Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1214 Қаулысы
(2015.04.09. берілген өзгерістермен)
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес және Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының мына санаттағы жерінен жалпы алаңы 27931 гектар жер учаскелері:
1) босалқы жерінен - 11673,6 гектар;
2) орман қоры жерінен - Марқакөл мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен - 16257,4 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) берілсін.
1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жер учаскелері босалқы жер және мемлекеттік орман қорының жері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекарасын белгілесін.
3. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салып және (немесе) шектеу қоя отырып, мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
4. ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1214 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалануға Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында берілетін жер учаскелерінің
экспликациясы
Жерлер санаты | Алаңы, га |
Күршім ауданы: 1) босалқы жер 2) орман қорының жері (Марқакөл мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі) соның ішінде: Марқакөл орманшылығы Боран орманшылығы | 11673,6 16257,4 12717,7 3539,7 |
Барлығы: | 27931,0 |