Өсімдіктерді қорғау туралы
2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу (4 - 10 баптар)
3-тарау. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау (11 - 14 баптар)
4-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар (15 - 19 баптар)
5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы іс-шараларды (20 - 21 баптар)
қаржыландыру көздері және өсімдіктерді қорғау туралы
заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заң өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы сақтау орындары (көмінділер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары;
2) арнаулы техника - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектілер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсімдік шаруашылығы өнімін өндіруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөніс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндірістік және өзге де үй-жайлар;
4) ерекше қауіпті зиянды организмдер - оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейім, экономикалық, экологиялық залал келтіретін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген зиянкестер мен өсімдіктер аурулары;
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылық өніміне теріс әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдіктердің аурулары;
6) зиян тигізудің экономикалық шегі - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің өсімдік шаруашылығы өнімінің ысырабын туғызатын, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді қажет ететін саны;
7) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау - уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын сақтауына бағытталған қызметі;
8) өсімдіктерді қорғау - өсімдік шаруашылығы өнімінің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдістерін, фитосанитариялық іс-шараларды әзірлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
9) өсімдік шаруашылығы өнімі - халықтың - тамақ өнімдеріне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсіптің шикізатқа деген қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім;
10) пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;
11) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, көмуге немесе жоюға бағытталған іс-шаралар;
12) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тipкeу - препараттарды биологиялық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім, оның нәтижесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында оларды Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес қолдану құқығына тіркеу куәлігі беріледі;
13) пестицидтердің (улы химикаттардың) бастапқы компоненттері - пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге арналған химиялық және басқа да заттар;
14) пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшері - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттар құрамының мөлшерлік көрсеткіші, олардың адам мен жануарларға қауіпсіздігі осы көрсеткіш арқылы бағаланады;
15) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесі;
16) пестицидтер (улы химикаттар) тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етіліп тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) тізбесі;
17) уәкілетті орган - жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) фитосанитариялық ахуал - ауылшаруашылық мақсатындағы объектілердің зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің санымен және зиян тигізуімен анықталатын қалыптасқан жай-күйі;
19) фитосанитариялық болжам - фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудің мерзімдері мен көлемдерін жоспарлау мақсатында зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің ықтимал таралуы мен дамуы дәрежесін алдын ала айқындау;
20) фитосанитариялық мониторинг - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерді зерттеуді, байқауды, олардың дамуы мен таралуын есепке алуды, сондай-ақ осылардың негізінде фитосанитариялық болжам әзірлеуді қамтитын іс-шаралар жүйесі;
21) фитосанитариялық нормативтер - фитосанитариялық іс-шаралар көлемін анықтау үшін пайдаланылатын белгіленген шамалар параметрлері;
22) фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдердің саны мен зиян тигізуін азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi:
1) елдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету;
3) фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзу кезiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң, ауыл шаруашылық өнiмi, қоршаған орта ластануының алдын алу және оларды болдырмау болып табылады.
2-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы
мемлекеттік реттеу
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік өсiмдiктер қорғау жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі;
2) уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары;
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;
5) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлердi пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар енедi.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң өсiмдiктердi қорғау саласындағы құзыретiне:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды бекіту;
3) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерді бекіту кіреді.
6-бап. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өсiмдiктердi қорғау саласындағы бағдарламаларды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс ету;
2) ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс ету;
ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өз құзыретi шегiнде өсiмдiктердi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметтi лицензиялау ережелерiн әзiрлеу мен бекіту;
4) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын және мемлекеттік тiркеудi жүргiзу ережелерiн әзiрлеу мен бекіту;
5) Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану құқығына тiркеу куәлiктерiн беру;
6) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн әзiрлеу, бекіту және жүргiзу;
7) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен әдiстемелiк нұсқаларды бекіту;
8) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасау мен шығару тәртібін бекіту;
9) фитосанитариялық iс-шараларды ұйымдастыру;
ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
10) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудегi қызметiн үйлестiру;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын жасау;
13) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) мемлекеттік статистиканың орталық атқарушы органымен келiсе отырып, фитосанитариялық нормативтердi, фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiк нысандарын, сондай-ақ оларды табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту;
15) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингтi ұйымдастыру;
16) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндiру сынақтарын және мемлекеттік тiркеудi ұйымдастыру;
17) өсiмдiктердi қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыс берудi ұйымдастыру мен үйлестiру, жүзеге асыру;
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18) тармақша өзгертілді
18) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректерiне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөлу, "Қазақстан Республикасының пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау;
19) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21) тармақша өзгертілді
21) халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру және өсiмдiктердi қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысу;.
22) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін және оларды пайдалану тәртібін белгілеу;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды, тасымалдауды және қолдануды;
фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және табыс етуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндіру сынақтарын жүргізуді;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) жай-күйін;
лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау енеді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
24) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындау;
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
25) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекіту, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін көтеру жөнінде оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келісу енеді.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне оларға уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде жүктеген функцияларды жүзеге асыру кіреді енедi.
7-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретi
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Уәкiлеттi органның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
Уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Фитосанитариялық бақылауды тiкелей орындайтын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өзге де лауазымды адамдары өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi жүргiзудi ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара)
3. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң өсiмдiктердi қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға тиісті аумақта фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық есепке алуды және есептiлiктi ұйымдастыру, жүргiзу және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептi табыс ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
4) тиісті аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (орыс тіліндегі өзгерістерді қара)
4. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретiне:
1) тиiстi аумақта мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру;
2) фитосанитариялық есепке алу мен есептiлiктi белгiленген нысан бойынша жүргiзу және оларды уәкiлеттi органға табыс ету;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) тиiстi аумақта фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау енеді.
4) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
1. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында олардың фитосанитариялық бақылау объектiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығаруға;
3) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзiмде сотқа мiндеттi түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзiмге жеке және заңды тұлғалардың қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқығы бар. Бұл орайда тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;
4) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзған жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартуға құқығы бap.
2. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 9-бап жаңа редакцияда
9-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының
өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктерді қорғау саласындағы құзыретіне:
1) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
3) өсімдіктерді қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау кіреді.
10-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік ұйымдар
1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингiн;
ҚР 09.07.04 ж. № 584-II Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) фитосанитариялық болжамның жасалуын;
2) тiркеуге ұсынылатын пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу үшiн өндiру сынақтарын;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексерудi орындау мақсатында құрады.
2. Ерекше қауiптi зиянды организмдердiң фитосанитариялық мониторингi мемлекеттік монополияға жатады.
3. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар фитосанитариялық есепке алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етедi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3- тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3-тарау. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі талаптар
11-бап. Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық
іс-шаралар
Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыруға және зиян тигізудің экономикалық шегінен көп зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуге міндетті.
12-бап. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану
1. Пестицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтердің (улы химикаттардың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауын қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану жағдайларына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.
13-бап. Фитосанитариялық есепке алу және есептілік
1. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді және уәкілетті органға фитосанитариялық есептілікті табыс етеді.
2. Фитосанитариялық есептіліктің түрлерін, нысандарын және оларды табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу уәкілетті орган тіркеу және өндіру сынақтарының қорытындылары бойынша мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға рұқсат етіледі және олар уәкілетті орган жүргізетін тізімге енгізіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, тіркелмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру үшін бастапқы компоненттерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу, өндіру сынақтары мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
14-1-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру
1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер мен олардың ыдыстары залалсыздандырылуға жатады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып айқындайды.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындары (көмінділер) пайдаланылады.
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) салуға, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттік экологиялық бақылау органы береді.
4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті мемлекеттік басқару органдары уәкілетті органмен және мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісе отырып айқындайды.
14-2-бап. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы
1. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемінен қалыптастырылады.