Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Llоуd’s Rеgіster Croup (LR) сыныптау қоғамын тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 569 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 758 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын Llоуd’s Rеgіster Croup (LR) сыныптау қоғамы танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Халықаралық теңіз ұйьмының (ІМО) Бас хатшысын осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Llоуd’s Rеgіster Croup (LR) сыныптау қоғамын танығандығы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |