196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.
197. Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
198. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.
199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.
ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен 200-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді, оған отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.
201. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.
202. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап алып тасталады
2) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын Бюллетеньде жариялау үшін ақпарат жіберуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.
203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге тиіс.
204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 205-тармақ жаңа редакцияда
205. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 206-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
206. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 207-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
207. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 208- 219 және 220-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 221- 231-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 232- 234-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 235- 248-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Жалпы ережелер
249.ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
250. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 345 Қаулысымен кіші бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен өткізіледі.
252. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында және тапсырыс берушілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен жүзеге асырылатыны туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттамалардың мәтіндерін, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу, конкурста қатысуға жіберу туралы және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы қол қойылған хаттамаларды орналастырмастан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 253-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы кемінде екі әлеуетті өнім берушінің атына мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді.
Егер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тек бір ғана әлеуетті өнім берушінің рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіге онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жазбаша шақыру жібереді.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 254-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1395 Қаулысымен 254-1-тармақпен толықтырылды
254-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін шақыруды отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жібереді.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды отандық кәсіпкерлерге жібереді.
Отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды жіберген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олардың отандық өндірістің азық-түлік тауарларын жеткізу шартын көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 255-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
255. Аттарына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, тапсырыс беруші жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
Конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің тізімін бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
Оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті өнім берушілердің ішінен конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыруға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 256-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысның немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның не бірінші басшының міндетін атқаратын адамның шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, қажет болған кезде сараптамалық комиссия құрылады не сарапшы анықталады, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір қаржы жылына тұрақты негізде бір конкурстық комиссия құрамын бекітуге, конкурстық комиссияның хатшысын айқындауға, сондай-ақ қажет болған кезде, құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша сараптамалық комиссия құруға не сарапшыны айқындауға құқылы;
2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Конкурстық құжаттама, елеулі талаптар және конурстық өтінімді ұсыну нысаны көрсетілген шарттың жобасын қоса бере отырып, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай:
мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін;
тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар сұратылмайды.
Әлеуетті өнім берушінің Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес берілетін конкурсқа қатысуға өтінімі әлеуетті өнім беруші ретінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу ниетін білдіру және тауар(лар)ды жеткізуді, жұмыс(тар)ды орындауды, қызмет(тер)ді көрсетуді конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады;
3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды.
Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады;
5) егер:
ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;
неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелік ұсынса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі кері қайтарылуға жатады;
конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекенжайы;
өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы;
конкурс жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуі тиіс.
257. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 258- 260-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 261- 272-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу ерекшеліктері
Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін
қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
273 - 291. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік
құқығында тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 292-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушінің интернет- ресурсында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде әлеуетті өнім берушілер жабық конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиіс:
1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жарияланған күннен кейін берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың болмауы туралы құжат;
4) тұрғын үйді сатуға құқық иеленушісі берген нотариалды куәландырылған құжат.
293. Конверттерді тіркеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Конверттерді конкурстық комиссия белгіленген мерзімде келген өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
294. Құжаттарды қарау әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.
Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді
өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
295 - 302-9. ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртібі
303. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.
304. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 305-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
305. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурста қызметтерін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-1-тармақпен толықтырылды
305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
ҚР Үкіметінің 2012.13.03. № 329 Қаулысымен 305-2-тармақпен толықтырылды
305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 305-3-тармақпен толықтырылды
305-3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық құжаттамада мынадай критерийлерді көздеуге міндетті:
1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;
2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;
3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;
4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;
5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;
6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;
7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;
8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;
9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;
10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.
1) - 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды;
10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды;
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 305-4-тармақпен толықтырылды
305-4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.
Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi және осы Ереженің 305-3-тармағында көзделген критерийлер бойынша бағалау жүргізеді;
2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.
Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;
3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;
4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.
5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.
Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.
Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары) кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.
Конкурстық комисияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі;
28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.