2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы))
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
398, 399, 400, 401, 402-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
398-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
399-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
400-ҚОСЫМША
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Бірыңғай автоматтандырылған
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйені құру»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 198568 мың теңге (бір жүз тоқсан сегіз миллион бес жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1686 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану негізінде экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға және қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, оның жолын кесу және тергеу бойынша қаржы полициясы органдарының жедел-қызметтік іс-әрекеттерінің процестерін автоматтандыру; автоматтандырылған тәртіпте қаржы полициясы органдарының Қазақстан Республикасының басқа органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру; қаржы полициясы органдарының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі бар бірыңғай ақпараттық мәліметтер банкін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегi іс-шаралар | Iске асыру мерзімi | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Бірыңғай автомат- тандырылған ақпараттық-телеком- муникациялық жүйені құру | Қолданбалы бағдарламалық қамта- масыз етуді әзірлеу және басып шығару, ҚР ЭСЖҚА БААТЖ оқыту бойынша қызмет көрсетуді сатып алу. Сатып алу - жиынтықталған жұмыс станциялары, Notebоок, жүйелік принтерлер. Материалдық емес активтерді сатып алу, оның ішінде: - мәліметтер базасын басқару жүйесі Oracle Database Enterp-rice Edition 10; - Lotus Notes 7.х тұтынушы қосымшасы; - Lotus Domino R7.х серверлік қосымша; - «АФП-ИДЕНТИФИКАЦИЯ» бағдарламалық қамтамасыз ету; - «АФП-ОБРАЗ++» бағдарламалық қамтамасыз ету. | 2008 жылғы қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: экономикалық және қаржылық қылмыстардың ашылуын арттыру; криминалды экономиканың деңгейін төмендету; салық төлеуден жасырынған немесе криминалды айналымға тартылған қаражатты мемлекеттің бюджетіне қайтаруды арттыру; экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстылық деңгейін төмендету.
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі міндеттеген мақсаттарды орындау кезінде қаржы полициясы органдары жұмысы тиімділігінің елеулі өсуі күтіледі, ол өз кезегінде мемлекеттік экономикалық тұрақтылығына және елдің жалпы әл-ауқатының өсуіне оң ықпал етеді.
Соңғы нәтиже: қаржы полициясы органдарын автоматтандыруды біріктіру және аумақтық орталықтандыру қаржы полициясы органдарының қызметтік іс-әрекетінің ең жоғары тиімділігіне жету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің мәліметтерін біріктіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
401-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
402-ҚОСЫМША
Осы қосымша «Қызметтік қолдану үшін» белгісі бар Деректер базасына енгізілмейді.