5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық елді мекендерді, қалалар мен кіші қалаларды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысының 3 қосымшасына сәйкес, тізбе бойынша және сомалар шегінде ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен облыс бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға берілетін трансферттер, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес бекітілген, мемлекеттік сараптамадан өткен, бекітілген жобалау-смета құжаттамаларға сәйкес іс-шараларға 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2 440 746 мың теңге, Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде - 6 380 000 мың теңге. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыз сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңғырту және салу бойынша жұмыс көлемінің орындалуы.
Түпкі нәтиже: Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз сумен жабдықтау объектілерін пайдалануға енгізу.
Уақтылығы: жасалынған шарттар бойынша жұмыс жоспары-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
117-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жұқпалы аурулардан сақтануды қамтамасыз ету»
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5746698 мың теңге (бес миллиард жеті жүз қырық алты миллион алты жүз тоқсан сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 , 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 9 , 13-баптары; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдардың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1431 қаулысы; «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан азаматтарын және жануарлар әлемін адамдар, жануарлар және құстар үшін ортақ аурулардан диагностика жасау, алдын алу және жою іс-шараларын жүргізу арқылы қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикада жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының таралуына жол бермеу; ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллез және/немесе туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыру; жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы ауруларының ошақтарын оқшаулау және жою; шекаралас мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен құстардың тез тарайтын жұқпалы аурулары енуіне тосқауыл қою; уақтылы диагноз қою.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 018 | | Жұқпалы аурулардан сақтануды қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы | Мына жұмыстарды орындау мақсатында штат саны 84 адамдық мемлекеттік мекеме ұстау: - жануарлардың ауруларына диагноз қоюды әдістемелік қамтамасыз ету; - жабайы фаунаның эпизоотиялық мониторингін жүргізу; - жануарлардың ауруларына диагноз қою кезіндегі референттік функция (даулы жағдайларда немесе басқа зертханаларда диагноз қою қиын болған кезде түпкілікті диагноз қою); - ветеринарияда пайдаланылатын микроорганизмдердің депондалған штаммдарының ұлттық коллекциясын жүргізу; - малдың организміндегі, малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттардағы өте улы немесе радиоактивті заттарды анықтау; - малдан өндірілетін өнімдер мен шикізаттардың, жемдердің, жем қоспаларының, ветеринариялық препараттардың импорты, экспорты және транзиті кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптамасының даулы жағдайларындағы зертханалық зерттеулер; - жұмысшыларының біліктілігін көтеру жөніндегі алыс және жақын шетелдердің және халықаралық референттік орталықтардың ғылыми зерттеу мекемелері көрсететін қызметтерін сатып алу; Мыналарды сатып алу: - термостат; - стерилизациялаушы және кәдеге жаратушы автоклав; - дьюара ыдысы; - ұштық жинақтамасы бар механикалық тамызғыштар жиынтығы; - автоматтандырылған мөлшерлеуші қондырғы; - бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютер; - лазерлік принтер; - түрлі-түсті принтер; - сканер; - УАЗ автокөлігіне орналасқан жылдам жылжымалы зертхана; - ГАЗ автокөлігіне орналасқан жүк тасымалдайтын автокөлік. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 101 | Жануарлар ауруларының диагностикасы | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құстардың аурулары бойынша серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық зерттеулерді қоса алғанда 19,0-24,0 млн. зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
4 | | 102 | Эпизоотияға қарсы шаралар | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құстардың ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету: ветеринариялық препараттардың 90,0-110,0 миллион дозасын және жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының алдын алу, сонымен қатар ветеринариялық препараттардың республикалық қорын толтыру үшін 50 000 -55 000 литр дезинфекциялық заттар сатып алу; сатып алған препараттарды соның ішінде республикалық ветеринариялық препараттар қорын белгіленген орнына дейін жеткізу; ветеринариялық препараттарды қолданғанға дейін сақтау; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау; ветеринариялық препараттарды жергілікті жерлерде қолдану, оған қоса: 1) серологиялық зерттеу үшін қанның сынамаларын алу және жеткізу - 19,0-24,0 миллион сынама; 2) 90,0-110,0 миллион ветеринариялық препараттардың дозасын жануарларға егу. Ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі және/немесе туберкулезі бойынша қолайсыз 65-75 пункттерін белгіленген тәртіпке сәйкес сауықтыру, оған қоса мыналарды өткізу: кері нәтиже алғанға дейін жануарларды зерттеу; ауру жануарларды өткізу; жануарларды егу; ауру жануарлар ұсталған жайларды дезинфекциялау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
5 | | 103 | Жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы ауруларының ошақтарын жою | Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес жануарлар мен құстардың ауруы шығады деп күтілген табиғи ошақтарын оқшаулау және жою бойынша 100% іс-шараларды ұйымдастыруға кіретіндері: ветеринариялық препараттар мен дезинфекциялық құралдарды жеткізу; өлген малдар мен құстардың өлекселерін өртеп жіберу арқылы жою; алынып қойылған, жойылған малдың, азықтың, азық қоспаларының және ветеринариялық препараттардың құнын өтеу; эпизоотологиялық ошақта және қатерлі аймақта малдар мен құстарды мәжбүрлеп егу; малдар мен құстар ұсталған жайларды дезинфекциялау; зертханалық зерттеу үшін қанның сынамаларын және патматериалды алу және жеткізу; созылмалы ауруларға бақылаулық зерттеу жүргізу; карантин кезінде карантиндік бекеттер, дезинфекциялық кедергілер орнату және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру. Шекаралас мемлекеттерде жануарлар мен құстардың аса қауіпті инфекциялық аурулары шыққан кезде республикаға инфекцияны енуіне жол бермеу жөнінде шекаралық карантиндік уақытша бекет ұйымдастыру жүзеге асырылады, онда мыналар қамтылады: дезинфекциялық заттарды республикалық қордан осы бекеттерге дейін жеткізу; көлік құралдарын дезинфекциялау үшін дезинфекциялық уақытша кедергілер орнату немесе бар дезинфекциялық кедергілерді жөндеу және оларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары шекаралас мемлекеттерде эпизоотиялық қалыпты жағдай қалыптасқанынша ұйымдастырылады. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жануарлар мен құстардың ауруларына диагноз қоюдың қолданыстағы әдістерін жетілдіру; мемлекеттік мекеменің атқаратын қызметін жақсарту мақсатында қажетті зертханалық құрал-жабдықтар мен техникалармен жарақтау: термостат - 4 бірлік, стерилизациялаушы және кәдеге жаратушы автоклав - 4 бірлік, Дьюара ыдысы - 30 бірлік, ұштық жинақтамасы бар механикалық тамызғыштар жиынтығы - 10 бірлік, түрлі сұйықтықтармен жұмыс істеу үшін автоматтандырылған мөлшерлеуші қондырғы - 6 бірлік, бағдарламамен қамтамасыз етілген компьютер - 4 бірлік, лазерлік принтер - 4 бірлік, түрлі-түсті принтер - 4 бірлік, сканер - 4 бірлік, УАЗ автокөлігіне орналасқан жылдам жылжымалы зертхана - 2 бірлік, ГАЗ автокөлігіне орналасқан жүк тасымалдайтын автокөлік - 1 дана; жануарлар мен құстар ауруларына диагноз қою бойынша 19 - 24 миллион зерттеу жүргізу, 90,0 - 110,0 миллион бас жануар мен құсты иммунизациялау, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың туберкулезі және/немесе бруцеллезі бойынша 65-75 қолайсыз пункттерді сауықтыру, жануарлар мен құс ауруларының ошақтарын 100% жою;
Қазақстан Республикасы аумағына жануарлар мен құс ауруларының шекаралас мемлекеттерден енуіне жол бермеу.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының азаматтары, жануарлар әлемі және құстар үшін эпизоотиялық қолайлықты қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орташа шығын 1 диагностикалық зерттеуге - 93,59 теңгені, бір алдын-алу іс-шарасына - 27,05 теңгені, бір ошақты туберкулез және бруцеллез ауруларынан сауықтыруға - 7 429,84 мың теңгені және Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар мен құс ауруларының ошағын жоюға және жануарлар және құстың жіті инфекциялық аурулары таралуының алдын алуға - 550 000,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасында мал және құс ауруларының таралуын 100% болдырмау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
118-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтауды және кәріздендіруді дамытудың салалық жобасы (2-кезең)»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 102235 мың теңге (бір жүз екі миллион екі жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2002-2010 жылдарға арналған»Ауыз су» салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысы; «Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдау» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріздеу (2-кезең)" жобасын дамыту үшін»"Кіші жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу" жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаға әлеуметтік бағалау жүргізу, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін қоршаған ортаға жобаның тигізетін әсеріне бағалау жүргізу, орталық және жергілікті атқарушы органдарға семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтауды және кәріздендіруді дамытудың салалық жобасы (2-кезең) | | | |
2 | | 006 | Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Мемлекеттік сараптаманы өткізуді қоса алғанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздеменің жобасын әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерді төлеу; оқыту, конференциялар және семинарлар өткізу; келісім-шарт туралы келіссөздерге қатысу; Жоспарланбаған шығындар (грант аудиті). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Мемлекеттік сараптаманы өткізуді қоса алғанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздеменің жобасын әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерді төлеу; оқыту, конференциялар және семинарлар өткізу; келісім-шарт туралы келіссөздерге қатысу; жоспарланбаған шығындар (грант аудиті). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бір техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді аяқтау.
Түпкі нәтиже:»Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтауды және кәріздендіруді дамытудың салалық жобасы (2-кезең) жобасының толық масштабтағы техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы ауыл тұрғындарын сумен жабдықтауды жақсарту үшін 1 техникалық экономикалық негіздеме алу.
Уақтылығы: жұмыстарды бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы: техникалық-экономикалық негіздемеге дұрыс қорытынды алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
119-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету» деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7058162 мың теңге (жеті миллиард елу сегіз миллион бір жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 3 , 4 , 6 , 9 , 10, 11, 12-баптары; «Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3 , 9 ,12-баптары; «Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысы; «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мемлекеттік азық-түліктік астық резервін дер уақытында жаңарту және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау үшін астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және орнын ауыстыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | Азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру қажеттіліктерін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік ресурстарға астықты сатып алу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жаңарту үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 543 мың тоннаға дейінгі көлемде астық сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 101 | Азық-түлік астығы мемлекеттік резервінің астығын сақтау және ауыстыру | 500,0 мың тонна көлеміндегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау, сол сияқты 17,0 мың тоннаға дейінгі көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік резерві астығының орнын ауыстыру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.27.07. № 637 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 543 мың тоннаға дейін көлемдегі астықты мемлекеттік астық ресурстарына сатып алу;
- есеп беру кезеңінің соңына 250,0 мың тоннаға дейін көлемдегі ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру;
- 500,0 мың тонна көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау;
- 17,0 мың тоннаға дейін көлемдегі мемлекеттік азық-түліктік астық резервін жеке меншік астық қабылдау кәсіпорындарынан мемлекеттік астық базаларына орнын ауыстыру.
Түпкі нәтиже:
- есеп беру кезеңінің соңына шамамен 45% көлемдегі ағымдағы жылғы егіннің астығын мемлекеттік азық-түліктік астық резервіне орналастыру (ғылыми негізделген нормалар бойынша 30% кем емес);
- республика тұрғындарының астықпен азық-түліктік қамтамасыз ету үлесі - шамамен 16-17%;
- астықты мемлекеттік сатып алуға қатысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің саны - 1500 кем емес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 3 сыныпты жұмсақ бидайдың 1 тоннасының орташа бағасы - 14,0-18,0 мың теңге;
- мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын 1 тонна астықтың сақтау құны - 130,0-дан -140,0 теңгеге дейін;
- мемлекеттік астық ресурстарының 1 тоннасының орнын ауыстыру бағасы - 1200,0-дан - 1300,0 теңгеге дейін.
Уақтылығы: мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу, сақтау және орнын ауыстыру белгіленген мерзімде жүзеге асырылады:
Сапасы: жоғарғы сапалы 100% астық сатып алу, астықтың 100% сандық-сапалық сақталуы, мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықтың 3,5% дейінгі көлемінің орнын ауыстыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
120-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету» деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 203594 мың теңге (екі жүз үш миллион бес жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 159-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемені құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 83 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дала жұмыстарын бастауды, тұқым себудің мерзімі мен көлемін, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды жоспарлау үшін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін сапалы агрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету; өсімдік шаруашылығы өнімінің түсімділігін, жалпы өнімі мен сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: топырақ ылғалдылығының жай-күйіне, дала жұмыстарының басталуы алдында топырақ ылғалдылығы қорларын, тұқым себу мерзімдерін, дәнді дақылдарды жинаудың агрометеожағдайларын бағалау және болжау, агрометеорологиялық көрсеткіштерді былтырғы жылғымен салыстырғанда, талаптарда қардың қалың жиналу жағдайын және басқаларды талдау метеопараметрлеріне 100% бақылау жүргізу; жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайына ғарыштық мониторинг жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін бағалау, топырақтың құнарлылығын сақтау және көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету | | | |
2 | | 100 | Ауыл шаруашылық өндірісін агрометеорологиялық қамтамасыз ету | 1. Ауыл шаруашылығы өндірісін мынадай ақпаратпен қамтамасыз ету үшін агрометеорологиялық мониторинг жүргізу: онкүндік агрометеорологиялық бюллетені; онкүндік ішіндегі топырақтағы пайдалы ылғалдық қорларының қосылып отыру қорытындысы; жаздық дәнді дақылдардың онкүндік ішіндегі жай-күйі (даму кезеңі басталған күн, биіктігі, қалыңдығы, жай-күйін бағалау) және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен дамуына агрометеорологиялық жағдайлардың әсер етуі; дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың облыстағы орташа өнімділігі мен жалпы өнімін болжау; көктемгі-егіс жұмыстары басталуы алдына топырақтағы ылғалдық қорларын болжау; тұқым себудің оңтайлы мерзімдерін болжау; күздік дақылдардың қыстап шығуын болжау; бидайдың пісу мерзімдерін болжау; қар жиналу жағдайы туралы кеңес беру; дәнді дақылдарды жинаудың агрометеорологиялық жағдайларын болжау; күздік дәнді дақылдардың қыс келер алдындағы жағдайын талдау; күздік дәнді дақылдардың өсу жаңаруы кезеңіндегі жағдайын талдау; топырақтың күзде қатып қалуы алдындағы және көктемгі-егіс жұмыстары алдындағы пайдалы ылғалдың нақты қорларын талдау; дәнді дақылдарды жинау жағдайларын талдау; агрометеорологиялық көрсеткіштерді орташа көпжылдық көрсеткіштермен, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырмалы сипаттама; еліміздің аумағы бойынша ауа райы жағдайына байланысты аурулар мен ауыл шаруашылығы зиянкестерінің дамуы жағдайын талдау; станциялар бойынша метеорологиялық кесте; көктемгі егісті өткізудің мерзімі мен шарттары туралы консультация; қар ерігеннен кейін күздік дәнді дақылдардың жай-күйін талдау (бағыттық зерттеулер қорытындысы бойынша); Қазақстан аумағы бойынша маусымға арналған ауа-райы болжамы туралы анықтама; Қазақстанның астықты аймағының 21 ауданы үшін өсу кезеңінің ортасындағы және бүкіл өсу кезеңіндегі жағдай бойынша онкүндік бойынша өсімді нәтижемен тәуліктік орташа температура 0 градустан жоғары болған кезеңдегі ауаның белсенді оң температуралары сомаларының кестесі; Қазақстанның астықты аймағының 21 ауданы үшін өсу кезеңінің ортасындағы және бүкіл өсу кезеңіндегі жағдай бойынша онкүндік бойынша өсімді нәтижемен тәуліктік орташа температура 5 градустан жоғары болған кезеңдегі ауаның тиімді температуралары сомаларының кестесі. 2. Мына бағыттар бойынша ғарыштық мониторингтің мәліметтерін алу: жаздық дәнді дақылдардың егістік алқаптарының көлемдерін бағалау; дәнді дақылдар егістіктер жай-күйінің диагностикасы; жаздық дәнді дақылдар егістіктерінің ластануын бағалау; таза сүрі жерлердің алқаптарын айқындау; жаздық дәнді дақылдардың өнімділігін және жалпы өнімін болжау; биылғы жылы өңделген егістіктерді айқындау және күріш егістігі алқаптарының көлемдерін бағалау; күріш өнімділігін және жалпы өнімін болжау. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
3 | | 101 | Республикалық ғылыми- әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығы | Топырақ агрохимиялық зерттеулер және топырақ құнарлылығы мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарға ғылыми-әдістемелік басшылықты, жылдағы агрохимиялық тексерулерге және топырақ құнарлығы мониторингі нәтижелеріне талдауды, басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін қазіргі заманғы ГИС-технологиялар негізінде топырақтың гумуспен және қоректік заттардың жылжымалы нысандармен қамтамасыз етілуі жөніндегі электрондық және қағаз жүзіндегі агрохимиялық картограммаларын құрастыруды; республиканың жыртпалы жерлерінің агрохимиялық мәліметтері банкін қалыптастыру және толықтыруды; жер пайдалану аумағының агроландшафтық жағдайын ескере отырып минералдық тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін әзірлеу үшін химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми-өндірістік тәжірибелер жүргізуді; микротыңайтқыштардың жаңа түрлерін сынау; минералдық тыңайытқыштардың үлкен мөлшерлері пайдаланылатын суармалы жерлерде топырақта, өсімдіктерде және өнімде ауыр металдардың жылжуы мен жиналуы мәселелерін зерттеуді; топырақта және ауыл шаруашылығы өнімінде пестицидтердің қалдықты көлемінің жиналуы жөнінде зерттеулер жүргізуді; уәкілетті органның аумақтық инспекциялары бақылау жүргізгенде топырақтың агрохимиялық құрамы туралы шынайы мәліметтерді алу үшін бақылау топырақ үлгілеріне іріктеуді және талдауды; топырақ құнарлығының жағдайы мен өзгеруін бақылауды, топырақты химиялық талдау және агрохимиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі әдістеме мен әдістемелік нұсқауларды жетілдіру жүзеге асыратын штат саны 150 адамдық «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін ұстау. Ұйымдастыру техникасын, автокөлік, зертханалық жабдық, зертханалық жиһаз сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |