ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 126-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
126. Алдын ала тапсырыс жасалған кезде жүргізуші такси автомобильдің тапсырыста көрсетілген уақытқа қарай жіберілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте оның жолаушыны күту уақыты 10 минуттан аспайды. Осы уақыт өткеннен кейін жүргізуші жолаушыға немесе оған тапсырысты берген диспетчерлік қызметке (бар болса) хабарлап, тапсырыс орнынан кетеді.
127. Таксимен тасымалдау тарифтерінің мөлшерін тасымалдаушы белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 128-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
128. Жолаушы такси автомобильге отырған соң жүргізуші таксометрді (бар болса) іске қосады.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 129-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
129. Жол жүру аяқталғаннан кейін таксометрдің (бар болса) көрсеткіштеріне сәйкес жолаушыға такси автомобильдің көрсетілген қызметі үшін түбіртек (чек) беріледі.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 130-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
130. Такси автомобильді бірнеше жолаушы жалдаған жағдайда жол жүру төлемақысының жалпы сомасы жолаушылар арасында әрбір жолаушының жүріп өткен қашықтығына барабар бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 131-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
131. Егер такси автомобильмен тасымалдау процесінде, оның ішінде жүргізушіге байланысты емес мән-жайларға орай оның қозғалысын жалғастыру мүмкін болмайтын ахуал туындаса, тасымалдау шарты мерзімінен бұрын бұзылды деп есептеледі, жолаушы жүріп өткен қашықтықтың құнын төлейді.
132. Таксидегі жол жүру ақысына жеңілдіктер жасауды тасымалдаушы көздейді.
133. Такси автомобильдің жүк бөлімшесінде жалпы салмағы автомобиль шығарушы регламенттеген салмақтан аспайтын жүкті тасымалдауға және жүк бөлімшесінің қақпағы жабық болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
134. Такси автомобильдің салонында есік арқылы еркін сиятын, салон қаптамаларын және оның жабдықтарын бүлдірмейтін әрі былғамайтын, жүргізушіге автомобильді жүргізуге және артқы айнаны пайдалануға кедергі келтірмейтін әртүрлі нәрселер мен заттарды тасымалдауға рұқсат етіледі.
135. Такси автомобильдерде ұсақ жануарлар мен құстарды себеттерде, торларда немесе түбі бүтін сөмкелерде тасымалдауға рұқсат етіледі. Такси автомобильдерде иттерді тасымалдауға тек жүргізуші мен басқа жолаушылардың келісімі болған кезде ғана рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
136. Такси жүргізушілері:
жүру жолында қозғалыс жолағын алдын ала таңдайды, жылдамдық режимін реттейді және маневр жасауды көлік құралының барынша қауіпсіздігін және бірқалыпты жүруді қамтамасыз ететіндей түрде жүзеге асырады;
көлік құралының жол жүрісінің қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техникалық ақауы болған жағдайда көлік құралын тоқтатып, барлық есіктерін ашады және жолаушыларды шығарады;
шұғыл жағдайларда 101, 102, 103 мамандандырылған қызметтеріне немесе «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне дереу жүгінеді;
жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда оқиғаның сипаттамасы туралы тиісті қызметтерге хабарлау үшін дереу шаралар қолданады және мүмкіндігінше зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оларды шұғыл медициналық жәрдем пункттеріне жеткізуді ұйымдастырады;
көлік құралында жолаушы байқамай ұмыт қалдырған заттар болса, оларды қысқа мерзімде тасымалдаушы әкімшілігінің жауапты жұмыскерлеріне немесе «табылған заттар үстеліне» сақтауға тапсыруды қамтамасыз етеді;
такси автомобильде ақаулар анықталған кезде бұл туралы диспетчерлік қызметке (бар болса) дереу хабарлайды және жолаушының баратын жеріне немесе ең жақын жолаушылар көлігі аялдамасына дейін тез жетуіне жәрдемдеседі;
тасымалдау қауіпсіздігін және жолаушыларға жоғары қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз етеді;
жолға шығар алдында автомобильдің техникалық жай-күйін тексереді;
жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден, сондай-ақ такси автомобильдің техникалық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметті жол парағына енгізуді қамтамасыз етеді;
музыка ойнатқыштарды немесе радиоқабылдағыштарды жолаушының келісімімен қосады және оларды жолаушының талап етуі бойынша сөндіреді.
137. Тапсырыстың орындалуына жеке өзі немесе телефон арқылы шақырылатын такси автомобильдегі жүргізуші мынадай себептер бойынша:
егер адамды құқық қорғау органдары қудаласа;
жолаушылардың саны автомобильдегі отыратын орындардың санынан асқан кезде;
жолаушының өміріне қауіп төнетін жағдайлардан басқа, жолаушы мас күйде немесе есірткіден уытталған күйде болған жағдайда;
жолаушының киімі, оның жүгі немесе ол алып жүретін жануарлар басқа жолаушыларға немесе автомобиль салонына зиян келтіруі мүмкін болған жағдайда;
қозғалысына тыйым салынған немесе апатты жағдайдағы жолдармен жүріп, қызмет көрсетуге шақырған кезде оны орындаудан бас тартуға құқылы.
138. Жүргізуші, егер жолаушылардың жүгі жүк бөлімшесіне сыйса және оған зиян келтірмесе, оны тасымалдауға тыйым сала алмайды.
139. Егер зақымдалуы Жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің бұзылуынан туындаса, тасымалдаушылар материалдық жауапкершілік тартады және жолаушылар денсаулығына, сондай-ақ олардың тасымалданған заттарына келтірілген зиянның орнын толтырады.
140. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-тарау. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен қосымша өзгертілді (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Астанада жолаушыларды
және жүкті автомобиль
көлігімен тасымалдау
ережесіне қосымша
Жолаушылардың және жүктің қалалық тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында қызмет көрсетуге арналған конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы
| Р/с № | Көрсеткіш | Балл саны |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі, (әрбір автобус үшін): 3 жылға дейін; 4-тен до 7 жылға дейін; 8-ден 10 жылға дейін; 10-нан 14 жылға дейін. | 1 0,7 0,4 0,1 |
| 2. | Жылжымалы құрамның тиесілігі: жеке меншік құқығындағы; жалдау құқығындағы. Ескертпе: аралас меншік тиесілігі кезінде бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті көліктің жалпы санынан тиесілік пайызына барабар балл алынады. | 5 3 |
| 3. | Жылжымалы құрамды сақтауға арналған өндірістік базаның болуы: өз меншігіндегі жылытылатын гараждардың болуы кезінде; жылытылатын гараждарды жалға алу кезінде; өз меншігіндегі жылытылмайтын гараждардың болуы кезінде; жылытылмайтын гараждарды жалға алу кезінде; ашық алаңдарда сақталған кезде. | 5 4 3 2 0 |
| 4. | Техникалық қызмет көрсетуге және ағымдағы жөндеуге арналған өндірістік базаның болуы: өз меншігіндегі қажетті жабдықтар жиынтығы мен персоналы бар техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймақтарының болуы кезінде осындай база жалға алынған кезде; өз меншігіндегі жылытылатын базаның болуы; 10 көлік бірлігіне 2 пост есебінен көтергішпен немесе қарау арығымен жабдықталған, техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған ең аз қажетті цехтар, учаскелер жиынтығымен; осындай база жалға алынған кезде; жоғарыда аталғандар болмаған кезде. Ескертпе: техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жылытылатын аймағы агрегаттарды, электр жабдықтарын жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету, шина жөндеу, дәнекерлеу, бояу орындары, ТО-1 және ТО-2 постылары бар цехтардың, учаскелердің жиынтығын, 100 көлік бірлігіне 20 машина орны есебімен қажетті көтергіш көлік жабдықтарымен агрегаттарды шығарып алу және қоюға арналған аймағымен бірге қамтиды. | 5 3 4 2 0 |
| 5. | Аялдамаларды жариялауды жүзеге асыру нұсқалары: көлік бірліктері хабарлаушы құралмен 100 пайыз жабдықталған кезде; автоматтандырылған дауыс шығарғыш құрылғы арқылы; жүргізуші немесе кондуктор хабарлайды; кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға бейімделген жылжымалы құрамның болуы. | 7 3 1 +0,1 әр автобус үшін |
| 6. | Басшылық жасаушы буынның жолаушылар тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі: 3-тен 5 жылға дейін; 5-тен 8 жылға дейін; 8 жылдан аса. | 2 4 6 |
| 7. | Жүргізуші персоналдың жолаушылар тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі: 3-тен 5 жылға дейін; 5-тен 8 жылға дейін; 8 жылдан аса. Ескертпе: жүргізуші персоналдың жұмыс тәжірибесін есептеу кезінде бағытқа қызмет көрсету үшін қажетті жүргізушілердің жалпы санынан орташа балл есепке алынады. | 2 4 6 |
| 8. | Желіден шығып қалған жылжымалы бірліктерді ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі: желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 0,5 сағат ішінде қамтамасыз ететін резервтік көлік пен ұтқыр байланыс құралдары (радиостанция, ұтқыр телефон) бар желі персоналының болуы кезінде; желіден шығып қалған көліктің ауыстырылуын 1 сағат ішінде қамтамасыз ететін, байланыс құралы жоқ желі персоналынсыз резервтік көлік болған кезде; жоғарыда санамаланғандар болмаған кезде. | 5 3 0 |
| 9. | Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар: тиісті бағыттағы автобустардың немесе шағын автобустардың түрлері мен сыныптарының біртектілігі. | +0,5 |
Комиссияның қалауы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруда реттік нөмірі 9-жолдың «Жолаушылар тасымалының жағдайларын жақсартатын қосымша ұсыныстар» деген 2-бағанына қосымша өлшемшарттар (жылжымалы құрамның шанағын автоматты түрде жуу, электр қозғалтқыштары бар автобустар, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автобустар) енгізіледі.