Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысы
(2018.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
№ 948 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1239 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 265 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 419 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө өкімінде:
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Мырзабеков Жанат Ғайноллаұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы Стратегиялық талдау департаментінің директоры (келісім бойынша); |
мына:
«Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры, Заң департаментінің директоры (келісім бойынша)»; |
көрсетілген кұрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы шығарылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.»;
3-тармақтағы «- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке» деген сөздер «Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
№ 948 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі өкімінің тізбесі
1. «Хьюстон бастамасы» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 1120 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 794 қаулысы.
4. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 764 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 233 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 109-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.
6. «Қазақстан-американ кәсіпкерлікті дамыту әріптестігі жобасын (»Хьюстон бастамасы») іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 112-ө өкімі.