Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 тамыздағы № 736 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 530 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №25, 323-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыспен өзін өзі қамтыған адамдар үшін олардың Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) кірістерінен тұратын жиынтық табысы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.»;
7-тармақтың екінші абзацындағы «, сондай-ақ біржолғы төлемдерден (еңбекақы төлеу бөлігінде) алынған» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңды тұлғалар - арнайы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, шаруа (фермер) қожалықтары, арнайы салық режимін жеңілдетілген декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері, арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер есептеген әлеуметтік аударым сомалары Салық кодексінде көзделген мерзімдерде аударылды.»;
11-тармақта:
тоғызыншы абзац 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданыста болады
«әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрі - ӘЖК);» деген сөздерден кейін «салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бұдан әрі - СТН);» деген сөздермен толықтырылсын;
«айы мен жылын» деген сөздер «кезеңін (жылын, айын немесе айларын)» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтағы «әрбір ай үшін бөлек» деген «кезең (жыл, ай немесе айлар) үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың екінші абзацындағы «теңгемен» деген сөздер «ұлттық валютамен» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтағы «ай, жыл» деген сөздер «кезең (жыл, ай немесе айлар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы «әрбір ай үшін» деген «кезең (жыл, ай немесе айлар)» деген сөздермен ауыстырылып, «бөлек» деген сөз алынып тасталсын;
он бесінші абзац 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданыста болады
көрсетілген Ережеге 1-қосымша «ӘЖК» деген сөзден кейін «, СТН» деген сөзбен толықтырылсын;
он алтыншы абзац 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданыста болады
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте, осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, он бесінші және он алтыншы абзацтары 2010 жылғы 13 тамызға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.МӘСІМОВ |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 736 қаулысына
Қосымша
Әлеуметтік аударымдарды
есептеу ережесіне
2-қосымша
Растау анықтамасы
|
(әлеуметтік аударымдар төлеушінің атауы) |
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеген кезде, мынадай төлем тапсырмаларында, олар үшін аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімінде қателіктер жіберілгенін растайды: |
|
Р/с N | Төлем тапсыр- масының N | Төлем тапсыр- масының күні | Төлем тапсыр- масының жалпы сомасы | Референс | Т.А.Ә. |
| | | | | |
| | | | | |
|
| | | | | |
Бірінші басшы | |
(қолы) | |
Бас бухгалтер (Т.А.Ә.) | |
(қолы) | |
кестенің жалғасы
|
|
|
Туған күні | ӘЖК | СТН | Қате аударылған (теңге) | Аударылуға тиіс (теңге) |
| | | | |
| | | | |
|
| |
(Т.А.Ә.) |
| |
(Т.А.Ә.) |
| |
Мөр орны