7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 76 тақырып, оның 33 жалғастырушы және 43 жаңа тақырып бойынша қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері жөніндегі есептер және ұсынымдар.
Қоршаған ортаға шығарындылардың және төгінділердің және өндіріс қалдықтарын жинақтаудың тұрақты деңгейде сақтау жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру; республиканың әртүрлі өңірлеріндегі және шекаралас аумақтардағы қазіргі экологиялық жай-күйді бағалау, ауқымды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шараларды қабылдау үшін ұсынымдарды және әдістемелерді әзірлеу; Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи ресурстарының қазіргі геоэкологиялық жай-күйін оны одан әрі дамыту мақсатымен бағалау;
Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге бағытталған, су-экологиялық проблемаларды шешу.
Экология және климат Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін құралдар мен жабдық сатып алу.
Түпкі нәтиже: оның нәтижесінде экологиялық жағдайдың және елдегі халық денсаулығының одан кейінгі төмендеуіне шынайы және әлеуетті қауіп жойылатын қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін міндеттерді шешу үшін жағдай жасау; жаһандық, ұлттық және өңірлік экологиялық проблемалар туралы, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңірлердегі әлеуметтік қиындықты төмендетуге ықпал ететін климаттың және озон қабатының өзгеруі, биоалуантүрліліктің қысқаруы, шөлейттену, топырақ жамылғысының, судың, ауаның, ластануы проблемаларын қоса алғанда, оларды шешудің жолдары мен бағыттары туралы республика халқын, экологиялық қолайсыз өңірлерде әлеуметтік алаңдаушылықты төмендетуге ықпал ететін, ақпараттандыруды арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 3 696 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы жасалған келісім-шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес.
Сапасы: қоршаған ортаның сапасын неғұрлым қауіпті процестермен және үрдістермен оның тозу және тұрақтану қарқынын бәсеңдету жолымен сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
385-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 900000 мың теңге (тоғыз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту, табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және тиімді пайдалану, табиғи ортаға ұлғаймалы антропогендік әсер етуді азайту, қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту, қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқаруды дамытудың институционалдық негіздерін құру, елдің экономикалық әлеуетін тиімді аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи ресурстардың таусылуының және ластануының алдын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау | "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес сомалар шегінде іс-шараларға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру: Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 канализациялық-сорғы станциялары бар бас қысым коллекторларын салуды аяқтау; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұлттық метеорология орталығының құрылысын бастау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қызылорда қаласындағы ағынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейін 1 және 12 канализациялық-сорғы станцияларымен бас сорғы коллекторларды құру жөніндегі орындалған жұмыстардың 100% көлемі, Ұлттық метеорология орталығының құрылысын бастау.
Түпкі нәтиже: қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғау объектілерін пайдалануға енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
386-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 566439 мың теңге (бес жүз алпыс алты миллион төрт жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы, «Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық қайта құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы»; «Қазақстан Республикасы мен Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігі ретінде әрекет ететін Халықаралық қайта құру және Даму Банкі арасындағы Сенімгерлік қордың Гранттық келісімін (Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жоба) жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 қыркүйектегі № 920 қаулысы; «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шөлейттену және жердің тозу процесін тоқтата тұру және алдын алу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтіру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қуаңшылық жағдайларда жер пайдаланудың тұрақты жүйелерін енгізу; топырақтың құнарсыздануымен күрес; «көмірсутегі квоталарымен» халықаралық саудасына Қазақстан Республикасының қатысу мүмкіндігін айқындау үшін көміртегінің жұту деңгейін айқындау; биоалуантүрлілікті кеңейту; табиғи ресурстар тозуының және ластануының алдын алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Қоршаған ортаны қорғау объектілерін оңалту | | | |
2 | | 005 | Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру | "Балқаш-9 қаласындағы "Дарьял-У" радио локальды станциясының конденсаторларын кәдеге жаратуға бастапқы дайындық жөніндегі учаске» жобасын іске асыру | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
3 | | 006 | Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Қарағанды облысы Шет ауданының Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны іске асыру, оның ішінде: - тұқым сатып алу; - бұта көшеттерін сатып алу; - тыңайтқыш сатып алу; - фермерлер үшін жанар-жағар май сатып алу; - биогаздық қондырғы сатып алу; - күн батареяларын сатып алу; - ауыл шаруашылық техникасын жөндеу; - брокерлік қызметтерді өтеу және басқа да шығындар; - Жоба Басқару Тобын ұстап тұру, операциялық шығындарды қоса алғанда, оның ішінде: - кеңсе заттарын сатып алу; - Жоба Басқару Тобы үшін жанар- жағар май сатып алу; - жинақтаушы қосалқы бөлшектер сатып алу; - Жоба Басқару Тобының коммуналдық төлемдері жөніндегі шығындарын өтеу; - байланыс төлемдерін өтеу; - электроэнергия төлемдерін өтеу; - жылу төлемдерін өтеу; - тонер мен картридждерге сия құю; - автокөлік құралдарына ағымдағы жөндеу жасау, олар үшін қосалқы бөлшектер және жинақтауыштар сатып алу; - автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар; - Консультанттар тобының жалақысы; - іссапар шығындары; - бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруларды орналастыруға шығындарды өтеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
4 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Қарағанды облысы Шет ауданының Қуаң жерлерді басқару жөніндегі жобаны іске асыру, оның ішінде: - тұқым сатып алу; - бұта көшеттерін сатып алу; - тыңайтқыш сатып алу; - фермерлер үшін жанар-жағар май сатып алу; - биогаздық қондырғы сатып алу; - күн батареяларын сатып алу; - ауыл шаруашылық техникасын жөндеу; - брокерлік қызметтерді өтеу және басқа да шығындар; - Жоба Басқару Тобын ұстап тұру, операциялық шығындарды қоса алғанда, оның ішінде: - кеңсе заттарын сатып алу; - Жоба Басқару Тобы үшін жанар-жағар май сатып алу; - жинақтаушы қосалқы бөлшектер сатып алу; - Жоба Басқару Тобының коммуналдық төлемдері жөніндегі шығындарын өтеу; - байланыс төлемдерін өтеу; - электроэнергия төлемдерін өтеу; - жылу төлемдерін өтеу; - тонер мен картридждерге сия құю; - автокөлік құралдарына ағымдағы жөндеу жасау, олар үшін қосалқы бөлшектер және жинақтауыштар сатып алу; - автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жарналар; - Консультанттар тобының жалақысы; - іссапар шығындары; - бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыруларды орналастыруға шығындарды өтеу | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 8000 га тыңайған жерлерді қалпына келтіру, фитомелиоранттармен 1000 га алқаптық егісті жүргізу, 3,0 га аумақтағы көшет-бұталарын өсіруге арналған түлімбақтарды кепілдікке беру, 5 га аумақтағы көшет-бұталарын егу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сүт өнімдерін берудің көлемін 600 т ұлғайту және 15 млн. мөлшерінде халықтың қосымша табысы, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту халықтың еңбекпен шұғылдануына 350 бірлікке артуына алып келеді; Жобаны іске асырудың одан кейінгі жылдары үшін дайындық жұмыстарын (топырақ дайындау, тұқым және жабдық сатып алу) жүргізу.
Оларды іске асыру нәтижесінде Қазақстанның Қызылорда облысының жартылай қуаң және суармалы аумақтарында фермерлерді ауыл шаруашылығын жүргізудің тиісті экологиялық тұрақты әдістеріне үйрету арқылы су және жерді пайдаланудың жүйелерін қалайша тұрақты басқаруға болатындығын көрсететін іс-шаралар жүргізу.
"Дарьял-У" радио локальды станциясында құрамында полихлордифенилдер бар 15 мың конденсаторларды кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды орындау.
Түпкі нәтиже: жерді қалпына келтіру және олардың тозуының алдын алу жөніндегі үлгілік жобаның іске асырылуы, шөлейттену және жердің тозуымен күрес проблемалары жөніндегі шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық тобын ақпараттандыру және қатысуын қамтамасыз ету. Полихлордифенилдердің қоршаған ортаға ысырабын болдырмау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ықшамдап өңдеу әдісін қолдана отырып, жер өңдеу шығынын 42 $/га-дан 24 $/га-ға дейін төмендету; шабындықтарды қалыптастыруға жұмсалған шығыннан 20 пайыз көлемінде пайда көру; мал басы санының 15 пайыз көбейту.
Уақтылығы: жер танаптарын Жобаны іске асыру жоспары бойынша өңдеу.
Сапасы: өсімдіктің табиғи түрде қалпына келуіне (сырттан аралас болмай тұра), 50 жылдан кем емес уақыт керек, ал жоба бойынша жүргізіліп жатқан шаралар бұл уақытты 20 жылға қысқартуға мүмкіндік береді; жемшөп жерлерін жасаудың жоғарғы өнімділігі жердің табиғи жолымен қалпына келу процесіне қарағанда көміртегін сіңіруді 3-4 есе көбеюіне әсер етеді. Конденсаторларды кәдеге жарату кезінде Балқашқа полихлордифенилдердің түсу қауіпі алынып тасталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
387-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2172739 мың теңге (екі миллиард бір жүз жетпіс екі миллион жеті жүз отыз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 59-бабы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 16-1-бабы; «Бүкілдүниежүзілік метеорологиялық ұйым конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 сәуірдегі № 296 қаулысы; «Табиғи ортаның жай-күйін бақылайтын станциялардың мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысы; «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; «Мемлекеттік су кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халық өмірінің, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарды гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: гидрометеорологиялық мониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, жүйелі гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу, гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, қорыту және талдау, ауа райының болжамдарын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іе-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізу | Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 253 метеостанцияда, 261 гидрологиялық бекетте, 23 метеобекетте, 9 агрометеобекетте, 9 аэрологиялық станцияда, 2 қар көшкіні станциясында және 20 қар өлшеуіш бағытта барлық шығындар мен гидрометеорологиялық желінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ілеспе қызметтерді ескере отырып, (техникалық қайта жарақтандыру; жаңа пункттерді құру; "Жер үсті сулары" бөлімі бойынша мемлекеттік су кадастрын жүргізу; метеостанциялар және гидробекеттерді көшіру; су тасқынынан кейін бұзылған гидробекеттерді қалпына келтіру, қар өлшеуіш бағыттар үшін паналайтын үйлерді салу, Еуропалық ауа райының орта мерзімді болжамдары орталығының сандық болжамдарын пайдалану құқығын сатып алу) болжамдық, режим-анықтамалық, гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпаратты дайындау үшін мемлекеттік гидрометеорологиялық мониторингті енгізу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік органдарға ұсынылатын Қазақстан аумағы бойынша күн сайынғы 254 гидрометеорологиялық бюллетен, Қазақстан аумағы бойынша ауа райының ай сайынғы 12 бюллетені, 14 облыс бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райының 5110 болжамы, 14 облыс бойынша ауа райының апталық 728 болжамы, ықтимал қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың Қазақстан облыстары мен әкімшілік орталықтарында пайда болу мүмкіндігі туралы олардың қаупі немесе туындау фактісі жағдайында апаттық ескертулер, мемлекеттік органдарға ұсынылатын күн сайынғы 254 гидрологиялық бюллетен шығару, күн сайынғы 124 қаркөшкініне арналған бюллетень шығару, күн сайынғы 44 сел тасқынына арналған бюллетень шығару, Каспий теңізі бойынша күн сайынғы 52 бюллетень шығару.
Қазақстан Республикасы жер үсті суларының режимі мен ресурстары туралы ақпарат алу және осы ақпаратпен 2 мемлекеттік органды (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және Қазақстан Республикасы Ауы шаруашылығы министрлігі) қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: гидрометеорологиялық мониторингті жүргізуге қолданыстағы желінің орташа өлшемді шығындарының есебі: бір метеорологиялық станцияға - 3973,5 мың теңге; бір гидробекетке - 895,3 мың теңге; бір метеобекетке - 461,8 мың теңге; бір агрометеобекетке - 637,1 мың теңге; бір аэрологиялық станцияға - 24504,6 мың теңге; бір қар көшкіні станциясына - 6065,0 мың теңге; бір қар өлшеуіш бағытқа - 1034,3 мың теңге.
Түпкі нәтиже: халықты, мемлекеттік органдарды қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауы туралы ескерту үшін сенімді гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қолайсыз табиғи құбылыстар туралы анықтамалар беру.
Уақтылығы: мемлекеттік органдарға халықты ақпараттандыру үшін хабарландыру схемасына сәйкес мүмкіндігінше ертерек гидрометеорологиялық ақпаратты беру.
Сапасы: гидрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы: пункт бойынша тәуліктік - 88 пайызға, облыс бойынша тәуліктік - 91 пайызға, облыс бойынша 2 тәулікке - 85 пайызға, облыс бойынша 3 тәулікке - 83 пайызға, ауа райының қауіпті құбылыстарының - 85 пайызға, апатты гидрометеорологиялық құбылыстар (АГҚ) және ауа райының күрт өзгеруі (АРКӨ) туралы дауылды ескертулер - 85 пайызға, айлық ауа райы болжамдарының - 65 пайызға, ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдардың дәл болуы - 80 пайызға, агрометеорологиялық болжамдардың дәл болуы - 82 пайызға.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
388-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 466641 мың теңге (төрт жүз алпыс алты миллион алты жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексі; «Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы; «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы (екінші кезең)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке өңірлер және республикада жалпы экологиялық жағдайдың автоматтандырылған мониторингін жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қоршаған Ортаны Қорғаудың Тұтас Ақпараттық Жүйесін» (ҚОҚ ТАЖ) әзірлеу және енгізу; ҚОҚ ТАЖ жүйе асты ретінде құрамына енетін ақпараттық жүйені әзірлеу, дамыту және енгізу; ҚОҚ ТАЖ қамтамасыз ететін барлық түрлерін (әдістемелік, ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және өзге де) таңдау, әзірлеу және енгізу; шешімдерді қабылдаудың тиімділігін көтеру; мәліметтерді беру, өңдеу, іздестіру кезінде және есеп беруді қалыптастыру кезіндегі жеделдікті көтеру; мәліметтерді беру және өңдеуді автоматтандыру, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметтер Қоймасын құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесін құру және дамыту | | | |
2 | | 005 | Ішкі көздер есебінен жобаны іске асыру | Техника және технологиялық бағдарламалық ресурстарды сатып алу. Лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу: операциялық жүйелер, тораптың мониторинг және басқару құралдары, ақпарат сақтауды қамтамасыз ету құралдары, пайдаланушылар лицензиялары (Oracle), тораптың мониторинг және басқару құралдары (Open View), ақпарат сақтауды қамтамасыз ету құралдары (лицензиялар сегменттер торабының деңгейінде шабуылды табу құралдары), өзге жүйелік өнімдер. Қазақстан Республикасында Қоршаған Ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу: Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мәліметтер Қоймасын (МҚ) жобалау және құру (МҚ жобалау, мәліметтер сөресін жобалау, МҚ мәліметтерді енгізу және тазалау рәсімдерін жобалау және іске асыру), «Жағдаятты орталық», «Қоршаған орта жағдайының мониторингі», «Жобаларды экологиялық сараптамалаудың мемлекеттік жүйесі», «Табиғат пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік бақылау», «Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялау мониторингі», «Қоршаған ортаны қорғау саласында нормативті база» ақпараттық жүйелерін әзірлеу, дамыту және енгізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін әзірлеу, дамыту, енгізу, сонымен қатар:
- Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мәліметтер Қоймасын (МҚ) құру, сонымен бірге МҚ жобалау, мәліметтер сөресін жобалау, МҚ мәліметтерді енгізу және тазалау рәсімдерін жобалау және іске асыру, МҚ-ны ҚОҚ ТАЖ ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру;
- «Ахуалдық орталық», «Қоршаған орта жағдайының мониторингі», «Жобаларды экологиялық сараптамалаудың мемлекеттік жүйесі», «Табиғат пайдаланушылар қызметіне мемлекеттік бақылау», «Табиғат қорғау іс-шараларына инвестициялау мониторингі», «Қоршаған ортаны қорғау саласында нормативті база» ақпараттық жүйелерін әзірлеу, дамыту, енгізу және даналау;
- ақпараттық жүйесін жүйелі ықпалдастыру.
Түпкі нәтиже: қоршаған ортаны қорғаудың Тұтас ақпараттық жүйесін құрудың бірінші кезеңін іске асыру.
Уақытылығы: келісім-шарттар жасау, тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету, сатып алудың бекітілген жоспарына сәйкес жасалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: шешімдерді қабылдау және басқаруды қолдау үшін ақпараттар алу, ақпаратты іздеу және алуда мәліметтерді беру және өңдеу кезінде жеделдікті көтеру.