«Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 15 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі
жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, білім, өндiрiс пен қаржы-кредит салаларын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
экологиялық қауiпсiздiк, табиғи апаттар туралы ескертулер мен қысылтаяң жағдайларда құтқару проблемаларын шешу үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
ғарыш қызметiн дамыту үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiнде ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу.
4. Кеңестiң функциялары:
ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және ғарыш саймандарын жасауда оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиiмдi бағыттарын талдау және айқындау.
5. Кеңестiң:
ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
мемлекеттік органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқарады. Кеңестiң құрамына Кеңес төрағасының орынбасары және хатшы кiредi. Кеңес туралы ереженi және оның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжілісiнiң күн тәртібі бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамаларын ресiмдейдi.
Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Көлiк және коммуникация, Сыртқы iстер, Әдiлет, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Мәдениет, ақпарат және спорт, Индустрия және сауда, Қорғаныс, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Төтенше жағдайлар министрлiктерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң, сондай-ақ ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн жетекшi кәсiпорындар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары кiредi.
8. Кеңестiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Әрбiр екi жылда Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi жаңартылып отырады.
Кеңестiң отырысы, егер оған Кеңестiң бекітілген тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3 бөлiгi қатысса заңды болады. Шешiмдер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады.
10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестiң
құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Даниал Кенжетайұлы Министрi, төраға
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Білім және
Бірғаным Сарықызы ғылым министрi, төрағаның орынбасары
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білім және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасы Білім және
Алмас Олжабайұлы ғылым министрлігі Аэроғарыш
комитетiнiң төрағасы, хатшы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Сауат Мұхаметбайұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда
министрi
Алтынбаев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Мұхтар Қапашұлы министрi
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Зағипа Яхияқызы министрi
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрi
Дүтбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұртай Нартайұлы қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi
Құлмаханов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай жағдайлар министрi
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi
Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрi
Мамин - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Асқар Ұзақбайұлы коммуникация министрi
Мырзахметов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асқар Исабекұлы шаруашылығы министрi
Тоқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Қасымжомарт Кемелұлы министрi
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi
Қуанғанов Фархад - Қазақстан Республикасының Премьер-
Шаймұратұлы Министрi Кеңсесiнiң Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Бектасов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру
Әбен Ағыбайұлы және байланыс агенттiгiнiң төрағасы
Мұсабаев - "Бәйтерек" қазақстан-ресей бiрлескен
Талғат Амангелдiұлы кәсіпорны - акционерлік қоғамының бас
директоры (келісім бойынша)
Тұржанов - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы"
Серiк Әбдiқалиұлы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Шымырбаев - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы"
Марат Қатубайұлы акционерлік қоғамының ғарыш техникасы
арнайы конструкторлық-технологиялық
бюросының директоры (келісім бойынша)