3. Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртібін және олардың мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Алғашқы көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қара
24.12.01 ж. № 276-11; 10.06.03 ж. № 433-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi); 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісi
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар
1. Шығарылған көлiк құралдарының конструкциясы, оның iшiнде олардың құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтарының конструкциясы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай болуға тиiс.
2. Көлiк құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi, қосымша жабдықтау заттары, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтары жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі расталуға тиiс.
3. Механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрісіне қатысуына рұқсат беруді жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру арқылы жүзеге асырады.
Механикалық көлік құралы мен тіркеменің техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатады:
1) жеңіл, жүк автомобильдері және автобустар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда;
2) мотоциклдер және мотороллерлер;
3) автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелер;
4) ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, бұған қоса олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдер, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай түрлері мемлекеттік тіркелуге жатпайды:
1) жабық аумақтарда технологиялық көлік ретінде пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдер мен тракторларды, өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, тіркемелерді қоса алғанда;
2) троллейбустар;
3) трамвайлар және рельспен жүретін басқа да механикалық көлік құралдары;
4) басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан аз мерзімге әкелінген жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар, олардың шассилерінде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған тiркемелер..
Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттік тiркеудiң Ережелерін қара
4. Тiркелген көлiк құралдарының конструкциясына, соның iшiнде оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң және керек-жарақтарының конструкциясына өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті қайта растауды өткізу қажет.
5. Жол қозғалысына қатысатын көлік құралдарының конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдықтары жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мынадай негізгі талаптарға:
1) көлік құралында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тежегіш жүйе, рульдік басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына;
2) көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретін шолу мен көрудің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне;
3) адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру қаупін болғызбайтын қосымша жабдық тетіктері, заттары және көлік құралының бейімделген құрылғылары болуына;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпісіздікті бәсеңдетуді қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиіс.";
6. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардан қоршаған ортаға бөлінетін шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 19-бап өзгертілді; ҚР 10.06.03 ж. № 433-11 Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 19-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
19-бап. Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органда тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті мемлекеттік техникалық байқаудан өткізілуге тиіс.
2. Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің тәртібі мен мерзімдерін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.
Қара: Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 тамыздағы № 1206 Қаулысын
2006.29.12. № 209-III Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред .қара)
20-бап. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу нормативтерiн көлiк құралдары шығарған зауыттар олардың пайдаланылу жағдайларын ескере отырып белгiлейдi.
2. Техникалық қызмет көрсетiлiп, жөндеуден өткiзiлген көлiк құралдары Жол жүрiсi ережелерiнiң және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
ҚР 08.05.03 ж. № 414-11 Заңымен ;2006.29.12. № 209-III Заңымен (бұр. ред .қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салудың негiздемелерi мен тәртібі
1. Көлiк құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда:
-көлік құралдарының конструкциясы осы Заңның талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаға қатер төндiретiн техникалық ақаулары болса;
- көлiк құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмiрi мен көлiк құралындағы тiркеу құжаттарына енгiзiлген деректерге сәйкес келмесе;
- тiркеу құжаттары мен мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса;
- мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi болмаса немесе олар белгіленген талаптар мен тiркеу құжаттарына сәйкес келмесе;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;
- заңдарда көзделген басқа да жағдайларда тыйым салынады.
2. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салуды ондай тыйым салуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі шаралар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі iс-шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткізу қабiлетiн арттыру мақсатында автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік орган, қарамағында автомобиль жолдары бар жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
2. Аталған шараларды әзiрлеу мен өткізу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша бекітілетiн жобалар, схемалар және өзге де құжаттар негiзiнде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред .қара)
23-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөніндегі қызмет техникалық регламенттермен реттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларындағы көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген реттерде көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүрiп-тұруын ұйымдастыруға өзгерiстi соған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар ғана белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға тиiс.
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара) Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары негiзiнде және соларды сақтай отырып орындалуға тиiс.
Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi шығындарды азайтуға жол берiлмейдi.
2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлейтiн тәртiппен келісілуге және бекітілуге тиiс.
3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жолдардың жол жүрісінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен сынақтан өткізу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлдiк берген орган тағайындайтын комиссия бередi.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жолдардың жай-күйiнің белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде жұмыстарды орындаушыға жүктеледi.
4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi техникалық регламенттерге сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөніндегі мiндет жолды иеленушi (қарамағындағы) заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.
25-бап. Жолдағы жүрiстi шектеу немесе тоқтату
1. Көлiк құралдарының жолдарымен жүруi дүлей зiлзала, жолдағы климат жағдайлары қолайсыз болған, бұқаралық шаралар өткiзiлген реттерде және жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да реттерде уақытша шектеледi немесе оған тыйым салынады.
2. Көлiк құралдарының жолдармен жүруiн тоқтату немесе уақытша шектеу негiздерi мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Қара: Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі
4 тарау
Қорытынды ережелер
26-бап. ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
27-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
28-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының