2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттік атқарылуын бақылайтын есеп комитеті) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы (үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
348, 349, 350-қосымшаларға сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
348-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 313639 мың теңге (үш жүз он үш миллион алты жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің»«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы Ережені бекіту туралы» 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыру: республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеру, олардың атқарылуын, есеп пен есептілікті жүргізуін, бюджет қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген займдарды пайдалануын бағалау; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес республикалық бюджеттің мақсатсыз, негізсіз және тиімсіз пайдаланылуын анықтау және жол бермеу бойынша шаралар қабылдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттің міндеттемелерін өтеуге берілген қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануын, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен дер кезділігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың Бюджет кодексінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын бақылау; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша бақылау және талдау іс-шараларын, семинар кеңестер өткізу. Есеп комитетінің отырыстарын өткізу. Есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен ережелер әзірлеу. Есеп комитетінің Бюллетені мен әдістемелік ұсынымдар шығару. Бақылау жүргізуге аудиторлық ұйымдардың мамандары мен тәуелсіз сарапшыларды тарту. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитетi |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мынадай тақырып бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: - халықаралық стандарттар мен қаржылық есептілік аудиті. Мемлекеттік тілді үйрету. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитетi |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Көшірме аппараттарын, автокөлік және кондиционер сатып алу. | жыл бойы | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитетi |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасын сатып алу. Ақпараттық жүйелер мен жергілікті міндеттерді сүйемелдеу, есептеу техникасы құралдарына және жүйелерге жүйелік-техникалық қызмет көрсету. Лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. Интернет желісіне кіруге рұқсат беретін қызметтерді сатып алу. Веб-сайтты және басқа да жүйелерді сүйемелдеу. Шығыс материалдары мен толықтыратын қосалқы бөлшектер сатып алу. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитетi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- республикалық бюджетке түскен түсімдердің толықтығы мен дер кездігін, сондай-ақ республикалық бюджеттен түскен сомалардың бюджеттік заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қайтарылуын, бюджет қаражаттарының, мемлекет кепілдік берген займдардың, байланысты гранттарына, активтеріне, республикалық бюджеттен мемлекеттік міндеттемелерін өтеуге берілетін қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау және сараптамалық іс-шараларын жүргізу;
- халықаралық ұйымдармен және жоғары мемлекеттік қаржы бақылаудың шетелдік органдарымен өзара пайдалы ынтымақтастықты жалғастыру, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда оң ұсынымдарды пайдалану;
- 17 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 18 адамға мемлекеттік тілді үйрету.
Түпкілікті нәтиже:
- республикалық бюджетті атқару кезінде жол берілген бұрмалаушылықтардың жойылуын бақылау;
- республикалық бюджеттің атқарылу мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде, сондай-ақ жол берілген бұрмалаушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныстар әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне, орталық мемлекеттік органдарға жіберу;
- өзінің мазмұны жөнінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің қорытындысы болып табылатын аяқталған қаржы жылының республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну және оны Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау;
- сыртқы қаржы бақылаудың әдіснамасын жетілдіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 72,5 мың теңге;
- бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйрету үшін жұмсалатын орташа шығын - 68,4 мың теңге.
Уақтылығы:
- жоспарланған бақылау және талдау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау;
- бақылау және талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша Есеп комитетінің қаулысын қабылдау немесе оны белгіленген мерзімде қабылдау;
- Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі бюллетенін тоқсан сайын шығару;
- жасалған шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
- Бюджет кодексі мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталу мәселелері бойынша қаржылық бақылау объектілерінің жауапкершілігін және қаржылық тәртібі деңгейін арттыру;
- анықталған бұрмалаушылықтар мен кемшіліктерді жою, сондай-ақ қаржылық бақылау объектілерінің бұрмалаушылықтарды қайталауына жол бермеу;
- есепке алу мен есептілікті, сондай-ақ бюджеттік рәсімдерді жүргізуді жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай, осы заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес арттыру; мемлекеттік тілге үйрету курсынан өткеннен кейін іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 15%; біліктілікті көтеру курсынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі 5%.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
349-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп
комитетінің ақпараттық деректер базасын дамыту»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50623 мың теңге (елу миллион алты жүз жиырма үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексі; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы; «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесін дамытудың 2007-2008 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасы туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 34 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесінің автоматтандырылатын функциялары моделдерін және бағдарламалық қосымшаларын әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi ақпараттық деректер базасын дамыту | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесін дамыту. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегi есеп комитетi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қызметінің, бақылау іс-шаралары нәтижелеріне жүргізілген талдаудың сапасын арттыру. Жедел ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, көрсету және пайдалану мақсатында басқа ведомствоаралық ақпараттық жүйелермен кірігу.
Түпкілікті нәтиже:
- республикалық бюджеттің атқарылуына сапалы, үнемді, өнімді, тиімді және уақтылы бақылау жүргізуге ықпал ететін болады.
Қаржы-экономикалық нәтижелер:
- бақылауды жүзеге асыруға дайындық кезінде материалдық-еңбек шығындарын 30%-ға қысқарту.
Уақтылығы:
- жоспарланған және талдау іс-шараларын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы:
- салық-бюджет саясатын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ақпарат алмасу және бақылау-талдау жұмысы үшін деректер базасын құру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
350-ҚОСЫМША
406 - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы; «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 868 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қаржылық бұзушылықтарды туындататын жағдайларды зерттеу және олардың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қаржылық бұзушылықтарды туындататын жағдайларды зерттеу және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу | Қаржылық бұзушылықтарды туындататын себептерді анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру арқылы олардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау. | Жыл бойы | «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын арттыру, республикалық бюджеттің атқарылу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар.