Сапасы: қоршаған ортаны қорғау саласында, мәліметтер Қоймасының технологияларын қолдану негізінде басқару сапасын көтеру, қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесі электрондық үкімет концепциясының талаптарымен функционалды сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
389-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 602066 мың теңге (алты жүз екі миллион алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 35, 58, 60 және 84-баптары, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 21-бабы; «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңының 7-бабы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 26 мамырдағы Заңы; «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 маусымдағы № 853 Жарлығы, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы; «Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су қоймаларында мұнай операцияларын жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; «Арал аймағын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 қаулысы; «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы халқының және экологиялық жүйелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті жүргізу, қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингтің жүйесін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу | Қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторинг жүргізу, оның ішінде: - қоршаған ортаның жай-күйіне бақылаулардың негізгі желісінде мониторинг жүргізу; - Арал өңіріндегі қоршаған ортаға және халық денсаулығына мониторинг жүргізу; - "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу; - Балқаш көлі бассейнінде қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу; - Каспий теңізі қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізу; - Щучинск-Бурабай курорттық аймағында қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу; - Нұра өзенінің бассейнінде қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу; - уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізу; - Астана және Алматы қалаларының аэродинамикалық жағдайына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру. Зымыран-ғарыш қызметтің әсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйіне мониторинг жүргізу. Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы қоршаған орта жай-күйіне аэроғарыштық мониторинг жүргізу (Солтүстік Каспий). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 25 елді мекендегі 63 бақылау бекетінде 16 көрсеткішке дейінгі атмосфералық ауаның жай-күйі туралы деректер, 10 көрсеткіш бойынша 41 бақылау пунктіндегі атмосфералық жауын-шашынның және 32 бақылау пунктіндегі қар жамылғысының жай-күйі туралы деректер, 68 су объектісінде, оның ішінде 18 бақылау пунктіндегі трансшекаралық су объектілері бойынша 50 көрсеткішке дейінгі жер үсті сулары жай-күйі туралы деректер, 17 елді мекендегі, 5 көрсеткішке дейінгі топырақтың жай-күйі туралы деректер, радиациялық жай-күйдің деректері (72 бақылау пунктіндегі гамма-фон, 40 бақылау пунктіндегі жиынтық бета-белсенділікке атмосфералық жауын-шашын сынамаларын іріктеу және талдау туралы деректер), Бурабай кешенді станциясындағы аялық мониторинг деректері; Арал өңіріндегі қоршаған ортаның және халық денсаулығының жай-күйі туралы деректер, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы, Балқаш көлі бассейнінің, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі, Щучье-Бурабай курорттық аймағының, Нұра өзенінің бассейніндегі қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректер, уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат алу. Мемлекеттік органдарға ұсынылатын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық бюллетендердің шығарылуы, халықты ақпараттандыру.
Зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумақтары учаскелерінің экологиялық жай-күйі туралы деректерді алу.
Қоршаған орта жай-күйіне аэроғарыштық мониторинг деректерін алу (алау қондырғыларында ілеспе мұнай газды жағу кезінде атмосфераның ластануы туралы, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің акваториясы мен жағалау аймақтарының көмірсутекті ластану туралы, мұнай операцияларын жүргізу кезінде топырақтың мұнаймен ластануы туралы).
Түпкі нәтиже: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсер етуінің алдын алу үшін қажетті, қоршаған ортаның жағдайы туралы шынайы деректермен мемлекеттік органдарды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүргізуге қолданыстағы бақылау желінің орта салмақтағы шығындарының есебінен мынаны құрайды:
айына атмосфералық ауаның, атмосфералық жауын-шашынның және қар жамылғысының жай-күйіне мониторинг бойынша - 7728,5 мың теңге;
айына құрлықтағы жер үсті сулардың және теңіздердің жай-күйіне мониторинг бойынша - 3574,2 мың теңге,
айына топырақтың жай-күйіне мониторинг бойынша - 414,8 мың теңге,
айына радиациялық мониторинг бойынша - 395,7 мың теңге.
1 айға бір станцияға аялық мониторинг жүргізудің құны - 176,8 мың теңге.
1 айға Арал өңіріндегі қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына мониторинг жүргізудің құны - 792,3 мың теңге.
1 айға Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1619,4 мың теңге.
1 айға «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1260,8 мың теңге.
1 айға Щучинск-Бурабай курорттық аймағына мониторинг жүргізудің құны - 1184,5 мың теңге.
1 айға Балқаш көлі бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 1006,9 мың теңге.
1 айға Нұра өзені бассейнінің қоршаған ортасына мониторинг жүргізудің құны - 760,7 мың теңге.
1 айға уытты құрауыштарды трансшекаралық тасымалдауға мониторинг жүргізудің құны - 1200,8 мың теңге.
1 айға зымыран-ғарыштық қызметтің әсер етуіне ұшыраған Қазақстан Республикасы аумағының учаскелерінің жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізудің құны - 2083,3 мың теңге.
Уақтылығы: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайын мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
Сапасы: экологиялық жүйелерге қауіпті антропогендік құбылыстардың теріс әсерін болдырмау үшін мемлекеттік органдарды уақытылы ақпараттандыруға мүмкіндік беретін, тиімді жұмыс істейтін экологиялық жүйе.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
390-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін
нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 328066 мың теңге (үш жүз жиырма сегіз миллион алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау» Бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы; «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы № 874 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және тиімді пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының өңірлерінде табиғи жүйелердің тозуын болдырмау және экологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін тиімді тетіктерді және іс-шараларды жасау жөніндегі шаралардың кешенін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері | Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін дамытуға арналған мақсатты трансферттерді тізбелеу: Семей қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту имараттарын құру; Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ағынды суларды биологиялық тазарту имараттары кешенінің құрылысын аяқтау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Семей қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясын құру жөніндегі жұмыстың көлемін орындау (жұмыс көлемінің 59%); Щучинск-Бурабай курорттық аймағының ағынды суларын биологиялық тазарту имараттарының кешенін құру жөніндегі жұмыстың 100% көлемін орындау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының өңірлерінде экологиялық жағдайды жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: негізгі қаржы қорының ұлғаюы.
Уақтылығы: жұмыстарды орындаудың және жасалған шарттардың жоспары-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалар және ережелерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
391-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
««Қазаэросервис» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1291487 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан бір миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйымы конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 тамыздағы № 758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтық авиация әуе кемелерінің шарттық негізде ұшуларын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тиімділігіне жәрдемдесу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауа райын бақылауды жүргізу, метеорологиялық деректерді жинау, талдау және қорыту, ауа райы болжамын жасау және метеорологиялық қызмет көрсету, метеорология қызметтерін техникалық қайта жарақтандыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | "Қазаэросервис" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту | Мынадай іс-шараларды іске асыру үшін мынадай метеорологиялық жабдықтарды сатып алу: Орталық жүйе (Бақылаушының жұмыс станциясы) - 5 жиынтық, кешендік радиотехникалық әуежайлық метеорологиялық станция үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету. Бір ұшу-қону жолақ үшін функцияларының базалық және стандартты жинағы - 5 пакет, Жел параметрлерінің метеорологиялық датчиктерінің жиынтығы (Метеоалаң) - 5 жиынтық, Жел, температура және қысым параметрлерінің метеорологиялық датчиктерінің жиынтығы (QL 150 негізіндегі метеоалаң) - 5 жиынтық, СТ25К бұлттардың ең төменгі шегінің биіктігін өлшеуіш - 10 жиынтық. LT31 ұшу-қону жолақтағы көрінудің алыстығы жүйесі - 5 жиынтық, Найзағай датчигі - 5 жиынтық, Диспетчерлерге арналған "Метеодисплей" жүйесі - 5 жүйе, Брифинг жұмыс станциясы - 5 жиынтық, Синоптик жұмыс станциясы - 5 жиынтық, Байланысшының жұмыс станциясы - 5 жиынтық, "Метеор-Метеоячейка" метеорологиялық радиолокаторы - 2 жиынтық. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сатып алынған метеорологиялық жабдықтар ИКАО және Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйымның халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы халықаралық деңгейде жедел, дәл және сенімді метеорологиялық қамтамасыз етуге азаматтық авиацияның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Адам қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, авиацияда оның болжамы 100 пайыз дәл болуы тиіс жалпы ауа райы болжамдарымен қатар қауіпті құбылыстарды болжаудың да сапасын арттырады.
Осы жабдықтармен жабдықтау барысында әуежайлардың метеорологиялық қызмет органдарының жұмысы үздіксіз жүреді, бұл метеорологиялық жағдайлар бойынша рейстерді кешіктірмей, ұшулардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
«Метеор-Метеоячейка» метеорологиялық радиолокаторы 300 км радиуста найзағай, нөсер сияқты ауа райы құбылыстарын бақылауды қамтамасыз етеді, бұл синоптикке барлық осы құбылыстарды уақтылы болжауға мүмкіндік береді, сөйтіп әуе кемелерінің экипаждарына берілетін ақпараттың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Жұмыс станциялары ауа райының барлық өзгерістеріне жедел ден қоюға, болжамға уақтылы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді, сөйтіп берілетін ақпараттың сапасын арттырады.
Қазіргі заманғы жаңа жабдықтармен жұмыс істеу еңбек сапасы мен өнімділігін арттырады, өйткені аспаптар оңай пайдаланылады, синоптиктер мен ұшуларды басқару жөніндегі диспетчерлердің жұмыс орындарына деректер беруде өте сенімді әрі ұтқыр.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының әуежайларындағы азаматтықты авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету сапасын арттырады және әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігіне, тұрақтылығына әрі тиімділігіне жәрдемдеседі.
Уақтылығы: құрылымдық бөлімшелердің метеорологиялық жабдықтарын халықаралық стандарттардың талаптарына сай қазіргі заманғы метеорологиялық жабдықтармен техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу.
Сапасы: азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру жөнінде авиациялық метеорологиялық станцияларға жүктелген функцияларды барынша тиімді атқаруға қол жеткізу, Қазақстан Республикасындағы әуе кемелері ұшуларының тұрақтылығына, тиімділігіне және қауіпсіздігіне жәрдемдесу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жаңа метеорологиялық жабдықтар мен аспаптарды қолдану есебінен көрсетілетін қызметтердің көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру.