15. Өзіне қатысты тергеу жүргізілген нарық субъектісіне, мемлекеттік органға тергеудің нәтижесі туралы қорытынды тапсырылған күн тергеудің аяқталған мерзімі болып есептеледі.
16. Тергеу жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
28-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның шешімдерi
1. Осы Заңның бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
3) қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;
4) осы Заңның бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы шешімдер қабылдайды.
2. Монополияға қарсы органның шешімі өтініш берушіге, мемлекеттік органға, тиісті нарық субъектісіне және өзге де мүдделі тұлғаларға жеткізіледі.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қаралады.
8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ
ЖЕКЕЛЕГЕН НЫСАНДАРЫ
29-бап. Yстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару
Нарық субъектісінің үстем (монополиялық) жағдайы осындай жағдайдың келеңсіз салдарын монополияға қарсы органның тиімді шектеуіне мүмкіндік бермейтін жағдайда, монополияға қарсы орган оны мәжбүрлеп бөлу немесе, егер бұл бәсекені дамытуға алып келетін болса, олардың құрамынан құрылымдық бөлімшелер базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы сотқа жүгінуге құқылы.
30-бап. Тіркелген бағаны енгізу
1. Нарық субъектілері монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу, нарық субъектілерімен өзара теңдей келісімдерге әр түрлі баға қолдану, нормативтік құқықтық актілерде белгіленген баға қалыптастыру тәртібін бұзу, сондай-ақ келісілген бағалар белгілеуге (ұстап тұруға), басқа субъектілермен бірдей шарттарға кемсітетін бағаларды қолдануға қатысты бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) жасау болып көрініс тапқан үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланған жағдайда, тіркелген баға енгізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда тіркелген бағаны енгізу қолданылады.
3. Тіркелген баға белгілеу бір жылдан аспайтын мерзімге айқындалған бағаның белгілі бір шамасы, кірістілік деңгейі және (немесе) тауарлар бағасының жоғарғы (төменгі) шегі түрінде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Тіркелген баға енгізу туралы шешімді монополияға қарсы орган қабылдайды.
31-бап. Нарық субъектілерінің монополияға қарсы органға ақпарат беру жөніндегі қосымша міндеттемелерi
1. Монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің қызметін бақылау және мониторинг жүргізу үшін Тізілім жүргізеді.
2. Тізілімге енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есеп;
2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы мәлімет;
3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру (өткізу) көлемдері, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың босату бағалары және кірістілік деңгейі туралы ай сайын ақпарат беруге міндетті.
3. Тізілімге енгізілген нарық субъектілері өздері сол бойынша тізілімге енген тауарға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) алдағы уақытта бағаның өсетіні туралы және монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен бағаның өсу себебін растайтын, негіздемелік материалдарды міндетті түрде бере отырып, олардың өсу себептері туралы күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде монополияға қарсы органға хабарлауға міндетті.
Монополияға қарсы орган бағаның өсу себептері туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы, ол Тізілімге енгізілген нарық субъектісі тиісті сауалды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.
4. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның талап етуі бойынша монополияға қарсы орган өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет дәйекті құжаттар, жазбаша және ауызша түсіндірмелер және өзге де ақпарат, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат беруге міндетті.
5. Монополияға қарсы орган өз қызметін жүзеге асыру барысында алған коммерциялық құпиясы бар мәліметтер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етілмеуге тиіс.
Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
9-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГAHHЫҢ ШЕШІМДЕРІН
(НҰСҚАМАЛАРЫН) ОРЫНДАУ, ТЕКСЕРУ, ҚАЙТА ҚАРАУ, ОЛАРҒА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБI
32-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін (нұсқамаларын) орындау тәртібi
1. Монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) нарық субъектісі, мемлекеттік орган монополияға қарсы органның шешімінде (нұсқамасында) көрсетілген мерзімде орындайды.
2. Шешім (нұсқама) орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектісін, мемлекеттік органды монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.
33-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің шешімдерін (нұсқамаларын) тексеру
1. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған шешімдер (нұсқамалар) мүдделі тұлғалардың өтініштері бойынша немесе монополияға қарсы органның өз бастамасы бойынша өзі белгілеген тәртіппен тексерілуі мүмкін.
2. Монополияға қарсы орган аумақтық бөлімшенің шешімін (нұсқамасын) тексеру кезінде оны тексеру аяқталғанға дейін аумақтық бөлімше шешімінің (нұсқаманың) орындалуын тоқтата тұруы мүмкін, бұл туралы мүдделі тұлғаларға жазбаша хабарланады.
3. Аумақтық бөлімшенің шешімін (нұсқамасын) тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның:
1) шешімді (нұсқаманы) өзгеріссіз қалдыруға;
2) шешімді (нұсқаманы) өзгертуге;
3) шешімнің (нұсқаманың) күшін жоюға;
4) жаңа шешім (нұсқама) қабылдауға құқығы бар.
34-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін (нұсқамаларын) қайта қарау
1. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) елеулі мән-жайлар монополияға қарсы органға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған, мұның өзі заңсыз немесе негізсіз шешімдер қабылдауға алып келген;
2) шешім дәйексіз ақпарат негізінде қабылданып, бұл заңсыз немесе негізсіз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары талаптар мен міндеттемелерді орындамай, монополияға қарсы органның шешімі осыларға байланысты болған;
4) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешім қабылдануға негіз болған мән-жайлар ендігі жерде болмаған жағдайларда өз шешімін (нұсқамасын) қайта қарауы мүмкін.
Шешім қабылдаған монополияға қарсы орган шешімнің орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейін тоқтата тұруы мүмкін, бұл туралы іске қатысушы тұлғаларға жазбаша хабарланады.
2. Қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешімді (нұсқаманы) өзгеріссіз қалдыруы;
2) шешімді (нұсқаманы) өзгертуі;
3) шешімді (нұсқаманы) жоюы;
4) жаңа шешім (нұсқама) қабылдауы мүмкін.
3. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, экономикалық шоғырлану нәтижесінде құрылған нарық субъектісін мемлекеттік тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
35-бап. Монополияға қарсы органның шешімдеріне (нұсқамаларына) шағымдану
1. Монополияға қарсы органның шешімдеріне (нұсқамаларына) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2. Аумақтық бөлімшелердің шешімдеріне (нұсқамаларына) монополияға қарсы органға шағым жасау үшін:
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;
2) іс үшін маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбегендігі;
3) шешімде жазылған қорытындылардың істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау негіз болып табылады.
3. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің шешіміне (нұсқамасына) нарық субъектісі өзінің құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылғаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап үш айдың ішінде монополияға қарсы органға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
36-бап. Тексеруді немесе тергеуді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібi
1. Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің не оларға қатысты тергеу жүргізілетін нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект он күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауға құқылы.
2. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.
10-тарау. ОСЫ ЗАҢДЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
37-бап. Осы заңды бұзушылықтар
Мыналар:
1) бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер);
2) үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану;
3) мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері;
4) монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау;
5) рұқсаттың болуы қажет болған жағдайда монополияға қарсы органның осындай тиісті рұқсатын алмастан экономикалық шоғырлану;
6) монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу немесе ақпаратты толық көлемде бермеу;
7) монополияға қарсы органға дәйексіз және (немесе) жалған ақпарат беру;
8) монополияға қарсы органның лауазымды адамдары өз функцияларын орындауы кезінде тексерілетін нарық субъектісінің, тергеу жүргізілетін мемлекеттік органның үй-жайына және аумағына кіруіне кедергілер жасау;
9) экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы осы Заңды бұзушылықтар болып табылады.
38-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін (нұсқамаларын) орындау міндеттілігi
1. Нарық субъектілері, мемлекеттік органдар осы Заңды бұзған кезде:
1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, нұсқамада көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтірілген шығынды өтеуге;
3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға;
4) Осы Заңды бұзу нәтижесінде алынған монополиялық кірісті бюджетке аударуға міндетті.
2. Осы Заңның 7-бабында көрсетілген талаптарды бұзушылық монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен нарық субъектілеріне оларды таратуға дейін шара қолдану үшін негіз болып табылады.
39-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
40-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 13-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-і.
№ 173-III ҚРЗ