5.4. Құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру
Жергілікті жерлерде пайдаланушы коммуналдық кәсіпорындардың жеткілікті түрде материалдық-техникалық жарақтандырылмауына, тіпті болмаса мұндай кәсіпорындардың мүлде болмауына байланысты аяқталған құрылыстарды және пайдалануға берілген ауыз сумен жабдықтау объектілерін одан әрі пайдалануға байланысты проблемалар бүгінгі күні аса өзекті мәселе болып табылады.
Осыған байланысты бұл бағыт құрылысы аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану бойынша коммуналдық кәсіпорындар құру жөніндегі іс-шараларды және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды көздейді.
Бағдарламаның бірінші кезеңін (2002 - 2005 жж.) іске асыру кезінде облыстардың коммуналдық меншігіне 99 ауыз сумен жабдықтау объектісі берілді және 14 топтық сумен жабдықтау жүйесі республикалық меншікке қабылданды.
Жергілікті жерлерде пайдаланушы ұйымдардың болмауы меншікке өткізу рәсімдерін күрделендіреді.
Атырау облысында 2003 жылдан бастап 20 кіші су тазарту қондырғылары және ауылдық елді мекендердің 26 кентішілік су құбыры желілері оларды пайдалануға қаражат бөлу мәселесі шешілмеуіне байланысты жұмыс істемей тұр. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Ж. Молдағалиев атындағы кентінде және Қазталы ауданының Ақпәтер кентінде осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңадан салынған ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасқан.
Жергілікті атқарушы органдар қазіргі бар және жаңадан енгізілетін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануды ұйымдастыру жөнінде, сондай-ақ оларды материалдық-техникалық жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
5.5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту
Осы бағыт ауыз сумен жабдықтаудың баламалы көздері жоқ жергілікті жерлерде жер асты суларының барланған қорларын неғұрлым толық пайдалану есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейді:
1) сумен жабдықтауды баламалы көздерге көшіре отырып, неғұрлым кіші топтық жүйелер құру мақсатында топтық сумен жабдықтау жүйелерін сегменттеу;
2) жер асты суларының барланған кен орындарын игеру.
Жекелеген өңірлер үшін баламалы көздер ретінде:
рұқсат берілген сапасы ең төмен жер асты суларын (1,0-1,5 г/л минералдандырылған әлсіз минералданған жер асты суларын) пайдалану;
жергілікті су тазарту қондырғыларын орнату;
ауыз суды жеткізуді ұйымдастыруды жетілдіру мүмкіндігі қаралған.
Алдағы уақытта балама су көздерін таңдап алу әрбір нақты елді мекенді сумен жабдықтаудың бірнеше нұсқаларын техникалық-экономикалық жағынан салыстыру нәтижесінде жүргізіледі.
Суды тасып әкелуді ұйымдастыру, ерекше жағдайларда ғана тыныс-тіршілікті қолдау үшін кенттерді сумен жабдықтау көзі ретінде қаралуы мүмкін, олар мыналар:
сумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту кезеңіндегі уақытша шара;
халықтың өсуі күтілмейтін немесе жақын болашақта оларға халықты көшіру жоспарланатын, даму әлеуеті төмен шағын елді мекендер үшін;
ауыз сумен жабдықтау үшін ресурстардың жетіспеушілігі, бірақ кенттердің белгілі бір кезеңге дейін болуы қажет болған жағдайда.
5.6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану
Бағыт судың сапасын жақсарту жөніндегі шаралар кешенін қамтиды:
1) тұтынатын судың сапасын жақсарту үшін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салуда жаңа материалдар мен технологияларды енгізу;
2) тұтынушылардың барлық санаттарында суды прибор арқылы толық есепке алуды енгізу.
Осы бағыттың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет:
экологиялық таза материалдарды қолдана отырып, отандық және шетелдік озық технологияларды әзірлеу және енгізу;
судың екінші рет ластануын болдырмау мақсатында су құбыры желісінің тозған учаскелерін қайта жаңарту;
бастапқы суды тазартудың тиісті параметрлерін қамтамасыз ететін технологиялық схема орнату;
ауыз судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметтердің материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етілуін күшейту;
елді мекендерде бұрын салынған жергілікті су құбырларын оңалту, олардың жұмысының тиімділігін арттыру, залалсыздандыру мен су тазартудың технологиялық процестерін жаңғырту;
жер үсті көзінің суын пайдаланатын барлық елді мекендер үшін суды химиялық зиянды қоспалардан тазарту жөніндегі жаңа материалдар мен технологияларды пайдалана отырып, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелерін салу;
жеке каптаждық камераларды, шахталық және құбырлық құдықтарды салу және қалпына келтіру.
Республиканың 700-ден астам елді мекенінде су дайындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру болжанып отыр.
Ауыз суды ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар ауыз суды техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да мұқтаждықтарға мақсатсыз пайдалануды болдырмау сияқты мәселелерге, экономиканы құрылымдық жағынан қайта құруды, су үнемдеуші технологияларды технологиялық жаңғыртуды және енгізуді ескере отырып, табиғи су объектілерінен су алуды қысқартуға, сондай-ақ желінің тасқынды нүктелері мен су тұтынушыларға су есептеуіш приборларын орнатуға қатысты оны үнемді де тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.
Жекелеген өңірлердегі су тапшылығы, тұщы су көздерінің біртіндеп сарқылуы және ластануының күшеюі су ресурстарын ұтымды пайдалануды кешенді жоспарлауды қамтамасыз етуді талап етеді.
Тұтастай су пайдаланудың жай-күйі су ресурстарын ұтымды пайдалану жағдайларын дамыту және жасау, су үнемдеуші технологияларды ғылыми тұрғыдан негіздеу, ауыз суды мақсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау алғышарттарын жасау, су объектілерінің ластануына жол бермеу үшін халықтың экологиялық білімін тереңдету жолымен оның жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетін қалыптастыру елеулі сәт болып табылады.
5.7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту
Бағыт су ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және қорғау процестерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің негізін қалайтын іс-шаралар кешенін қамтиды.
Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі және су ресурстарын қорғау және қалпына келтіру жөнінде тиісті превентивті іс-шаралар қабылдаусыз әрі енгізусіз экономика салаларының күтіліп отырған экономикалық өсуі су объектілерінің экологиялық жай-күйінің нашарлауына әкеп соғады.
Республикада қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жүріп жатыр, қоршаған ортаны және оның су объектілері сияқты маңызды құрамдасын қорғауды жақсартуға, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмауға бағытталған бірқатар заңнамалық және нормативтік-әдістемелік құжаттар жұмыс істейді. Экономикалық қауіпті қызметке талаптар және оны бақылау күшейтілген, экология мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді.
2002-2004 жылдар кезеңінде жұмыс істемейтін су құбырлары желілерінің үлес салмағы 13,2%-дан 11,1%-ға дейін және санитарлық талаптарға жауап бермейтін су құбырларының үлесі 23,4%-дан 17,7%-ға дейін қысқарды. Сумен қамтамасыз ету құрылыстарының қанағаттанғысыз санитарлық-техникалық жағдайы салдарынан бұл кезең ішінде су факторларына байланысты 9 жіті ішек жұқпасының қозуы тіркелген.
2005 жылы жіті ішек жұқпаларының қозуы тіркелмеген. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге жауап бермейтін құбыр ауыз суы сынамасының үлес салмағы 2001 жылғы 3,9%-дан 2004 жылы 2,0%-ға дейін төмендеді, 2005 жылы бұл көрсеткіш 1,6%-ды құрады.
Қолданыстағы Су кодексіне сәйкес ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін ластанудан қорғалған, суының сапасы белгіленген мемлекеттік стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетін жер үсті және жер асты су объектілері мен су шаруашылық құрылыстары ұсынылады.
Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін жер үсті және жер асты суларының қауіпсіздігін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган анықтайды.
Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін жақсарту жөніндегі негізгі шаралар мыналар болып табылады:
1) ауыз сумен жабдықтау көздері мен құрылыстарының су қорғау аймақтарын, жолақтар мен санитарлық қорғау аймақтарын орнату;
2) ауыз су мұқтаждарына пайдаланылатын су қоймаларының санитарлық-қорғаныштық су қорғау аймағында екпе ағаштарын қайта жаңарту және жаңаларын отырғызу.
Сонымен қатар мынадай іс-шаралар өткізілуі тиіс:
1) ауыз суды ұтымды пайдалануды ынталандыратын экономикалық құралдарды әзірлеу және іске асыру;
2) су экологиясы саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ғылыми-зерттеу институттарының желісін орнату және қолдау;
3) ауыз сумен жабдықтау сапасын бақылауды жүргізу, ауыз суды пайдаланудың су қорғаушы режимін енгізу;
4) барлық елді мекендерде суды пайдалануды бақылау;
5) ауыз су қауіпсіздігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметін зертханалық бақылауды жаңғырту және жақсарту.
5.8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету
Таза ауыз су алу, оны ұтымды пайдалану проблемасы халықтың барлық жіктерінің өмірлік мүдделерін қозғайтындықтан, тек мемлекеттік ғана емес, жалпы адамзаттық проблема болып табылады. Көбінесе осы проблеманы шешуге байланысты іс-шаралардың тиімсіздігінің себебі оны шешумен айналысатын мемлекеттік органдар арасында үйлестірудің нашарлығы және қалың бұқарамен өзара іс-қимылының нашарлығы болып табылады.
Халықты сумен қамтамасыз ету мәселелері жұртшылықты кеңінен тарта отырып, ашық шешілуі тиіс. Судың табиғи су объектілеріндегі, сонымен қатар сумен жабдықтау жүйелеріндегі де сапасы, оны тазарту мен жеткізу құны туралы ақпарат әрбір азаматқа қол жетімді болуы тиіс, бұл ауыз суды ұтымды пайдалану проблемасын түсінуге ықпал ететін болады.
Халық арасындағы экологиялық, санитарлық-гигиеналық білім мен ағарту ісі, су ресурстарын үнемді пайдалану мәселелері бойынша белсенді ақпараттық сүйемелдеуді республикалық және өңірлік телеарналар бойынша 59 республикалық баспа бұқаралық ақпарат және хабар тарату құралдары қамтамасыз етеді.
Осы мәселелерді жария ету «Новости», «Лучше быть здоровым», «Жеті күн», «Бетпе-бет», «Мезгіл», «Диалог», «Ауыл», «Апта», «Чистые родники», «Ел мен жер», «Актуальные интервью» атты ақпараттық және талдамалық бағдарламаларда жүргізілуде.
Сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде республикада қоғамды экологияландыру жөніндегі шаралар көзделген, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және азаматтардың кең ауқымының экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін экологиялық мазмұндағы мерзімді басылымдар «Гидрометриология и экология» журналы, «Экологический курьер», «Атамекен» газеттері және «Экологический вестник» Ақмола облыстық газеті шығарылады. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органның веб-сайты жұмыс істеуде.
Тұтастай, республикалық және өңірлік баспасөз материалдары республика халқының денсаулығын жақсарту үшін ауыз судың сапасын қамтамасыз ету және оған халықтың қол жетімділігі проблемаларын жария етуге бағытталған.
Халықты осы проблемалар бойынша одан әрі хабардар ету әрі білім беру, халықта экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәдениет қалыптастыру үшін Бағдарламада мыналар көзделеді:
1) экологиялық, санитарлық-гигиеналық білім беру және оқу ағарту, су ресурстарын, - әсіресе ауыз суды үнемді пайдалану мәселелері бойынша брошюралар, буклеттер шығаруды, радио және телебағдарламалардың тұрақты циклын құруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз ету;
2) ауыз суды ұтымды пайдалану жөнінде халықты хабардар ету және білім беру жөніндегі жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды және қоғамдастық өкілдерін тарту.
Бұл іс-шаралар республика халқының барлық жіктерінің арасында Бағдарлама туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Ауыз су» бағдарламасы туралы бейнероликтер және «Ауыз су» бағдарламасы жөнінде веб-сайт жасауды, сондай-ақ ауыз суды ұтымды пайдалану саясатын айқындауды қамтиды.
Қазақстан азаматтары суды тұтынуды және су ресурстарын қорғауды ұйымдастыру саласында басқару үдерістеріне осы проблемаға қатысты мәселелер немесе шешімдер талқыланатын семинарларға, референдумдарға, «дөңгелек үстелдерге» және басқа да іс-шараларға қатысу жолымен әсер ете алады.
5.9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау
Бағыт халықты ауыз сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге жұмылдырылған шаралардың өзара байланысты кешенін көздейді.
Халықты сумен қамтамасыз ету үдерісін бақылау мен жоспарлауды мемлекет жүзеге асырады.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі негізгі шаралар мыналар болып табылады:
1) Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Ауыз су» салалық бағдарламасының шеңберінде өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлеу және бекіту;
3) Қазақстан Республикасының өзен бассейндері бойынша суды кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу және бекіту;
4) экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар даярлау.
Бұл іс-шаралар мынадай жұмыстар жүргізуді талап етеді:
1) Үкімет, жергілікті атқарушы органдар және су пайдаланушылардың мемлекеттік емес бірлестіктері арасында ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі өндіріс құралдарына меншікті нақты бөлуді көздейтін сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіру;
2) суды ақылы пайдалану және суды пайдалануды мемлекеттік субсидиялау жүйесін жетілдіру негізінде суды пайдаланудың экономикалық тетігін жасау;
3) халықты ауыз сумен қамтамасыз етумен, оның сапасын арттырумен айналысатын ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттік емес ұйымдардың да бастапқы кезеңде қалыптасуына қолдау көрсету;
4) сыртқы заемдар мен жеңілдікті жағдайлардағы гранттарды қоса алғанда, барлық қаржыландыру көздерінен қосымша қаражат тарту;
5) су объектілерін де, сумен жабдықтау жүйелерін де мониторингтеу жүйесін әзірлеу және енгізу.»;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлім мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асырудың 1-кезеңінде (2002-2005 жылдар) барлық көздерден 46,21 млрд. теңге сомасында қаражат нақты игерілді.
Бағдарламаның 2-кезеңінің (2006-2010 жж.) іс-шараларын іске асыруға арналған қаржы қаражатының көлемі 253,937 млрд. теңге мөлшерінде белгіленген.
3-кестеде жылдар мен көздер бойынша қаржы қаражатын алдын ала бөлу келтірілген, ол тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің инвестициялық жобаларын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттер, сыртқы қарыздар мен гранттар қаражатынан басқа, су құбырларын пайдаланушы ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражатын қоса алғанда, әр түрлі бюджеттен тыс көздер тартылады.»;
3-кесте
Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға арналған
қаржы қаражатының көлемі
млн. теңге
Қаржыландыру көздері | Жиыны | Кезеңдер бойынша |
I кезең 2002-2005 жж. | ІІ кезең |
2006 | 2007 |
Жалпы көлемі, оның ішінде көздер бойынша | 300150 | 46213 | 15300 | 41064,3 |
Республикалық бюджет, оның ішінде сыртқы заемдар мен гранттар | 168775 | 28341 | 12211 | 18218 |
Жергілікті бюджет | 81597 | 15086 | 2089 | 14121,8 |
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты | 49778 | 2786 | 1000 | 8724,5 |
кестенің жалғасы
Кезеңдер бойынша |
II кезең | II кезең 2006-2010 жж. |
2008 | 2009 | 2010 |
62664 | 63667 | 71242 | 253937 |
23640 | 41915* | 44450* | 140434 |
15299,3* | 16640,1 | 18360,4* | 66510,6 |
23724,5* | 5111,5* | 8431,5* | 46993 |
Ескертпе*: 2008-2010 жылдарға арналған қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген 5-бөлім мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
2005 жылға дейінгі кезеңде Бағдарламада сумен жабдықтаудың жай-күйінің, судың сапасының, ауыз сумен жабдықтау көздерінің одан әрі төмендеуін тоқтату, суға қол жетімділікті қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатында саланы дамыту жөніндегі жоспарлы жұмысты бастау көзделген.
Бағдарламаны одан әрі іске асыру халықтың сапалы ауыз суға қол жетімділігін арттырады, ол ел халқының денсаулығына оң әсерін тигізеді, сондай-ақ республикада сумен жабдықтауға арналған жабдықты, құралдар мен қосалқы бөлшектерді шығару жөніндегі салалық базаларды, жаңа технологиялық өндірістерді дамыту үшін қолайлы жағдай жасалады.
Бағдарламаның іс-шаралары тұтастай халық саны шамамен 6,4 млн. адамы бар және 8,5 млн-нан асатын қала халқы бар Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асыра отырып, одан әрі дамытылатын барлық ауылдық елді мекендер қамтылатын болады.
Бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
халықты қажетті мөлшерде және кепілдік беретін сапада ауыз сумен орнықты қамтамасыз етуге;
ауыз сумен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін 7231 ауылдық елді мекенді, 174 кентті және 86 қала мен кіші қалаларды толық қамту үшін жүйелер мен құрылыстар салуға және қайта жаңартуға;
халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізуін ұлғайтуға, ол халықтың сумен қамтамасыз етілу деңгейін тұтастай 80%-ға арттырады;
суды орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен пайдаланатын халықтың санын тұтастай ел бойынша 20-25%-ға, ал жекелеген өңірлер бойынша 40%-ға және одан жоғары арттырады;
санитарлық ережелерді және ауыз су сапасы стандартының нормаларын толық сақтауды қамтамасыз ету жолымен су көздерінің және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;
ауыз суға жарамды сапалы жергілікті жер асты суларын барынша пайдалану және ауыз суын тасып жеткізуді ұйымдастырудан қол үзуге;
жай-күйі негізінен алғанда химиялық және бактериялық ластанумен сипатталатын жер үсті көздерінің суын ауыз суы мақсаттары үшін орталықтандырылмаған пайдалануды болдырмауға;
берілудің су факторына байланысты халықтың жіті ішек жұқпалары тобы бойынша, А вирустық гепатиті бойынша сырқаттануын 80-90%-ға төмендету, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге;
қосымша жұмыс орындарын ашуға;
сумен жабдықтау көздеріне келеңсіз экологиялық ықпал етуді болдырмауға;
жекелеген өңірлер мен өзен бассейндері бойынша ауыз су сапасына мониторингтің жедел жүйелерін құруға;
құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерінде жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу, сондай-ақ бірқатар жағдайларда сумен жабдықтау көздерін баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын туғызады әрі сайып келгенде, ел халқының денсаулығына және рухани салауаттылығына оң ықпал етеді.»;
1 және 2-қосымшалар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 16 қазандағы
№ 956 қаулысына
Қосымша
8. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-кезең 2002-2005 жылдар |
1. Қолданудағы сумен қамтамасыз ету жүйелерінің пайдалану ахуалын ұстап тұру үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру |
1 | Ауылдық елді мекендердегі су құбыры құрылғыларын және жергілікті су құбыры жүйелерін қайта құру | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | Облыс әкімдері | Жыл сайын |
2 | Қаланың ішкі су құбырлары жүйе- лерін қайта құру және дамыту | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | Облыс әкімдері, Алматы мен Астана қалаларының әкімдері | Жыл сайын |
3 | Жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін топты су құбырла- рын қайта құру | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, облыс әкімдері | Жыл сайын |
2. Сумен қамтамасыз етудің жаңа баламаларын игеру мен балама су көздерін дамыту |
1 | Баламалы су көздерінен сумен қамтамасыз етуге ауыз су үшін неғұрлым кіші топты жүйені құру мақсатында сегментациялау | Сегментациялау жобаларын жасап оны іске асыру | АШМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
2 | Қала мен поселке тұрғындарын орталықтан қамтамасыз ету үшін жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салу | Пайдалануға енгізу | АШМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
3 | Сумен қамтамасыз ету жүйелері құрылыстарын салуда жаңа материалдар мен технологияларды енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, ЭМРМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
4 | Тұрғындардың тұщы сумен қамтамасыз етілуін бағалау үшін жер асты ресурстарының пайдалануға болатын болжамдық мөлшерін анықтау | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | ЭМРМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
5 | Жер асты суларының барланған кеніштерін игеру | Пайдалануға енгізу | АШМ, облыс әкімдері | Жыл сайын |
3. Тұтынатын су сапасын жақсарту |
1 | Минерализациялан- ған жер асты сулары жаппай таралған аймақтар үшін сумен жаб- дықтау жүйесін тұщыландырылатын қондырғылар орнату | Тұщыландырыла- тын қондырғылар пайдалануға беру | АШМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
2 | Жаңа цеолиттік материалдарды қолдана отырып жер үсті суларын тазарту | Цеолитпен толтырылған сүзгіштерді пайдалануға беру | АШМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
3 | Суды фтор, темір, марганец және басқа да зиянды құрамдастардан ШЖШ-ға дейін та- зарту, сонымен қатар суды залал- сыздандыру жөнінде жаңа техноло- гияларды қолдану | Жаңа технологияларды енгізу | АШМ, облыс әкімдері | 2002-2005 жылдар |
4 | Сапалы ауыз су дайындау және суды өлшеу құралдарын шығаруды ұйымдастыру үшін құбырлар, арматуралар, әртүрлі сантехникалық саймандар мен қондырғылар жасайтын отандық кәсіпорныдарды қайта жандандыру және жаңаларын салу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | ЭМРМ, облыс әкімдері | 2005-2005 жылдар |
4. Ауыз суды ұтымды пайдалану |
1 | Ауыз суды пайдалануда су үнемдеу режимін енгізуге, өнеркәсіпте суды қайта-айналымды пайдалануға бақылау жасау | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, облыс әкімдері | Үнемі |
2 | Тұтынушылардың барлық санаттары үшін барлық жерде судың пайдалануына бақылау жасау | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, облыс әкімдері | Үнемі |
3 | Шаруашылық-ауыз сулық су тұтынудың үлес нормаларын қайта қарау және оңтайландыру | Нормативті құқықтық актілердің жобасы | ЭМРМ | 2003 жыл |
4 | Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, ЭБЖМ | 2002-2003 жылдар |
5. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-тазалық ахуалын жақсарту |
1 | Жер асты суларын ластаудың және сарқудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру | Санитарлық қор- ғау аймақтарын құру | ЭМРМ, АШМ облыс әкімдері | Үнемі |
2 | Ауыз сумен қамта- масыз ету көздері - су объектілерінде су қорғау аймақтарын құру | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпар беру | Облыс әкімдері | Жыл сайын |
3 | Ауыз су мұқтажда- рына пайдаланатын су қоймаларының санитарлық-қор- ғаныс су қорғау белдеулерінде бұрынғы екпе ағаштарды қайта жаңарту және жаңасын егу | Екпе ағаштар аймағын құру | Облыс әкімдері | Үнемі |
4 | Жер асты су көз- дерін ластаудан келетін экономи- калық залалды ба- ғалау жөніндегі нормативті-құқық- тық актілерді әзірлеу | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | ЭМРМ | 2002 жыл |
5 | Су ресурстарын қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, БҒМ | Үнемі |
6. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемасын ұғымды түсінуге мүмкіншілік беретін ақпараттық ортаны құру |
1 | Су ресурстарын, әсіресе ауыз суды ұқыпты пайдалану экологиялық және санитарлық-гиги- еналық жағынан білім беру және ағарту мәселелері бойынша кітапшалар, буклеттер шығаруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жария- лауды, тұрақты радио-телебағдар- ламалар жүйесін әзірлеуді қамта- масыз ету | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, МАМ, ДСМ, Облыс әкімдері | Жыл сайын |
2 | Тұрғындарға ақпа- рат беру және ағарту жұмыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдарды және жұртшылық өкілдерін тарту | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ, МАМ | Жыл сайын |
7. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды жетілдіру |
1 | Құрылыс және қайта құрылуы республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын сумен қамтамасыз ету объектілерінің Тізімін әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы | АШМ, ЭМРМ, ЭБЖМ | Жыл сайын |
2 | «Ауыз су» салалық бағдарламасын дамыту үшін жер- гілікті бағдарла- малар әзірлеу | Бағдарламалар әзірлеу | Облыс әкімдері | 2002 жыл |
3 | Қазақстан Респуб- ликасының сумен қамтамасыз ету Бас сызбасын жасау | Ауыл шаруашылығы министрінің Бұйрығы | АШМ, ЭМРМ | 2002-2004 жылдар |
4 | Қазақстан Респуб- ликасының өзендер бассейндері бой- ынша суды кешенді қорғау және пай- далану тәсімдерін әзірлеу | Ауыл шаруашылығы министрінің Бұйрығы | АШМ, ЭМРМ | 2002-2005 жылдар |
5 | Сумен қамтамасыз ету құрылымдары мен көздерінің техникалық жағдайын анықтау үшін түгендеуді жүргізу | Түгендеу акті- сі, құрылымдар төлқұжаттары | АШМ, облыс әкімдері | 2003-2004 жылдар |
6 | Сумен қамтамасыз ету су жеткізіп беру жүйелерін пайдалану, суды дайындау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік нұсқамалар мен нұсқауларды, стандарттарды әзірлеу | Нормативті құқықтық актілер | АШМ, ЭМРМ, ДСМ | 2002-2003 жылдар |
| Бағдарламаның 1 кезеңін жүзеге асыру кезінде барлығы | |
2-кезең 2006-2010 жылдар |
1. Қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жағдайында ұстап тұру үшін оларды одан әрі қалпына келтіру және жетілдіру |
1 | Коммуналдық меншіктегі қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту, оның ішінде жер үсті су көздерінен су алуды қамтамасыз ететін барлық сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңартуды аяқтау | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2006-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
2 | Қалалық сумен жабдықтау жүйелерін кеңейту және қайта жаңарту | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2006-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
3 | Республикалық меншіктегі қазіргі бар сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беру | АШМ | 2006-2010 жылдардың 10 ақпаны |
| Барлығы | | | |
2. Сумен неғұрлым аз қамтылған өңірлерде кепілдік беретін сапада және қажетті көлемде ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуды жалғастыру |
1 | Коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу, оның ішінде топтық су құбырларына қосылған елді мекендер | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2006-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
2 | Республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат | АШМ | 2006-2010 жылдардың 10 ақпаны |
| Барлығы | | | |
3 | Сапалы сумен жабдықтау көздері бар (топырақ суы, бұлақтар және т.б.) елді мекен- дерге арналған жеке шахталық және құбырлық құдықтар, каптаждық камералар салу және оларды қайта жаңарту | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2006-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
4 | Тасып әкелінетін суды пайдаланатын елді мекендер үшін суды химиялық зиянды қоспалардан тазарту жөніндегі жаңа технологияларды пайдалана отырып, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелерін салу | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2006-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
3. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу |
1 | Ауыз сумен жаб- дықтау жүйелерін республикалық және коммуналдық меншікке бөлу | АШМ-ге ақпарат | АШМ (жинақтау), облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
4. Құрылыс аяқталған ауыз сумен жабдықтау жүйелерін пайдалану жөнінде ұйымдар құру және оларды материалдық-техникалық жарақтандыру |
1 | Құрылыс аяқталған ауыз сумен жаб- дықтау жүйелерін пайдалану бойынша коммуналдық кә- сіпорындар құру және оларды материалдық-тех- никалық жарақтан- дыру | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
5. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін игеру және балама көздерін дамыту |
1 | Сумен жабдықтауды баламалы көздерге көшіре отырып, неғұрлым кіші топтық жүйелер құру мақсатында топтық сумен жабдықтау жүйеле- рін сегменттеу | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат | АШМ (жинақтау), облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 10 ақпаны |
| Барлығы | | | |
2 | Жер асты суының барланған кен орындарын игеру | АШМ-ге ақпарат | Облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
6. Тұтынылатын ауыз су сапасын жақсарту және оны ұтымды пайдалану |
1 | Тұтынатын судың сапасын жақсарту үшін ауыз сумен жабдықтау жүйеле- рін салуда жаңа материалдар мен технологияларды енгізу | АШМ-ге ақпарат | ИСМ (жинақтау), ДСМ, ЭБЖМ, облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
2 | Тұтынушылардың барлық санаттарында суды прибор арқылы толық есепке алуды енгізу | АШМ-ге ақпарат | Облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
| Барлығы | | | |
7. Су объектілерінің экологиялық және санитарлық-гигиеналық жай-күйін жақсарту |
1 | Ауыз сумен жаб- дықтау көздері мен құрылыстарының су қорғау аймақтарын, жолақтар мен санитарлық қорғау аймақтарын орнату | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
Барлығы | | | |
2 | Ауыз су мұқтажда- рына пайдаланылатын су қоймаларының санитарлық-қорға- ныштық су қорғау аймағында екпе ағаштарын қайта жаңарту және жаңа- ларын отырғызу | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
Барлығы | | | |
8. Ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету |
1 | Экологиялық, санитарлық-гигие- налық білім беру және оқу ағарту, су ресурстарын, әсіресе ауыз суды үнемді пайдалану мәселелері бойынша брошюралар, буклеттер шығаруды, радио және телебағдарлама- лардың тұрақты циклын құруды, бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз ету | АШМ-ге ақпарат | МАМ (жинақтау), облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
Барлығы | | | |
2 | Ауыз суды ұтымды пайдалану жөнінде халықты хабардар ету және білім беру жөніндегі жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды және қоғамдастық өкілдерін тарту | Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат | АШМ (жинақтау), МАМ, облыс әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 10 ақпаны |
9. Сумен қамтамасыз ету қызметін басқаруды және үйлестіруді жетілдіру және экономиканың су шаруашылығы саласында білікті кадрлар дайындау |
1 | Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Ауыз су» салалық бағдарла- масының шеңберінде өңірлік бағдарлама- ларды іске асыру | АШМ-ге ақпарат | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2007-2010 жылдардың 20 қаңтары |
2 | Қазақстан Респуб- ликасының су ре- сурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлеу және бекіту | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ (жинақтау), ЭМРМ | 2009 жылғы IV тоқсан |
| Барлығы | | | |
3 | Қазақстан Респуб- ликасының өзен бассейндері бой- ынша суды кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлеу және бекіту | АШМ Министрінің бұйрығы | АШМ | 2007-2010 жылдар IV тоқсан |
| Барлығы | | | |
4 | Экономиканың су шаруашылығы сала- сында білікті кадрлар даярлау | АШМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақтау), АШМ | 2007-2010 жылдар IV тоқсан |
| Барлығы | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| Жиыны | | | |
кестенің жалғасы