Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген
мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 899 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті болып қайта аталсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 899 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтің сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттері денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.";
үшінші абзацта "қызметтің сапасын" деген сөздер "қызмет көрсету саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшада:
екінші абзацта «медицина» деген сөзден кейін «және фармацевтика» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац «құқықтық кесімдерді» деген сөздерден кейін «нормативтік құжаттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацта:
«тегін» деген сөз алынып тасталсын;
«медициналық» деген сөздің алдынан «тегін» деген сөзбен толықтырылсын;
он екінші абзацта:
«әзірлеу және» деген сөздер алынып тасталсын;
«денсаулық сақтау» деген сөздер «медициналық және фармацевтикалық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші абзацта «дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатураларын» деген сөздер «медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатуралары мен біліктілік сипаттамаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацта «азаматтарға ақылы қызмет көрсету кезінде медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын» деген сөздер «денсаулық сақтау саласында, оның ішінде есепке алу-есеп беру құжаттамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
он сегізінші абзацта «мамандандырылған емдік тағам» деген сөздер «арнайы балалар және емдік тағам өнімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту;
медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;
медициналық қызметтерді, алдын алудың, диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалау тәртібін бекіту және оларды жарнамалауға рұқсат берудің тәртібін белгілеу;
медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу және емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіруден, жинау мен сатудан басқа) дайындау және сату бойынша лицензиялау ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
алдын ала медициналық тексерулерден өткізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін белгілеу;
жыныстық сәйкестігінде ауытқушылық бар адамдар үшін жынысын ауыстыруды медициналық куәландыру мен жүргізу ережесін әзірлеу және бекіту;
алдын алудың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын пайдалану тәртібін белгілеу;
диагностика мен емдеудің мерзімдік хаттамаларын әзірлеу және бекіту;
клиникаға дейінгі зерттеулерді, медициналық-биологиялық эксперименттер мен клиникалық сынақтарды өткізудің тәртібін белгілеу;
тіндерді және (немесе) мүшелерді (мүшелердің бөліктерін) алу, консервациялау, адамнан адамға, мәйіттен адамға және жануарлардан адамға трансплантациялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
балаларды сәбилер үйін және білім беру ұйымдарын, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін айқындау;
дәстүрлі емес (халықтық) медицина мамандарының қызметін бақылау;
әлеуметтік маңызы бар аурулар мен айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу ережесін әзірлеу;";
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;";
жетінші абзац ", оның ішінде тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындау" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың, оның ішінде шетелде, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың тәртібін белгілеу;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"азаматтардың денсаулығы мүддесінде салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;";
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) азаматтардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;";
17-тармақтың 2) тармақшасы "ұйымдардың" деген сөзден кейін ", оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 533-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті туралы ережеде:
1-тармақта "салааралық үйлестіруді" деген сөздер "басшылық жасауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау және қадағалау функциялары:
дәрілік заттар айналымы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызметін мемлекеттік бақылау;
медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
дәрілік заттарды өндіруге және көтерме саудада сатуға байланысты қызметке және денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке: өндіруге, тасымалдауға, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, өткізуге, пайдалануға, жоюға лицензия беру және оны қайтарып алу және лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;
біліктілік талаптары мен фармацевтикалық қызметті лицензиялау ережелерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
дәрілік заттар айналымы саласында сараптаманың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
дәрілік заттарды жарнамалауды бақылауды жүргізу;
2) дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялар:
дәрілік заттар айналымы саласындағы бағдарламаларды іске асыру;
дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ кейіннен дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып ала отырып, мемлекеттік тіркеудің қолданылуын тоқтата тұруды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімін жүргізу;
дәрілік заттар айналымы саласына дәріханалық және басқа да практикалардың халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде шаралар қабылдау;
дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъект қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы фармацевтикалық тексеру актісін жасау;
уәкілетті орган бекіткен тәртіппен денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін, қосылған құн салығынан босатуға жататын тауарлардың нысаналы пайдаланылуын растау;
дәрілік заттарды, медицина техникасы мен медициналық бұйымдарды әкелуді және әкетуді келісу;
дәрілік заттарға, медицина техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға салық салу және оларға баға белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілерді аккредиттеу;
фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілердің біліктілік деңгейіне сәйкестігін тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізу үшін заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүргізу;
бес жылда бір рет мерзімділікпен фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды кәсіби құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу;
фармацевтикалық қызметкерлерге біліктілік санатын беру;
дәрілік заттарды жарнамалауға рұқсат беру;
дәрілік заттар айналымы саласында мониторингті жүзеге асыру;
фармацевтикалық білімі бар мамандар қатарынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін жасау;
дәрілік заттарды сынақтан өткізуді және (немесе) зерттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген сынақ зертханаларының тізбесін айқындау;
консультативтік-кеңесші және сараптамалық комиссиялар құру;
жеке және заңды тұлғалардың фармацевтикалық қызмет мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі фармакопеялық баптарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту, сондай-ақ дәрілік заттар өндірісінің технологиялық регламенттерін келісу, оларды есепке алуды және жүйелеуді жүргізу;
өз құзыреті шегінде дәрілік заттар айналымы саласында халықаралық ынтымақтастық жасау.";
11-тармақта:
1) тармақшада "халықтың" деген сөз "азаматтардың" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілерден дәрілік заттар айналымы мәселелері бойынша ақпаратты, есептілікті сұратуға және алуға;";
12) тармақша алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 534-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті шегінде бақылау, қадағалау және іске асыру функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.";
11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау-қадағалау функциялары:
Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
халықты жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жұқпалы және паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан, адамның денсаулығына қауіптілігі ықтимал өнімді, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау;
халықтың иммунитетін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялар:
Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын шешімдер қабылдау;
тамақтан улану, жұқпалы, паразиттік және басқа да аурулар, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;
мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
мемлекеттік органдардың қарауына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөнінде ұсыныстар енгізу;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламалары іске асыру жөнінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
гигиеналық нормативтерді және мемлекеттік органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметін регламенттейтін құқықтық актілерді бекіту;
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерудің дүркіндігін белгілеу;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қою;
Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың тізілімін және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасау және жүргізу;
өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келісу;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру, олардың орындалуына қатысу, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізу;
салауатты өмір салтын насихаттауға қатысу және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық модификацияланған көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құру;
балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық модификацияланған көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялау;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу;
гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;
санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу;
жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асыру;
егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде тану;
халықаралық практикада қауіп-қатерді бағалаудың жалпыға бірдей қабылданған әдістерін есепке ала отырып, қауіп-қатерді бағалауды жүргізуге құқылы барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау;
аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындау;
жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;
санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын мерзімді аттестаттауды, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің республикалық ұйымдарының басшыларын кәсіби құзыреттілігіне аттестаттауды жүргізу;
санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына жоғары және бірінші біліктілік санатын беруді жүзеге асыру.
12. Негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет өз құзыретінің шегінде:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) тұжырымдамаларды, стратегияларды, даму жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
4) халықтың жекелеген топтарына эпидемиологиялық көрсеткіштер мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу жөніндегі санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, алдын ала егулерді жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
6) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте әкелуге, сондай-ақ өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
7) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;
8) шектеу шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеуге;
9) жұқпалы және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласқан адамдарды зертханалық тексеру нәтижелері алынғанға дейін оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жіберуге;
10) жұқпалы және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды міндетті түрде ауруханаға жатқызуға жіберуге;
11) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;
12) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұруға;
13) адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен шикізаттың барлық тyрлерін, технологиялық жабдықтарды, процестерді, құрал-саймандарды, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін, өнеркәсіптік бұйымдарды, құрылыс материалдарын, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен араласатын иондаушы сәулелену көздерін, биологиялық және дәрілік заттар мен препараттарды, ыдыстарды, орамаларды, пластикалық, полимерлік және басқа да материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды және басқа да кеңінен тұтынатын тауарларды өндіруге, қолдануға, сатуға тыйым салуға;
14) белгіленген тәртіппен тіркелмеген балалардың тамақ өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, химиялық заттарды, иондаушы сәулелену көздерін, медициналық және биологиялық препараттарды өндіруге, пайдалану мен қолдануға тыйым салуға;
15) адам денсаулығына зиянды әсері анықталған жағдайда тамақ өнімдерін өндіру және өңдеу кезінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауда материалдар мен реагенттерді қолдануға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларды өсіру стимуляторларын, парфюмерлік-косметикалық өнімді қолдануға тыйым салуға;
16) қолдануға жарамсыз деп танылған жағдайда ауыз сумен және шаруашылық сумен жабдықтау үшін суды, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін пайдалануға тыйым салуға;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға;
18) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзған жағдайда, оларға қаулымен тәртіптік жаза қолдануға;
19) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге;
20) жеке және заңды тұлғалар санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің заңды талаптарын орындамаған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға;
21) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
22) тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерін қызметке тағайындау мен қызметтен босатуға келісуге;
23) Комитеттің жанынан консультативтік-кеңесші органдары мен сараптау комиссияларын құруға құқылы.".
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 628-құжат):
тақырыбында және мәтінде "медициналық қызметтің сапасын бақылау" деген сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті туралы ережеде:
тақырыбында және мәтінде "медициналық қызметтің сапасын бақылау" деген сөздер "медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзыреті шегінде медициналық қызмет көрсету саласындағы атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің сапасы бойынша басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствосы болып табылады.