ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 52-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, Шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылады.
53. Мұндай жағдайларда Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшін, Объектіден машиналар мен тетіктердің шығарылуына шығыстарды және Объектіні консервациялау құнын төлейді.
54. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
55. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;
2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;
Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні консервациялауды және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс беруші тапсыруды қамтамасыз етеді.
56. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
57. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмайтын қандай басқа бір басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
58. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
59. Тапсырыс беруші Мердігердің жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейін жұмыстардың қандай да бір зияны немесе зақымдануы үшін жауапкершілік көтермейді және Мердігер қосымша өтеусіз қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды жүзеге асырады.
60. Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, Мердігер беретін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшін жауапты болады. Өнімді беру тек қана Мердігердің атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс беруші өнім беруге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай да өнім беру Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.
ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
61. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын тиеуді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ құны жасауға міндетті емес). Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын Мердігерді жұмыстардың басталған күнін және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге міндетті. Егер тиеуді немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.
62. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін толық жауап береді және, жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.
63. Егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердігер Тапсырыс берушіні оларды беру үшін қажет болуы мүмкін мерзім туралы күні бұрын хабардар етуге тиіс. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделген болуы тиіс.
64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиіс болса, Мердігер қосудың орындалуы үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.
65. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.
66. Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.
67. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
68. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.
69. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
70. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 71-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
71. Форс-мажорлық мән-жайларды қоспағанда, Өнім беруші тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу не кемшіліктерін жою бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемені орындамаған жағдайда, Шарт шеңберінде басқа да өзінің құқықтарына нұқсан келтірместен өнім беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеме сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алады.
72. Осы Шарттың күніне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн Шартта белгіленеді).
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 73-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
73. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін (күн саны көрсетілген) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындаудың ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 73-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.04.05. № 573 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.21.05. № 521 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 73-1-тармақ жаңа редакцияда
73-1. Өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (ол бар болса) жергілікті қамтуды қамтамасыз етуге міндеттенеді*.
*Ескертпе: осы норма мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар өткізген кезде қолданылады;
74. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.
75. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетілсін) Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрі - Түпкілікті ақы төлеу).
76. Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.
77. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
78. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).
79. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Мердігер Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
80. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Тапсырыс беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. | Өнім беруші _____________________________ (толық атауы) _____________________________ _____________________________ (мекен-жайы) _____________________________ (телефоны, факсы) _____________________________ (Т.А.Ә.) _____________________________ (қолы) ________ж. «__»__________ М.О. |
Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________
Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші конкурс қорытындылары негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Мердігердің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2014.21.05. № 521 Қаулысымен 5-1-қосымшамен толықтырылды
Ережеге
5-1-қосымша
Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт
____________________ (орналасқан жері) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы _____ жылғы «___»__________ үлгілік шарт
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын____________________________________________________________________
(Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан_________________________________________________________________________________________________,
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын, ________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________________ атынан
(өнім беруші конкурс жеңімпазының толық атауы)
___________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғы, Ереже және т.с.с.)
________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) және ___жылғы «__»_______ өткен ___________________ мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету), акциз сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.
2. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдардың мынадай мағынасы болады:
1) Шарт - Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім берушінің арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, оған қоса берілетін барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта оған сілтеме берілген бүкіл құжаттамамен бірге тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың бағасы - Өнім берушіге Шарт шеңберінде өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Тапсырыс беруші төлеуі тиіс сома;
3) Көрсетілетін қызметтер - Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
4) Тапсырыс беруші - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
5) Өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленсе, мемлекеттік мекемелер), Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
2. Төменде тізбеленген құжаттар мен онда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) осы Шарт;
2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі;
3) техникалық ерекшелік;
4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
4. Өнім беруші Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Ереженің 158-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.
6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;
2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда жасалады.
Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен жасасуға ғана рұқсат етіледі.
7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғарғы органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді.
Ақы төлеу нысаны
______________________________________________________________________________________________________
(аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.):
10. Төлемдердің мерзімі___________________________________________________________________________________
(мысалы: межеленген пункттегі қызметтерді көрсеткеннен кейін % немесе алдын ала төлем және т.б.).
11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:__________________________________________________________________
(шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.).
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістер және (немесе) Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстарды енгiзуге жол берiлмейдi.
12. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары болуы тиіс.
13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бар ережелерінің, сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың, моделдердің, үлгілердің мазмұнын немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты ешкімге жария етпеуі тиіс.
Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың немесе ақпараттың қандай да біреуін Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта пайдаланбауы тиіс.
15. Жоғарыда көрсетілгеннің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.
16. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген қызметтерді көрсетуі тиіс.
17. Тапсырыс берушінің Шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес келуі тиіс.
18. Екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, түсіру, орау әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші ұсынатын қызметтер және т.б.) ешқандай ауытқуларға немесе оларды өзгертуге жол берілмейді.
19. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Өнім берушінің қызмет көрсетуі үшін қажетті құнын немесе мерзімін азайтуға әкеп соқтыратын болса, онда Шарттың бағасы тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
Осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуі тиіс.
20. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не ішінара ешкімге бермеуі тиіс.
21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін беруі тиіс.
Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа да жауапкершіліктен босатпайды.
22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
23. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді орындаудың кешіктірілуі оған жүктелетін мынадай санкцияларға:
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс берушінің Шартты бұзуына не уақтылы жеткізілмегені үшін тұрақсыздық айыбын төлеуге әкеп соқтыруы мүмкін.
24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің тарапынан Шарт бойынша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алады.
25. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде көрсете алмаса;
б) егер Өнім беруші Шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.
26. Егер Шартты орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болса, Өнім беруші Шарттың орындалуын өз қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу үшін немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты болмайды.
27. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің тарапынан бақылауға бағынбайтын, Өнім берушінің қателігіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғаны білдіреді.
Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ соғыс іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апат, індет, тауарларды жеткізуге қойылатын карантин мен эмбарго сияқты іс-қимылдармен шектелмейді.
28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде кезінде Өнім беруші мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы Тапсырыс берушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес, баламалы әдістерін іздейді.
29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болған жағдайда, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұза алады.
Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуы залал келтірмесе немесе іс-қимылдары жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық жауапкершілігі болмайды.
30. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама жiбере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрi орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады.
Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуі, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi жазылуы тиіс.
31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайлар негiзiнде жойылған кезде, Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты, бұзылған күндегі iс жүзiндегi шығындары үшiн ғана төлемақыны талап етуге құқылы.
32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдемді көрсеткені анықталған жағдайда, Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
Өнім берушінің осы негіздер бойынша Шарттың бұзылуына байланысты шығындары үшiн ғана төлемақы талап етуге құқығы жоқ.
33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөздер жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.
34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.