Комитеттің негізгі міндеттері медициналық қызмет көрсетуді бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды сақтау, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ азаматтарға медициналық қызмет көрсетудің қол жетімділігі мен сапасына кепілдіктерді қамтамасыз ету, меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Комитеттің облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында аумақтық бөлімшелері болады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мыналар бойынша медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бақылау және қадағалау функциялары:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарға сәйкес көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын, көлемі мен қол жетімділігін бақылауды қамтамасыз ету;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттардың сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптама жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау практикасына алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын енгізуді бақылауды қамтамасыз ету;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануды бақылауды қамтамасыз ету;
медициналық қызметтердің, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауды бақылауды қамтамасыз ету;
медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптары мен лицензиялау ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емдеудегі сырқаттарға дәрілік заттардың тағайындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) мыналар бойынша медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі атқару функциялары:
денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыру;
денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру;
әр түрлі бейін мамандарының қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастыру;
денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу;
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары мен олардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ басшылардың орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін аттестаттауды жүргізу;
республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тысқары жерлерге таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер және уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті жүзеге асыру;
медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру үшін емтихандар өткізу;
медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік заттарды қоспағанда, алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалауға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
дәрілік заттарды қоспағанда, денсаулық сақтау практикасында алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдануға рұқсаттар беруді жүзеге асыру;
жеке тұлғаларға халықтық медицинамен (емшілікпен) айналысуға куәлік беру;
адамның органдарын (олардың бөліктерін) және тіндерін әкелу мен әкетуді келісу;
көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттану дәрежесін айқындау;
көрсетілген медициналық көмектің сапасы мәселелері бойынша азаматтардың шағымдарын қарау;";
11-тармақта:
1) тармақшада «нормативтік құқықтық кесімдерді,» деген сөздерден кейін «нормативтік-техникалық құжаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада «сапасын бақылау саласында» деген сөздер «сапаны сараптау саласында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада «қызметтің сапасын» деген сөздер «қызмет көрсету аясындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшада «жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер «денсаулық сақтау субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшада «жазалар» деген сөздің алдынан «денсаулық сақтау субъектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшада «тәуелсіз сараптамаға, аккредиттеуге, сертификаттауға» деген сөздер «денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне сараптама жүргізуге, аккредиттеуге, аттестаттауға, лицензиялауға және денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Комитет төрағасы және аумақтық бөлімшелердің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 899 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1124 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация комитетінің құрылымы
1. Басшылық
2. Дәрілік саясат басқармасы
1) Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру бөлімi
2) Фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімi
3. Дәрілік заттар айналымын бақылау басқармасы
1) Дәрілік заттардың сапасын бақылау бөлімi
2) Дәрілік заттардың пайдаланылуын бақылау бөлімi
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 399 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет
көрсету саласындағы бақылау комитетінің құрылымы
1. Басшылық
2. Аккредиттеу және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы
1) Ұйымдастыру-ақпараттық жұмыс бөлімі
2) Лицензиялау, аккредиттеу, аттестаттау және құқықтық жұмыс бөлімi
3. Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдіснама және бақылау басқармасы
1) Медициналық қызмет көрсету саласындағы талдау мен бақылау бөлімі
2) Медициналық қызмет көрсету саласындағы әдіснама бөлімi