Көрсетілген тізбеге енбеген, мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушылар үшін республикалық бюджеттен төлеу туралы шешім мынадай тәртіппен қабылданады:
1) Банк республикалық бюджеттен мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша кезекті төлемдерді жүргізу қажеттілігі туралы қорытындыларды мұндай төлемдер басталатын күнге дейін отыз күннен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады;
2) ұсынылған қорытындылардың негізінде он бес күн ішінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша көрсетілген қарыз алушылар үшін төлемдерді республикалық бюджеттен төлемдер жүргізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді және енгізеді;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, агенттің, мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушылардың арасында республикалық бюджеттен оқшауландырылған ақшаны қайтару шарттары, мерзімі, тәртібі анықталған (нақтыланған) тиісті қосымша келісімдер жасалады.
631. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті айда мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау жөнінде алдағы төлемдер көлемінің түсімдер мен республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін тексереді және жоспармен бекітілген көлемге сәйкес келмеген жағдайда түсімдер мен республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледі.
632. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда, кредит берушілер ұсынған және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тексерген төлеуге шоттар негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган төлем құжаттарын ресімдейді және ҚР ҰБ-ға жібереді, онда қарыз шарттарының талаптарына сәйкес мемлекет кепілдік берген қарыздың сәйкестендіру нөмірі, бенефициар, төлем деректемелері, төлем түрі, сомасы, валютасы, күні көрсетіледі.
633. Ұсынылған төлем құжаттарының негізінде ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банк шотынан кредит берушілердің банк шоттарына талап етілетін көлемде және валютада ақша аударуды жүргізеді және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға төлем жүргізу фактісі туралы жазбаша хабарлама ұсынады.
634. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі операцияларды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептілікте ұлттық валютада көрсетеді. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді шетел валютасында жүзеге асырған жағдайда көрсету операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті валютаны сатып алу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
70-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш мониторингінің тәртібi
635. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш мониторингі (бұдан әрі - борыш мониторингі) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерісін есепке алу, талдау және бақылау бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган атынан мемлекет қызметін білдіреді.
636. Барлық мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар борыш мониторингінің объектілері болып табылады, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
2) ҚР ҰБ қарыздары;
3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары;
4) мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар.
637. Борыш мониторингі:
1) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу және есепке алу;
2) қарыз шартымен бекітілген кестеге сәйкес борышты өтеу және қызмет көрсету есебіне төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және бақылау;
3) қарыздар қаражатының түсімдерін қадағалау және есепке алу; борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді есепке алу; борыш көлемінің өзгеруін есепке алу; сондай-ақ қажет болған жағдайда, мерзімі өткен төлемдерді есепке алуды қоса алғанда әрбір қарыз бойынша қарыз валютасында барлық операцияларды есепке алу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен анықталған валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын есепке алу;
5) қарыз алудың құбылмалы ставкаларының өзгеруін есепке алу жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
638. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай құжаттар пайдаланылады:
несие шотынан қаражатты алуды растайтын шетел кредит берушісінің үзінді көшірмесі;
борыштың негізгі сомасын өтеу және ол бойынша сыйақы (мүдделер) төлеу жөніндегі төлем құжаты;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бекіткен нысан бойынша ҚР ҰБ өз қарыздарын алу, қызмет көрсету және өтеу туралы есептілігі;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бекіткен нысан бойынша үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсетуге өкілеттік берілген банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктердің және ұйымдардың есептілігі;
осы Ереженің 580-тармағында көрсетілген нысандар бойынша өз қарыздарын алғаны, оларға қызмет көрсеткені және өтегені туралы жергілікті атқарушы органдардың есептілігі.
639. Борыш мониторингін жүргізу үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш жағдайы туралы деректерді ағымдағы жаңарту үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша ақпараттар жинау жүзеге асырылады.
640. Алынатын ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті бөлімшелері қорытындылайды және талдайды, ол автоматтандырылған ақпарат жүйесінің дерекқорында жинақталады және сақталады.
641. Борыш мониторингінің нәтижелері мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың ағымдағы жағдайы туралы есептер, кестелер, диаграммалар, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу, қызмет көрсету және өтеу түрінде қағаз тасығыштарда да, ақпаратты жинау, өңдеу және сақтаудың электрондық жүйелерін пайдаланып та ресімделеді.
71-тарау. Yкіметтік сыртқы қарыздар, байланысты гранттар қаражаты және бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібi
642. Несие шоты - донор-бейрезидентте ашылған ағымдағы шот, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізушіге, сондай-ақ арнайы шотты толықтыруға тікелей төлемдер жүзеге асырылатын үкіметтік сыртқы қарыз немесе грант сомасы орналастырылады.
643. Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе гранттар есебінен несие шотынан және/немесе арнайы шоттан жасалатын қаржы операцияларын бюджеттік бағдарлама әкімшісі шетел кредит берушісінің немесе донордың атына жіберілетін нысан бойынша қаражатты алуға арналған өтінімдердің негізінде және қарыз шартына немесе байланысты грант туралы келісімге сәйкес, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте, үкіметтік сыртқы қарыздар немесе гранттар қаражатын бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиісті қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
644. Несие шотынан қаражатты алуға арналған өтінімдерге екі қолтаңбалар тобы бұрыштама соғады, онда қолтаңбалардың бірінші тобы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, қолтаңбалардың екінші тобы бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітілген. Бұл ретте, қолтаңбалардың бірінші тобы мәртебесіне ие болу бюджеттік бағдарламалар шеңберінде үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе грантты пайдалануды реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, екінші қолтаңбалар тобы иегерлерінің мәртебесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына, сондай-ақ төлемді алушы - ақшаны алушы деректемелерінің дұрыстығына және растығына толық жауапкершілікпен анықталады.
645. Бірінші топтың қолдарын алу үшін шоттан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе грантты алуға арналған өтінімде бюджеттік бағдарлама әкімшісі қаражатты алуға арналған өтініммен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:
төлемнің мақсаты көрсетілген ілеспе хатты;
қарыз шарты немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасасқан келісім-шарттарға төлемдер жасаған жағдайда осы келісім-шарттарға сәйкес төлем жүргізілетін құжаттардың көшірмесі, олар бойынша бастапқы төлемдер жүргізу кезінде осы келісім-шарттардың көшірмелері, сондай-ақ егер, бұл қарыз шарт бойынша рәсімдермен көзделген болса, келісім-шарттар жасасуға арналған шетелдік кредит берушінің ресми мақұлдаған көшірмесін;
келісім-шарт жасалмай жүргізілетін шығыстар бойынша біржолғы төлемдер жасалған жағдайда бастапқы құжаттардың көшірмесін (шот-фактураларды, жөнелтпе құжаттарды, кіріс кассалық ордерлерді, түбіртектерді, қолхаттарды және өзге де құжаттарды);
қарыз шарты бойынша немесе байланысты грант туралы келісім бойынша қабылданған қаржы рәсімдеріне сәйкес шетел кредит берушісіне немесе донорға ұсынуға қажет құжаттардың көшірмесін;
осы Ережеге 66-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген рұқсаттар туралы анықтаманы;
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның сұрау салуы бойынша есеп беретін сомалар жөнінде қосымша ақпаратты ұсынады.
646. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде шоттан үкіметтік сыртқы қарыз қаражатын немесе грантты алуға арналған өтінімнің қарыз шартының немесе байланысты гранттар туралы келісімнің талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тиісті кезеңге бөлінген рұқсатты тексереді, қол қояды және оны шетелдік кредит берушіге немесе донорға беру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарады.
647. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 643-645-тармақтарға сәйкес бұрыштама соғу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған несие шотынан қаражат алуға арналған өтінімді мынадай жағдайларда:
егер жүргізілетін қаржы операциясы қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің талаптарына немесе қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің шеңберінде жасалған келісім-шартқа қайшы келгенде;
республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісін қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы жұмсалымдар жоқ немесе жеткіліксіз болғанда;
бюджеттік бағдарлама әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында, қарыз шартында немесе байланысты грант туралы келісімде көзделген тиісті ережелер мен рәсімдерді бұзғанда;
бюджеттік бағдарлама әкімшісі жойғанға дейін жүргізілетін қаржы операциялары бойынша құжаттарда сәйкессіздік және қате орын алған жағдайда қабылдамауы мүмкін.
648. Несие шотынан үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатын немесе гранттарды алу бюджетті атқару кезінде мынадай түрде:
Бірыңғай бюджеттік сыныптама түсімдерінің бюджеттік сыныптамасына сәйкес түсімдер ретінде инвестициялық жобалардың арнайы шотына аудару кезінде;
ҚР ББС кірістер сыныптамасына сәйкес түсімдер мен шығыстар (бір мезгілде) ретінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тікелей берушілерге аудару кезінде ескеріледі.
Осы Ережеде көзделген инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражатты аударуды Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарыз қаражатын немесе грант беретін шетелдік кредит беруші немесе донор қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің талаптарына сәйкес шоттан алуға арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі негізінде жүргізеді.
649. Инвестициялық жобаның арнаулы шотына осы шоттан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, қарыз шартының немесе байланысты грант туралы келісімнің талаптарына сәйкес көрсетілген шотты толықтыруға арналған үкіметтік сыртқы қарыз қаражатынан немесе гранттан басқа өзгеде қаражат есепке алынбайды.
650. Шоттардан осы шоттардан бұрын жүргізілген шығыс операциялары бойынша қаражатты қайтару жағдайларын қоспағанда, инвестициялық жобалармен байланысты бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) ұлттық немесе шетелдік валюталарында қаржыландырылады.
651. Бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына шоттарға инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан айырбасталған қаражат қана есепке алынады.
652. Екінші деңгейдегі банк пен бюджеттік бағдарлама әкімшісі арасында жасалған шартқа сәйкес екінші деңгейдегі банк есептейтін бюджеттік инвестициялық жобаның Арнайы шотындағы немесе арнайы шотқа жатқызылатын шоттағы қалдыққа есептелетін сыйақылар (мүдделер), сондай-ақ екінші деңгейдегі банк төлейтін өсімақылар түсімдердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша республикалық бюджетке есептеуге жатады.
653. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен арнайы шоттар ашуға шарттар жасасқан кезде мынадай тармақтарды:
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның халықаралық қарыз шартына немесе грант туралы келісімге сәйкес ашылған Арнайы шоттардағы қаражаттың қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді алу құқығын;
банктің төлем күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша арнайы шоттан төлемдер жүргізу міндеттемесін көздеуі қажет.
Мемлекеттік мекемелердің екінші деңгейдегі банктердегі шоттарын ашу және жабу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
654. Yкіметтік қарыздарды және гранттарды бірлесіп қаржыландыру қаражатын жұмсауды бюджеттік бағдарлама әкімшісі төлеуге берілген шоттың және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын осы Ережеге 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінімнің негізінде жүргізеді. Бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға арналған өтінім екі қолтаңбалар тобымен расталады, онда бірінші топқа бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал екінші топқа - жобаны іске асыруға жауапты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қол қояды.
72-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алу және оларды пайдалану тәртібi
655. Осы тарау мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздарды алу және пайдалану тәртібін сипаттайды (бұдан әрі - тарау) мемлекет кепілгерлігімен инфрақұрылымдық облигацияларды шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобаларды іріктеу рәсімін (бұдан әрі - инвестициялық жобалар) және мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру рәсімін (бұдан әрі - мемлекет кепілгерлігі) анықтайды.
656. Мемлекет кепілгерлігін беру үдерісі мынадай негізгі кезеңдерді білдіретін іс-шаралар кешенін қамтиды:
инвестициялық жобаларды іріктеу;
басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту;
мемлекет кепілгерлігін беру.
657. Мемлекет кепілгерлігін беру үдерісінің негізгі қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкілетті органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару, қоршаған ортаны қорғау, еңбек жөніндегі уәкілетті орган, Республикалық бюджет комиссиясы, облигацияларды ұстаушылардың өкілі немесе қарыз алушы болып табылады.
658. Қарыз алушылар:
инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) және бизнес-жоспарларын дайындауды жүзеге асырады;
осы Ережеге және мемлекет кепілгерлігін беру үдерісіне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы беруді қамтамасыз етеді;
жыл сайын қарыз берушіге және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бұрынғы сақтандыру шартының мерзімі өткенге дейін бір айдан кешіктірмей сақтандыру шартын береді;
концессиялар шартын жасасады;
облигацияларды ұстаушылардың өкілімен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады.
659. Салалық уәкілетті органдар:
инвестициялық жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;
салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытындыны береді;
концессиялар шартын жасасады.
660. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган:
инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтималдармен келіссөздер жүргізеді;
кепілгерлік шартын жасасады;
мемлекет кепілгерлігін береді.
661. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган жоспарланған қызметті іске асыруға, оларды іске асыру туралы шешім қабылдау алдындағы кезеңдегі жоспарланған қызметтің экологиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға байланысты ықтимал теріс салдарлардың алдын алу және өндірістік күштерді орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
662. Еңбек жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын сараптауды жүзеге асырады.
663. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
инвестициялық жобаларды экономикалық сараптауды жүзеге асырады және концессионер қызметін мемлекеттік қолдау құнын бағалау шеңберінде қорытынды береді;
жоспарлы кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимиті жөніндегі ұсынысты, келесі қаржы жылының лимиті шеңберінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
664. Әділет органы кепілгерлік шарттарын және концессия шарттарын заңды сараптауды жүргізеді.
665. Облигацияларды ұстаушыларының өкілі:
1) эмитенттің қарыз берушілер алдында облигациялар шығару проспектісі белгілеген міндеттемелерді орындауын бақылайды;
2) эмитенттің қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету болып табылатын мүлік жағдайын бақылайды;
3) эмитенттің қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасады;
4) қарыз берушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шаралар қабылдайды;
5) қарыз берушілерге осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері және мұндай іс-әрекеттер нәтижелері туралы хабарлайды;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен кепілгерлік шартын жасасады;
7) қарыз алушымен облигацияларды ұстаушыларының мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады;
8) облигацияларды ұстаушыларының мүдделерін білдіру туралы шартты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
666. Республикалық бюджет комиссиясы:
жоспарланып отырған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру лимитін анықтайды;
инвестициялық жобалардың тізбесін анықтайды;
жоспарланып отырған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру лимиті шегінде әрбір инвестициялық жоба үшін мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін анықтайды.
667. Мемлекет кепілгерлігін беру үдерісіне өз құзыретінің бөлігінде инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргізуге заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады.
73-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу
668. Мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын жобаларды іріктеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады.
669. Жобаны тиісті қаржы жылының лимиті шеңберінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын жобалар тізбесіне енгізу үшін концессиялар жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға өтінім береді.
670. Тиісті жылдың 1 шілдесінен кейін берілген өтінімдер келесі қаржы жылының лимиті шеңберінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын жобалар тізбесін қалыптастыру шеңберінде қарауға жатады.
671. Концессия жөніндегі конкурсты ұйымдастырушылардың өтінімі жобаны қаржыландыру жылдары бойынша бөле отырып, концессия жөніндегі комиссия бекіткен жобаға арналған мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін қамтуы тиіс.
Өтінімге концессия жөніндегі комиссияның концессионер қызметін мемлекеттік қолдау нысаны ретінде мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін бекіту туралы шешімі қоса беріледі.
Қажет болған жағдайда, экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылының лимиті шеңберінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын жобалар тізбесін қалыптастыру барысында туындайтын жекелеген мәселелерді қарау үшін қосымша ақпарат сұратады.
672. Қарыз алушының қызметін қолдау түрінде берілетін жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессионер қызметін мемлекеттік қолдау құнын бағалау жөніндегі қорытындысы негізінде жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау кезеңінде концессиялар жөніндегі комиссия бекітеді.
673. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессионер қызметін мемлекеттік қолдау құнын бағалау жөніндегі қорытындыны береді және инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын өткізуді ұйымдастырады және концессиялар жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы ұсынған:
TЭH;
Жобаны сараптау жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы, салалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындысы негізінде экономикалық сараптау қорытындысын дайындайды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес толық емес құрамда берілген құжаттарды экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарамайды.
674. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - осы Ережеде көзделген сараптамалар жөніндегі қорытындылар негізінде жобаның ТЭН әзірлеу шеңберінде жүргізілген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау, ол мыналарды қамтиды:
жоба мақсаттарының мемлекеттік инвестициялар басымдықтарына сәйкес келуін бағалау;
экономикалық талдауды бағалау;
инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық түсімдердің ағынын талдау.
675. Осы тарауда көрсетілген сараптамаларды жүргізу үшін қажет құжаттар тізбесін тиісті мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар анықтайды.
74-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту
676. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру лимитін анықтайды.
677. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті жылдың 20 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде жобалар бойынша экономикалық сараптама қорытындыларын қоса бере отырып, инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасының қорытындылары негізінде мемлекет кепілгерлігімен инфрақұрылымдық облигацияларды шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
678. Республикалық бюджет комиссиясы тиісті қаржы жылының лимиті шеңберінде мемлекет кепілгерлігін беру мүмкін болатын жобалар тізбесінің жобасын қарау кезінде жобалар арасында тиісті жылға арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитін бөлуді анықтайды.
679. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп инвестициялық жобалар тізбесін пысықтайды және әрбір инвестициялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің сомасын қайта қарайды.
680. Республикалық бюджет комиссиясының қарауы нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалар тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешіммен бекітіледі және жариялауға жатады.
75-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілгерлігін беру рәсімi
681. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекетті емес қарыз есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін салалық уәкілетті орган қарыз алушымен концессия шартын жасасады.
682. Қарыз алушылар ТЭН жобасын, инфрақұрылымдық облигациялардың проспектісін, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың және заңнамаға сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлейді.
683. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша қорытындысы мыналарды:
мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекет кепілгерлігін алғаны туралы өтінім білдіргенге дейін үш жылдан кем емес кезең ішіндегі қарыз алушының қаржылық жай-күйін және заңды мәртебесін;
қарыз алушы берген мемлекет кепілгерлігі бойынша қамтамасыз етілуін;
қаржылық және техникалық тәуекелдерді;
мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкес келуін бағалауды қамтиды.
684. Мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажет талаптарды қанағаттандырған жағдайда мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыз қайтарымын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартын ресімдегеннен және бергеннен, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігін бергені үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлегенінен кейін беріледі.