7) құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап етпейтiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн, аэрацияның, ылғалдылықтың, температура режимiнiң белгiлi деңгейiн ұстау, вибрацияны шектеу және өзге де арнаулы талаптар жөніндегі айрықша жағдайларды қамтамасыз ететiн қойма (сақтау орны) үй-жайлары бар азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстар.
6. Мердiгерлiк жұмыстар (көрсетiлетiн қызметтер) - құрылыс үшiн инженерлiк iздестiрулер, талдау және ғылыми зерттеулер, тәжiрибе және эксперимент, нормативтiк шығармашылық жүргізу, жобалау, құрылысқа арналған құжаттамаларды сараптау, ғимараттар мен үйлер салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту, қалпына келтiру), технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау және орнату, iске қосу-жөндеу жұмыстары, техникалық, авторлық және мемлекеттік қадағалауды жүргізу, салынған объектiнi (кешендi) пайдалануға беру, күрделі жөндеудi жүзеге асыру, өзiнің ресурстарын тауысқан құрылыс объектiлерiн уақытша тоқтатып қою және оны кейiннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар (көрсетілетiн қызмет).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 19 тамыздағы
№ 918 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы ?кіметінің
күшi жойылған кейбір шешімдерінің
ТIЗБЕСI
1. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шілдедегi № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 30, 346-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 26 шілдедегі № 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 сәуірдегі № 514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 17, 146-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегi кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 353 қаулысымен бекітілген сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлетiн 2-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 95-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегi № 651 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетін 6-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 сәуiріндегі № 632 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 227-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.