Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397;
23.04.03 ж. № 387; 16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;
30.07.04 ж. № 807; 2005.28.02. № 173 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді (бұр. ред. қара)
Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2000 жылғы
30 қазандағы № 1631
қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397; 23.04.03 ж. № 387 (бұр. ред. қара);16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара) қаулыларымен Құрам өзгертілді
Туризм жөніндегі Кеңестің құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрi, төраға
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Өскенбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Қайырбек Айтбайұлы сауда министрлігінiң Сауда және туристiк
қызметтi реттеу комитетiнiң төрағасы
Қайсаров - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Уәлихан Әбiшұлы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму
комитетiнің хатшысы, Спорттық туризм
және туристiк көпсайыс республикалық
федерациясы қауымдастығының төрағасы
(келісім бойынша)
Елеусiзов - Қазақстанның "Табиғат" қауымдастықтар
Мэлс Хамзаұлы мен кәсiпорындар экологиялық одағының
төрағасы (келiсім бойынша)
Исаев - Қазақстан Республикасының
Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрi;
Никитинский - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Евгений Сергеевич сауда министрлігінiң Сауда және туристiк
қызметтi реттеу комитетi төрағасының
орынбасары
Кеңестiң мүшелерi
Уәлиев - Қазақстан Республикасы Альпинизм
Қазбек Шәкiмұлы ұлттық қорының президентi
(келісім бойынша)
Қоңырбаев Уәліхан Сиянбекұлы - Қазақстан Республикасының Сыртқы
iстер министрлігі Консулдық қызмет
департаментiнiң директоры
Раева Роза Әбдіхамитқызы - Қазақстан Туристiк Ассоциациясының
президентi
Алшанов - Халықаралық қоғамдық академияның
Рахман Алшанұлы ректоры (келісім бойынша)
Дүйсенғалиев - Дүниежүзiлiк туристiк ұйымы
Тимур Талашұлы Iскерлiк кеңесiнiң мүшесi
(келісім бойынша)
Казанцев - Астана қаласы кәсiпкерлердiң құқықтарын
Павел Олегович қорғау қауымдастығының президентi
(келісім бойынша)
Зәкiриянов - Орталық Азия бейiндi жоғары оқу орындары
Қайрат Хайроллаұлы қауымдастығының президентi (келісім
бойынша)
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк
Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi
вице-министрi
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2000 жылғы 30 қазандағы
№ 1631 қаулысымен
бекітілген
Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттік органдар қызметiн үйлестiру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (бұр. ред. қара)
5-1. Туризм жөніндегі кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi.
2. Кеңестiң негiзгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi:
1) туризм саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу;
2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу;
4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келісілген ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту;
3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау;
4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру;
5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау;
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен:
өз құзыретi шегiнде:
1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға;
3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге;
4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға;
5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары біліктi мамандарды тартуға;
6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекітілген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру
8. Кеңесті Төраға басқарады.
Төраға Кеңестiң қызметiне басшылық жасайды, мәжілістерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның жалпы шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжілістiң күн тәртібін жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 10-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
11. Кеңес мүшелерiне мәжілістiң күн тәртібі, оның кезектi мәжілісiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжіліске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады.
12. Кеңес мәжілісi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Кеңестiң кезектi мәжілісiнiң күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi.
14. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады.
15. Кеңестiң мәжілісi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады.
16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжіліске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжіліс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттік органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi.
18. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 173 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес қызметiн тоқтату
20. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөніндегі нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.