 10 эталон мен эталондық жабдықтарға салыстырып, тексеру жүргізу;
- кемінде 80 қызметкердің эталондарға қызмет көрсетуі, кемінде 10 эталонға және эталон жабдығына салыстырып, тексеру жүргізу, жасалатын эталондарды пайдалануға беру, жабдықтарға сервистік қызмет көрсету, кемінде 10 маманның халықаралық семинарларға қатысуы;
- 8 бірліктен кем емес жабдықтарды сатып алу арқылы өлшем құралдары үшін тексеру зертханаларын құру және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
- кемінде 28 метрологиялық қызметтерінің өлшем құралдарының тексеру және калибрлеу нәтижелері бойынша зертхана аралық салыстыруды ұйымдастыру және жүргізу;
- технологиялық жабдықтың, ғимараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау, сондай-ақ халыққа білім беру деңгейін, қоғамның ғылыми-техникалық дамуын жоғарлату;
- Қазақстанның ІLАС аккредиттелген зертханаларымен халықаралық ынтымақтастық рәсімдері үшін аккредиттеу жөніндегі ұлттық органның халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін бағалау және ІАҒ-ға кіру үшін алдын ала бағалау; ІАҒ және ІLАС таныған халықаралық деңгейде кемінде 10 сынақ және салыстырып, тексеру зертханаларын аккредиттеу, аккредиттеу саласында кемінде 40 маманның біліктілігін арттыру.
Түпкілікті нәтижелер:
техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру және дамыту, шетелдердің қажетті халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу, қолданыстағы мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлестіру және қайта қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу; халықаралық стандарттар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының принциптеріне сәйкес экономиканың әртүрлі секторына жаңа мемлекеттік стандарттарды, ережелер мен ұсынымдарды әзірлеу.
- Техникалық реттеудің мемлекеттік заңнамалық базасын жетілдіру, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға және оның шетел мемлекеттерінің нарығына жылжытуға жәрдемдесу, инвестициялық климатты жақсартуға жәрдемдесу;
- техникалық-экономикалық ақпаратының жіктеуіштер депозитарийінің деректер қорын енгізу арқылы мемлекеттік органдар мен мүдделі тұлғаларға өзектендірілген жіктеуіштерді ұсыну;
- жіктеуіштердегі кодтардың атаулары мен жинақтарын бірізге келтіру, Жіктеуіш депозитарийінің деректер қорын пайдалану арқылы мемлекеттік және мүдделі тұлғаларға өзектендірілген жіктеуіштер ұсыну;
- қазақстандық сертификаттарды өлшемдер мен сынақ нәтижелерін халықаралық деңгейде тану үшін негіз жасау;
- халықаралық практикаға өту және зертханалар алынатын зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тану үшін негіздер жасау;
- энергетика, машина жасау, құрылыс және құрылыс материалдарын жасауда қолданылатын мемлекеттік эталонды жаңғырту;
- республиканың экономика салаларындағы қолда бар өлшем құралдарының 75% метрологиялық қажеттілігімен қамтамасыз ету;
- азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жай-күйін бақылау кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарының кемінде 40% салыстырып, тексерумен қамту;
- метрологиялық қызметтердің геометриялық шамаларды өлшеу бойынша - кемінде 15%, салмақ өлшеу жөнінде - кемінде 10%, электрлік шамаларды өлшеу жөнінде кемінде - 20% зертхана аралық салыстырып, тексеруін қамтамасыз ету;
- Эталон орталығы ғимаратының барлық технологиялық жабдығының үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуі, мамандар үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жасау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- эталондарды құруға арналған шығындар - эталонның орташа құны 50 млн. теңгеден 150 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды;
- 1 эталонды ұстауға арналған шығындар жылына орташа 3 280 мың теңгеге дейін;
- тексеру зертханаларын құруға арналған шығындар, 1 тексеру жабдықтарының орташа құны 0,5 млн. теңгеден 30,0 млн. теңгеге дейін құрайды;
- эталондық орталық ғимаратының 1 шаршы метрін ұстауға арналған шығынның шартты құны 24,7 мың теңгені құрайды;
- метрологиялық қызметтің жалпы санының кемінде 15 %-ын техникалық құзыреттілігін растау;
- күрделілігі 2-топтың стандарттарын әзірлеу 1 бірлігі үшін 1000 мың теңге;
- күрделілігі 3-топтағы стандарттарды әзірлеу 1 бірлігі үшін 1100 мың теңге;
- мемлекетаралық стандартқа талдау жүргізудің орташа құны - 44,3 мың теңге;
- сатып алынған 1 нормативтік құжаттың орташа құны - 93,7 мың теңге;
- бір техникалық регламентті әзірлеудің орташа құны - 4 500,0 мың теңге;
- бір техникалық регламентті сараптау - 550,0 мың теңге;
- техникалық-экономикалық ақпаратының кодтау жіктеуіштер жүйесінің бір мемлекеттік жіктеуішті жүргізудің және есепті әзірлеудің орташа құны - 137,6 мың теңге;
- өткізілетін сынақтар сапасын бағалауға және 1 сынақ зертхананың техникалық құзыретін растауға кететін орташа шығын - 627,6 мың теңге;
- аккредиттеу жөніндегі ұлттық орталықты халықаралық сарапшылардың бағалауы жөніндегі орташа шығын - 31 976,0 мың теңге;
- ІАҒ және ІLАС таныған халықаралық сарапшылардың 1 зертхананы аккредиттеу жөніндегі орташа шығын - 9 000,0 мың теңге;
- 1 маманды оқытудың орташа шығыны - 638,4 мың теңге.
Уақыттылығы:
жұмыстарды орындаудың күнтізбелік жоспарларына сәйкес.
Сапасы:
- стандарттарды пайдаланушыларға сауалнама жүргізу, кәсіпкерлердің пікірлері, мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі;
- жұмыстарды уақытылы орындау, әзірленетін техникалық регламенттердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін белгілеу, мүдделі тұлғаларды ауқымды ортасын талқылау үшін тарту;
- жұмыстардың уақытылы орындалуы, техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесінің жұмыс істеуі;
- қоғамның техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысуы, қабылданатын техникалық шешімдердің қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін ДСҰ талаптарын орындау, бұл нәтижесінде техникалық реттеудің халықаралық практикасына өту, сондай-ақ әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына өту үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
- техникалық регламенттерді әзірлеу және қабылдау арқылы адамдардың өмірі үшін өнімдер мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- әзірленетін техникалық регламенттердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін белгілеу, мүдделі тұлғаларды ауқымды ортасын талқылау үшін тарту;
- техникалық-экономикалық ақпаратының жіктеу кодының тиімді жұмыс істейтін жүйесі нәтижесінде саудадағы техникалық тосқауылдарды жою;
- қажетті деңгейдегі эталондық базаны құру, өлшеудің нақтылы мен дұрыстығын арттыру, өлшеу техникасын, экономиканың өсуін және сауданың дамуын, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға қатысуы үшін халықаралық талаптарға сәйкестігін жетілдіру, ұлттық өлшем жүйесінің халықаралық талаптарға бейімделуі;
- мемлекеттік эталондар жаңғыртатын және беретін шама бірлігінің дәлдігін арттыру, өлшеудің сенімді емес нәтижелерінен болатын экономикалық шығындарды жою;
- стандартты үлгілердің жаңа типтерін әзірлеу;
- тұтынушылардың отандық өнімдер сапамен және қауіпсіздігімен қанағаттандыру деңгейі;
- тұтынушылардың өлшеудің дәлдігімен қанағаттандыру деңгейі;
- мамандар үшін қалыпты еңбек және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау;
- халықаралық деңгейде жүзеге асырылатын өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы жұмыс нәтижелерін тану;
- қазақстандық сәйкестік сертификаттарын шетелдерде тану;
- халықаралық сарапшылардың аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың ІАҒ және ІLАС талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы, өнім қауіпсіздігін сынау және бағалау нәтижелерінің сенімділігі мен дәлдігін арттыру;
- сынақ және салыстырып, тексеру зертханаларының сенімді және дәл нәтижелері негізінде жүргізілетін өнім қауіпсіздігі сынақтарының сапасын арттыру;
- жүргізілетін сынақтардың сапасы мен дәлдігін арттыру, сынақ зертханаларының сенімді нәтижелері негізінде өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алғы шарттар жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
325-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 298043 мың теңге (екі жүз тоқсан сегіз миллион қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабы, «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 6-бабы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 Заңы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28 және 29-баптары, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 8-бабы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы, «ТМД елдері шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы, «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған (дайындық кезеңі) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 942 қаулысы, «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысы, «2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкімі.