Газ саласында жобаларды іске асырудың басты мақсаты газ өндіруді ұлғайтудан және ішкі ресурстарды ұтымды пайдаланудан әлеуметтік-экономикалық нәтиженің, сондай-ақ ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету мен елдің экспорттық әлеуетін одан әрі өсіру мақсатында газ көлік жүйесінің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру болып табылады, ол мынадай бағыттар бойынша жұмысты көздейді:
Кенорындарында ілеспе өндірілетін газды барынша кәдеге жаратуды қамтамасыз ету және қажетті экологиялық талаптарды қамтамасыз ете отырып мұнай мен газ конденсатын өндіру жөніндегі қуаттарды одан әрі ұлғайту үшін мүмкіндіктер жасау.
Электр энергетикасын, табиғи және сұйытылған газды жеткізу жөнінде елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша импорт алмастыру бағдарламасын іске асыру.
Табиғи газды тұтынудың бұрынғы қалыптасқан мөлшерін қалпына келтіре отырып тарату желісінің деңгейінде табиғи газбен республика халқы мен өнеркәсіп кәсіпорындарын апатсыз және үздіксіз жабдықтауды және жаңа өңірлерді газдандыру есебінен газ нарығын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету.
Табиғи газдың өсіп келе жатқан көлемінің халықаралық транзитін қамтамасыз ету үшін республиканың газ көлігі магистралінің транзиттік қуатын дамыту және қолданыстағы құбыр жүйесінің активтерін неғұрлым тиімді пайдалану.
Табиғи және сұйытылған газ бойынша елдің экспорттық әлеуетін, сондай-ақ өндірілген газ бен тереңдете өңделген газ өнімінің ілеспелі құрамдас бөлігін ұлғайды.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін нақты ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары мен инвестициялық жобаларды іске асыру көзделеді, ол мына міндеттерді шешуді көздейді:
Газ қорлары бойынша ресурстық әлеуетті ұлғайту және ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды енгізе отырып жаңа газ және мұнай-газ кен орындарын игерумен оны өндіру қуаттылығын дамыту.
Импорт алмастыру бағдарламасы шеңберінде сұйытылған газ өндіру мен мұнай-химияның басқа да өнімдерінің көлемін ұлғайта отырып өндірілетін газды өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі қуаттарды жаңғырту және жаңадан салу.
Жаңа аумақтарды газдандырудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру мен коммуналдық шаруашылықта, электр энергетикада, автокөлікте және т.с. газды пайдалану саласын кеңейту.
Оларды пайдаланғанда техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін газ көлігі жүйесінің объектілерін техникалық жаңғырту жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ жаңа газ құбырларын салу мен сыртқы нарыққа табиғи газды тасымалдау жөніндегі экспорттық бағыттарды белгілеу.
Газ саласының нормативтік базасын қайта қарау, табиғи газды тасымалдау кезінде газ тасымалдау жүйесі субъектілерінің ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру және тариф белгілеу жүйесін жетілдіру.
Салаға мамандарды тарту үшін жағдай жасау.
Көмір саласындағы негізгі мақсат жер қойнауын ұтымды пайдалану, көмір кенорындарын игерудің озық технологияларын енгізу есебінен көмір өнімдеріне отандық және шетелдік тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін 2008-2010 жылдары мынандай міндеттер шешілетін болады:
қазіргі шахталық және карьерлік қорларды жаңғырту, пайдасы жоқ шахталарды жабу;
көмір өндіру техникалары мен технологияларын жетілдіру;
көмірді тереңдете өңдеу технологияларын енгізу, ілеспе пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану және шетелдік және отандық инвесторларды тарта отырып шахталық метанды өндіру;
ферроқорытпаларды ендіру үшін шұбаркөл көмірінің негізінде жылына 300 мың тоннаға дейінгі көлемде арнайы кокс өндіру;
Екібастұз таскөмір бассейні мен Шұбаркөл көмір кенорнын игеру және кен шығарудың кешенді жоспарларын орындау;
Қабылданған шаралар көмір өндіру көлемін 2006 жылғы 96,3 миллион тоннадан 2010 жылы 100 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Атом өнеркәсібі
Мақсаты - еліміздің өскелең қажеттіліктерін және түпкілікті өніммен нарыққа шығуын қамтамасыз ететін еліміздің энергетикалық әлеуетін арттыру.
Міндеті - атом энергетикасының негізін жасау.
Уран кеніштерін, уран өндіруші саланың және оған шектес аудандардың инфрақұрылымдары мен әлеуметтік салаларын дамытудың инвестициялық бағдарламаларын орындау жалғасады.
Уран отынын Қытайға жеткізу туралы келіссөздерді одан әрі жүргізу.
2008-2010 жылдары бірлескен кәсіпорындарда мыналар бойынша қызметтер жалғасатын болады:
табиғи уран өндіру бойынша - «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы;
Қазақстанның, Ресейдің және үшінші елдердің нарығына шағын және орташа қуатты атом реакторлық қондырғылары бар энергетикалық блоктарының инновациялық жобаларын игеру және жылжыту бойынша - «Атом станциялары» акционерлік қоғамы;
байытылған уранды өндіру және уранды байыту жөнінде қызметтер көрсету бойынша - «Уран байыту орталығы» жабық акционерлік қоғамы.
Іс-шараларды іске асыру Қазақстанға:
Қазақстан аумағындағы сияқты, басқа елдердің аумағында да реакторлардың мүлде жаңа түрлерін әзірлеуге, салуға, қолдауға қатысуға мүмкіндік береді;
әлемдегі ең арзан табиғи уранды байыту технологияларына қол жеткізетін болады, бұл Қазақстан аумағында отын жинақтауларын өндіру үшін пайдаланылатын өзінің байытылған уранын алуға мүмкіндік береді.
2008-2009 жылдары «ҮМЗ» акционерлік қоғамы базасында конденсаторлар шығаратын әлемдік жетекші Кеmet фирмасымен бірлесіп тантал конденсаторлар өндірісін құру мүмкіндігі қаралуда. Бұл аса сапалы өңделген өнім жасауға мүмкіндік береді және сыйымдылығы үлкен конденсаторлық ұнтақтарды өткізуді қамтамасыз етеді, оны өндіру қазіргі кезде «ҮМЗ» акционерлік қоғамының тантал өндірісінде жасалуда.
Отандық бериллий нарығын дамыту үшін құрамында бериллий бар материалдарды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы бериллийді қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге кірісті.
2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар:
Қазақстанда атом электр станциялары құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу (12,4 млрд. теңге);
Ангарск қаласында «Уран байыту орталығы» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорнының уран байытатын өндірістерге арналған жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу.
Электр энергетикасы саласы
Мақсат - экономика мен Қазақстан халқының электр және жылу энергиясына қажеттілігін қамтамасыз ету.
2008-2010 жылдары Қазақстанның электр энергетикасының бар қуат көздерін жаңғырту және жаңа қуат көздерін енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экспорттық және транзиттік мүмкіндіктерін іске асыру электр энергетикасы саласының міндеттері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарымен 2008-2010 жылдары электр энергетикасы объектілерін қайта құру, кеңейту, техникалық қайта жарақтау мен жаңа құрылыс бойынша жобаларды іске асыру көзделуде.
Электр энергиясын өндіру секторында:
мемлекеттік жеке серіктестіктің концессиялық негізінде Астана қаласында жылу электро орталығының-3, Қарағанды қаласында жылу электро орталығының-4, Балқаш жылу электро станциясын, Қызылорда газ турбиналық электро станциясының, Бұлақ және Кербұлақ су электро станциясының құрылыстарын бастау көзделіп отыр;
республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ «Самұрық» акционерлік қоғамының мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының және инвесторлардың қаражаты есебінен Алматының ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 қайта жаңарту, жаңғырту және кеңейту және жалғастырғыш жылу магистралін және электр желілері объектілерін салу жүзеге асырылатын болады;
меншік иелері қаражатының есебінен Рудный ЖЭО-да (кеңейтілу 63 МВт), Өскемен ЖЭО-да, (кеңейту 80 МВт), Қарағанды 1-МАЭС-те жыл сайын (3x50 МВт) турбиналарды іске қосу, сондай-ақ блоктарды кезең-кезеңімен жаңалау, Екібастұз ГРЭС-1-де жұмыс істемейтін № 8-блокты қалпына келтіру және Ақсу РРЭС-інде блоктарды кезең-кезеңімен қайта жаңалау.
Бұдан басқа, меншік иелері қаражатының есебінен Қарағандының ЖЭО-2 және ЖЭО-3 тиісінше 185 және 140 МВт кеңейту белгіленіп отыр.
Электр энергиясын беру және тарату секторында:
«Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ екінші желісін салуды аяқтау;
«Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы» 500 кВ өңіраралық электр беру желісін салуды аяқтау;
Ұлттық электр желілерін жаңғырту жобасының 1-кезеңін аяқтау;
энергетикалық тарату компаниялары желілеріндегі техникалық қайта жарақтау және жаңа құрылыстар салу.
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстанда шамамен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының алаңында атом электр станциялары құрылысының және Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Қорғас, Көксу, Шілік, Күршім, Майдантал, сарқырамаларында су электр станцияларының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қажет.
Бұдан басқа, Қостанай және Батыс Қазақстан өңірлерінде жылу станцияларын салу негізділігіне техникалық-экономикалық зерттеулер жүргізу қажет.
Қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа құрылыс бойынша келесі жылдары да электр энергетикасы салаларындағы жобаларды іске асыру көзделуде.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 463 Қаулысымен 3.4.2. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.4.2. 2-шара. Экономика секторларын индустриялық-инновациялық дамуы
Өңдеу өнеркәсібін дамыту
Мақсат - Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының екінші кезеңін іске асыру.
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының екінші кезеңі бәсекеге қабілетті өндірісті жаппай қарау мәселелерін шешуі тиіс.
Міндеттер:
2008-2010 жылдары өңдеуші өнеркәсіпте жылдық орташа өсу қарқынын 103-105%-дан кем емес мөлшерде қамтамасыз ету;
2010 жылға қарай қайта өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі үлес салмағын 38,8%-ға жеткізуді қамтамасыз ету;
жоғарғы шектегі өңдеуші сектордың тартымдылығын:
ынталандыру шаралары (салықтық, кедендік, инвестициялық және т.б.);
кредиттік қаржыландырудың қол жетерлік көздерін қамтамасыз ету;
кадрлармен, әсіресе кәсіби-техникалық бағыттағы, қамтамасыз ету мәселелерін шешу арқылы арттыру;
серпінді жобаларды іске асыруды:
әр өңірдің ерекшелігін, минералды және кадрлар ресурстарының, сондай-ақ өткізу нарығының болуын есепке ала отырып өндірістік күштерді перспективті орналастыру картасын әзірлеу;
өндірістік объектілерді жаппай іске қосуды инфрақұрылымдық қолдау арқылы жеделдету.
Қойылған міндеттерден басқа 2008-2010 жылдары келесі жұмыстар жалғасады:
технологияларды жаңарту негізінде өнеркәсіптің технологиялық деңгейін арттыру үшін тікелей инвестициялар тарту; инновациялық инфрақұрылымды, ғылымды қажетсінетін өндірістер құру және олардың негізінде өнеркәсіпте жаңа жоғары технологиялық секторларды кезең-кезеңімен қалыптастыру;
өнім сапасы мен сапаны басқарудың халықаралық стандарттарына өтуді қамтамасыз ету;
ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тауар өндірудің номенклатурасы мен көлемін ұлғайту;
қосылған құны жоғары өнім шығару жөніндегі өндірісті ұйымдастыру.
2006 жылмен салыстырғанда 2010 жылы мыналар күтіледі:
өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнімнің жалпы қосылған құнының көлемінің нақты алғанда 1,2 есе өсуі;
өңдеуші өнеркәсіпке жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 1,5 есеге ұлғайту;
шикізаттық емес экспорттың көлемін 1,4 есеге ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының орташа тозу көрсеткішін кемінде 10 %-ға азайту;
өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін кемінде 30 %-ға ұлғайту;
өңдеуші өнеркәсіпте бестен астам «серпінді» жобаларды іске асыру.
Кластерлік даму (басым салалар бөлінісінде)
2008-2010 жылдары тағам өнімдері, тоқыма өнеркәсібі, құрылыс материалдары, металлургиялық өнімдер, мұнай-газ машина жасау, туристік қызметтер және көліктік-логистикалық қызметтер кластерлік дамуы 2005 жылы бекітілген олардың жоспарларының негізгі бағыттарына сәйкес болады.
Мұнай-газ машиналарын жасау
2008-2010 жылдары мұнай-газ машиналарын жасау кластерін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде машина жасау саласында 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Жергілікті кәсіпорындарда жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді және мұнай-газ саласы үшін қызмет көрсетулердің игерілуі мүмкін негізгі түрлері анықталды.
Орта мерзімді перспективада мынадай өндірістерді іске асыру жоспарланып отыр:
«ҚазҚұбырөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сорғылық-сығымдау құбырларын және оларға муфталар өндірісін ұйымдастыру;
«БҚМЖК» акционерлік қоғамының газ сығымдайтын станциялар мен газ толтыратын кәсіпорындар үшін жабдықтар шығару;
«Металлбұйымдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде металконструкцияларын ыстықтай мырыш жалату бойынша қызметтерді өндіруді ұйымдастыру;
«БҚМЖК» акционерлік қоғамының колтюбингілік қондырғыларды кешенді өндіруі;
химиялық реагенттерді дозамен беретін қондырғыларды өндіру.
Металлургия
2008 жылы металлургия кластерін дамыту мен құру жоспары шеңберінде Теміртау қаласында Индустриялдық парк құру жобасын іске асыру жалғасады.
Қазіргі кезде «Silicium Kazakhstan» компаниясының металл кремний өндіру бойынша жоба Индустриалды паркте іске асырылуы жоспарланып отырған алғашқы «серпілісті» жобалардың бірі болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде индустриалды аймақты жобалармен толықтыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Жаңа кәсіпорындардың қызметі металлургияда 4-5 қайта бөліс өнімдерін, қосылған құны жоғары машина жасау өндірісіне бағытталатын болады. Бұл ретте, отандық және шет елдік ғалымдар мен конструкторлар әзірлеген инновациялық технологиялар қолданылатын болады.
Көліктік логистика
Мақсат - Қазақстан экономикасы мен халқының тасымалдарға және транзиттік тасымалдардың әлемдік нарықтарында табысты бәсекелестікке баламалы талаптарына және көліктік кешен қызметінің даму деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Көліктік-логистикалық қызметтер кластерінің ерекшелігі күшінде оның оқшаулануы аумақтық-функционалдық сипатқа және өз ерекшелігіне ие: біріншіден, кластердің шешуші буыны жеткізу бағыттары, жүк ағындарының жолын кесу және туындатудың ірі тораптары болады, екіншіден кластердің әрекетін көліктік-логистикалық және қосымша қызметтерді көрсететін кәсіпорындар орналасқан барлық аумақтарға тарату қажет.
Бірінші кезеңде екі пилоттық жобаны іске асыру көзделеді: Алматы қаласында көліктік-логистикалық орталықты және жаңа Еуразиялық көліктік бастама «NELTI» ұйымдастыру.
Екінші кезеңде клиентке көліктік-экспедициялық қызмет көрсетудің кешенді жүйесін құру көзделеді: көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуге тапсырыстар қабылдаған кезде жоспарлы, тасымалдау, коммерциялық және есептік операцияларды әзірлеу және ресімдеу.
Кластерді дамытуды қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар кешенін жүргізу көзделеді:
халықаралық теміржол дәліздерін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру және өткізу қабілеттілігін ұлғайту;
автомобиль жолдарының желілерін оңтайландыру жөніндегі зерттеулер жүргізу;
контейнерлік және интер-мультимодалдік тасымалдаулардың дамуын жетілдіру;
тасымалдаулардың динамикасы мен қауіпсіздігінің мониторингі үшін көліктік деректер базасымен ақпараттық-талдамалық жүйелерді жасау;
жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту үшін жеке инвестицияларды тарту.
Тоқыма өнеркәсібі
Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ ұйытқы болып табылатын «Тоқыма өнеркәсібі» кластерін кезең-кезеңімен іске асыру жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезең, 2007 - 2009 жылдар: инфрақұрылымдарды салу, инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) аумағында кәсіпорындар құрылысын бастау.
Екінші кезең, 2010-2012 жылдар: кәсіпорындар құрылысын салу және АЭА аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру; 65 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тарту.
2008 жылы АЭА инфрақұрылымының 2,9 млрд. сомасына бірінші кезеңінің құрылысын салу жалғасады, ол аяқталған соң АЭА аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. АЭА құру және дамыту бойынша жұмысқа «Оңтүстік» ӘКК тартылатын болады.
Құрылыс материалдары
Қазақстанда соңғы жылдары тұрғын үй, өндірістік ғимараттар, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің, жолдардың және басқа құрылыс көлемінің өсуі байқалуда.
2008-2010 жылдары құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.
«Құрылыс материалдары» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда заңнамалық сипаттағы жалпы жүйелік мәселелерден және жалпы салалық іс-шаралардан басқа, 3 пилоттық кластер айқындалды.
«Астана қаласының құрылыс материалдары» индустриялық аймағы құрылды.
Алматы облысында акционерлік қоғам түріндегі кластер құрылды, саланың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары оның құрылтайшысы болады. Бірлестік әмбебап маркетинг базасын құру мен өнімнің жаңа бәсекеге қабілетті түрлерін өндіруді ұйымдастыруға инвестициялар тартудан бастап кластерге барлық қатысушылар үшін шикізатты, жинақтауыштарды көтерме саудада сатып алу есебінен өнімнің өзіндік құнын төмендетуге дейінгі мәселелердің кең ауқымын шешетін болады.
Қызылорда облысында қуаттылығы жылына 180 мың тонна флоат-шыны өндіру бойынша зауыт құрылысы жөніндегі жобаны іске асыру базасында кластер құрылды. Зауытты пайдалануға беру 2009 жылдың 2-тоқсанына жоспарланып отыр, коммерциялық қуаттылыққа - 2010 жылы қол жеткізіледі.
Тамақ өнеркәсібі
Мақсат - ішкі өндірісті кеңейту және интеграциялық байланыстарды қалыптастыру және мемлекеттік реттеулерді жетілдіру негізінде отандық тамақ өнеркәсібі өнімдерінің ішкі өндірісін және бәсекелестігін арттыруын кеңейту үшін жағдайлар жасау.
Міндеттер:
агроиндустриялық технологиялар негізінде шикізат базасын дамыту;
инновациялық және жоғары технологиялық өндірісті енгізу;
халықаралық үйлестірілген техникалық регламенттер мен стандарттар әзірлеу;
ішкі және сыртқы рыноктағы сатулардың көлемін кеңейту;
отандық тамақ өнімдерінің брэндтерін қалыптастыру;
мемлекеттік реттеудің нормативтік құқықтық базасы мен тетіктерін жетілдіру.
Республиканың негізгі астық белдеуі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында экспортқа бағытталған дәнді дақылдарды қайта өңдеу кластерін дамыту.
Мақсат - өндіріс қуаттарын жаңғырту және сыртқы нарыққа экспорт көлемін көбейту есебінен астықты қайта өңдеу және оның өнімдерін өңдеу кешенділігін арттыру.
Міндеттер:
экспортқа шығарушылар - дәнді дақылдарды қайта өңдеушілер кластерін құру;
қайта өңделген астық өнімдерін сыртқы рынокқа жылжыту бойынша ұйымдастыру шараларын іске асыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын экономикалық қолдау шараларын қолдану;
астықты тереңдетіп қайта өңдеу жөніндегі өндірістерді дамыту.
Іс-шаралар:
республикада астықты қайта өңдеудің экспорттық әлеуетін ұлғайтудың мемлекеттік стратегиясын әзірлеу;
Қазақстан ұнын саяси қамқорлыққа алу, дипломатиялық корпустар мен Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерін тарту;
техникалық мәселелерді шешу (жылжымалы құрамдарды беру, оның сапасы).
Күтілетін нәтижелер:
сыртқы нарықтарда Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
қайта өңделген астық өнімдері экспортының келемін ұлғайту;
отандық компаниялар арасындағы теріс пиғылды бәсекелестікті төмендету және баға демпингін жою;
құрғақ клейковина өндірісі көлемін ұлғайту.
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс кластерін дамыту.
Мақсат - жеміс-көкөніс өнімдері өндірісін ұлғайту, ішкі рынокты қанықтыру және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуді дамыту.
Міндеттері:
таза сұрыпты отырғызылатын көшеттерді және тұқымдарды өсіру үшін көкөніс дақылдарының жеміс питомниктері мен тұқым шаруашылығын қалпына келтіру мен дамыту;
сапа және ауыл шаруашылығы шикізаты мен тамақ өнімдері зертханаларының материалдық техникалық базасын жақсарту;
жеміс-жидек дақылдары және жүзімнің көп жылдық көшеттерін сақтау;
ISO және НАССР сапа манеджменті жүйесін сертификаттау және енгізу, халықаралық үйлестірілген техникалық регламенттер мен стандарттар дайындау;
қайта өңдеуге жарамды жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұлғайту;
жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістерді ұйымдастыру және дамыту.
Іс-шаралар:
таза сұрыпты отырғызу көшеттері мен тұқымдарды өсіру үшін жеміс питомниктерін және көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығын қайта қалпына келтіру және дамыту шараларын әзірлеу;
қайта өңдеуге жарамды жеміс-көкөніс дақылдары тұқымдарының өндірісін ұлғайту жөніндегі шараларды әзірлеу;
Алматы облысының Қарасай ауданының Шамалған ауылында және Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бойынша екі зауыт салу;
Қазақстанның сертификациялау жөніндегі органдары мойындайтын тамақ өнімдеріне берілген сертификаттарды тану рәсімдерін жеңілдету;
жеміс-көкөніс өнімдері өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша шаралар әзірлеу;
көкөніс сақтау қоймаларын қалпына келтіру;
тұқым шаруашылығы шаруашылықтарын дамыту;
ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме базарларын ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы шикізаттары мен тамақ өнімдерінің сынақ зертханалары үшін оларды ИЛАК мүше - органы ретінде халықаралық (180 17025) тіркеуге дайындау үшін персоналдарын даярлау.
Күтілетін нәтижелер
жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу мен өндірісінің көлемін ұлғайту, ішкі азық түлік нарықтарын қанықтыру және экспорттың үлес салмағын арттыру.
Қостанай облысында экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті сүт кластерін дамыту.
Мақсат - сүттің жалпы өндірісі көлеміне шаққандағы оны қайта өңдеу үлесін ұлғайту.
Міндеттер:
облыстың ауылдық округтарында мал түрлерінің аудандастыру бағыты бойынша базалық шаруашылықтар ұйымдастыру;
шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау жөніндегі зертханалар базасын дамыту, оларды техникалық қайта жарақтандыру;
облыстық бюджет қаражатынан асыл тұқымды мал басын сатып алуды субсидиялау.
Іс-шаралар:
мына жолдармен сүт бағытындағы орта - ірі тауарлы шаруашылықтардың дамуын ынталандыру:
мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау;
арнайы техника мен жабдықтар лизингіне кредит беру (жемазық жинау комбайндары, азық араластырғыштар, азық таратқыштар, сауу агрегаттары, суытқыштар, пастеризаторлар, транспортерлар, автосуарғыштар, арнайы автокөліктер);
ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толтыруға берілген кредиттер бойынша екінші деңгейдегі банктердің сыйақы ставкаларын субсидиялау;
ISO және НАССР негізіндегі сапа менеджменті жүйесін әзірлеуге, енгізуге, сертификаттауға тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау;
ғылыми-өндірістік орталықтардың сүт өнімдерінің жаңа түрлерін, оның ішінде, қойытылған сүт өндіру технологияларын әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер
мал табыны құрылымында жоғары өнімді асыл тұқымды мал басының және мал шаруашылығында қарқынды және өнеркәсіптік технологиялар бойынша жұмыс істейтін шаруашылықтардың үлес салмағын арттыру;
эпизоотиялық салауаттылық, өнімді сату нарығына бөгетсіз шығу;
сүт өнімдерінің бәсекеге қабілетті жаңа түрлерін өндіру, ішкі нарықты қанықтыру.
Туризм
Мақсат - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін ұлғайту есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.
Міндеттер:
туризм инфрақұрылымын дамыту;
туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін жасау;
елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру.
Тұтастай алғанда мақсат пен міндеттерді іске асыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.
Туризмнің инфрақұрылымын дамыту саласында мынадай шаралар қабылданатын болады:
Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында туризм инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді қамтамасыз ету;
Каспийде жағажай туризмін дамыту мақсатында Кендірлі аралында демалыс аймағын жайластыру жөнінде шаралар қабылдау;
Елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру саласында:
қазақстандық туристік өнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына ілгерілету қамтамасыз етілетін;