Көп күрделі шығындарды қажет ететін суғарудың прогрессивті тәсілдерін қолдану (тамшылата және жерасты суғару, жаңбырлату) техника-экономикалық негіздемелер негізінде жүргізіледі.
Осыған байланысты Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстарында жер бетінде суғарудың су үнемдеу технологияларын енгізу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу көзделуде.
Санитарлық-экологиялық су жіберулер олардың эвтрофикациясын болдырмайтын өзендер, көлдер, ериктер, сағалар, аңғарлар арасында су алмасуды қарқынды жүргізу арқылы өзеннің төменгі ағысындағы су айдындарының жағдайын жақсартуға бағытталған.
Қалалық тазартқыш имараттары кешенінің апатты жай-күйіне байланысты жыл сайын көктем кезінде қалалық тазартқыш имараттардағы шайынды суларды қосу үшін Ақтөбе су қоймасынан санитарлық-экологиялық мақсатта су жіберіліп тұрады.
Санитарлық-экологиялық мақсаттағы су жіберуді судың тасуы кезінде жүзеге асыру керек, олар бұдан да төмен температурада (наурыз-сәуір) өтуі және қысқа мерзімді (5-12 күн) болуы мүмкін, бірақта жылына 500 м3 астам шығынды қажет етеді.
Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері облыстардың су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау мен орнатуды көздеуде.
Өскемен қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында Бағдарламада Комендантқа өзенінің сағасын түбін тазалау арқылы қайта жаңғырту көзделген.
Сондай-ақ Бағдарламада Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық өзенінің сулылығын арттыру жөнінде ТЭН мен жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу және оның гидрологиялық режимін жақсарту көзделген.
5.1.3. Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы
жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру
Магистралды каналдардың тым ұзын болып келуі және суғармалы каналдардың тармақталған желісі, оларды басқару сатысының әртүрлі деңгейлері, толып жатқан су өлшеу және реттеу имараттары, күрделі гидравликалық процестер, суды бостан босқа тастауды азайтуға және суғару режимінің технологиялық өлшемдерін бақылаудың нақтылығына қойылатын талаптар су шаруашылығы жүйелерін осы заманғы жедел бақылау, реттеу, автоматтандыру құралдарымен жарақтандыру қажеттілігіне негіз болады.
Қазіргі кезде су шаруашылығы имараттары мен гидромелиоративтік жүйелерде апатты ахуалдардың орын алуы барған сайын зор маңызға ие болуда.
Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Бағдарлама шеңберінде коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы имараттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар және ерекше апатты күйдегі су шаруашылығы имараттары мен гидромелиоративтік жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешенін жүргізуді көздеп отыр.
Су ресурстарын басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында жедел есепке алып отыру жүйесін құру қажет.
Ең алдымен бас су алу имараттарында су алудың нақты көлемінің анық есебін құруға кірісу қажеттігін ерекше атап өту, бұл үшін осы бағыт мына шараларды жүзеге асыруды көздейді:
магистралды каналдарда су деңгейін, шығынын қашықтықтан өлшеу және олардағы бас имараттардың қақпақтарын реттеу;
өлшеу деректерін үзіліссіз жинап, сақтап және өңдеп, деректерді су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның серверіне жіберу;
каналдардың бас имараттарында су деңгейі мен шығынын автоматты түрде реттеу;
жерасты суларын пайдаланатын су алғыштарда есептік схемалар шегінде судың деңгейі мен шығынын реттеп отыруға мүмкіндік беретін гидрогеодинамикалық модельдер жасау.
Өлшеу ақпаратын алу және өңдеу бас имараттағы технологиялық процестер мен белгі беру жүйесін бағалап қоюға ғана арналмаған. Ол суды мемлекеттік есепке алу, алынған жерүсті суларының көлемі бөлігінде салықтық есептілік нысандарын мемлекеттік органдардың куәландыруы үшін пайдаланылуы мүмкін және пайдаланылуға тиіс және содан кейін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесінің»«Су ресурстары» бөліміне негіз болады.
Автоматтандырылған су есебі жүйесінің неғұрлым перспективалы және экономикалық жағынан қажет приборларын анықтау үшін ТЭН жасау керек, оның негізінде жобалау-сметалық құжаттар әзірленетін болады.
5.2. Жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану
жөніндегі негізгі бағыттар
Бағдарлама балық ресурстарының өсімін молайту мен ұтымды пайдалануды дамыту саласындағы кәсіпкерлік қызметті белсенді мемлекеттік реттеуді және оған қолдау көрсетуді, асыл тұқымды балық өсіру шаруашылықтарын және су айдындарының балық қорларын пайдалану кезінде оларға сақтықпен қарау көзқарасын қолдану негіздерін құруды көздейді.
Жануарлар дүниесін қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаны іске асыру мерзімі басты мақсаттың күрделілігі мен ауқымдылығына, атап айтқанда тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің таралымдарын экологиялық және биологиялық оңтайлы деңгейге дейін қалпына келтіруге негізделген.
Жануарлар дүниесін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі проблемаларды шешуде негізгі бағыттар:
1) балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды пайдалану және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы;
3) балық шаруашылығының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
4) балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында ғылыми әлеуетті дамыту;
5) тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің санын есепке алуды ұйымдастыру және оны тұрақтандыру жөніндегі шаралар болып табылады.
5.2.1. Балық шаруашылығының нормативтік құқықтық базасын
жетілдіру
Бұл бағыт мына шараларды жүзеге асыруды:
балық шаруашылығы бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы ставкаларын анықтау әдістемесін әзірлеуді;
балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін ғылыми ұсыныстар әзірлеуді көздейді.
5.2.2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды пайдалану
және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы
Балық өсіру шаруашылықтарын дамыту түрлік құрам бойынша ғана емес, сонымен бірге сапалық және сандық құрам бойынша да қажеттіліктерді ескере отырып, балық отырғызу материалымен кепілді түрде қамтамасыз етуді талап етеді.
Осы бағытта мына шараларды жүзеге асыру:
Атырау облысындағы Жайық және Қиғаш өзендерінің атырауында мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңдету) жүргізу;
балық ресурстарының өсімін молайту;
Алматы облысының Іле және Қаратал өзендерінде мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңдету) жүргізудің жобалау-смета құжаттамасын және Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығының, Майбалық, Петропавл, Қамыстыбас балық питомниктерінің негізгі құралдарына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу бойынша ұсыныс енгізу;
«Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта жаңартуға және жаңғыртуға жөнінде ұсыныс енгізу;
Жайық-Каспий бассейнінде осы заманғы технологияларды пайдаланып жаңа бекіре балығын өсіру зауытын салу жөнінде ұсыныс енгізу;
балықтар санын қалпына келтіру және өсімін молайту жөнінде биотехникалық іс-шаралар жүргізу және қатты өсінділерді шабу;
Каспий теңізінің бөтен қоныс аударушыларымен күресу жөнінде іс-шаралар әзірлеу;
балықтардың қырылу қаупі бар айдындарда алдын алу жұмыстарын жүргізу;
Алматы облысының Алакөл ауданында шабақтары және балық өсіру тоғандары бар инкубациялық цех салу;
Алматы облысының Балқаш ауданында осы заманғы технологияларды пайдаланып, толық жүйелі тоған шаруашылығын салу;
аң аулау алқаптарын құрудың биологиялық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
балық шаруашылығы айдындарын паспорттандыру;
Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген жабайы жануарларды (барыс, сілеусін, аю, арқар, қарақұйрық, жетісу бақатісі) қорғауды жүзеге асыру;
балық тұқымын асылдандыру-селекциялық жұмыстарды қаржыландыру, тұқы балық түрлерінің гендік қорын сақтау, балық өсіру және балықты қолда мәдени өсіру объектілерінің биотехникасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу көзделуде.
5.2.3. Балық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
Іске асыру тетіктері:
ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінің бассейндік және аумақтық органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру;
құнсыз балық түрлерін неғұрлым құнды түрлерімен алмастыру;
бекіре балығының түрлерін, олардың уылдырығын сатып алуға, өңдеу мен өткізуге (экспорт және ішкі нарықтағы көтерме сауда) мемлекеттік монополияны енгізу шарттары мен тетіктерін әзірлеу;
Әуесқойлық және спорттық балық аулауды дамыту жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында авиациямен қарауылдауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізу;
балық шаруашылығын бассейндік басқару тетігін жетілдіру;
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасына Каспий теңізінде балық қорғау іс шараларын және ихтиологиялық мониторинг жүргізу үшін осы заманғы навигациялық жабдықтармен және зертханамен жарақтандырылған теңіз кемесін сатып алу жөнінде ұсыныс енгізу.
5.2.4. Балық шаруашылығы мен жануарлар дүниесі
саласында ғылыми әлеуетті дамыту
Ғылыми зерттеулерді жүргізудің тиімділігін, балық шаруашылығы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін ғылыми-өндірістік орталықтар үшін осы заманғы арнайы жабдықтарды сатып алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Бұл бағыт мынадай шараларды жүзеге асыруды:
Қызыл Кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін қорғау және пайдалану жөнінде ғылыми ұсыныстар әзірлеуді;
балық ресурстарының мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізуді;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді және оны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді көздейді.
Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде экологиялық ағарту және халықты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде буклеттер, кітапшалар, плакаттар шығарылады, әртүрлі семинарлар ұйымдастырылады.
Ақтөбе облысының әкімдігі экологиялық ағарту және биологиялық сан алуандықты сақтау қажеттігі туралы қоғамдық пікір қалыптастыру жөнінде іс-шаралар жоспарлауда.
5.2.5. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және
жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді есепке алуды
ұйымдастыру және олардың санын тұрақтандыру
жөніндегі шаралар
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің санын тұрақтандыру мына іс-шараларды орындау:
жердегі және авиациялық есептің түзетілген әдістемелерін пайдаланып тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің жыл сайынғы есебін жүргізу және тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер таралымдарының жай-күйін үнемі жедел бағалауды жүзеге асыру;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер таралымдарының жай-күйіне жыртқыштардың (қасқыр) ықпал етуін бағалау және қасқыр санын реттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу;
бұқар бұғысын жасанды жолмен көбейту жөнінде іс-шаралар жүргізу;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің таралу аймағында көршілес мемлекеттермен оларды қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту есебінен жүзеге асырылатын болады.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуы және таралу аймақтарында тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер саны өсімінің дәлме-дәл тіркелген деректері олардың таралымдарын қалпына келтіру жағына қарай қадам жасалғанына айғақ болады.
5.3. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи
аумақтары жүйесін дамыту жөніндегі негізгі бағыттар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық маңызы бар ЕҚТА Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құралады. ЕҚТА құру жөніндегі материалдарды ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
ЕҚТА құру процесі жаратылыстану-ғылыми (бұдан әрі - ЖҒ), ТЭН жобаларын және ЕҚТА құрудың жерге орналастыру жобасын әзірлеуді және бекітуді көздейтін үш кезеңді қамтиды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту жөніндегі проблемаларды шешуде негізгі бағыттар:
қазіргі бар ЕҚТА-ларды кеңейту;
жаңа ЕҚТА-лар құру болып табылады.
ЕҚТА ұйымдастыру үшін құжаттық негіз ЕҚТА құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.01. № 84 Қаулысымен 5.3.1-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.3.1. Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды кеңейту
Жаратылыстану-ғылыми негіздемелердің жобаларымен табиғи кешендері көршілес аумақтармен біртұтас аймақты құрайтын осы аумақтарда қорық режимін белгілеу мақсатында 2010 жылға дейінгі кезеңде қазір бар екі мемлекеттік табиғи қорықты (бұдан әрі - МТҚ) - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл МТҚ, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы Қорғалжын МТҚ алқаптарын кеңейту қажеттілігі айқындалған.
Қарағанды облысындағы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі - МҰТП) және Ақмола облысындағы «Бурабай» МҰТП алқаптарын кеңейту жөнінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы «Көкшетау» МҰТП алқабын түзету жөнінде ұсыныс енгізілетін болады.
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту және күтіп-ұстау республиканың табиғи-қорық қорын сақтауда елеулі рөл атқарады.
Жергілікті маңызы бар ЕҚТА жүйесін дамыту республика өңірлерінің табиғатын қорғаудың көкейкесті міндеттердің бірі болып табылады және ол облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар бекіткен Жергілікті маңызы бар ЕҚТА жүйесін дамытудың орта мерзімді және ұзақ мерзімді өңірлік бағдарламалары негізінде орындалуда.
Жергілікті маңызы бар ЕҚТА инфрақұрылымын құру және күтіп-ұстау табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауды талап етеді және аумақты функционалдық аймақтауды, қорғауды және белгіленген функционалдық аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын қамтиды.
Осыған байланысты Бағдарламада шегінде жергілікті маңызы бар ЕҚТА-ларды күтіп-ұстау, олардың шекараларын белгілеу және бекіту жөніндегі іс-шаралар көзделген.
ҚР Үкіметінің 2009.30.01. № 84 Қаулысымен 5.3.2-кіші бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.3.2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру
Бағдарламада Ақмола және Қарағанды облыстарында»«Бұйратау» МҰТП мен Алматы облысында Жоңғар Алатауы (Жетісу) МҰТП, Жамбыл облысында «Мерке» МҰТП және «Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді), сондай-ақ жаңа бір МТҚ - Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай МТҚ құру жөнінде ұсыныстар енгізу көзделген - бұл табиғат өзінің алғашқы қалпын сақтап қалған, биологиялық сан алуандық деңгейі жоғары аумақ және Еуразия құрлығының фауна үшін басым маңызы бар аумақтарына жатады.
Экожүйелерді қорғау жолдарының бірі табиғи кешендерді сақтауды экологиялық ағарту, халықтың демалысы және реттелмелі шаруашылық қызмет мүдделерімен ұштастырып, экологиялық тепе-теңдікті қорықтармен салыстырғанда едәуір үлкен аумақтарда сақтай алатын ЕҚТА құру болып табылады. Бұл аумақтарда табиғат пайдалану экожүйелердің антропогендік қысымның кейбір түрлерін шектейтін нысаналы іс-шараларды жүргізу арқылы қалпына келу қабілетіне негізделеді. Мұндай ЕҚТА-ларға МҰТП жатады.
Осы уақытқа дейін қорғалатын аумақтар министрліктер мен ведомстволар, облыстар әкімдіктері, ғылыми, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер материалдарының әзірленуіне қарай құрылып келеді.
Мемлекеттік табиғи резерват (бұдан әрі - МТР) - бұл осы аумақта ландшафтық және биологиялық сан алуандылықты сақтауға және қалпына келтіруге, табиғи ресурстардың орнықты дамуын және теңгерілген дәрежеде пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған күзет режимі әртүрлі ЕҚТА.
Қазақстандағы сүтқоректілер класының биологиялық сан алуандылығын сақтау үшін әрқайсысына сонда мекендейтін сүтқоректілердің өзіндік жиынтығы тән әртүрлі шөл түрлерінде (құмды, сазды, қиыршық тасты, сортаң топырақты) сенімді қорғалатын резерваттар құру қажет.
Далалық, сулы-батпақты және су маңындағы экожүйелерді сақтау мақсатында 2010 жылға дейін Атырау облысында «Ақжайық» МТР-ын құру, Қостанай облысында «Алтын дала» МТР-ын құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу ұсынылып отыр.
Сулы-батпақты алқаптардың биологиялық сан алуандығын сақтау жөніндегі халықаралық келісімдерді орындау және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы мен Жаһандық экологиялық қордың»Ақтырнаны және басқа да сулы-батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды сақтау үшін қоныс аудару маршруттары мен сулы-батпақты алқаптарды дамыту»жобасын іске асыру шеңберінде»Алтын дала МТР құру көзделуде. Осы мақсаттарда ландшафтық және биологиялық сан алуандылықты қорғау, сақтау және қалпына келтіру режимдері қарастырылатын ЖҒ және ТЭН әзірлеу үшін халықаралық гранттың қаражаттар тартылатын болады.
Мемлекеттік табиғи қаумал - мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі белгіленген ЕҚТА. Қаумалдар зоологиялық, ботаникалық, гидрологиялық, геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, топырақты, ландшафты және кешенді қаумалдар болуы мүмкін. Бағдарламада биологиялық сан алуандықты сақтау және оны орнықты дамыту мақсатында Алматы облысында»«Жетісу бақатісі» мемлекеттік зоологиялық қаумалын және»«Қызыл жиде» табиғи паркін құру көзделген.
Мүдделі мемлекеттік және өзге ұйымдардан келіп түскен ұсыныстардың негізінде облыстық әкімдіктерге бірінші кезектегі объектілер ретінде: Көксай (Жамбыл облысы), Бектауата (Қарағанды облысы), Шідерті-Өлеңті (Павлодар облысы) мемлекеттік табиғи парктерін құруды, сондай-ақ табиғат ескерткіштерін, дендропарктер ұйымдастыру, жергілікті деңгейдегі экологиялық желінің басқа да элементтерін қалыптастыру есебінен өңірлік ЕҚТА желісін кеңейтуді ұсынуға болады.
6. Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері
ҚР Үкіметінің 2009.25.03. № 395 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға гидромелиоративтік имараттарды пайдаланатын ұйымдардың қаражаттарын қоса алғанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің, гранттардың қаражаттары, сондай-ақ әртүрлі бюджеттен тыс көздердің қаражаттары тартылатын болады.
Рет № | Қаржыландыру көздері | Жобаланған шығындар (млн.теңге) |
2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. | Бағдарлама бойынша жиыны |
1 | Республикалық бюджет | 2843,590 | 3378,450 | 3546,413 | 9768,453 |
2 | Жергілікті бюджет | 750,297 | 786,105 | 726,173 | 2262,575 |
3 | Байланыссыз гранттар | 158,000 | - | - | 158,000 |
4 | Халықаралық гранттар | 0 | - | 1,500 | 1,500 |
5 | Басқа көздер | 50,000 | 170,00 | 70,00 | 290,000 |
Бағдарлама бойынша жиыны | 3801,887 | 4334,555 | 4344,086 | 12480,528 |
7. Бағдарламаның іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарлама 2010 жылға дейінгі кезеңде су ресурстарын, жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды орнықты және ұтымды пайдалану үшін жағдайлар жасауды көздейді.
Бағдарламада көзделген экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілердің теңгермелігі және бірқатар басқа да шаралардың негізінде табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану;
суармалы егіншілікте судың үлестік шығынын 7% төмендетуге;
су алу имараттарының 5% су есептеу құралдарымен жабдықтауға;
балық өсіруге инвестициялық қызығушылық тудыруға;
балықтардың өсімін табиғи және жасанды түрде молайту үшін жағдайларды жетілдіруге;
Қазақстан Республикасының 2 балық шаруашылығының су айдынында мелиоративтік жұмыстар жүргізуге;
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғау аумақтарын кеңейтуге;
тоғай кермаралының, қарақұйрықтың, арқарлардың, құландардың санын тұрақтандыруға, тарихи таралу аймақтары бойынша олардың таралымдарын орнықты дамуға дейін қалпына келтіруге және сан өсімінің есеп деректерімен тіркелген киіктердің санын жыл сайын 10% көбейтіп отыруға;
Қазақстан Республикасының ЕҚТА аумағын 1258,7 мың га ұлғайтуға (ЕҚТА-ның үлесі мемлекет аумағының 8,5% құрайды);
мемлекеттің ландшафтық және биологиялық сан алуандығын, ірі сүт қоректілердің (киік, құлан) және құстардың (дуадақ, тарғақ, жыртқыш және сулы-батпақты жерлерді мекендейтін құстар кешені) сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерінің таралымдарын сақтау және қалпына келтіру үшін жаһандық маңызы бар жазық далалы Қазақстанның далалы және жартылай шөлейт аймақтарының сулы-батпақты алқаптарын қорғауды күшейтуге;
жануарлардың сирек кездесетін түрлерін (барыс, арқар, тянь-шань қоңыр аюы, орта азиялық (түркістан) сілеусін, ортаазиялық кәмшат, сабаншы, шұбар күзен, тас сусары) қорғау аумағын, албырт тектес балық түрлері мекендейтін және көбейетін орындарды кеңейтуге;
өсімдіктер дүниесінің эндемикалық және сирек кездесетін өкілдерін, бірегей субальпілік өсімдіктерді (Сиверс алмасы, майқарағай, ледебуров бадамы, алтай түйежапырағы, ақшыл секпігүл, үшкір кекек, алтай касқыржидегі, тарбағатай стеллеропсисі, Попов дембеті, қызғылт семізот, марал түбірі), тарихтың археологиялық ескерткіштерін: бағзы заман тұрақтары мен молаларын, палеонтологиялық олжаларды қорғауды қамтамасыз етуге;
басыңқы өңірлерде биологиялық сан алуандықты және қоршаған орта жағдайларының тұрақтылығын ұзақ мерзім сақтауға кепілдік беретін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құруға мүмкіндік береді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.01. № 84 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.25.03. № 395 (бұр.ред.қара) 8-бөлім өзгертілді
8. Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі
2010 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шаралар жоспары
Рет № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Жобаланған шығындар, млн.теңге | Қаржыландыру көздері |
| | | | | 2008 | 2009 | 2010 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Су ресурстары |
1. Өзен бассейндерінің ағысын реттеу үшін гидротехникалық имараттарды пайдалану және олардың қауіпсіздігі мен беріктілігін қамтамасыз ету |
1.1 | Су беруге қатысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалану | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), ЭБЖМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 1542,100 | 2044,083* | 2207,609* | РБ |
1.2 | Су беруге қатысы жоқ коммуналдық су шаруашылығы объектілерін пайдалану | АШМ-не ақпарат | Қызылорда облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 34,200 | 34,200** | 34,200** | ЖБ |
Барлығы | | | | 1576,300 | 2078,283 | 2241,809 | |
2. Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету |
2.1 | «Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстарында жер бетін суғарудың су үнемдеу технологияларын енгізу» ТЭН әзірлеу | ТЭН жобасы | АШМ | 2010 жылдың 4 тоқсаны | | - | 120,000 | Байланыссыз гранттар |
2.2 | Елек өзенінің экологиялық тепе-теңдігін қолдау үшін санитарлық- экологиялық мақсатта су жіберу | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 13,000 | 13,000** | 13,000** | ЖБ |
2.3 | Су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау және орнату | АШМ-не ақпарат | Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 81,500 | 79,070** | 79,028** | ЖБ |
2.4 | Өскемен қаласындағы Комендантқа өзенінің сағасын түбін тазалау арқылы қайта жаңғырту | АШМ-не ақпарат | Шығыс Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 150,000 | 150,000** | 89,100** | ЖБ |
2.5 | Батыс Қазақстан облысының шегінде Жайық өзенінің сулылығын арттыру және гидрологиялық тәртібін жақсартудың ТЭН және ЖСҚ әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Батыс Қазақстан облысының әкімі | 2009-2010 жылдардың 20 қаңтары | 8,200 | 16,000** | | ЖБ |
| Барлығы | 252,700 | 258,070 | 301,128 | |
3. Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру |
3.1 | «Су ресурстарын пайдалануды жедел есепке алып отырудың ақпараттық жүйесін құру» ТЭН әзірлеу | ТЭН жобасы | АШМ | 2010 жылдың 4 тоқсаны | | - | 38,000 | Байланыссыз гранттар |
3.2 | Комуналдық меншіктегі су шаруашылығы имараттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | АШМ-не ақпарат | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 166,342 | 176,322** | 186,902** | ЖБ |
3.3 | Ерекше апатты жағдайдағы гидромелиора- тивтік жүйелер мен су шаруашылығы имараттарын қалпына келтіру | АШМ-не ақпарат | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 142,958 | 153,487** | 161,330** | ЖБ |
3.4 | Су ресурстарын пайдалануды жедел есепке алып отырудың ақпараттық жүйесін құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ | 2009 жылдың 3 тоқсаны | Қажет етілмейді |
| Барлығы | 309,300 | 329,809 | 386,232 | |
| Су ресурстары бойынша жиыны | 2138,300 | 2666,162 | 2929,169 | |
| Оның ішінде: | | | | |
| РБ | 1542,100 | 2044,083 | 2207,609 | |
| ЖБ | 596,200 | 622,079 | 563,560 | |
| Гранттар | | | 158,000 | |
Жануарлар дүниесі |
4. Балық шаруашылығының нормативті-құқықтық базасын жетілдіру |
4.1 | Балық шаруашылығы бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы ставкаларын анықтау әдістемесін әзірлеу | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2008 жылдың 4 тоқсаны, 2009 жылдың 1-тоқсаны | 1,500 | - | - | РБ |
4.2 | Балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін ғылыми ұсыныстар әзірлеу | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2008 жылдың 4 тоқсаны, 2009 жылдың 1-тоқсаны | 2,000 | - | - | РБ |
| Барлығы | 3,500 | - | - | |
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, оларды пайдалану және тұқымын асылдандыру-селекция жұмысы |
5.1 | Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығының, Майбалық, Петропавл, Қамыстыбас балық питомниктерінің негізгі құралдарына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ | 2008 жылдың 1 тоқсаны | Қажет етілмейді |
5.2 | Балық ресурстарының өсімін молайту | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 423,100 | 423,100* | 423,100* | РБ |
5.3 | Қызылорда облысының балық ресурстарының өсімін молайту | АШМ-не ақпарат | Қызылорда облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 6,000 | 6,000** | 6,000** | ЖБ |
5.4 | Балықтардың санын қалпына келтіру жөніндегі биотехникалық іс-шаралар | АШМ-не ақпарат | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 5,000 | 6,000* | 10,000** | ЖБ |
5.5 | Алматы облысының Іле және Қаратал өзендерінде мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңдету) жүргізу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
5.6 | Атырау облысындағы Жайық және Қиғаш өзендерінің атырауында мелиорациялық жұмыстар (түбін тереңдету) жүргізу | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 300,000 | 300,000* | 300,000* | РБ |
5.7 | Балық өсімін молайту, балық өсіру және қатты өсінділерді шабу жөнінде биотехникалық іс-шаралар жүргізу | АШМ-не ақпарат | Атырау, Алматы облыстарының әкімдері | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 16,000 | 18,000** | 20,000** | ЖБ |
5.8 | Жайық, Қиғаш өзендерінің балық шаруашылығы су айдындарында балық санын қалпына келтіру үшін балық шабақтарын құтқару жөнінде іс-шаралар жүргізу | АШМ-не ақпарат | Атырау облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 4,000 | 4,500** | 4,500** | ЖБ |
5.9 | Жайық-Каспий бассейнінде осы заманғы технологияларды пайдаланып жаңа бекіре балығын өсіру зауытын салу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), ИСМ, ЭБЖМ | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
5.10 | Каспий теңізінің бөтен қоныс аударушыларымен күресу | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | Қажет етілмейді |
5.11 | Балық өсіру- мелиоративтік іс-шаралардың бағдарламасын әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 5,000 | 5,000** | 5,000** | ЖБ |
5.12 | Балық шаруашылығы су айдындарын пайдалануға биологиялық негіздемелер әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 2,000 | 3,000** | 3,000** | ЖБ |
5.13 | Облыстың су айдындарын балықтың құнды түрлерімен балықтандыру және кәсіпшілік қорларын толықтыру | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 7,000 | 10,000** | 10,000** | ЖБ |
5.14 | Балық шаруашы- лығы айдындарын паспорттандыру | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 25,000 | 25,000** | 25,000** | ЖБ |
5.15 | Балықтардың қырылу қаупі бар айдындарда алдын алу жұмыстарын жүргізу | АШМ-не ақпарат | Батыс Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 0,500 | 0,500** | 0,500** | ЖБ |
5.16 | Алматы облысының Алакөл ауданында шабақтары және балық өсіру тоғандары бар инкубациялық цех салу | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2010-2011 жылдардың 4 тоқсаны | - | 20,000** | 20,000** | Басқа қаржы көздері |
5.17 | Алматы облысының Балқаш ауданында осы заманғы технологияларды пайдаланып, толық жүйелі тоған шаруашылығын салу | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2010-2011 жылдардың 4 тоқсаны | 50,000 | 150,000 | 50,000 | Басқа қаржы көздері |
5.18 | Аң аулау алқаптарын құрудың биологиялық- экономикалық негіздемелерін әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 6,000 | 4,000** | 4,000** | ЖБ |
5.19 | Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген жабайы жануарларды қорғау (барыс, сілеусін, аю, арқар, қарақұйрық, жетісу бақатісі) | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 20,000 | 25,000** | 30,000** | ЖБ |
5.20 | «Атырау бекіре балығын өсіру зауыты» РМҚК қайта жаңартуға және жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
5.21 | Балық тұқымын асылдандыру- селекциялық жұмыстарды қаржыландыру, тұқы балық түрлерінің гендік қорын сақтау, балық өсіру және балықты қолда мәдени өсіру объектілерінің биотехникасын әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
| Барлығы | 826,600 | 1000,100 | 912,100 | |
6. Балық шаруашылығын мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру |
6.1 | ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің бассейіндік және облыстық аумақтық органдарын материалдық- техникалық жарақтандыру | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), ҚМ, ЭБЖМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 188,890 | 199,400* | 205,000* | РБ |
6.2 | Құнсыз балық түрлерін неғұрлым бағалы түрлерімен алмастыру жөнінде шаралар қолдану | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), ҚОҚМ | 2009 жылдың 10 ақпаны | Қажет етілмейді |
6.3 | Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы басқармасына Каспий теңізінде балық қорғау іс шараларын және ихтиологиялық мониторинг жүргізу үшін осы заманғы навигациялық жабдықтармен және зертханамен жарақтандырыл- ған теңіз кемесін сатып алу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
6.4 | Табиғи ортадан алынған бекіре балығының түрлерін сатып алуға, олардың уылдырығын өңдеу мен өткізуге (экспорт және ішкі нарықтағы көтерме сауда) мемлекеттік монополияны енгізу шарттары мен тетігін әзірлеу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), ҚОҚМ | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
6.5 | Әуесқойлық және спорттық балық аулауды дамыту жөнінде іс- шаралар жоспа- рын әзірлеу | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), ТСМ | 2009 жылдың 10 ақпаны | Қажет етілмейді |
6.6 | Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында авиациямен қарауылдауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), ККМ | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
6.7 | Жайық өзенінде табиғи уылдырық шашатын орын- дарды қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге биологиялық негіздеме дайындау | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині | 2010 жылдың 10 ақпаны | | 7,000* | | РБ |
6.8 | Уылдырық шашу кезеңінде бекіре балығы түрлерінің қоныс ауыстыру жолдарында жүзу құралдарының қозғалысына бақылауды күшейту | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), ККМ | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
6.9 | Балық шаруашы лығын бассейіндік басқару тетігін жетілдіру | Үкіметке ұсыныс | АШМ | 2008 жылдың 2 тоқсаны | Қажет етілмейді |
| Барлығы | 188,890 | 206,400 | 205,000 | |
7. Балық шаруашылығы мен жануарлар дүниесі саласында ғылыми әлеуетті дамыту |
7.1 | Қызыл Кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау және пайдалану бойынша ғылыми ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2008 жылдың 1 тоқсаны | Қажет етілмейді |
7.2 | Балық ресурстарының мемлекеттік есебі мен кадастрын жүргізу | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 126,670 | 135,537* | 145,024* | РБ |
7.3 | Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және оны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі, БҒМ | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 5,000 | 7,000** | 6,000** | РБ |
7.4 | Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара проблемалары бойынша халықты экологиялық ағарту және тәрбиелеу жөнінде іс-шаралар жүргізу және биосаналуандылықты сақтау қажеттігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 1,500 | 1,500** | 2,000** | ЖБ |
| Барлығы | 133,170 | 144,037 | 153,024 | |
8. Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді есепке алуды ұйымдастыру және олардың санын тұрақтандыру жөніндегі шаралар |
8.1 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің санын жыл сайын есепке алып отыру және оның мониторингін жүргізу | Үкіметке ақпарат | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 59,306 | 59,306* | 59,306* | РБ |
АШМ-не ақпарат | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 0,320** | 0,320** | 0,320** | ЖБ |
8.2 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғауды жүзеге асыру | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 185,239 | 185,239* | 185,239* | РБ |
АШМ-не ақпарат | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 0,790 | 0,790** | 0,790** | ЖБ |
8.3 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктердің таралу аймағында (табиғатта) жыртқыштардың санын реттеу | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | 14,785 | 14,785* | 14,78 5* | РБ |
АШМ-не ақпа- рат | Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының әкімдері | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 9,972 | 10,016** | 10,063** | ЖБ |
8.4 | Қасқырлармен күрес жөніндегі іс-шаралар | АШМ-не ақпарат | Батыс Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 3,000 | 3,000** | 3,000** | ЖБ |
8.5 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | - | 5,000* | 5,500* | РБ |
8.6 | Бұқар бұғысын жасанды жолмен көбейту жөнінде іс-шаралар жүргізу | АШМ-не ақпарат | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 2,815 | 3,100** | 3,440** | ЖБ |
8.7 | Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану мәселелері бойынша олардың таралу аймағында көршілес мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту | Үкіметке ақпарат | АШМ | 2009-2011 жылдардың 10 ақпаны | Қажет етілмейді |
| Барлығы | 276,227 | 281,556 | 282,443 | |
| Жануарлар дүниесі бойынша жиыны | 1428,287 | 1632,093 | 1552,567 | |
| Оның ішінде | | | | |
| РБ | 1301,490 | 1329,367 | 1337,954 | |
| ЖБ | 119,897 | 132,726 | 144,613 | |
| Басқа қаржы көздері | 50,000 | 170,000 | 70,000 | |
9. Қазір жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту |
9.1 | Алакөл МТҚ аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), ҚОҚМ, ЖРБА | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
9.2 | Қорғалжын МТҚ аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
9.3 | Қарқаралы МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
9.4 | Көкшетау МҰТП алқабын нақтылау жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
9.5 | Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2010 жылдардың 20 қаңтары | 10,000 | 10,000** | 10,000** | ЖБ |
9.6 | Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының шекараларын белгілеу және бекіту | АШМ-не ақпарат | Батыс Қазақстан облысының әкімі | 2009-2010 жылдардың 20 қаңтары | 7,200 | 7,300** | - | ЖБ |
9.7 | «Бурабай» МҰТП аумағын кеңейту жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА, ПІБ (келісім бойынша) | 2009 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
| Барлығы | 17,200 | 17,300 | 10,000 | |
10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру |
10.1 | Тарбағатай МТҚ құру үшін ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2009 жылдың 4 тоқсаны | - | 3,000* | - | РБ |
10.2 | Тарбағатай МТҚ құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2010 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
10.3 | Жоңғар Алатау (Жетісу) МҰТП құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2009 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
10.4 | «Бұйратау» МҰТП құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2009 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
10.5 | «Ақжайық» МТР құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2008 жылдың 4 тоқсаны | Қажет етілмейді |
10.6 | ҚР Үкіметінің 2009.30.01. № 84 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
10.7 | «Алтын-Дала» МТР құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | ЖҒ және ТЭН | АШМ (шақыру), Қоршағанортамині, ЖРБА | 2010 жылдың 4 тоқсаны | - | - | 1,500 | Халықаралық грант |
- | - | 0,850 * | РБ |
10.8 | Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Ақтөбе облысының әкімі | 2009-2011 жылдардың 20 қаңтары | 8,000 | 8,000** | 8,000** | ЖБ |
10.9 | «Жетісу бақатісі» мемлекеттік зоологиялық қаумалын құру | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2009 жылдың 20 қаңтары | 9,000 | - | - | ЖБ |
10.10 | Жергілікті маңызы бар «Қызыл жиде» табиғи паркін құрудың ЖҒ және ТЭН әзірлеу | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2010 жылдың 20 қаңтары | - | 6,000** | - | ЖБ |
10.11 | Жергілікті маңызы бар «Қызыл жиде» табиғи паркін құру | АШМ-не ақпарат | Алматы облысының әкімі | 2011 жылдың 20 қаңтары | Қажет етілмейді |
10.12 | Астана қаласында республикалық маңызы бар мемлекеттік ботаникалық бақ құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | БҒМ (жинақтау), АШМ, Астана қ. әкімдігі | 2010 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
10.13 | «Мерке» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА | 2010 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
10.14 | «Жайсан» мемлекеттік табиғи қаумалын (кешенді) құру жөнінде ұсыныс енгізу | Үкіметке ұсыныс | АШМ (жинақтау), Қоршағанортамині ЖРБА | 2010 жылдың 4-тоқсаны | Қажет емес |
| Барлығы | 17,000 | 19,000 | 10,350 | |
| Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша жиыны | 34,200 | 36,300 | 20,350 | |
| Оның ішінде: | | | | |
| РБ | - | 5,000 | 0,850 | |
| ЖБ | 34,200 | 31,300 | 18,000 | |
| ХГ | - | - | 1,500 | |
| Бағдарлама бойынша барлығы | 3643,887 | 4334, 555 | 4502,086 | |
| Оның ішінде: | | | | |
| Республикалық бюджет | 2843,590 | 3252, 517 | 3420,480 | |
| Жергілікті бюджет | 750,297 | 786,105 | 726,173 | |
| Байланыссыз гранттар | | - | 158,000 | |
| Халықаралық гранттар | - | - | 1,500 | |
| Басқа қаржы көздері | 50,000 | 170,000 | 70,000 | |
| Бағдарлама бойынша жиыны | 12437,528 | |
| | | | | | | | | |