Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 597 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«40» деген цифрлардан кейін «, 40-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«98» деген цифрлардан кейін «, 98-1, 98-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
«113» деген цифрлардан кейін «, 113-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«118» деген цифрлар алынып тасталсын;
«138» деген цифрлардан кейін «, 138-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«193» деген цифрлардан кейін «, 193-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«210» деген цифрлар алынып тасталсын;
«237» деген цифрлардан кейін «, 237-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«259» деген цифрлардан кейін «, 259-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«278», «279», «280», «281» деген цифрлар алынып тасталсын;
«282» деген цифрлардан кейін «, 282-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«283», «289» деген цифрлар алынып тасталсын;
«289» деген цифрлардан кейін «, 289-1, 289-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
«305» деген цифрлар алынып тасталсын;
«314» деген цифрлардан кейін «, 314-1, 314-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
«353» деген цифрлардан кейін «, 353-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«354» деген цифрлардан кейін «, 354-1, 354-2, 354-3» деген цифрлармен толықтырылсын;
«374» деген цифрлардан кейін «, 374-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«393» деген цифрлардан кейін «, 393-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«439» деген цифрлардан кейін «, 439-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша:
көрсетілген қаулыға 9-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 407 915 мың теңге (төрт жүз жеті миллион тоғыз жүз он бес мың теңге).»;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 44 244 219 мың теңге (қырық төрт миллиард екі жүз қырық төрт миллион екі жүз он тоғыз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 5-жолдағы «7 әкімшілік тұрмыстық корпусы» деген сөздер «№ 6, № 7 әкімшілік тұрмыстық корпустарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда:
«оқ-дәрілерді» деген сөздерден кейін «, қару-жарақты;» деген сөздермен толықтырылсын;
«криминалистикалық техниканы,» деген сөздерден кейін «арнаулы құралдарды,» деген сөздермен толықтырылсын;
«жиһаз» деген сөзден кейін «және кілем бұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
«құралдарын» деген сөздерден кейін «сондай-ақ баспаханаға, баспасөз қызметіне арналған жабдықтар» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 16-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 3-жол «, оның ішінде елден тысқары» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 4-жол «Өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 17-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 140 442 мың теңге (бір жүз қырық миллион төрт жүз қырық екі мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанындағы «жолаушы поездарында орындарды брондау бойынша қызметтерді төлеу» деген сөздерден кейін «, байланыс қызметтеріне ақы төлеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 19-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 402 870 мың теңге (төрт жүз екі миллион сегіз жүз жетпіс мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 22-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 642 018 мың теңге (алты жүз қырық екі миллион он сегіз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 23-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 122 415 мың теңге (бір жүз жиырма екі миллион төрт жүз он бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2 087 499 мың теңге (екі миллиард сексен жеті миллион төрт жүз тоқсан тоғыз мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 383 422 мың теңге (үш жүз сексен үш миллион төрт жүз жиырма екі мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 26-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 343 325 мың теңге (бір миллиард үш жүз қырық үш миллион үш жүз жиырма бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4 283 598 мың теңге (төрт миллиард екі жүз сексен үш миллион бес жүз тоқсан сегіз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны «Өткен жылдардың кредиторлық берешегін өтеу.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Қаржы-экономикалық нәтижесінде»:
«2442» деген цифрлар «2420,76» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«1090» деген цифрлар «1080,53» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«300» деген цифрлар «297,39» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«1287» деген цифрлар «1287,06» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 30-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 281 154 мың теңге (екі жүз сексен бір миллион бір жүз елу төрт мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 32-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«- объектінің орналасқан жерін айқындау жүйелері;» деген сөздерден кейін «- Зонт-Алматы жүйесі;» деген сөздермен толықтырылсын;
«жабдықтарды орнату және инсталляциялау» деген сөздерден кейін «және оқыту» деген сөздермен толықтырылсын;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 40-1-қосымшамен толықтырылсын;
4) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 14 834 055 мың теңге (он төрт миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион елу бес мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 43-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 350 703 мың теңге (бір миллиард үш жүз елу миллион жеті жүз үш мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы «81» деген цифрлар «82» деген цифрлармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «21» деген цифрлар «22» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жоғары деңгейдегі топтың Сарапшылық-ұйымдастыру тобы» деген сөздерден кейін «, Душанбе қаласында 2006 жылғы 25 мамырдағы ТМД Үкімет басшыларының Кеңесі бекіткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі соғыс ардагерлерінің, жергілікті қақтығыстарға, бітімгершілік операцияларға қатысушылардың және терроризм құрбандарының өмір сүру сапасын жақсартудың және еңбекке қабілеттілігін жоғалтудың алдын алудың әлеуметтік және медициналық негіздерін дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтиже» деген бірінші абзацындағы «102» деген цифрлар «104» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 45-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 952 008 мың теңге (тоғыз жүз елу екі миллион сегіз мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге» деген сөздерден кейін «және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету бастамасын іске асыру бойынша курстарға» деген сөздермен толықтырылсын;
«Сыртқы істер министрі» деген сөздер «Үкімет мүшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «мемлекеттік және меншік әріптестік үлгілерін ендіру» деген сөздерден кейін «, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту» деген сөздермен толықтырылсын;
«422» деген цифрлар «434» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 46-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 879 004 мың теңге (сегіз жүз жетпіс тоғыз миллион төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. ЕҚЫҰ өкілдерінің Қазақстанда іс-шаралары мен сапарларын ұйымдастыру, ЕҚЫҰ шеңберінде Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро сарапшыларының ОСК жанындағы консультативтік орталық базасында байқаушылар даярлауға қатысуы.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде» «сарапшылар консультацияларын өткізу» деген сөздерден кейін «, 2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық бастаманы жылжыту» деген сөздермен толықтырылсын;
5) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 52-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 226 491 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма алты миллион төрт жүз тоқсан бір мың теңге).»;
көрсетілген қаулыға 53-қосымшада:
7-тармақтың «Қаржылық-экономикалық нәтижесінде»:
«604,4 мың теңге» деген сөздер «589,08 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«201,2 мың теңге» деген сөздерден кейін «221,2 мың теңге» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 55-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 13 315 166 мың теңге (он үш миллиард үш жүз он бес миллион бір жүз алпыс алты мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) 15 мың орынға арналған әмбебап спорт сарайын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қайта жаңарту және шаңғы трамплині (К-90, К-120) кешенінің құрылысын бастау.»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «15 мың орынға арналған әмбебап спорт сарайын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қайта жаңарту және шаңғы трамплині (К-90, К-120) кешенінің құрылысын бастау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 57-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 110 000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ықтимал үміткер-спортшылар даярлығының қорытынды кезеңінің моделін әзірлеу (педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық аспектілер).»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесінде»:
бірінші абзацтағы «4 тақырып бойынша ғылыми зерттеу жүргізу» деген сөздер «5 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарын қатысуға ықтимал үміткер-спортшылар даярлығының қорытынды кезеңінің моделін әзірлеу (педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық аспектілер) - спортшылар даярлығының қорытынды кезеңіндегі оқу-жаттығу процесі бойынша медициналық-биологиялық, фармакологиялық және қалпына келтіру препараттарын пайдалана отырып, жеке адам ағзасының ерекшеліктерін, психо-эмоционалдық жүктемені және алдағы олимпиаданың ақтық жарыстарының басталуына спорт түрлерінің айрықша талаптарын ескере отырып, әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.»;
«Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «10 000» деген цифрлар «27 500» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 59-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3 618 903 мың теңге (үш миллиард алты жүз он сегіз миллион тоғыз жүз үш мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Астана қаласында коньки тебу стадионын салу»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «, Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және Астана қаласында коньки тебу стадионының құрылысын бастау.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 61-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 4 667 503 мың теңге (төрт миллиард алты жүз алпыс жеті миллион бес жүз үш мың теңге).»;
7-тармақтың «Қаржылық-экономикалық нәтижесіндегі» «1307,7» деген цифрлар «1414,2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
6) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 65-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 396 122 мың теңге (үш жүз тоқсан алты миллион бір жүз жиырма екі мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны:
реттік нөмірі 2-жол «Астана қаласында Халықаралық баспасөз орталығын ашу.» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 4-жол «Астана қаласындағы Халықаралық баспасөз орталығы үшін ұйымдастыру техникасын және жабдықтар сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 70-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 10 663 511 мың теңге (он миллиард алты жүз алпыс үш миллион бес жүз он бір мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«- Конгресс-холл құрылысын салу;
- «Шабыт» шығармашылық сарайын салу»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және Конгресс-холл мен «Шабыт» шығармашылық сарайының құрылысын бастау» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 72-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Құны: 1 060 820 мың теңге (бір миллиард алпыс миллион сегіз жүз жиырма мың тенге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағанындағы «Солтүстік Қазақстан облысында «Абылай хан Резиденциясы» кешенін қайта жаңғырту. Минск қаласында жауынгерлерге стела орнату жұмыстарын жалғастыру.» деген сөздер «Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» кешенін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Минск қаласында жауынгерлерге стела орнату жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Душанбе қаласында тәжік-ауған шекарасын күзету жөніндегі қызметін атқару кезінде қаза болған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне Монумент орнату» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижедегі» «Петропавл қаласында»Абылай хан Резиденциясы» кешенін қайта жаңғырту. Минск қаласында жауынгерлерге стела орнату жұмыстарын жалғастыру.» деген сөздер «Петропавл қаласында «Абылай хан резиденциясы» кешенін қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Минск қаласында жауынгерлерге стела орнату жөніндегі жұмыстарды аяқтау. Душанбе қаласында тәжік-ауған шекарасын күзету жөніндегі қызметін атқару кезінде қаза болған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне Монумент орнату» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «27,7» деген цифрлар «30,3» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 75-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 1 295 923 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан бес миллион тоғыз жүз жиырма үш мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанындағы «Жібек жолы меруерті» атты фотокөрме өткізу» деген сөздерден кейін «Еуразия-2007 халықаралық кинофестивалі. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шығармашылық және ғылым саласындағы зиялыларының екінші форумы;» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«7 фестивальдар» деген сөздер «8 фестиваль» деген сөздермен ауыстырылсын;
«24 басқа да іс-шаралар» деген сөздер «25 басқа да іс-шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «19 985» деген цифрлар «24 644» деген цифрлармен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 82-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 3 502 164 мың теңге (үш миллиард бес жүз екі миллион бір жүз алпыс төрт мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«- орталық офис пен тілшілер бюросын материалдық-техникалық жарақтандыру, шет елдегі орталық офис пен тілшілер бюросын материалдық-техникалық жарақтандыру, ақпараттық-талдау қызметінің пакетін әзірлеу мен жасау, www.inform.kz. web-сайты негізінде www.inform.kz. web-порталын әзірлеу және жасау үшін қатысу үлесін сатып алу («Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту).»;
7-тармақтың «Тікелей нәтижесі» «, орталық офис пен тілшілер бюросы, шет елдегі орталық офис пен тілшілер бюросы материалдық-техникалық жарақтандырылады, www.inform.kz. web-порталының www.inform.kz. web-сайты базасы негізінде ақпараттық-талдау қызметінің пакеті жасалады.» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 84-қосымшада:
«022» Алматы қаласының бюджетіне республикалық бюджеттен берілген 2007 жылы мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуіне арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» деген бағдарламаның тақырыбында «2007 жылға арналған» деген сөздер «мәдениет ұйымдарының 2007 жылы жұмыс істеуіне және мәдениет ұйымдарының жүйесін қолдауға бөлінетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 250 632 мың теңге (екі жүз елу миллион алты жүз отыз екі мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағаны «Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетшілер үйіне күрделі жөндеу жүргізу.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижесі» мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетшілер үйіне күрделі жөндеу жүргізу»;
«Уақтылығындағы» «5» деген цифр алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 85-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 670 400 мың теңге (алты жүз жетпіс миллион төрт жүз мың теңге).»;
7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 89-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 57 470 476 мың теңге (елу жеті миллиард төрт жүз жетпіс миллион төрт жүз жетпіс алты мың теңге).»;
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 5-жолының 5-бағанында 1-тармақтың а) тармақшасындағы «және күрделі» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде»:
«361» деген цифрлар «197» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«және техниканың 348 бірлігі» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 90-қосымшада:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 91-қосымшада:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 93-қосымшада:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
94-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 95-қосымшада:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 96-қосымшада:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 97-қосымшада:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы»« Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 334 Жарлығы» деген сөздер «Әскери доктринаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолының 5-бағанында:
І бөлім мынадай мазмұндағы 28-36-тармақтармен толықтырылсын:
«28. Жалпы білім беруді және психологиялық тестілеуді өткізуді ұйымдастыру.
29. Курсанттар мен тыңдаушы офицерлердің жиынын ұйымдастыру кезінде кеңсе тауарларын сатып алу.
30. Оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты өзге де тауарлар, жұмыстар (қызметтер) үшін ақы төлеу.
31. Жоғары оқу орындарына жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау.
32. Жоғары оқу орындарын ұстауға байланысты басқа тауарлар, жұмыстар (қызметтер) үшін ақы төлеу.
33. Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.
34. Жоғары оқу орындарына жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау.
35. Техниканы көктем-жаз және күз-қыс кезеңдеріне пайдалануға ауыстыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.
36. Мүлікті бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу.»;
II бөлімдегі мынадай 6, 7, 13, 14, 15, 17, 18, 19-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 98-қосымшада:
2-тармақтағы «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР-ның 1993 жылғы қаңтардағы Заңы» деген сөздерден кейін «Астана қаласында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери клиникалық госпиталі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 ақпандағы № 147 қаулысы» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы «әскерлердің жауынгерлік дайындығын медициналық қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «; госпитальдің жатын төсегінің 20 пайызы қаланың азаматтық халқын тегін негізде емдеу үшін пайдалану.» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтижедегі» «жылына орташа 25 000 әскери қызметші» деген сөздерден кейін «және 1 540 азаматтық халық» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қаржылық-экономикалық нәтижедегі» «1 әскери қызметшіні» деген сөздерден кейін «және науқас азаматты» деген сөздермен толықтырылсын;
«Сапасындағы» «ауырған әскери қызметшілер» деген сөздерден кейін «және азаматтық халық» деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулыға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 98-1, 98-2-қосымшалармен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 99-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 2 675 329 мың теңге (екі миллиард алты жүз жетпіс бес миллион үш жүз жиырма тоғыз мың теңге).»;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша:
көрсетілген қаулыға 101-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құны: 7 509 995 мың теңге (жеті миллиард бес жүз тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың теңге).»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 103-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 2-жолының 5-бағанындағы «шамамен 2,9-3,1 млн. га» деген сөздер «кемінде 3,5 млн. га» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«Тікелей нәтиже» деген абзац мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«кемінде 412 мың га аспанға аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы пестицидтер қорын толықтыру.»;