ауыр иондардың (Ғе, Ni, Кr, Хе) әсер ету нәтижесінде 12Х18Н10Т, 04Х16Н11М3Т тоттанбайтын хром-никель болаттардың және САВ-1 алюминий қорытпасының үстіңгі қабаттары құрылымының тоттану зақымдануы мен деградацияға ұшырау заңдылықтары анықталды;
планарлық иондық-пассивтелген силиконды (ПИПС) детекторларда иондардың әртүрлі энергиялары кезінде С-тен Ғе-ге дейінгі ауыр иондар үшін амплитудалық ақауды (жеңіл зақымданған бөліктер мен детекторлық импульстар амплитудаларының тең кезіндегі ауыр иондардың энергияларының айырмашылықтары) эксперименттік зерттеу жүргізілді; ПИПС детекторлар үшін ауыр иондардың массасымен және энергиясымен импульс амплитудасын байланыстыратын калибрлік теңдеу белгіленді;
ауыр иондардың спектрометриясы негізінде үлестік тежеу шығындарын өлшеу әдістемесі әзірленді; көміртекте С-тен Ғе-ге дейінгі иондардың үлестік тежеу шығындарын өлшеу жүргізілді;
таяудағы және кулондық кедергіден төмен энергиялар кезінде ядролардың төмен жатқан күйлерін қозғаумен көміртек пен ауа ядроларында көміртектің тығыз және бос шашырауының дифференциалдық қималары өлшенетін; кері геометрия әдісімен жеңіл ядроларда көміртектің резонанстық шашырау қозғалу функциялары өлшенді;
нақты ағын сулардың кейбір типтерінде жасанды және табиғи радионуклидтердің болу нысандарын сипаттайтын физикалық-химиялық деректер кешені алынатын; ағын суларды технологиялық өңдеудің әртүрлі процестерінде, олардың құрамында бірқатар радионуклидтердің болу нысандарын түрлендіру процестері зерттелетін; ҚР ҰЯО ЯФИ-дің ағын суларын тазалау технологиясының және негізгі радионуклидтерден "УМЗ" АҚ-тың уран өндірісінің негізгі элементтері әзірленді;
термикалық қорғаумен өңдеуді, оның ішінде, биологиялық материалды генетикалық талдау үшін пайдаланатын реагенттерді талап ететін материалдарды суықпен стерилдеу әдістері әзірленді;
қоректену орталарының компоненттерін құрайтын микробиологиялық субстраттарды тазалау әдістері әзірленді;
мембраналық сүзгілердің бактерицидтік қасиеттері зерттелді; мембраналық сүзгілерді пайдаланумен геномдық және плазмидтік ДНК-ні бөлу және тазалау әдістері әзірленді.
2. Қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауға және пайдалануға ғылыми-техникалық қолдау жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
КТМ материалдарының үлгілері мен диагностикалық жүйелерінің элементтерін имитациялық сынауларға арналған стенд құрамына кіретін имитациялық қондырғының жабдықтары мен технологиялық жүйелері жөнделді; плазманы сөндіру, физикалық диагностика мен қабырғалық және тозаңдық плазманың қасиеттерін зерттеу бойынша жүйені сынау жөніндегі эксперименттік стендтерде монтаж және іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды;
КТМ-да көрмеге қойылатын материалдарды сынаулардың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету үшін қажетті плазмалардың диагностикасы және басқару әдістерінің әдістемелік әзірленімі орындалды;
КТМ-да көрмеге қойылатын материалдарды зерттеу әдістерінің әдістемелік әзірленімі орындалды;
сутек изотоптарының жиналуын қоса алғанда, плазманың тоқтау режимі мен пайдаланудың штаттық жағдайларында материалдармен өзара іс-қимылдың есептік-теориялық үлгісі алынды, алынған эксперименттік деректермен салыстырылды;
Web-сайт нысанында токамак КТМ-ны құру жөнінде жұмыс барысын бейнелейтін құжаттарда сақтау мен бейнелеудің, іске қосудың бірыңғай жүйесі әзірленді.
3. Пайдалы қазбалардың орта, шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
жете зерттелмеген, оның ішінде көлемі шағын және орта объектілерді үлгілеу және бағалау үшін жаңа әдістер мен математикалық үлгілерді әзірлеу;
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған ең аз шығын кезінде жер қойнауын пайдалану объектілеріне қосымша геологиялық ақпаратты алу үшін қазіргі заманғы технологияларды әзірлеу, сондай-ақ бағдарлы керінді іріктеу бойынша тәжірибелік үлгілерге техникалық құжаттама;
зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісінің кеніштік сынамаларының шектеулі саны негізінде кендердің байыту сипаттамаларын уақытынан бұрын және жедел табудың сенімді жоғары дәрежесіне мүмкіндік туғызатын математикалық үлгілерді әзірлеу;
кендердің заттай және энергетикалық сипаттамаларына байланысты гидрометаллургиялық байыту процестерінің өту байланысын орнату;
керінді үздіксіз іріктеумен ұңғымалық өндіру тәсілін қолдану үшін негізгі технологиялық параметрлерді бағалау;
оларды кейін металлургиялық қайта өңдеу үшін өндірілетін кендердің физикалық-химиялық қасиеттерін бағалау үшін әдістемені әзірлеу;
нарықтық жағдайларда жете зерттелмеген көлемі шағын және орта кен орындарының бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін әзірлеу;
кен орындарын игерудің оңтайлы өлшемдерін анықтау әдістемесін құру және кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалаудың компьютерлік үлгілері;
кен орындарының негізгі параметрлерінің ықтимал сипатын есепке алу және осыған байланысты оларды өнеркәсіптік игеруге күрделі қаржы салудың экономикалық тәуекелгі жөнінде ұсынымдар беру;
олардың инвестициялық тартымдылығының артуын қамтамасыз ететін шағын және орта кенді және кені жоқ объектілерді дайындаудың ұйымдық-техникалық жүйелерін әзірлеу;
тендер алдындағы дайындық кезеңінде жер қойнауын пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру үшін негізгі бағыттарды анықтау және жете зерттелмеген орта және шағын кен орындарын игеру.
Түпкі нәтиже:
- атом энергетикасы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша: өнеркәсіптік өндірісті одан әрі өсіруге бағытталған жұмыстардың ірі кешенін ғылыми-техникалық және технологиялық қолдау, импортты алмастыратын және сараптық бағдарланған өнімдерді шығаруды ұйымдастыру, жаңа ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру және тұтас экономиканы инновациялық қайта құру;
- пайдалы қазбалардың орта және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамыту жөнінде: Қазақстан Республикасының: жете зерттелмеген кен объектілерін геологиялық-технологиялық-экономикалық бағалау және ақауға шығару, қорлар мен объектілерді үлгілеудің жаңа технологияларын бағалауға қойылатын талаптар, кендердің байытылуын бағалауды жетілдіру;
- ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша: ғылымды қажетсінетін озық технологияларды дамыту және жоғары біліммен ғылымды интеграциялау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулердің құны (ғылыми-техникалық сараптауды қоса алғанда):
атом энергетикасын дамытуға - 610259 мың теңге; қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасау және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 74394 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын орташа, шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы дайындық кезінде геотехнологияларды дамытуға - 32330 мың теңге; ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамытуға - 100 000 мың теңге; мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге - 1100 мың теңге;
ғылыми жабдықтарды сатып алу үшін ғылыми ұйымдарға 24961 мың теңге сомада күрделі трансферттер аударылды, оның ішінде бағыттар бойынша: атом энергетикасын дамытуға - 5537 мың теңге; қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасауды және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдауға - 12957 мың теңге; Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларын орта және шағын кен орындарын игерудің және тендер алдындағы геотехнологияларды дамытуға - 6467 мың теңге.
Уақтылығы: жасалатын шарттарға сәйкес жыл бойы.
Сапасы: ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсіптің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру;
кенді және кенді емес объектілерді бағалаудың әдістемелерін жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
336-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 801809 мың теңге (сегіз жүз бір миллион сегіз жүз тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының квотасы бойынша Халықаралық термоядролық реактор жобасына енгізу туралы ІТЭР Кеңесінің 1994 жылғы 28 шілдедегі 6-сессиясы шешімдерінің шеңберіндегі қызметті дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 143-Ө өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: реакторлық материалтану үшін Қазақстан Республикасында бірінші Токамак термоядролық қондырғыны (КТМ) құру, Қазақстан Республикасында ғылымды қажетсінетін және ядролық технологияларды дамыту, Республикада ғылыми әлеуетті дамыту, термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарын зерттеулерді жүргізу, зерттеу материалдарының жаңа кешенді әдістерін пысықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: зерттеу жүргізу, конструкциялық материалдарды сынау әдістерін пысықтау үшін физикалық диагностикалар әдістемелері мен жүйелерін әзірлеу және игеруге арналған жағдайларды қамтамасыз ету; өлшемдердің әдістемелік базасын құру; басқарылатын термоядролық синтез саласында зерттеулерді жүргізу үшін халықаралық зертхананы құрудың ұйымдық іс-шараларын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру | Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамалық тәртіпке сәйкес Тоқамақ Қазақстан термоядролық материалтану реакторын құру жөніндегі іс-шараларды орындау: 1. Ғимараттар мен құрылыстар салуды аяқтау. 2. КТМ қондырғысының дайындауын аяқтау. Қондырғыны жинау және зауыттық сынау. Демонтаж және КТМ қондырғысын Курчатов қаласына жеткізу. 3. КТМ құрылғысының қосымша технологиялық жүйесін құруды жалғастыру. 4. Плазманы жоғары жиілікте қыздыру жүйесін құруды жалғастыру. 5. КТМ құрылғысының физикалық диагностиканы құруды жалғастыру. 6. Вакуумдық сорып алу, газ жіберу және сөндіру жүйесін құруды жалғастыру. 7. Технологиялық салқындату жүйесін құруды жалғастыру. 8. Автоматтандыру тәжірибелер жүйесін құруды жалғастыру. 9. Импульсті электрмен жабдықтау жүйесін құруды жалғастыру. 10. Инженерлік жүйелерді пайдалану және КТМ кешенін күзетумен қамтамасыз ету. Отын сатып алу. 11. Пайдалану құжаттамаларын әзірлеу мен персоналды дайындау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жылжымалы диверторлық құрылғымен, транспортты-шлюздік құрылғымен, электр магниттік жүйемен жинақта ҚТМ қондырғысын зауыттық сынау, Курчатов қаласының алаңына ҚТМ қондырғысын тасымалдау және буып-түю жүргізілді. Ғимараттар мен құрылыстар салу аяқталды. Ішінара: жабдықтар мен материалдарды сатып алынды, Вакуумдық жүйелерінің вакуумдық постарын қалыпқа келтіру және жинау, ҚТМ қондырғысы мен автоматты басқару кешенінің кіші жүйелерін қалыпқа келтіру және жинау бойынша жұмыстар орындалды. Жекелеген жүйелерді дайындау бойынша: плазманы жоғары жиілікте қыздыру, вакуумдық камераны қыздыру және кондицирлеу жұмыстары орындалды. ҚТМ кешені жүйесіне пайдалану құжаттамаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Жылыту маусымы үшін отын сатып алынды, инженерлік жүйелерді пайдаланумен қамтамасыз ету және КТМ кешенін күзету.
Түпкі нәтиже: КТМ кешеніне қондырғыларды зауыттық сынау және жеткізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділік жаңа технологиялық дағдыларды іске асыру, ұлттық ғылыми-техникалық персоналды дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жеңу, инновациялық қызметті ынталандыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
337-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» технопаркін құру»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3470000 мың теңге (үш миллиард төрт жүз жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 832 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламаларын жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ядролық энергетика саласында жаңа технологиялар мен жоғары технологиялық әзірлемелерді құру және енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары технологиялық әзірлемелерді нарыққа шығаруды жылжыту үшін осы заманғы инфрақұрылым құруды қамтамасыз ету, оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Курчатов қаласында "Ядролық технологиялар паркі" технопаркін құру | "Ядролық технологиялар паркі технопаркін құру үшін төмендегі іс-шаралар бойынша жарғылық капиталын ұлғайту: 1. Ядролық технологиялар паркі АҚ-тың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 2. радиациялық технологиялар кешенінің құрылысын бастау; 3. радиациялық технологиялар кешенінің жабдықтарын сатып алу мен монтажды бастау; 4. ядролық реакторлық кешеннің жобасын әзірлеу; 5. ғылымды қажетсінетін өндірістердің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу; 6. әкімшілік-өндірістік сектордың ғимараттары мен құрылмаларының құрылысы және қайта құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, инженерлік желілер мен коммуникацияларды қайта қалпына келтіру және жөндеу; 7. ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс желісін құруға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу; 8. ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс желісін құру жөніндегі жұмысты бастау; 9.»Ядролық технологиялар паркі технопаркі базасында инновациялық жобаларды іске асыратын қорлар мен компаниялардың жарғы капиталына үлестік қатысу арқылы инновацияны енгізу, ғылымды қажетсінетін, оның ішінде бірлескен өндірістерді құру; 10. мамандарды даярлау және қайта даярлауды бастау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-тың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
радиациялық технологиялар кешенінің құрылысы бойынша жұмыс көлемінің орындалуы;
радиациялық технологиялар кешенінің жабдықтарын сатып алу мен монтаждың басталуы;
ядролық реакторлық кешеннің жобасы бойынша жұмыс көлемінің орындалуы;
ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру жөніндегі бекітілген жобалық-сметалық құжаттама;
әкімшілік-өндірістік сектордың ғимараттары мен құрылмаларының құрылысы және қайта құру, инженерлік желілер мен коммуникацияларды қайта қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстардың жалғасуы;
ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру;
мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың басталуы;
ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс желісін құру жөніндегі жобалық-сметалық құжаттама;
ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс желісін құру бойынша жұмыс көлемінің орындалуы.
Түпкі нәтиже: 2011 жылға қарай»"Ядролық технологиялар паркі" технопаркінің инфрақұрылымын құру ядролық және ілеспе технологиялар саласындағы отандық әзірленімдер негізінде ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға және республикада бар ғылыми-техникалық әлеуетті барынша пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ядролық және ілеспе технологиялар көмегімен инновациялық өндірістерді дамыту.
Уақтылығы: жоспар-кестеге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
338-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Уран кеніштерін тұмшалау және жою, техногендік қалдықтарды
көму» деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 606308 мың теңге (алты жүз алты миллион үш жүз сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Уранликвидрудник» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1311 қаулысы; «Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 шілдедегі № 1006 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: таратылатын уран өндіруші кәсіпорындар аудандарындағы тұрғындар мен қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: уран кеніштерін консервациялау және жою, аумақты шұрайландыру және кеніштердің өнеркәсіптік алаңдары мен оған жалғасып жатқан аумақта орналасқан техногендік уран қалдықтарын көму.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Уран кеніштерін тұмшалау және жою, техногендік қалдықтарды көму | 1. Балқаш, Дергачев, Ольгин және Аққан-Бұрлық кен орындарының өнеркәсіптік алаңдарын таратуды аяқтау. 2. Батыс кенішін тарату (Қызыл сай кенорны) - жұмысты жалғастыру. 3. "Қошқар Ата" қалдық қоймасының екі радиациялық қауіпті учаскелерін шұрайландыру - жұмыстың басталуы. 4. Қарасай кенішін таратудың жұмыс жобасын әзірлеу (Жиделі, Қостөбе, Безымянное кенорындары). 5. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында бұрын геологиялық барлау қызметі болған уран объектілерін шұрайландырудың жұмыс жобасын әзірлеу. 6. Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағында бұрын геологиялық барлау қызметі болған уран объектілерін шұрайландырудың жұмыс жобасын әзірлеу. 7. Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумағында бұрын геологиялық барлау қызметі болған уран объектілерін шұрайландырудың жұмыс жобасын әзірлеу | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1) Балқаш, Дергачев, Ольгин және Аққан-Бұрлық кен орындарының өнеркәсіптік алаңдарын таратуды аяқтау. Объект таратылады және Мемлекеттік комиссияға тапсырылатын болады.
2) Батыс кенішін (Қызылсай кен орнын) тарату - жұмыстың жалғастырылуы, жұмыс көлемінің орындалуы 2007 жылы - 37% кем емес және жұмыс жобасының іске асырылуының басталуынан 62,9% кем емес.
3) "Қошқар Ата" қалдық қоймасының екі радиациялық қауіпті учаскелерін шұрайландыру - жұмыстың басталуы, жұмыс көлемінің орындалуы - жұмыс жобасына сәйкес объектінің жалпы құнынан 28% кем емес.
4) Мемлекеттік сараптамадан өткізілген Қарасай кенішін таратудың жұмыс жобасы әзірленді (Жиделі, Безымянное, Қостөбе кенорындары).
5) Мемлекеттік сараптамадан өткізілген Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында бұрын геологиялық барлау қызметі болған уран объектілерін шұрайландырудың жұмыс жобасы әзірленді.
6) Мемлекеттік сараптамадан өткізілген Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағында бұрын геологиялық барлау қызметі болған уран объектілерін шұрайландырудың жұмыс жобасы әзірленді.
7) Мемлекеттік сараптамадан өткізілген Жамбыл және Қызылорда облыстарының аумағында бұрын геологиялық барлау қызметі болған уран объектілерін шұрайландырудың жұмыс жобасы әзірленді.
Түпкі нәтиже: жұмыс аяқталғаннан кейін аумақтың радиациялық ластану деңгейі жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жобалық көрсеткіштерден аспауы тиіс.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаны бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың құны шегінде іске асыру.
Уақтылығы: күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес.
Сапасы: жобаларға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
339-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 533499 мың теңге (бес жүз отыз үш миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қарағандыкөмір» мемлекеттік холдингтік компаниясының құрылымын қайта ұйымдастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 1 қарашадағы № 1415 қаулысы; «Қарағанды көмір бассейнінің тиімсіз шахталарын одан әрі жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі № 1479 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жабылатын газы мол шахталардан болуы мүмкін жағымсыз әсерлерден Қарағанды облысы тұрғындарының өмір тіршілігін қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын тарату жөніндегі техникалық іс-шараларды орындау және тау-кен жұмыстарынан бүлінген жерлерді қайта өңдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Қарағанды көмір бассейнінің шахталарын жабу | 1. "Қарағанды көмір" АҮАҚ № 1 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 2. "Қарағанды көмір" АҮАҚ № 2 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 3. "Қарағанды көмір" АҮАҚ № 3 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. 4. "Арман" ЖШС № 1 шахтасын жабу: 1) тарату жұмыстарын жүргізу; 2) жалпы шахталық және басқа; 3) жобалау-іздестіру жұмыстары. | Қаңтар - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жобаға сәйкес төрт шахта бойынша тарату жұмыстарын жалғастыру, оларды жабу басталғаннан бастап шахталарда тарату жұмыстарының орындалған көлемі: «Қарағандыкөмір» АҮАҚ № 1 шахтасында - 45,2%; «Қарағандыкөмір» АҮАҚ № 2 - 62,7%; «Қарағандыкөмір» АҮАҚ № 3 - 41,1%; «Арман» ЖШС № 1 шахтасын толық тарату.
Түпкі нәтиже: Акті бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырылған шұрайландырылған жердің көлемі 2007 жылы - 56,1 га және бағдарламаны іске асырудан бастап - 3097 га.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жұмыстарды қаржыландыру бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады; жерді шаруашылық айналымға қайтару.