2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
403-қосымша сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
403-ҚОСЫМША
637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
Қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 183178 мың теңге (бір жүз сексен үш миллион бір жүз жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы» 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тікелей қолданылуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Конституциялық іс жүргізу нысаны болып отырған немесе болуы мүмкін нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға құқықтық сараптау жүргізу; Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме беру; дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешу; Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарау; Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарау; соттардың заңды немесе өзге бір нормативтік құқықтық актіні Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы өтініштерін қарау; Парламентке елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауды жіберу; конституциялық құрылыс процесінде тәжірибе алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен және шет елдердің конституциялық бақылау органдарымен одан әрі ынтымақтасу. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын, мүшелерін және оның аппаратын 37 бірлік деп бекітілген лимит саны шегінде ұстау. Бекітілген тиісті норматив бойынша 10 бірлік автокөлікті ұстау, жалға алу, жылы боксты жалға алу. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің әкімшілік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету және құны 40 АЕК-тен аз өзге де тауарлар сатып алу. Ұйымдастыру техникасы құралдарын, өзге де негізгі құралдарды техникалық сүйемелдеу, қызмет көрсету және жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
3 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін арттыру жөніндегі мынадай бес тақырып бойынша қызметтер сатып алу: 1) Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесс және бюджет саясаты; 2) 2008 жылғы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау; 3) іс жүргізуді және құжаттануды ұйымдастыру; 4) Қазақстан Республикасындағы құқық шығармашылығы және заң шығару процесі; 5) басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған ақпараттық база құру. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқып-үйрену. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық жабдықтау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникасын сатып алу - ақпан. Лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуші - ақпан. Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету - жыл бойы. Локальді міндеттерді сүйемелдеу - жыл бойы. Интернет желісіне қол жеткізу қызметі - жыл бойы. Шығындық материалдар сатып алу - сәуір -қыркүйек. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау;
2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру;
3) 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету; 4) 10 адамға ағылшын тілін үйрету.
Түпкі нәтиже: Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 50,0 мың теңге;
2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 40,2 мың теңге; 3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.
Уақтылығы:
1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау;
2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту.
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;
2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;
3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.