Уақтылығы: жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкестігі.
Сапасы: аудан халқының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
342-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Геологиялық ақпаратты қалыптастыру»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 82 943 мың теңге (сексен екі миллион тоғыз жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды және жер қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылардың толық және сенімді ақпараттарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер қойнауының есептілігі және жер қойнауын пайдаланушылардың шарттарын орындау; Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау; геологиялық ақпаратты пайдалануда жинақтау, сақтау және беру; жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Геологиялық ақпаратты қалыптастыру | Бекітілген штат санының шегінде оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін республикалық геологиялық ақпарат орталығының ("Казгеоинформ" РГАО) қызметін қамтамасыз ету - 71 бірлік. 1. Жер қойнауының есебі мен жер қойнауын пайдалану шарттарының орындалуы: - пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргізу; - кен орындары мен байқалған пайдалы қазбалардың мемлекеттік кадастрын жүргізу; - жер қойнауын қорғау құқығын беруге арналған инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына шығарылатын объектілердің тізбесін жасау; - геоақпараттық қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдалану объектілерін тіркеу, жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге қатысу; - жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісім шарттық ережелерін орындау есебін ұйымдастыру және жүзеге асыру; - 1-4 ЛКШ нысаны бойынша жер қойнауын пайдалану нәтижелерінің статистикалық айналымы; - тау-кен және геологиялық бөліністерді дайындау мен тапсыру. 2. Қазақстан Республикасы минералды-шикізат кешенінде инвестицияларды талдау: - минералдық шикізат түрлері бойынша инвестицияларды талдау; - әкімшілік облыстар бойынша инвестицияларды талдау. 3. Геологиялық ақпараттарды пайдалануда жинақтау, сақтау және беру: - жер қойнауын пайдалану объектілерінде жұмыстың нәтижелері туралы есептердің республикалық геологиялық қорларын сақтауға қабылдау; - геологиялық ақпараттың құпиялылығы туралы келісімдерді, геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығаруға рұқсатты, геологиялық ақпарат пакеттерін дайындау; - Геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының геологиялық және геофизикалық зерттелуін жүргізу. 4. Жер қойнауы туралы компьютерлік банк дерекқорын техникалық және технологиялық әкімшілік ету. 5. Өзінің құзыреті шегінде геология және жер қойнауын пайдалануды аумақтық басқару қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру. 6. Қазақстан Республикасының геологиялық қорында сақтаулы мәтіндік геологиялық есептерді компьютерлік мұрағаттау. 7. Қазақстан Республикасының геологиялық қорында сақтаулы графикалық геологиялық материалдарды компьютерлік мұрағаттау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
пайдалы қазбалар кен орындары қорларының мемлекеттік балансын жүргізу - 108 баланс; геологиялық ақпаратты қолдануда технология мен беру ГЗҰ-ны пайдаланумен мемлекеттік геологиялық қорға қызмет көрсету; жер қойнауын пайдалануда келісім-шарт жобаларын келісуге; Тау-кен және геологиялық бөліністерді дайындау және беру; жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялық қызметі нәтижелерінің тоқсанаралық шолуларын дайындау - 4 шолу.
2002 жылдан бастап - 2007 жыл кезеңінде:
- 12203 мәтіндік геологиялық есеп, оның ішінде 2007 жылы - есептердің жалпы санының 34,6%-ын құрайтын кемінде 608 есеп;
- 1763 есеп бойынша графикалық қосымшалар, оның ішінде 2007 жылы - графикалық қосымшаларды қамтитын есептердің жалпы санының 5%-ын құрайтын кемінде 882 есеп мұрағатталды.
Түпкі нәтиже: 2007 жылғы 1 қаңтардағы зерделеудің жай-күйі бойынша пайдаланушыларды толық, уақтылы және сенімді геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға арналған шығын - 1020 мың теңге; іске асқан геологиялық ақпарат үшін республикалық бюджетке төлемдердің түсуі.
А4 форматтағы орта есеппен 1000 астам беттен тұратын геологиялық есептердің мәтіндік деректерін компьютерлік мұрағаттауға арналған шығындар - 11549,19 теңге;
орта есеппен 1 шаршы м қара-ақ жеткізгіштерден тұратын графикалық ережелерді компьютерлік мұрағаттауға арналған шығындар - 170,44 теңгені, түрлі түсті - 224,84 теңгені құрайды;
Уақтылығы: белгіленген есептерді белгіленген мерзімінде өткізу.
Сапасы: толық және сенімді ақпарат негізінде дайындалған есептілік.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
343-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік геологиялық зерделеу»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 372 769 мың теңге (үш миллиард үш жүз жетпіс екі миллион жеті жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы; 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізат кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің минералдық-шикізат базасын нығайту және кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіру үшін қазіргі картографиялық негіз құру; минералдық-шикізаттың әртүрлі түрлерінің болжамды ресурстарын анықтау; пайдалы қазбаларды іздестіру бағытын анықтау үшін болжамды-минерагеникалық негіз құру; қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек шикізатының және жер асты суларының қорларының өсуі; геотермальды суларға арналған перспективалық сулы горизонттарды табу мен зерттеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Мемлекеттік геологиялық зерделеу | | | |
2 | | 100 | Өңірлік және геологиялық түсіру жұмыстары | 1. 1:200000 масштабта 38,98 мың шаршы км алаңда геологиялық жете зерттеу; 2. 1:200000 масштабта жер қойнауын гидрогеологиялық жете зерттеу және 13,323 мың шаршы км. алаңында - гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеу; 3. 6500 кв.км. алаңда кенішті аудандарды геологиялық-минерагеникалық карталау; 4. Өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары (ұсақ масштабты картаны дайындау; алға кеткен геофизикалық, геохимиялық жұмыстар; инструктивтік, әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 101 | Іздестіру-бағалау жұмыстары | 1. 300 шаршы км. алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу. 2. ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Шалқар аймақтары шектерінде геология-геофизикалық материалдарды кешенді пайымдаудың аяқталуы. 4. Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінің Мұзбел учаскесі шектерінде көмірсутек шикізаттарына іздестіру-бағалау жұмыстарын жалғастыру. 5. Каспий маңы ойысының орталық бөлігінде Бекет-Бесоба учаскесінің шектерінде іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу басталды. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
4 | | 102 | Іздестіру-барлау жұмыстары | 1. Қазақстан Республикасының 152 ауылдық елді мекендері үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын аяқтау. 2. Қазақстан Республикасының 197 ауылдық елді мекендерін қамтамасыз ету үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын бастау. 3. Жаркент учаскесінде геотермальды сулардың пайдалану қорларын табу мен бағалау үшін іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізуді бастау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 1:200000 масштабта 38,98 мың шаршы км2 алаңда жаңа буынның геологиялық негізі; пайдалы қазбалардың кен орындарын табуға перспективалы жалпы ауданы 800 шаршы км кем емес учаскелерді бөлу; халықты сумен жабдықтау мақсатында жер асты суларын іздестіруге арналған перспективалы сулы горизонттар мен учаскелерді бөлумен 1:200000 масштабта жер қойнауын гидрогеологиялық жете зерттеу және 13,323 мың шаршы км.алаңында - гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеу; 6500 шаршы км алаңда кенішті аудандарды геологиялық-минерагеникалық карталау; өңірлік және геологиялық-суретке түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары - 4 есеп-ұсынымдар; 14 учаскенің шегінде 300 шаршы км. алаңда қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстары; Шалқар учаскесінде мұнай-газ сулы құрылымдардың перспективаларын табу мен болжамдау ресурстарын алдын ала бағалау; Теңіз ойпатының оңтүстік-шығыс бөлігінің мұнай-газ сулы перспективаларын бағалау; Бекет-Бесоба учаскесінде терең бұрғылаумен құрылымды дайындау; 152 елді мекендерін ауыз су қорымен қамтамасыз ету және 197 елді мекендеріне іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді бастау; Жаркент учаскесінде жұмыстың жалпы көлемінен 40 % геотермальды суларға арналған перспективалы сулы горизонттарды ашу және зерттеу.
Түпкі нәтиже: алтынның - 3 тонна, күмістің - 5 тонна, мыстың - 200 мың тонна, полиметалдың - 100 мың тонна, қорларының өсуі нәтижесінде тау-кен өндіру және мұнай-газ өндіру кешендері кәсіпорындарын шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейін көтеру; республикасының 152 ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз су қорымен қамтамасыз ету; 2008 жылы Жаркент учаскесінде геотермальды сулардың қорларын бағалау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1:200000 масштабта 1 шаршы км. геологиялық жете зерттеудің орташа құны - 9301 теңге; 1:200000 масштабта 1 шаршы км. өңірлік гидрогеологиялық жұмыстардың 1 км орташа құны - 5992 мың теңге; қатты пайдалы қазбаларға іздестіру-бағалау жұмыстарының бір объектісінің орташа құны - 34240 мың теңге; 1 ауылдық елді мекенді сумен қамтамасыз ету жөніндегі іздестіру-бағалау жұмыстарының орташа құны - 5357 теңге; геотермальды сулардың пайдалану қорларын табу мен бағалау үшін іздестіру-бағалау жұмыстарының бір объектісінің құны - 148220 мың теңге.
Уақтылығы: уәкілетті орган бекіткен объектілік жоспарға сәйкес жұмыстарды жүргізу.
Сапасы: нұсқаулық талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
344-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 709774 мың теңге (жеті жүз тоғыз миллион жеті жүз жетпіс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 58, 59, 60-баптары; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 56, 58, 59-баптары; «Қазақстан Республикасының Жер қойнауын мемлекеттік сараптау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы; «Қазақстан Республикасындағы Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 106 қаулысы; «2003-2010 жылдарға арналған елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы; «Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; «Су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізу, суды мемлекеттік есепке алу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 85 қаулысы, «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының негізгі түрлерінің минералдық-шикізат базасының нақты жай-күйін белгілеу және Қазақстан Республикасының перспективаға минералдық-шикізат кешенін дамытуды болжамдау; мемлекеттік басқару органдарын Қазақстан Республикасының жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы деректермен ақпараттық қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту болжамымен кен орындарының ірілендірілген геологиялық-экономикалық бағалау; қазіргі жағдайларда республикадағы геологиялық барлау қызметін одан әрі дамыту бағыттары жөнінде ұсынымдарды әзірлеу; мониторингтік дерекқор базасын және лицензиялық және тендерлік объектілер бойынша карталарды жүргізу; геодинамикалық процестерді үлгілеу және болжау; жер қойнауын мемлекеттік сараптау үшін нормативтік-техникалық құжаттарды (әдістемелік нұсқауларды) жасау; өндіріс салалары және жетекші тау-кен кәсіпорындары бойынша анықтамалықты дайындау; Қазақстанда алғаш ашылған минералдардың деректер базасын және коллекциялық қорын жасау, Қазақстан Республикасының аумағында геопарктер құру; Қазақстан Республикасының геохимиялық алаңдар мен аумағының ауытқуын талдау және іздестіру жұмыстарын қою үшін перспективалық алаңдар бөлу, геология саласын дамытудың әлемдік және отандық үрдістерін талдау және ғылыми-технологиялық қамтамасыз етудің мониторингі, жер асты суларын және қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, жер қойнауының жай-күйін бақылау; жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің дамуының жай-күйін бағалау; жер асты суларының ластану және сарқылу учаскелері мен ошақтарын, қауіпті геологиялық процестерді жандандыру учаскелерін табу; жер асты суларының Мемлекеттік су кадастрын (МСК) жүргізу; жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестерінің мониторингін жүргізуді сүйемелдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі | | | |
2 | | 100 | Минералдық-шикізат базасы және жер қойнауын пайдалану мониторингі | 1. Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын дамыту мониторингі және болжау: 1) 4 көшпелі объектілер: - ҚР МЕБ кеңейту мақсатында іздестіру жұмыстарын қоюға арналған геохимиялық алаңдарды талдау; - Қазақстанда алғаш ашылған минералдардың деректер базаларын қалыптастыру, және ҚР-да геопарктерді құрудың негіздемесі, геология саласының ғылыми-техникалық жай-күйін қамтамасыз ету мониторингі (2007 жылы аяқталатын 4 объекті бойынша талдау есептері); 2) жобадағы жаңа объектер: - анықтамалық-талдау жүйесінің негізінде ҚР МЕБ мониторингі (мұнай, газ, конденсат және жер асты сулары); -»"жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы стандарттау, метрология және сертификациялау" мемлекетаралық бағдарлама шеңберінде қойылатын талаптар жүйесін даярлау; - 2030 жылға дейінгі кезеңге ҚР МШК-ің даму болжамы (ҚР тау-кен өндірісінің даму перспективасын көрсететін пайдалы қазбалардың 30 түрлері бойынша материалдар жиынтығы); - лицензияланатын және тендерлік объектілердің деректер базасының мониторингі және тапсырылған келісім-шарттық алаңдарды аналитикалық қамтамасыз ету. 2. Өндірістің салалары бойынша анықтамалық дайындау және нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу (2008 жылы аяқталатын 1 анықтамалық және 4 әдістемелік нұсқауларды әзірлеу). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 101 | Жер асты сулары және қауіпті геологиялық процестер мониторингі | 1. Жер асты суларының мониторингі: 1) 5005 бақылау пункттерінде жер асты суларының мониторингін жүргізуді жалғастыру; 2) жер асты суларының техногенді ластанудың 3 полигонында мониторинг жүргізу; 3) мемлекеттік су кадастрын жүргізу (жер асты сулары); 4) жер асты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы 5) Маңғыстау және Атырау облыстарында жер сілкіну хабаршыларын зерделеу жөніндегі 2 посты құрудың бастамасы; 6) жылжымайтын мүлік орталықтарында 5005 мемлекеттік қадағалау пунктеріне арналған құқықты куәландыратын құжаттарды тіркеу; 7) дистанциондық әдістемелерді қолдана отырып картографиялық және фактологиялық мониторингті орындау мақсатында гидрогеологиялық инженер-геологиялық және тематикалық карталарды жасап-шығарып жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингісін жүргізуді қамтамасыз ету. 2. Қауіпті геологиялық процестердің мониторингі: 1) қауіпті геологиялық процестердің 50 постысында мониторинг жасау және жүргізу; 2) Қаскелең-Талғар және Ертіс полигондарында қауіпті геологиялық процестерді жасау және мониторинг жүргізу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) зерттелетін объектілер бойынша 6 (алты) талдамалық есеп;
2) көшпелі және жаңа объектілер бойынша Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базаларының мониторингін жүргізу;
3) өндірістің салалары бойынша 1 (бір) анықтамалық, 4 әдістемелік нұсқауларды әзірлеуді бастау;
4) сандық және сапалық көрсеткіштерді бақылау, жер асты суларының режимі мен ластануына жер асты суларының мемлекеттік мониторингі (ЖСММ) мемлекеттік желісінің 5005 бақылау пункттерінде су сынамаларын іріктеу деректері;
5) жер асты суларының техногенді ластануның 3 полигонында мониторинг жүргізу;
6) жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мемлекеттік мониторингінің және мемлекеттік су кадастрының (жер асты сулары) деректер банкін жүргізу;
7) жерасты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы;
8) Атырау және Маңғыстау облыстарында жерсілкіну хабаршыларын зерделеу бойынша 2 постыны ұйымдастырудың бастамасы;
9) 5005 мемлекеттік қадағалау пунктеріне арналған құқықты куәландыратын құжаттарды жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеу;
10) өнеркәсіптік ағымдарын көму аудандарының карталары мен анықтамалары;
11) қауіпті геологиялық процестердің 50 постысында мониторинг жасау және жүргізу;
12) қауіпті геологиялық процестерді зерделеу жөнінде Қаскелең-Талғар және Ертіс полигондарында мониторинг жасау және жүргізу.
Түпкі нәтиже:
1. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін минералдық шикізаттардың қорларын табу және арттыру жолымен қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдаланушыларды кен орындарының қорлар жіктелімін реттеуші жаңа нормативтік құқықтық актілермен (нұсқаулықтармен) қамтамасыз ету.
2. Пайдаланушыларды 1 қаңтарға 2007 жылы зерттеу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасындағы жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық, уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі:
- бір объекті (100 шағын бағдарлама) бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар - 4985,9 мың теңге;
- бір объекті бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған орташа шығындар (101 шағын бағдарлама):
1) Жер асты суларының мониторингі:
- 1 бақылау пунктінде жерасты суларының мониторингін жүргізу - 62 мың теңге;
- жерасты суларының техногенді ластануның 1 полигонында бақылау жүргізу - 8333 мың теңге;
- жерасты суларының техногенді ластануының Рудный-Қостанай полигонын құрудың бастамасы - 25000 мың теңге;
- мемлекеттік су кадастрын (жерасты суларының) жүргізу - 20000 мың теңге;
- жерсілкіну хабаршыларын зерделеу бойынша 1 посты құру - 37012 мың теңге;
- 1 мемлекеттік қадағалау пунктіне арналған құқықты куәландыратын құжатты жылжымайтын мүлік орталықтарында тіркеу - 5869 теңге.
Қауіпті геологиялық процестердің мониторингі:
- қауіпті геологиялық процестердің 1 постысында мониторинг жүргізуді бақылау және посты құру - 1250 мың теңге;
- қауіпті геологиялық процестердің 1 полигонында бақылау жүргізу - 33150 мың теңге.
Уақтылығы:
1. ҚР мемлекеттік басқару органдарын пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің минералдық-шикізаттық базасын ұтымды пайдалану және ұдайы өндіру жөніндегі негіздемелік шешімдерін қабылдау үшін, жер қойнауын пайдалануға арналған бірінші кезектегі объектілерге байланысты ұсыныспен, олардың жағдайы туралы нормативтік-құқықтық, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратпен шұғыл қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану саласында инвестициялардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2. Жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы ақпаратты, оларды жою жөніндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ластануы мен қорларының сарқылуын анықтауды дер кезінде ұсыну.
Сапасы:
1. Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтерді (геологиялық барлау жұмыстарын, бағаланған пайдалы қазбаларды, картографиялық және анықтамалық-талдамалық ақпаратты) алушыларды қанағаттандыру нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырады.
2. Жерасты суларының және қауіпті геологиялық процестердің жай-күйі туралы толық және сенімді ақпараттың негізінде есеп берудің дайындығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
345-ҚОСЫМША
231 ң Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өздігінен төгіліп жатқан ұңғымаларды жою және тұмшалау»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1250830 мың теңге (бір миллиард екі жүз елу миллион сегіз жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 56, 48-баптары; «Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар, мұнай, газ, жер асты сулары кен орындарын әзірлеу жер қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1019 қаулысы; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.