3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: алдын алудың, емдеу мен диагностикалаудың жаңа технологияларын енгізу негізінде азаматтардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алуды, диагностикасын жасауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру, халық сырқаттанушылығын, гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингін, қадағалау мен алдын алуды жетілдіру, республикада денсаулық сақтауды басқару және ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі сауықтыру бағдарламаларын, жаңа әдістерін әзірлеу және сынау.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Медицина ғылымының 4 басым бағыты шеңберінде жаңа ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. 1. Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласында диагностикалық, емдік және алдын алу технологияларын әзірлеу және жетілдіру; 2. Әлеуметтік елеулі аурулардың алдын алу, диагностикасын жасау, емдеу және оңалту шараларын әзірлеу және жетілдіру; 3. Қазақстан Республикасының халқын гигиеналық, эпидемиологиялық мониторингісін және алдын алумен қадағалауды жетілдірудің ғылыми негіздері; 4. Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеу. Жүргізіліп жатқан мынадай 40 ғылыми-техникалық бағдарламаны орындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу: 1. «Диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу арқылы жүрек-қан тамырлар ауруларынан өлім-жітім мен сырқаттанушылықты азайту»; 2. «Жүрек-қан тамырлар хирургиясында диагностиканың, емдеудің, оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 3. «Медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдіру»; 4. «Жарақаттанудан, оның ішінде балалардың мүгедектігі мен өлім-жітімін азайту жөніндегі ғылыми негізделген бағдарлама»; 5. «Дамуының туа біткен кемістігі бар балалардың мүгедектігі мен өлім-жітімін азайту проблемасын шешудің ғылыми негізделген жолдары»; 6. «Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында онкологиялық қызметті оңтайландыру және онкопатологиядан өлім-жітімді азайту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу»; 7. «Хирургияда аурулардың алдын алу және емдеу үшін эндогенді гемопоэтикалық дін жасушаларын қолдануды экспериментальды клиникалық негіздеу»; 8. «Цереброваскулярлық аурулар құрылымында геморрагиялық және ишемиялық инсульттермен ауыратын адамдарды емдеу және оңалту бойынша озық технологияларды диагностикасын жасау және енгізу саласындағы ғылыми әзірлемелер»; 9. «Фетальдік клеткаларын қолдануды экспериментальды клиникалық негіздеу»; 10. Жұқпалы аурулардың ағымы мен аяқталуының диагностикасы мен болжауда тиімділігі жоғары геномдық технологияларды әзірлеу және енгізу»; 11. «Адамның карантиндік және зооноздық аурулары бойынша Қазақстан Республикасында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми негіздері»; 12. «Адамның иммун тапшылығы вирусы жұқпасын бастапқы және екіншілік алдын алуды жетілдіру мақсатында жыныс жолмен берілетін жұқпалардың диагностикасын жасау, емдеу мен алдын алудың жаңа технологияларын әзірлеу»; 13. «Бүйректі ауыстырып қондыруда диагностика жасау, емдеу мен оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 14. «Қазақстан халқының тамақтану деңгейі мен денсаулығын бағалау бойынша зерттеу»; 15. «Нейрохирургияда диагностика жасау, емдеу мен оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 16. «Эпидемиологиялық жағдайды зерделеу, ересек адамдардың депрессивтік бұзылуына диагностика жасау мен емдеуді ұйымдастыру жөніндегі тиімді шараларды әзірлеу»; 17. «Эндокриндік ауруларды (зоб, қантты диабет, созылмалы бүйрек үсті кемістігі) цитокинодиагностикасы мен цитокинотерапиясының ғылыми негіздерін әзірлеу»; 18. «Қазақстан Республикасында жедел және стационарлық медициналық көмекті жетілдірудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 19. «Бастапқы денсаулық сақтау буынында аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұйымдастыру- басқарушылық көзқарас«; | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
| | | | 20. «Халыққа медициналық көмек көрсету қажеттілігінің сараланған өңірлік нормативтерін қалыптастырудың ұйымдастыру- экономикалық технологияларын әзірлеуге әдістемелік көзқарас»; 21. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілерге емдеу-алдын алу көмегін жетілдірудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 22. «Қазақстан Республикасы денсаулық жүйесінде кадр саясатын дамытудың ұйымдастыру- технологиялық, білім және әлеуметтік- психологиялық аспектілері»; 23. «Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білімді реформалау тұжырымдамасын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу»; 24. «Қазақстан Республикасында зертханалық қызметті жетілдірудің және биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 25. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу критерийлеріне көшу бойынша мониторингі бағдарламасын әзірлеу»; 26. «Босануға жәрдемдесу ұйымдарының практикасына перинатальдік күтім бойынша тиімді технологиялар мониторингінің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 27. «Қазақстан Республикасында гематологиялық қызметті жетілдірудің ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 28. «Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмекті жетілдірудің ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу»; 29. «Өкпенің обструктивті, интерстициальді аурулары кезіндегі патогенетикалық негіздері мен өршу факторлары: эпидемиологиясы, диагностикасы, емдеу, алдын алу; 30. «Қазақстан Республикасы халқының психикалық және психикологиялық ахуалының көп деңгейлі жүйелі мониторингі»; 31. «Қазақстан Республикасында әлеуметтік елеулі дерматоздардың диагностикасын жасау, емдеу мен алдын алудың ғылыми негізделген технологияларын әзірлеу»; 32. «Қазақстандағы қоршаған ортада, өнім тағамдарында қазіргі заманғы пестицидтардың болуын қадағалау жүйесін жетілдіру және талдау әдістерін әзірлеу»; 33. «Байқоңыр» космодромынан жіберілетін ракеталардың халық денсаулығына тигізетін әсерінің санитарлық-гигиеналық мониторингі»; 34. «Қарашығанақ газоконденсат кен орны аймағында тұратын халық денсаулығының жағдайын бағалау»; 35. «Иондық сәулеленудің әсеріне шалдыққан және біртіндеп болатын салдары кезеңінде медициналық-әлеуметтік мониторингі жасалған Қазақстан Республикасы халқының Мемлекеттік автоматтандырылған медициналық тізілімін ғылыми сүйемелдеу»; 36. «Қазақстан Республикасында вакцинамен басқарылатын жұқпалар бойынша алдын алу технологияларын ғылыми негіздеу және әзірлеу»; 37. «Әлеуметтік елеулі жұқпалы аурулардың диагностикасын жетілдіру бойынша тест-жүйесін әзірлеу»; 38. «Қазақстан Республикасында сот-медициналық сараптаманы ұйымдастырудың ғылыми негізделген бағдарламасын әзірлеу»; 39. «Травматология және ортопедияда алдын алу, диагностика жасау, емдеу мен оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу»; 40. «Әлеуметтік елеулі офтальмопатологиясы бар сырқаттарды оңалтудағы инновациялық технологиялар» Мыналарға күрделі трансферттер аудару: - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін тізбеге сәйкес ғылыми ұйымдар үшін қажетті қазіргі заманғы және бірегей медициналық жабдықтар сатып алуға; - бекітілген құжаттамаға ведомстволық жобалық-сметалық және мемлекеттік емес сараптама қорытындысына сәйкес. Х.Жуматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын (2007 жылғы 2 наурыздағы № 7-106 /07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) және М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығын (2005 жылғы 6 шілдедегі № 7-379/05 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) күрделі жөндеу жүргізуге. | | |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
медицина ғылымының 4 басым бағыты мен жүргізіліп жатқан 40 бағдарламасы бойынша ағымдағы жылға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тапсырмалары мен көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар жоспарын орындау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген сатып алынатын жабдықтардың тізбесіне сәйкес ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындау үшін кемінде 8 бірлік медициналық және зертханалық жабдық сатып алу. Мемлекеттік ведомстволық емес сараптама қорытындысына сәйкес X. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын және М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығын күрделі жөндеу жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: жаңа әдістер мен технологияларды әзірлеу және практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми-техникалық бағдарламаның орташа құны - 22136 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: ғылыми зерттеулер нәтижелерінің республика халқының денсаулығына әсері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
272-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 12391986 мың теңге (он екі миллиард үш жүз тоқсан бір миллион тоғыз жүз сексен алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 11-бабы; «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 17-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5 , 7 , 16, 17, 18, 24, 29, 53-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы № 326 қаулысы; «Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсетудің шығындарын өтеу ережесін және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түсетін қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 965 қаулысы; «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету жолымен сырқаттардың денсаулықтарын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтарға республикада және шетелде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; психикалық аурулардан, алапестен зардап шегушілерге, сондай-ақ Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық және орталық клиникалық госпитальдердің контингентіне, мамандандырылған медициналық көмек көрсету, амбулаториялық, емдік-диагностикалық және оңалту іс-шараларын орындау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету | Диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде мынадай 16 бейін бойынша: хирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық, радиологиялық, терапиялық, кардиологиялық, неврологиялық, тері-венерологиялық, наркологиялық және профпатологиялық, психиатриялық жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша мынадай медициналық ұйымдар үшін: Онкология және радиология ҒЗИ, Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығына, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ҰҒО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық) және медициналық емес жабдық, арнайы автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес мынадай мемлекеттік кәсіпорындарға: Жарбосынов атындағы Урология ҒО (2007 жылғы 2 мамырдағы № 7-212/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Көз аурулары ҒЗИ (2006 жылғы 28 маусымдағы № 7 388-1/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Травматология және ортопедия ҒЗИ (2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 2-495/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Онкология және радиология ҒЗИ (2007 жылғы 12 наурыздағы № 7 113/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ (2007 жылғы 11 сәуірдегі № 7-172/07 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына (2006 жылғы 26 сәуірдегі № 7-195/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы), Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы (2006 жылғы 30 наурыздағы № 12-50/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) ғимараттары мен құрылыстарын күрделі жөндеу жүргізуге күрделі трансферттер аудару. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік медицина ұйымдарына емделуге жіберу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде жіберілетін науқастардың емі мен жолақысын және бірге жүретін адамдарға ақы төлеу. Шетел медициналық ұйымдарға 2007 жылғы кредиторлық берешекті өтеу Консультациялық- диагностикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес Республикалық аллергология орталығына медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар мен арнайы және қызметтік автокөлік сатып алуға күрделі трансферттер аудару. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптамаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу: Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальді (2006 жылғы 3 ақпандағы № 7-51/06 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухананы (2005 жылғы 22 ақпандағы № 7-76/05 және 2007 жылғы 22 ақпандағы № 7-86/07 мемлекеттік сараптамаларының қорытындысы), Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальді» (2007 жылғы 13 тамыздағы № 23-296/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы) күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын (бұдан әрі - ҒЗИ), Көз аурулары ҒЗИ, Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми- практикалық орталығы ҒЗИ, Травматология және ортопедия ҒЗИ, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы (бұдан әрі - ҰО, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ҰО, Тері-венерология ҒЗИ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ҒО, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми- практикалық орталығы, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Семей мемлекеттік медицина академиясы, Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы, Қазақ ұлттық медицина университетінің Профессорлар клиникасы, Қарағанды қаласының облыстық кардиохирургиялық орталығы, Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы. Тараз қаласының Кардиохирургия орталығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі. Республикалық аллергология орталығы, Республикалық диагностика орталығы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана, Қазақ республикалық лепрозорий, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь. Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалықгоспиталь, Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық аурухана, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының азаматтарына диагностика мен емдеудің күрделі әдістерін жүргізуді қажет ететін аурулар кезінде қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету (жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша болжамды орташа жылдық емдеуге жатқызудың саны кемінде 37389); белгілі бір контингентке мамандандырылған медициналық көмек көрсету (орташа жылдық болжаммен емдеуге жатқызу: Республикалық жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық ауруханаға - 927, Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге - 1189, Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальге - 4200, Қазақ республикалық лепрозорийіне - 700).
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық кәсіпорындар мен Республикалық аллергология орталығы үшін кемінде 588 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық, медициналық емес жабдықтар, арнайы автокөлік сатып алу. Мемлекеттік мекемелер үшін кемінде 96 бірлік медициналық (емдік және диагностикалық), зертханалық және медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік сатып алу.
Астана қаласында медициналық кластер құру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы.
Түпкілікті нәтиже: емделген сырқаттардың денсаулығының жақсаруы.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында бір сырқатты емдеу үшін орташа шығыстар жылына 157 мың теңге; мемлекеттік мекемелерде - 77,1 мың теңгеден 621,2 мың теңгеге дейін; сырқатты шетелде емдеуге орташа шығыстар - 4457,8 мың теңге; 1 сырқатқа және алып жүретін адамдардың жолына ақы төлеудің орташа шығыстары - 155 мың теңге; бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және Мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес көлемде күрделі жөндеу жүргізуді орындау. Сатып алынатын бір бірлік жабдықтың орташа құны - 6294,2 мың теңге.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: негізделген шағымдардың болмауы; диагностика мен емдеудің мерзімдік медициналық-экономикалық хаттамаларына сәйкес емдік көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
273-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторий-сауықтыру
медициналық көмек көрсету»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1140707 мың теңге (бір миллиард бір жүз қырық миллион жеті жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 16, 17, 18-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11, 22-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында туберкулезден халықты қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулықты нығайту, халықтың жұқтыруларын азайту, сырқаттану көрсеткіштерін тұрақтандыру, туберкулез бойынша өлім-жітімді, мүгедектікті азайту, бронх-өкпе патологиясы бар балалар мен ересектерді оңалту мен сауықтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған жоғары білікті емдік-диагностикалық көмек көрсету. Бронх-өкпе патологиясы бар сырқаттарға организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге көмектесетін емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары:
№ р/с | Бадарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Туберкулезбен ауыратындарға мамандандырылған және санаторлық- сауықтыру медициналық көмек көрсету | Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсету. Бронх- өкпе патологиясы бар сырқаттарға, санаторийлық-сауықтыру (оңалту) медициналық көмегін көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық, диагностикалық, зертханалық, медициналық емес жабдық және санитарлық автокөлік сатып алу. Туберкулезбен ауыратын сырқаттарға, оның ішінде резервтік қордан туберкулездің мультирезистентті нысанын емдеу үшін және диспансерлік (виражды гиперсезімталды, жанаспалы) топтағы балаларға химиялық алдын алу жүргізу үшін туберкулезге қарсы препараттарды сатып алу. Жобалық-сметалық құжаттар мен Мемсараптама қорытындысына сәйкес «Қарағай» республикалық оңалту орталығы (2007 жылғы 12 ақпандағы № 81 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы) және Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығында күрделі жөндеу жүргізу (2007 жылғы 11 мамырдағы № 203/77 мемлекеттік сараптамасының қорытындысы). | Жыл бойы Жыл бойы Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Туберкулез проблемалары ұлттық орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы; «Қарағай» республикалық оңалту орталығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық оңалту орталығы; «Қарағай» республикалық оңалту орталығы. |