Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы
(техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу,
сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 918 қаулысы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы 19 тамыздағы
№ 918 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау
алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар
есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
Ереже объектiлер мен олардың кешендерiнiң құрылысына (қайта құруға, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге) коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға (бұдан әрi - жоба) арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар осы ережелерге қосымшада келтiрiлген.
2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жобалардың сараптамасын тиісті лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Бұл ретте жобалардың мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген қандай да бір өзге қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ заңды тұлға жүзеге асырады.
Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын жобалардың сараптамасын сараптау жұмыстары рыногының субъектілері - аккредиттелген мемлекеттік емес сараптау орталықтары және (немесе) аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес сараптау орталықтарын аккредиттеуді және сарапшыларды аттестаттауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган) жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Жобаларға мемлекеттік сараптаманы жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкілеттік берген заңды тұлға (бұдан әрі - Мемсараптама) белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Жобалар бекітілгенге дейiн жобаларға сараптама жүргiзiледi. Міндетті түрде сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен одан өтпеген жобалар аяқталмаған деп саналады және іске асырылмауға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Жобалардың жеке және заңды тұлғалар орындайтын сараптамасы қаралатын жобаның құнына шығындары жатқызылған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебінен жүргізілетін не мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жататын өзге жобалар бойынша сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Мемсараптама белгілейді.
2. Сараптама жүргiзудiң жалпы тәртібі
7. Жобалардың сараптамасы объектілердi пайдалануға енгiзгеннен кейiн олардың тұрақты жұмыс iстеуiн жобалық шешiмдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарды:
1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттары мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешiмдерiне және осы құрылыс учаскелерiнiң (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестiгiне;
2) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтер мен белгiленген жарылыс және өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi талаптарын мiндетті түрде сақтау, инженерлiк, ресурсты үнемдейтiн, экологиялық және санитарлық талаптарға;
3) қабылданған көлем-жоспарлық және сындарлы шешiмдердiң, қолданылатын материалдар мен инженерлiк жабдықтардың негiздiлiгiне, құрылыс құрастырмаларының сенiмдiлiгi мен төзiмдiлiгiне;
4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларында көзделген құрылыс көлемдерiнiң негiздiлiгiне және мақсаттылығына;
5) көрсеткiштердiң, оның iшiнде құрылыстың есептiк немесе сметалық құнының негiздiлiгi мен растығына сарапшылық бағалауды қамтиды.
8. Сараптама жүргiзген кезде, сонымен қатар жобаны әзiрлеушiде жобалау (жобалау-iздестiру) жұмыстарының тиiстi түрлерiне лицензиясының, сондай-ақ жобаның заңнамада белгiленген өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қызметтер мен өзге де қадағалау қызметтерiнiң мемлекеттік органдарымен қажетті келісімдерiнiң болуы немесе болмауымен белгiленедi.
9. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) немесе оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемлекеттік нормативтерде көзделген көлемде бередi.
10. Ұсынылған жоба материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жобаның сараптамаға түскен күнiнен бастап бес күн iшiнде тексерiледi.
Жобаның толық еместiгi не оның құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместiгi белгiленген жағдайда тапсырысшы (инвестор) немесе оның уәкiлеттi бас жобалаушысы жетiспейтiн материалдарды берудiң қажеттiлiгi туралы хабардар етiледi.
11. Жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы шартпен белгiленедi, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.
Техникалық аса күрделi объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған жобаларға немесе Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн кешендi қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзген кезде, оның ұзақтығы 60 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Шағын бизнес саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн салынатын күрделi емес объектiлердiң құрылысына арналған жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы 15 күннен аспауға тиiс.
12. Бекiтiлген негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге әсер ететiндей өзгерістердiң (толықтырулардың) жобалары жаңадан әзiрленетiн жобалар үшiн белгiленген тәртiппен қайта сараптауға жатады.
13. Әзiрленген әрi сараптама жүргiзiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары бойынша үш және одан да кеп жыл iшiнде құрылыс басталмаса, ол ескiрген болып саналады әрi заңнама белгiленген тәртiппен жаңа сараптама жүргiзiлгеннен және қайта бекітілгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
14. Сараптауға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген құрылысқа арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары аяқталмаған болып саналады және одан әрi iске асыруға жатпайды.
15. Осы Ережелерге сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекітуге, оларды iске асыра бастауға рұқсат беруге (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсаттар) жол берiлмейдi.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 3-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жобалардың сараптамасы
16. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзырына:
1) мемлекеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттік меншiк үлесiн көздейтiн;
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кіруін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техникалық-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларының сараптамасы жатады.
Үйлер мен ғимараттарды техникалық жағынан күрделі не күрделі емес құрылыс объектілерінің санатына жатқызу осы Ережеге қосымшаның 5-тармағында көзделген жалпы тәртіппен айқындалады.
Құрылыс тапсырысшының өз қаражаты (тартылған қаражаты, шетелдік инвесторлардың қаражатын қоса алғанда) есебінен жүзеге асырылатын объектілер бойынша, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілерді қоспағанда, алдын ала жобалау құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу туралы шешімді тапсырысшы (инвестор) қабылдайды.
Мемлекеттік сараптамаға, сондай-ақ құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердiгерлiк жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) мемлекеттік сатып алу жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалар да жатады.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Кезең-кезеңiмен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасы тиiстi кезең бойынша (сараптамалық бiрге жүру) жүзеге асырылуы мүмкiн.
Сараптамалық бiрге жүрудi жүзеге асырудың тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттік нормативтермен белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
18. Жобаларға сараптама жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар беріледі:
1) жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша жобаларды бекітуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жiберу;
2) тапсырысшы шарттардың (талаптардың) қорытындыларында келісілгендердi орындамаған жағдайда бұрын берiлген оң қорытындысын керi қайтарып алу;
3) сапалы сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, мемлекеттік органдардың және заңды тұлғалардың, сондай-ақ жекелеген мамандардың - жобаны әзiрлеушiлердiң атынан қаралып отырған жобаның тапсырысшыларынан заңнамада белгiленген тәртiппен материалдар мен ақпараттарды сұрату және алу;
4) жобаны әзiрлеушiлерден тиiстi лицензияларының болуы туралы мәлiметтердi сұрату және алу;
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) белгіленген тәртіппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту.
19. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жетекшiлерi өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жобаларға кешендi мемлекеттік сараптама жүргiзуге сарапшылар ретiнде тартылған мамандарының қатысуын қамтамасыз етедi.
20. Жобаны қарау нәтижелерi және тартылған сарапшылар дайындаған жобаның бөлiмдерi бойынша қорытындылардың тұжырымдарын ескере отырып, мемлекеттік сараптама:
1) жобаны бекітуге оның негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен ұсыну;
2) жобаны қайтадан пысықтауға қайтару туралы;
3) мемлекеттік сараптаманың осындай қорытындысының себептерiн көрсете отырып, жобаны қабылдамау туралы тұжырымдардан тұратын жиынтық сараптама қорытындысын жасайды.
21. Алдын ала жобалау құжаттамасы бойынша оң қорытынды:
1) оны белгiленген тәртiппен бекіту және құрылыс объектiсiн инвестициялау бойынша инвестордың шешiм қабылдауы;
2) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу үшiн болады.
22. Жобалау (жобалау-смета) құжаттама бойынша оң қорытынды:
1) оны белгiленген тәртiппен бекіту;
2) құрылысты қаржыландыруды ашу;
3) жобаны iске асыруды бастауға рұқсат беру (өндiрiстiк құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсат беру) үшiн негiз болады.
23. Мердiгерлiк жұмыстарға (қызметтерге) мемлекеттік сатып алу жүргiзудiң конкурстық (тендерлiк) құжаттамалары бойынша оң қорытынды:
1) конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекіту;
2) мердiгерлiк қызметтердi жеткізушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн бағалау үшiн негiз болады.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24. Жобаларға сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілетті, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптаманың кәсіптік қызметіне араласуға құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен 3-1-бөліммен толықтырылды
3-1. Мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды
бекітудің жалпы тәртібi
24-1. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес толық немесе ішінара мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны:
1) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткішке дейін - мемлекеттік органдар - бағдарламалар әкімшілері бекітуге не олар белгілейтін тәртіппен бекітілуге тиіс;
2) ағымдағы бағамен 500000 (бес жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғарылары - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітуге тиіс.
24-2. Жобалау алдындағы құжаттаманы бекіту бағдарлама әкімшісі (тапсырысшы) ұсынған:
1) жобалау алдындағы құжаттама материалдары;
2) мемлекеттік сараптаманың қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.
24-3. Жобаларды бекіту бағдарлама әкімшісі (тапсырысшы) ұсынған:
1) жобаға түсіндірме жазба;
2) жобалау-сметалық құжаттама;
3) мемлекеттік сараптаманың қорытындылары негізінде жүргізіледі.
4. Қорытынды ережелер
25. Тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша сенiмдi тұлға мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жататын сараптау жұмыстарын қоспағанда, жобаларға мемлекеттік емес сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды (сараптама орталықтарын) таңдауға құқығы бар.
26. Жобаның (оның жекелеген бөлiмдерi мен тарауларын) әзiрлеушiсi болып табылатын жеке және заңды тұлғалар сарапшылар (сараптама орталықтары) ретiнде осы жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына сараптама жүргiзе алмайды, сондай-ақ осы жобаны сарапшылық бағалауға қатысу үшiн мемлекеттік сараптама ретiнде тартылмайды.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
27. Жобаларға сараптама жүргізетін жеке және заңды тұлғалар (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті.
28. Бекітуге ұсынылған не бекітуден бас тартылған жобалау шешiмдерiн және техникалық-экономикалық көрсеткiштердi дұрыс бағалау үшiн сараптамаға, сондай-ақ сарапшылар мен сараптама орталықтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiк жүктеледi.
29. Мемлекеттік сараптама, сондай-ақ сарапшылар мен сараптама орталықтары жүзеге асыратын сараптау қызметi тапсырысшылардан (меншiк иелерiнен) жобаларды әзiрлеушiлерден, келiсушi инстанциялардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын мердiгерлерден (бас мердiгерлерден), осы объектілердiң құрылысына қолданатын құрылыс материалдары (бұйымдары, құрастырмалары) мен жабдықтарын өндiрушiлерден жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң сапасы үшiн жауапкершiлiктi алып тастамайды.
ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа
арналған жобалау алдындағы
(техника-экономикалық негіздемелер), жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамаға
сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік
инвестициялар есебінен
салынып жатқан жобаларды бекіту
ережелерiне қосымша
Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу,
сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту
ережесінде қолданылатын
ҰҒЫМДАР
1. Конкурстық (тендерлік) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткізудің тәртібі мен шарттары (шектеулерi), сондай-ақ құрылыс объектiлерiнiң негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi кiретiн құжаттама.
2. Құрылыстың есеп айырысу құны - құрылысқа арналған алдын-ала жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде ірiлендiрiлген сметалық нормативтер бойынша анықталатын құрылыс объектiсiнiң (кешенiнің) құны.
3. Құрылыстың сметалық құны - құрылысқа арналған жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес анықталатын құрылыс объектісiнiң (кешенiнiң) құны.
ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 (бұр.ред. қара); 2006.07.07. № 647 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Құрылыстың ықтимал қауіпті объектілері - функционалдық мақсаты, технологиялық өндірістік процесстері, пайдалану сипаттамасы бойынша адамның денсаулығы мен өміріне зиян, орны толмас залал келтіре отырып, техногендік және (немесе) экологиялық апаттар (авариялар), басқа объектілердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп туғызатын объектілер.
ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 647 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Техникалық жағынан күрделi объектiлер (кешендер) жауапкершiлiгi бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, олар үшiн құрылыс жобаларын сараптамалық бағалау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жатқызылған.
Техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жауапкершілігі үшінші (төмен) деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жауапкершілігі екінші (қалыпты) деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлік желілерді қоса алғанда) жатпайды, оның ішінде:
1) биiктігi:
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгi қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстіндегі 5 қабатқа дейiнгi;
сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайдағы аудандар үшін - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшiнде бейiмделген бiрiншi қабатты) тұрғын үйлер (ғимараттар) мен жатақханалар;
2) биiктiгi:
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгі қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстіндегі 5 қабатқа дейінгі;
сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшінде бейiмделген бiрiншi қабатты) саны 50-ден аспайтын нөмiрлері бар және жалпы сыйымдылығы 100 тұрғыннан аспайтын мейманхана кешендерi (мотельдер, туристiк базалар);
3) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
орын саны қоса есептегенде 60 балаға дейiнгi мектепке дейiнгi балалар мекемелерi;
орын саны қоса есептегенде 250-гe дейінгі оқушыға арналған жалпы білім беретiн мектептер мен орта білім беретiн өзге де мекемелер;
биiктiгi қоса есептегенде екі қабатқа дейiнгi және сыйымдылығы 100 баладан аспайтын мектеп-интернаттардың, балалардың демалыс лагерлерiнiң жеке тұрған жатын корпустары;
қоса есептегенде 60 төсектiк ауруханалар, ауысымда 100 адам қабылдайтын емханалар;
ғұрыптарды мейлiнше жаппай орындаған сәтте бiр мезгілде 250 адам келетiн ғибадат ғимараттары мен құрылыстары;
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биiктiгi - қоса есептегенде 5 қабатқа дейiнгi көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкiмшілiк, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттары (бiр мезгiлде 300-ден аспайтын адам болатын);
сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биiктiгi осындай қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi;
қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар;
сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған осындай залы бар;
бiр мезгiлде келушілер мен қызмет көрсетушi персоналдың саны 100 адамнан аспайтын монша-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру немесе демалыс-ойын-сауық кешендерiнiң жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары мен жабық құрылыстары;
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуiне арналған өндiрiстiк процестерi бар жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттар;
сыйымдылығы 100 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары;
сауда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын сауда кәсiпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары;
саны 300 бiрлiктен аспайтын сауда орындары бар жабық базарлар;
4) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандарда құрылысқа арналған көлiк инфрақұрылымының азаматтық объектiлерi, оның iшiнде:
тәулiгiне қоса есептегенде 100 жолаушыға дейiнгi өткізу қабiлетi бар темір жол вокзалдары;
қоса есептегенде 75 адамға дейiнгi күту залдары бар сапаржайлар;
авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса есептегенде 75 жолаушыға дейiнгi өткізу қабiлетi бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдары;
қоса есептегенде 75 адамға дейiнгі күту залдары бар теңiз және өзен вокзалдары (жүзетiн айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда);
5) бір мезгiлде 10 бiрлiктен аспайтын көлiк құралдарына қызмет көрсететiн жеке тұрған автосервис пункттері;
6) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бiр қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтар;