1-курс студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету (жаңа қабылдау) - 100 пайыз, оқуды жалғастырушыларды орта есеппен - 79 пайыз және интерндерді - 90 пайыз; магистранттар, клиникалық ординаторлар, резидентура тыңдаушылары, аспиранттар, PhD докторанттар мен докторанттарды - 100 пайыз.
Түпкілікті нәтиже: денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 1 білім алушыны даярлауға жұмсалатын орташа шығыс - жылына 263 мың теңге; запастағы офицерді даярлауға - жылына 25,4 мың теңге; докторантты даярлауға - жылына 64,3 мың теңге; PhD докторанттар даярлауға - жылына 700,0 мың теңге; аспирантты даярлауға - жылына 123,7 мың теңге; клиникалық ординаторды даярлауға - жылына 153,2 мың теңге; резидентура тыңдаушысын даярлауға - жылына 153,2 мың теңге; магистрантты даярлауға - жылына 333,8 мың теңге.
Айлық стипендия мөлшері: бір студент: 1 қаңтардан бастап - 6434 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 7500 теңге; бір интерн: 1 қаңтардан бастап - 11652 теңге, 1 қыркүйектен бастап - 13586 теңге; Президенттік - 12868 теңге; атаулы - 9329 теңге; докторант - 29359 теңге; PhD докторант - 29359 теңге; аспирант - 23000 теңге; клиникалық ординатор - 22041 теңге; резидентура тыңдаушысын - 22041 теңге және магистрант - 22041 теңге.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын 1 білім алушының қысқы және жазғы каникулдар кезінде жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу 4 АЕК. Мемлекеттік жоғары медициналық білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу.
Уақтылылығы: жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді денсаулық сақтау саласының білікті мамандарының күтілетін бітірушілер саны кемінде 1434 адам, запастағы офицерлер кемінде 579, ғылыми кадрлар мен жоғары білімнен кейінгі медицина білімі бар мамандар кемінде 217 адам, оның ішінде докторанттар кемінде 30, аспиранттар кемінде 62, клиникалық ординаторлар кемінде 90, магистранттар кемінде 28.
Сапасы: ЖОО-ны үздік бітірген жоғары білімді бітірушілердің күтілетін үлесі бітірушілердің жалпы санының 15 пайызы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
267-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 43761475 мың теңге (қырық үш миллиард жеті жүз алпыс бір миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулығын сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы;»»Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасын іске асырудың 2007-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 67-ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың медициналық қызмет көрсетуге қолжетімдігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңарту үшін жергілікті бюджеттерді қаржылай қолдау.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сома шегінде тізбе бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне типтік денсаулық сақтау жобаларының тізбесіне кірмеген объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын әзірлеп жасауға, типтік денсаулық сақтау жобаларын және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын жасай отырып, қайта қолдану жобаларын сол жерге байланыстыруға; денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша (оның ішінде «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу« жобасының шеңберінде нысаналы даму трансферттерін аудару). Типтік денсаулық сақтау объектілерінің тізбесіне кірмеген объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын әзірлеп жасау, типтік денсаулық сақтау жобаларын және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын жасай отырып, қайта қолдану жобаларын сол жерге байланыстыру. Денсаулық сақтау объектілерін (оның ішінде «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде). | Қаңтар-жетоқсан Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: пайдалануға берілген денсаулық сақтау объектілерінің саны.
Түпкілікті нәтиже: халыққа медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру.
Уақтылылығы: Типтік денсаулық сақтау объектілерінің тізбесіне кірмеген объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын әзірлеу, типтік денсаулық сақтау жобаларын және ведомстводан тыс мемлекеттік сараптамасын жасай отырып, қайта қолдану жобаларын сол жерге байланыстыру; қызмет көрсетушілермен жасалған шарттарға сәйкес денсаулық сақтау объектілерін салу мен қайта жаңарту (оның ішінде «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасының шеңберінде) жөніндегі жұмыстардың көлемін орындау.
Сапа: республикада нәресте және ана өлім-жітімін, туберкулез ауруын азайту қамтамасыз етілетін болады, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту қамтамасыз етілетін болады.
*Ескертпе
*) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы« Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес инвестициялық жобалардың тізбесі, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іс-шаралар, трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
268-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 2446695 мың теңге (екі миллиард төрт жүз қырық алты миллион алты жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «АИТВ инфекциясының және ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7 , 19, 24-баптары; «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірінші кезекті шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 ақпандағы № 126 қаулысы; «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеті жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1216 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби, соның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулары пайда болуының, таралуының алдын алу және азайту; шекараны жұқпалы және аса қауіпті аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау; АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралу қарқынын бәсеңдету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Республикалық деңгейде халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы | | | |
2 | | 100 | Эпидемиялардың алдын алу | Табиғи ошақтар мен басқа да эндемиялық өңірлерде індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізу. Індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізуге жіберілген медициналық және басқа да қызметкерлердің іссапар шығыстарына ақы төлеу. Алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізу үшін дезинфекциялаушы құралдарды сатып алу және аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың ошақтарына жеткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | | 101 | Атырау, Арал теңізі, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Шалқар тырысқаққа қарсы станциялары | Карантиндік және басқа да аса қауіпті жұқпалы ауруларды оқшаулау, таралуының алдын алу жөніндегі індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізу. Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға және мемлекеттік сараптама қорытындыларына сәйкес Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Маңғыстау обаға қарсы күрес станцияларын күрделі жөндеу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық, автокөлік сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Атырау, Арал теңізі, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл, Шалқар обаға қарсы күрес станциялары |
4 | | 102 | Республикалық санитарлық- эпидемиологиялық станциясы | Санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы |
5 | | 103 | Көліктегі санитарлық- эпидемиологиялық сараптаманың өңірлік орталықтары | Эпидемиялық мәні бар объектілердің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды, көліктегі бағынысты объектілердің санитарлық- эпидемиологиялық сараптамаларын жүргізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдық сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Оңтүстік-Шығыс өңірлік әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Оңтүстік өңірлік жол көлігіндегі санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы; Жол көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бас орталығы; Батыс өңірлік теміржол көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы; Солтүстік- Батыс әуе көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы |
6 | | 104 | СПИД-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу жөніндегі республикалық орталық | АИТВ инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық немесе жабдық сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу үшін табиғи ошақтар мен басқа да эндемиялық өңірлерге кемінде 65 баруды жүзеге асыру, аса қауіпті жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы және алдын алу іс-шараларын өткізу, обаға қарсы күрес станцияларын аса қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың ошақтарында алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды өткізуге арналған дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Тізбеге сәйкес медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтардың, автокөліктің кемінде 869 бірлігін, соның ішінде обаға қарсы күрес станциялар үшін кемінде 608 бірлігін, Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция үшін жабдықтың кемінде 50 бірлігін, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшін кемінде 203 бірлігін, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық үшін кемінде 8 бірлігін сатып алу, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Шымкент, Маңғыстау обаға қарсы күрес станцияларына күрделі жөндеуді жүргізу.
Түпкі нәтиже: тіршілік ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторларын жоюға немесе азайтуға бағытталған індетке қарсы және алдын алу іс-шаралар кешенін аяқтау, жұқпалы, паразиттік аурулардың, жаппай уланулардың пайда болуын және таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сатып алынатын дезинфекциялық препарат бірлігінің орташа құны 1135 теңге, медициналық (диагностикалық және зертханалық) және медициналық емес жабдықтар, автокөлік бірлігінің орташа құны 381,8 мың теңге.
Уақтылығы: бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес санитарлық - індетке қарсы (алдын алу) іс-шараларын орындау; жабдықты жеткізуге жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: халықтың жұқпалы, паразиттік және кәсіби ауруларын азайту есебінен елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту; індеттік мәні бар көліктегі объектілердің санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту; халықтың АИТВ/ЖҚТБ туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
269-ҚОСЫМША
226 - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның компоненттерін
және препараттарын өндіру»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 472019 мың теңге (төрт жүз жетпіс екі миллион он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік материалдық қор туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 12-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 18-бабы; «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5 , 15-баптары; «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2003 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы« 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008-2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сырқаттарды сапалы қанмен, оның компоненттерімен және препараттармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды қан препараттарымен (алмастырғыштармен) және оның компоненттерімен қамтамасыз ету, Республикалық емдеу-алдын алу ұйымдарын, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарды қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету. Республикалық қан орталығының төтенше жағдайлар зардаптарын жоюда донорлық қан препараттарымен және оның компонентерімен денсаулық сақтауды ұйымдарын қамтамасыз етуге дайындығы, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының реципиенттері үшін арнайы донорлық қанды іріктеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның компоненттерін және препараттарын өндіру | Қанды, оның компоненттерін дайындауға, тестілеуге, сақтауға; қанның сирек топтары мен препараттарын ұзақ мерзімді сақтауға, қан компоненттерін өңдеуге; қан препараттарын өндіруге; шығарылатын өнімнің номенклатурасын, көлемін кеңейту және оның сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі арнайы іс-шараларды жүргізуге; қан плазмасын карантиндеуді жүргізуге, қанның лейкосүзгіленген компоненттерін шығаруға байланысты қызметтерге ақы төлеу. Қан өнімдерінің жұмылдырылған резервінің көлемін жаңарту және толықтыру жөніндегі арнайы іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес Республикалық қан орталығына медициналық және медициналық емес жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, автокөліктің, сатып алуға күрделі трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дайындалатын және өңделетін қанның болжамды орташа жылдық мөлшері 14133 литр; Республикалық қан орталығын жарақтандыру үшін медициналық және медициналық емес жабдықтың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың; ұйымдастыру техникасының кемінде 139 бірлігін сатып алу.
Түпкілікті нәтиже: республикалық медициналық ұйымдардың қанға, оның компоненттері мен препараттарына деген қажеттілігін қамтамасыз ету, жұмылдыру резервін толықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 литр қанды өңдеудің орташа құны - 23,3 мың теңге; жабдықтың бір бірлігін сатып алу құны 1029,5 мың теңге.
Уақтылығы: қажеттіліктің туындауына орай қан мен оның компоненттерін уақтылы жеткізу.
Сапасы: қабылданған нормативтерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
270-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Арнайы медицина резервін сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 18846 мың теңге (он сегіз миллион сегіз жүз қырық алты мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 28-бабы; «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 15-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын және жұмылдыруын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау органдары мен мекемелерге республикалық масштабта әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құрылатын мекемелер мен құрамаларды жинақтау үшін әскери міндеттілерді есепке алу мен брондауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауының жұмылдыру резервін жинақтау, сақтау және мүліктерді ауыстыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Арнайы медицина резервін сақтау | Жұмылдыру резервінің мүліктерін сақтау, жинақтау, жаңарту және ауыстыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмылдыру резерві мүліктерінің сақталуы және уақытылы жаңартылуы.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау органдары мен мекемелерінің жұмылдыру дайындығын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға орташа шығыс - 523,5 мың теңге.
Уақтылығы: жұмылдыру тапсырмасына сәйкес.
Сапасы: арнайы медициналық қамтамасыз етудің жұмылдыру резервінің 100 пайыз дайындығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
271-ҚОСЫМША
226-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1793646 мың теңге (бір миллиард жеті жүз тоқсан үш миллион алты жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22, 26-баптары; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 7 , 47-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 988-35қ. қаулысы.