54. Осы Ереженің 47-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, конкурсқа қатысушылар үшін дайындалған конкурстық құжаттаманың жиынтығы астананың көлік органының мөрімен куәландырылуы тиіс.
55. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен басталады және оның басталуына дейін бес жұмыс күні бұрын аяқталады.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 56-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін комиссияға тиісті лот бойынша конкурсқа қатысуға өтінім (бұдан әрі - өтінім) беру қажет, оған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін конвертке салынған мынадай құжаттар:
1) қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкісі;
2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3) автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының және жолаушылар алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері;
4) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің және ағымдағы кезеңде жарамды диагностикалық техникалық қарап-тексеру карталарының көшiрмелерi;
5) конкурстық құжаттама жиынтығына салынған нысандар санына тең санда қатысушының қолымен толтырылған әрі оның мөрімен куәландырылған конкурстық ұсыныстар қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөрдің болуы талап етілмейді.
Конкурстық ұсыныстар стандартты ақ парақтарда біркелкі, түзетулерсіз және шимайсыз ресімделеді.
57. Комиссияның хатшысы мерзімінде берілген өтінімдерді қабылдайды және қатысушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама (анықтама) беріледі, содан кейін конкурстық ұсыныстарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерді бұзып берілген өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарамайды.
58. Өтінімдерді қабылдау осы Ереженің 56-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргізіледі.
59. Қабылданған өтінімдермен қатар конкурс алдындағы комиссия тексеру жүргізу кестесін жасайды және 3 күннен кешіктірмей әрбір қатысушыны тексеру уақыты туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Қатысушы тексеру өткізілетін күні конкурс алдындағы комиссияға барлық қажетті материалдарды ұсынады және оларды талап етілетін объектілермен таныстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
60. Конкурс алдындағы комиссия мүшелері ұсынылған конкурстық құжаттамаға қоса берілетін құжаттар көшірмелерінің шынайылығын, конкурстық қосымшаларда көрсетілген автокөлік құралдарының сыныптарының, модельдері мен тіркеу нөмірлерінің сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық ұсыныстарда көрсетілген өндірістік-техникалық базада жылжымалы құрамды сақтау, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігін тексереді.
Конкурс алдындағы комиссия тексеру қорытындылары бойынша қатысушы туралы ақпарат толтырылған бланкіде конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы белгі қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі - анықтама) қоса береді.
Уақытты оңтайландыру үшін конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәліметтердің шынайылығы туралы пікірлер білдіру мақсатында тексеру объектілері және түрлері бойынша конкурс алдындағы комиссия мүшелерін бөлуге жол беріледі.
Көрсетілген құжаттар қатысушы ұсынған өтініммен және құжаттармен бірге тиісті конвертте мөрмен бастырылады.
61. Конкурс өткізілетін күні комиссия мүшелері қатысушылардың өтінімдері мен қоса берілген құжаттар бар конверттерді кезекпен ашады және конкурстық ұсыныстарды қатысушыларды тіркеу тізіміне сәйкес қарайды.
Комиссия мүшелері бағалау шкаласына сәйкес конкурстық ұсыныстарды бағалау парағына баллдарды жеке қояды.
62. Конкурстық ұсынымдарда көрсетілген автобустардың, шағын автобустардың (резервтік жылжымалы құрамды ескере отырып) сыныбы, жолаушылар сыйымдылығы және саны осы Ереженің талаптарын және бағыттардың негізгі сипаттамаларын қанағаттандырмаған жағдайда, сондай-ақ конкурсты өткізу туралы хабарландыруға сәйкес келетін конкурсты ұйымдастырушылар айқындаған қосымша талаптарды орындауға сілтемелер конкурстық ұсыныстарда көрсетілмеген жағдайда, өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды комиссия қарауға қабылдамайды.
63. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттарымен бірге барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейін комиссия мүшелері тиісті қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды баллдарын қосады және жалпы жиынтық баллды анықтайды, ол хаттамада тіркеледі.
64. Жалпы жиынтық баллдардың нәтижесі бойынша комиссия мүшелері барынша жоғары жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын, оның ішінде анықтамасын қарайды.
Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетілген автокөлік құралдарының осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиісті лот бойынша конкурстың жеңімпазы деп танылады.
Конкурс алдындағы комиссия теріс қорытынды жасаған жағдайда, комиссия мүшелері жоғарылығы бойынша келесі жалпы жиынтық балл алған қатысушының құжаттарын осылайша қарауға көшеді.
65. Егер қандай да бір лот бойынша бір де бір қатысушы тіркелмесе, астананың көлік органы осы лот бойынша негізгі талаптарды өзгертуі немесе басқа лот қалыптастыруы және оны келесі конкурсқа шығаруы тиіс.
Егер лот бойынша екі конкурсқа екі рет бір қатысушы өтінім берген жағдайда, сол қатысушыны конкурстық комиссия комиссия мүшелерінің жалпы санынан 1/2 кем емес дауыс беруі жолымен лот бойынша осы қатысушыны жеңімпаз деп анықтауы мүмкін.
66. Өткізілген конкурстың нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қояды және комиссия төрағасы бекітеді. Комиссияның әрбір мүшесі өзінің ерекше пікірін жазбаша беруі және оны хаттамаға қоса беруі мүмкін.
Егер оның отырысына мүшелерінің кемінде 2/3 қатысса, комиссияның шешімі заңды деп танылады.
67. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өздері ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижесін барлық қатысушыларға жазбаша түрде жібереді.
68. Конкурс нәтижесіне сот тәртібімен шағым берілуі мүмкін.
69. Конкурс нәтижелерін сот жарамсыз деп таныған жағдайда, қайталама конкурс алдыңғы конкурс нәтижесінің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Бұл ретте алдыңғы конкурстың қатысушыларына конкурстық құжаттама тегін беріледі,
70. Хаттаманың негізінде астананың көлік органы конкурстың жеңімпазымен жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру шартын (бұдан әрі - шарт) жасайды. Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады.
71. Шарт жасасқан конкурс жеңімпазына шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне бағытта жұмыс істеу құқығын растайтын жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарына қызмет көрсету құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі. Көрсетілген тасымалдарды куәліксіз жүзеге асыруға жол берілмейді.
72. Куәлікті астананың көлік органы типографиялық тәсілмен дайындайды, оның кемінде 4 қорғаныш дәрежесі бар және қатаң есептілік бланкісі болып табылады және онда мынадай ақпарат:
тасымалдаушының атауы; бағыттың нөмірі; берілген күні; қолданылу мерзімі;
астана көлік органы лауазымды тұлғасының қолы және мөріне арналған орын қамтылуы тиіс.
73. Конкурстық ұсыныстарда конкурс жеңімпазы ұсынған бағытта пайдалануға арналған автобустар (шағын автобустар) көрсетілген, оның ішінде резервтік жылжымалы құрам көрсетілген куәліктер тасымалдаушыға, бағытта пайдаланылатын автокөлік құралдарының тиісті санына сәйкес мөлшерде беріледі және тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілерінде болуы тиіс.
74. Бағытта (бағыттарда) жұмыс істеу құқығын үшінші тарапқа беруге жол берілмейді.
75. Шарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайда, астананың көлік органы тасымалдаушыдан куәлікті қайтарып алады және осы шарт бойынша қызмет көрсетілетін бағыттарға жаңа конкурс жариялайды.
76. Тасымалдаушының бастамасы бойынша бір жақты тәртіппен шарт бұзылған жағдайда, ол бұл туралы астананың көлік органын 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. Жолаушылар мен багажды қалада автомобильмен тұрақты тасымалдау
77. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалы астананың көлік органы бекіткен бағыт желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешенді схемасы және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар ағынын талдаудың негізінде қалыптастырылады.
Бұл ретте қала маңындағы бағыттың қала ішіндегі қозғалыс схемасы мейлінше қысқа болуы тиіс.
78. Халықаралық, облысаралық қалааралық, облысішілік қалааралық және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) астанамен жалғастыратын, астана ішінде жүретін тұрақты бағыттардың қозғалысы астананың көлік органы бекіткен астананың карта-схемасы бойынша жүзеге асырылады.
79. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағыттық желісі белгілі бір бағыттарды қайталау, сондай-ақ бір бағыт басқасының елу пайыздан астам аялдама пункттерін қайталауын болдырмайтындай етіп қалыптастырылуы тиіс.
80. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдау бағытында шағын автобустарды пайдалануды айқындау жолаушылар ағынының төмен болуымен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын бағыттардың ұзақтығы жолаушыларды және жүкті қалалық тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттық желісі ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.
81. Жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық автомобильмен тасымалдаудың бағыттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:
1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты автомобиль тасымалдарының бағыттарында, бағыттың схемасында көрсетілген, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метрге дейін болуы тиіс барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі бағыттар;
2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен бағыттың схемасында көрсетілген, олардың арасындағы қашықтық 800-ден 3000 метрге дейін болуы мүмкін барлық аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел бағыттар.
82. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес астанада жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдары мынадай сипатта болуы мүмкін:
1) тәуліктің бүкіл белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;
2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын қосымша (демалыс, мерекелік күндер немесе «қауырт» сағаттар);
3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын маусымдық (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде);
4) уақытша, қысқа уақытта қолданылатын уақытша (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған кезде).
83. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай ретпен жүргізіледі:
1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;
2) екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - алдыңғы есіктен басқа барлық есік арқылы, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен 84-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
84. Артқы есік арқылы отырғызу құқығын тек мүгедектігі бар адамдар ғана пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен 85-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
85. Кезектен тыс отырғызу құқығын мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.
86. Жолаушылардың және жүктің тұрақты қалалық автомобиль тасымалдарының бағыттарында жол жүру және жүк алып жүру төлемін жолаушы қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) немесе жол ақысын төлеудің бірыңғай электронды жүйесі арқылы отыру кезінде береді.
Автобустың салонында өлшемі 60x40x20 см және салмағы 20 кг дейінгі бір орындық қол жүгін, сондай-ақ қаптамасы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын қосымша ақысыз алып жүруге рұқсат етіледі (автобустарда ғана).
87. Тұрақты қалалық бағыттарда айлық жолақы билеттері және төлемақының тікелей байланыссыз электронды карталарын сату жолақы билеттерін тарату пункттерінде жүргізіледі. Жеңілдікті жолақы билеттерін беру жергілікті халықты әлеуметтік қорғау органдарында жүзеге асырылады.
88. Байланыссыз электронды карталардың шоттарын толықтыру мамандандырылған электронды қондырғылар желісі арқылы жүзеге асырылады.
89. Қалалық қатынаста жол жүру, белгіленген нормадан асқан қол жүгін алып жүруге қолма қол ақша төлеу фактісі мынадай:
сериясы және нөмірі; жол жүру құны;
билеттің шығарылған жылы сияқты ақпарат қамтылған біржолғы жалпы билет жолаушыға беріліп, тіркеледі.
90. Байланыссыз электронды карта арқылы жол жүруіне ақы төлеу фактісі тиісті сәйкестендіру нөміріндегі байланыссыз электронды картаның электронды шотында тіркеледі.
91. Байланыссыз электронды карталарды пайдалану тәртібі қолданылатын жүйелердің технологиясымен регламенттеледі, бірақ қолданыстағы заңнаманың талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
92. Жол жүргені үшін ақы төлеудің екі немесе және одан да көп технологиялық жүйелерін бір мезгілде қолдануға жол берілмейді.
93. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеттерінің қолданылуы белгіленген нормадан асатын жүкті және қол жүгін алып жүруге қолданылмайды.
94. Айлық немесе жеңілдікті жол жүру билеті бар жолаушы оны кондукторға (жүргізушіге) автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде көрсетеді.
95. Егер жолаушы жеңілдікті жол жүру билетін пайдаланса, онда ол сондай-ақ оның жеңілдікке құқығын растайтын құжатты да ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-тарау. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 96-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
96. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметін жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жібереді.
97 - 101. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 102-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102. Таксимен тасымалдаушылар:
осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін техникалық жарамды такси автомобильдермен тасымалдауды жүзеге асырады;
қызметін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде жүзеге асырады;
«Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жолаушылар алдында тасымалдаушылардың азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасады;
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-10) тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес жоспарлы-алдын ала техникалық қызмет көрсету, жылжымалы құрамды жөндеу және рейс алдындағы бақылаудан өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді (мұндай база немесе оның жекелеген компоненттері болмаған жағдайда тасымалдаушылар осы қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат құжаттары бар тиісті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындайтын субъектілермен шаруашылық шарттарын жасасады);
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес көлік құралдарын жүргізушілердің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтуін және рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушілерді көлік құралдарын басқаруға жібермейді, сондай-ақ таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етеді;
жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтайды;
жүргізушілер персоналын белгіленген үлгідегі нысанды киіммен қамтамасыз етеді;
жүргізушілердің жолаушылар көлігі кәсіптік оқу-білім беру орталықтарында:
қаланың және көшелердің орналасуын;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін (бұдан әрі - Жол жүрісі қағидалары) және осы Ережені;
қауіптілігі жоғары әдеттегі жол-көлік ахуалдарын, жолдағы және метеорологиялық жағдайлар қиын болғанда көлік құралын қауіпсіз басқару негіздерін;
зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін;
жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларды эвакуациялау тәртібін білуді көздейтін кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Такси автомобильдер шанақ периметрі бойынша «шаршылы белдеумен» және төбесінде орналасқан, әрі 500 метрге дейінгі қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым қалпақшасымен, алдыңғы есіктері тасымалдаушының логотипімен, артқы есіктері қызмет көрсететін диспетчерлік қызметтің нөмірлерімен және шанақтың артқы бүйір жақтары такси автомобильдің жеке тіркеу нөмірімен (гараж нөмірімен) жабдықталады. Айырым қалпақшасында «ТАХІ» (такси) деген жазу немесе тәуліктің қараңғы уақытында жарық түсіретін өзіндік «шаршылы белдеуі» болады.
103. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 104-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
104. Қажет болған кезде такси автомобильдер таксометрмен жарақтандырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
105. Такси автомобильдер диспетчерлік қызметпен (бар болса) радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдарымен жабдықталады.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 106-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
106. Такси автомобильдің салонында жолаушыларға көрініп тұратындай:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), сондай-ақ тасымалдаушының ресми атауы көрсетілген жүргізушінің фотосуреті;
тасымалдау тарифі, сондай-ақ белгілі бір жағдайда қолданылатын арнайы тарифтер (әрбір багаж орнына, әрбір жануарға және т.б.);
астананың көлік органының, диспетчерлік қызметтің (бар болса) және «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің телефон нөмірлері болады.
Такси автомобильдің салонында қолжетімді жерде тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері бөлігінде осы Ережеден үзінді көшірме, сондай-ақ қаланың (астананың) картасы болады.
Осы тармақтың ережелері тіл туралы заңнамаға сәйкес орындалады.
107. Такси автомобильде:
1) қажетті дәрілер жиынтығы және медициналық заттар салынған медициналық қобдиша;
2) апат жағдайында тоқтау белгісімен;
3) жүргізуші тез қол жеткізетін орында бекітілген өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
108. Такси автомобильдің алдыңғы орындықтары бас тіреуіштермен және қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталуы тиіс.
109. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
110. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
111. Такси автомобильдің жол қозғалысы және қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі бөлігіндегі техникалық жай-күйі мен жабдықталуы олардың техникалық пайдаланылуы жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.
112. Такси автомобиль салоны күн сайын дымқылдап сүртіліп тұруы тиіс.
113. Такси автомобильмен астанада жолаушыларды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерде:
тиісті санаттағы жүргізу куәлігі;
5 жылдан кем емес жүргізушілік еңбек өтілі;
жолаушыларды тасымалдауға жарамдылығы көрсетілген медициналық тексеруден өткені және жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өткені туралы анықтамасы болуы тиіс.
114. ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен алып тасталды (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
115. Диспетчерлік қызметтер:
жолаушылардан тапсырыстар қабылдау және оларды такси жүргізушісіне беру үшін сапалы көп арналы және жедел радиоландырылған немесе ұялы байланыспен қамтамасыз етеді;
тапсырыстардың уақтылы орындалуын және таксилердің берілуін бақылауды жүзеге асырады;
жолаушылардан түскен тапсырыстарды тіркеу журналын жүргізеді;
такси кешіккен немесе тапсырысты орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда таксиге тапсырысты ресімдеген адамға оның кешігетіні туралы дереу ескертеді немесе жолаушымен келісу бойынша қысқа мерзімде басқа таксимен ауыстырады;
таксиге тапсырыстар қабылдау туралы қала тұрғындарына аңық және шынайы ақпарат береді.
116. Такси автомобильдерінің тиімді жұмыс істеуі және оларды жолаушылардың пайдалануын қолайлы ету үшін ірі объектілердің - вокзалдардың, сауда орталықтарының, стадиондардың және басқа да қаланың жолаушылар жиналатын орындарында такси тұрақтарын жабдықтау және орналастыру ұйымдастырылады.
117. Такси тұрақтары өздеріне жүру бөлігінен оқшауландырылған 10-нан аспайтын такси автомобильді кіргізу және тұрғызуға арналған жайластырылған аумақты, жол сызбаларын, жол белгілерін, тұрақтың атауы және нөмірі көрсетілген трафаретті, «Таксиге отырғызу» көрсеткішін қамтиды. Такси тұрақтарын ағымдағы ұстау мен оларға қызмет көрсетуді қаланың аудандық әкімдіктері жүзеге асырады.
118. Жүру бөлігінің бойында тұрақта тұрған таксилер саны жайластырылған қалтарыста бес автомобильден (қалтарыссыз жерде үштен аспайды) аспауға тиіс.
119. Такси автомобильдердің тұрақтары тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 120-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
120. Такси тұрақтарын осы Ереженің шарттарына сәйкес келетін таксимен тасымалдаушылар пайдаланады.
121. Такси автомобильге отырғызу арнайы жабдықталған такси тұрақтарында, көше-жол желісінің учаскелерінде және жолаушылардың тапсырыстары бойынша такси автомобильдерді беру орындарында жүргізіледі.
122. Такси автомобильге отырғызу және одан түсіру әбден тоқтағаннан кейін және жолаушыларды отырғызу және түсіру жүру бөлігіне жақын жерде тек қана автомобильдің оң жағынан орындалады.
123. Жолаушыны күту қажет болған жағдайда (оның өтініші бойынша) жолаушы жүргізушімен жүріп өткен жолы үшін толық есеп айырысуға міндетті.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 124-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
124. Такси автомобильді жіберуге тапсырысты тасымалдаушы радиоландырылған немесе ұялы байланыс құралдары арқылы қабылдайды. Жолаушы жол жүру құнын жол жүру аяқталған соң төлейді.
ҚР Үкіметінің 2022.28.09. № 760 Қаулысымен 125-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
125. Тапсырысты қабылдау және такси автомобильдерді жіберу арасындағы уақыт аралығы, сондай-ақ шұғыл тапсырыстарға ақы төлеу тәртібі мен мөлшері диспетчерлік қызметтермен (бар болса) келісу бойынша белгіленеді.