2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Энергетика
және минералдық ресурстар министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 332-354-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
332, 333, 334, 335, 336, 337, 338, 339, 340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347, 348, 349, 350, 351, 352, 353, 353-1, 354, 354-1, 354-2, 354-3 (өте құпия)-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
332-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 887 653 мың теңге (сегіз жүз сексен жеті миллион алты жүз елу үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1106 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитетінің мәселелері» 2004 жылғы 28 қазандағы № 1108 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Энергетика саласында, атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ және атом өнеркәсібін қоса алғанда, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және басқару процесін үйлестіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Энергетика және минералдық ресурстар саласында мемлекеттік реттеу мен басқарудың үйлестіру процесін жетілдіруді қамтамасыз ету, атом, мұнай-химия және атом өнеркәсібін қоса алғанда мемлекеттік саясатты іске асыру; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Отын-энергетикалық кешенді, мұнай-химия өндірісін, энергетикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті, радиациялық қауіпсіздікті, минералдық-шикізаттық базаны және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін энергетика және минералдық ресурстар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру үшін орталық орган аппаратты Энергетика және минералдық ресурстар саласында қызмет түрлері бойынша біліктілік талаптарын бекітуге инспекция жүргізу; лицензиялық шарттар мен ережелердің сақталуын бақылау, лицензиялар беруді қамтамасыз ету. Лицензиарлардың функциясын орындау: - лицензияланатын қызмет түрлерімен айналысуға үміттенуші субъектілерге инспекция жүргізу; - лицензиялық шарттар мен ережелерді лицензия алушылардың орындалуына тексеріс (инспекция) жүргізу; - лицензиялық бланкілерді қосымшаларымен сатып алу. Қазақстан Республикасында, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге құқықты қоса, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, оның ішінде мемлекет меншігіндегі техногендік түзілістерді жер қойнауын пайдалану құқығын беру; Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу: - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурсты жариялау; - геологиялық ақпаратты сатып алу және конкурстық ұсыныстарды беру туралы конкурсқа қатысушыларды хабардар ету; - конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру, конкурс нәтижелерін шығару және оларды жариялау. Жер қойнауына мемлекеттік мониторинг жүргізу. Пайдалы қазбалар қорларына, пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерін туралы геологиялық және экономикалық ақпаратқа, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жөнінде жұмыс жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамаға және мониторингке мемлекеттік сараптама ұйымдастыру және жүргізу, пайдалы қазбалар қорын бекіту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Жер қойнауын пайдалану мониторингін жүзеге асыру. Жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың аумақтық қорларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Өз құзыретінің шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды және олардың орындалуын бақылауды қоса алғанда мемлекеттік қажеттілікке арналған геологиялық зерттеу жүргізуге арналған тапсырыс берушінің мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсетуді мына бағыттар бойынша сатып алу: - мұнай-газ саласы, - электр энергетикасы, - тиісті салалар бойынша халықаралық стандарттарды үйрету. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Өскемен қаласында "Востказнедра" АБ қызметтік ғимаратын, Ақтөбе қаласында "Запказнедра" АБ ғимаратының төбе жабындысы мен қасбетін күрделі жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Министрліктің, ведомстволар мен аумақтық органдардың қызметін материалдық-техникалық жарақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Ақпарат жүйелерін техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету және алып жүру: - Министрліктің WEB-сайтын; - "1С-Бухгалтерия"; - "Қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау" ИИС-і Шығыс материалдарды, жинақтаманы және қосалқы бөлшектерді сатып алу. Есептеу техникалары мен жабдықтарды жүйелік-техникалық қызмет көрсетуі және жөндеу. Жергілікті желілерді монтаждау. Министрлік, ведомство және аумақтық басқармалар үшін есептеу, желілік, телекоммуникациялық және электр жабдықтары мен бағдарламалық өнімдерді сатып алу, орнату, монтаждау. Телекоммуникациялық қызметтерді төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: энергетика саласында, атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсіптерін қоса алғанда, энергия үнемдеу, жер қойнауын пайдалану саласында жаңартылатын және дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және мемлекеттік үйлестіру;
- кәсіби деңгейін көтеру - 27 адам;
- мемлекеттік тілде оқыту - 190 адам;
- ағылшын тілінде оқыту - 24 адам.
Түпкі нәтиже: энергетика саласында, атом, минералдық ресурстар, мұнай-газ, мұнай-химия және атом өнеркәсібін қоса алғанда, энергия үнемдеу саласында орнықты дамуды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 31,1 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытуға арналған орташа шығын - 22,1 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытуға арналған орташа шығын - 23,3 мың теңге.
Уақтылығы: кестемен бекітілген мерзімдерге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктелген функцияларды орындау; мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 9%; ағылшын тілін үйрету курсынан өткеннен кейін ағылшын тілінде құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 3%; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 1%; лицензиялау туралы қолданыстағы заңнаманы сақтау және лицензия алушылардың жолсыздықтарын азайту; лицензияланатын қызмет түрлерін алуға үміткер субъектілерге оперативті инспекция жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
333-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуі
тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету» деген
002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 17598 мың теңге (он жеті миллион бес жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерінің тізбесі туралы» 2000 жылғы 28 шілдедегі № 422 Жарлығы; «Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны бойынша Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 қарашадағы № 1568 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Мұнай-газ капиталы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: уәкілетті органды олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау мақсатында мұнайгаз жобалары шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік активтердің болуы және жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; мұнай-газ жобалары шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге жататын мемлекеттік мүліктің бухгалтерлік есебін қамтамасыз ету және мұнай-газ операциялары бойынша шығындар өтелгеннен кейін мемлекетке мердігер беретін мүліктің есебін қабылдау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Пайдалану құқығы мұнай-газ жобалары жөніндегі мердігерлерге берілуі тиіс мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүргізуді қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Капиталмұнайгаз | 1. Мемлекеттік мекемені бекітілген штат саны - 16 бірлік шегінде ұстау. 2. Мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге пайдалану құқығы берілуге жататын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу. 3. Мекеменің балансына Мердігердің пайдалануынан шығарылған жарамсыз немесе ескі жабдықты одан әрі беру жөніндегі рәсімді әзірлеу. 4. Жедел басқару құқығында Мекемеге бекітілген мемлекеттік меншіктегі газ құбырын игеру жөніндегі үшінші тұлғалардың талап-арыздарына қатысты сот талқылауларында мемлекеттік мүлікті қорғау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: мұнай-газ жобалары бойынша мердігерлерге берілуге жататын мемлекеттік активтердің есебін жүргізу; құны 65 млрд. теңге мемлекеттік активтердің тізілімін жүргізу.
Пайдаланудан алынған материалдық ресурстарды әлеуметтік сипаттағы мұқтаждығы үшін Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру.
Түпкі нәтиже: мұнай-газ жобаларында мердігерлер пайдаланылатын мемлекеттік тиісті мүліктің тиісті есебін жүргізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір қызметкерді ұстауға арналған шығын - 1100 мың теңге; Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділікке өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің шарттарына және концессияның шартына сәйкес активтерді беру жөніндегі міндеттерді орындау жолымен қол жеткізіледі.
Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.
Сапасы: "Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті шешім бойынша мердігердің пайдалануында тұрған және Қазақстан Республикасының газ-көлік жүйесі мен шаруашылық қызметінің ішкі және халықаралық концессиясының шарты бойынша концессионерге берілген мемлекеттің мүліктің бухгалтерлік есебін жүргізу" нұсқаулығына сәйкес есепке алуды жүргізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
334-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 93347 мың теңге (тоқсан үш миллион үш жүз қырық жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 18-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы; «Елдің минералдық-шикізаттық кешені ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қолданыстағы тау-кен және мұнай өңдеу кәсіпорындары үшін пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға жіберген геологиялық зерттеулердің тиімді жүйесін құру және жетілдіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көмірсутегі шикізаттарының, ірі мыс кен орындарының, қорғасын, мырыш, алтын, сирек кездесетін металдарын орналасуының өңірлік және локалды заңдылықтарын анықтау; геология барлау жұмыстарын жүргізу үшін техниканың жаңа үлгілерін әзірлеу; геология барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жаңа ғылыми концепциялар мен тәсілдемелерді әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Жер қойнауын пайдалану геологиясы саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді үш бағыт бойынша жүргізу: 1. Минералдық-шикізат базасының жай-күйін бағалау мен дамуын болжамдау және оны ақпараттық қамтамасыз ету. 2. Қазақстан аумағының геологиялық дамуының тұжырымдамаларын әзірлеу. 3. Геологиялық-барлау жұмыстарының жаңа технологиясын әзірлеу. 4. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметке ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1:1000000 масштабында Қазақстан Республикасының тектоникалық картасы; Қазақстанның негізгі сутуралар аумағының металдылығын бағалау және оның шегінде алтынды, мысты, полиметалдарды іздестіру жұмысын жүргізу жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар; жер қойнауын бағалау үшін аэроғарыштық мәліметтерді пайдаланудың жаңа әдістері; Қазақстан Республикасы геологиялық мұражайының қазбалар фаунасының коллекциясын толықтыру.
Түпкі нәтиже: пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау үшін тектоникалық негіз: Қазақстанның негізгі сутуралар аймағы шегінде пайдалы қазбаларды анықтау арқылы Балқаш маңы өңірінде минералды-шикізат базасын нығайту; жер қойнауын бағалау үшін аэроғарыштық мәліметтерді пайдаланудың жаңа әдісі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жер қойнауын пайдаланудың геология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің жалпы құны (мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша қызметіне ақы төлеуді қоса алғанда) мынаны құрайды:
- «Минералды-шикізат базаларын дамытудың және оны ақпаратты қамтамасыз ету жағдайы мен болжамын бағалау» бағыты бойынша - 53857 мың теңге;
- «Қазақстанның аумағын геологиялық дамыту концепциясын әзірлеу» бағыты бойынша - 25267 мың теңге;
- «Геологиялық барлау жұмыстарының жаңа технологиясын әзірлеу» бағыты бойынша - 14223 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми-техникалық әзірлемелерді жүргізудің нақты және белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: минералды шикізаттар мен көмірсутектерінің маңызды түрлерінің қиын ашылатын кен орындарын олардың ашылуы үшін ғылыми негізін құру жолымен анықтау; пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтау кезінде геологиялық жұмыстардың мерзімдері мен шығындарын қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
335-ҚОСЫМША
231 - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Отын-энергетика кешені, мұнай-химия және минералдық ресурстар
саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 843044 мың теңге (сегіз жүз қырық үш миллион қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы; «Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 927 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: атом энергетикасын дамытуға және қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ғылымды қажетсінетін ядролық технологияларды әзірлеу. Шикізаттық бағыттан алшақтауға ықпал ететін экономиканың салаларын әртараптандыру жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін шарттар әзірлеу, ауыр иондарды пайдаланумен физика, биология саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған ғылымды қажетсінетін технологияларды, әдістер мен жүйелерді әзірлеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жетекші атомдық державалардың тәжірибесі есебінен озық технологиялар негізінде Қазақстанда атом саласын ғылыми-техникалық қолдау, радиоэкологиялық зерттеулердің аппаратуралық және әдістемелік базаларын дамыту, қазіргі халықаралық талаптар деңгейінде радиоактивті қалдықтармен және ядролық отынмен игерілген тиімді айналыс жүйесін құру, радиофармпрепараттары өндірісінің ұлттық саласын құру, пайдаланудың штаттық және экстремалдық жағдайында ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсіп үшін материалдарды, тораптарды элементтер мен құралымдарды сынау және зерттеу, КТМ Тоқамақта оларды құралымдық материалдарды таңдау және сынау режимі бойынша ұсыныстар әзірлеу, термоядролық энергетиканың проблемалары бойынша инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету, жаңа технологиялық шешімдер мен ядролық және термоядролық қондырғылардың құралымдарын меңгеру, жаһандық халықаралық жүйенің құрамында геофизикалық мониторинг желілерін одан әрі дамыту, электр энергиясы мен электр тасымалдаушыларды импорттың орнына қолдану, нашар зерттелген және қиын алынатын орташа, шағын кенді және кені жоқ объектілерді кешенді бағалау әдістерін жетілдіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Отын энергетика кешені, мұнай-химия және минералдық ресурстар саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | 1. "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыру. 2. Курчатов қаласындағы Токамак Қазақстандық термоядролық материалтану реакторын жасау мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау. 3. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбаларының орташа, шағын кен орындарын игеру және тендер алдындағы дайындық кезіндегі геотехнологиясын дамыту. 4. ДЦ-60 ауыр иондарды жеделдеткіш базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласында кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту. 5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің бұйрығымен бекітілген, сатылып алынатын жабдықтар тізбесіне сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарға күрделі трансферттерді аудару. 6. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» бағдарламасы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу:
Қазақстанда атом ғылымының даму проблемалары жөнінде Интернетке кірудің жалғыз нүктесі ретінде www.nuclearenergy.kz ақпараттық порталы құрылды;
конструкциялық материалдардың ағуы, қаттылығы және жайылу жылдамдығы шектеріне қысылтаяң жағдайында ВВР-К реакторында алдын ала сәулеленудің уақыт әсері бойынша эксперименттік деректері алынатын, БН-350 атом реакторында пайдаланылатын 12Х18Н10Т конструкциялық болат үлгілерде құрылымдық-фазалық өзгертулердің эксперименттік заңдылықтары белгіленді;
жеткіліксіз байытылған отынмен ИВГ.1М реакторының белсенді аймағының физикалық сипаттамалары, оларды пайдалану және штаттық емес режимдерде жұмыс істеуден кейін ТВС конструкциялық материалдарының жағдайы мен ерекшеліктері туралы ақпарат алынатын болады. ИВГ.1М реакторы үшін жеткіліксіз байытылған отынмен перспективалы белсенді аймағының техникалық сипаттамалары;
республикалық деңгейде бекітілген объектілердің паспорттары, талдамалық әдістемелер кешені және облыстық және республикалық органдар салалары деңгейінде қабылданған нормативтік құжаттама; топырақ пен өсімдіктердің әр түрлері үшін «топырақ-өсімдік» жүйесінде табиғи және жасанды радионуклидтердің көшу процесін сипаттайтын сандық деректер алынды. Жұмыс істейтін қондырғылар ауданында радиациялық жағдайды болжау. Актілер, хаттамалар, есептер;
геоэкологиялық мониторингтің аппаратуралық-бағдарламалық кешені үшін принциптік схемалардың түзетілген жинағы, аппараттық-бағдарламалық құралдардың жұмыс істейтін кешені жасалды.
ПЯВ-тің 1-2 объектілерінде сынамалы пайдаланудың нәтижелері алынды;
Ауыр иондарды имплантациялау кезінде тереңде көмілген кедергілік қабаттардың қалыптасуынан алынған термикалық берік жабындылармен көлемді материалдар үлгілері жасалды. Салмағы тең емес процестердің термодинамика тәсілдері негізінде;
иондық имплантациялау кезінде көмілген кедергілік қабаттардың қалыптасу теориясы әзірленді;
модельдік таза металдар (Ғе, Ni) мен тоттанбайтын болаттардың (04Х16Н11М3Т, 12Х13М2БФР) құрылымы мен механикалық қасиеттеріне гелиймен алдын ала қоспалау рөлі және ауыр иондарды (Ғе, Nі) имплантациялаудың кейінгі әсері белгіленді;