Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 997 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
26-тармақта:
1) тармақшадағы «және суару машиналарын» деген сөздерден кейін «, жылыжайларды» деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «7» деген сан «8» деген санмен ауыстырылсын;
29-тармақтың 2) тармақшасы «кооперативтеріне» деген сөзден кейін «шаруа серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерге» деген сөздермен толықтырылсын;
32-тармақта:
бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы «кооперативтеріне», «кооперативтерін» деген сөздерден кейін тиісінше «шаруа серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтеріне», «шаруа серіктестіктерін, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кепілдік қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау болып табылады.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |