2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iсәрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
70-тарау. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын
мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені
үшін алым
404-бап. Жалпы ережелер
1. Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
405-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және ІІ топтағы мүгедектер;
3) бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар);
2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мемлекеттік тiркелген кезден бастап үш жыл iшiнде;
2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес, жылжымайтын мүлікті жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.
406-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 70-1-тараумен толықтырылды ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 70-1- тараудың тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын
мемлекеттік тiркегенi үшiн алым
406-1-бап. Жалпы ережелер
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiк кепiлiн , кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi тiркеушi орган) жүзеге асырады.
406-2-бап. Алым төлеушiлер
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жылжымалы мүлiк кепілі туралы шартты, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
406-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте қайтару тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.
71-тарау. Радиоэлектрондық құралдарды
және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым
407-бап. Жалпы ережелер
1. Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2006.31.01. № 125-III (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
408-бап. Алым төлеушiлер
1. Тiркеушi орган тiркеген кезде мүдделерi көзделетiн жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелер алым төлеушiлер болмайды.
409-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылғанға дейiн тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 72- тараудың тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
72-тарау. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені
үшін алым
410-бап. Жалпы ережелер
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Көлік құралдарын мемлекеттік тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым (бұдан әрi - алым) механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi , теңіз, өзен және шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
411-бап. Алым төлеушiлер
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Тiркеуге жататын механикалық көлiк құралдарымен тiркемелердi пайдаланатын , теңіз, өзен және шағын көлемді кемелері, азаматтық әуе кемелері бар жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес, мүлікті жария еткен азаматтар алым төлеушілер болып табылмайды.
412-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
73-тарау. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
73-1-тарау. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
74-тарау. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
75-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік
тіркегені үшін алым
419-бап. Жалпы ережелер
1. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде, сондай-ақ мемлекеттік тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) растайтын құжаттың дубликатын берген кезде алынады.
2. Тiркеудi дәрi-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырады.
420-бап. Алым төлеушiлер
Дәрi-дәрмек құралдарын тiркеушi органға тiркеуге ұсынған жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
421-бап. Алым ставкалары
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
422-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және тиiстi құжаттарды тiркеушi органға бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы салық төлеушiнiң есепке тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алым төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 75-1 -тараумен толықтырылды (2006.01.01 бастап қолданысқа енді)
75-1-тарау. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне
құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу үшін алым
422-1-бап. Жалпы ережелер
1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі - алым) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - тіркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тіркеуді зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - тіркеуші орган) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырады.
422-2-бап. Алымды төлеушілер
Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады, тіркеуші орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.
422-3 - бап Алымды есептеу, төлеу және төленген
сомаларды қайтару тәртібi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
2. Алым сомасы салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.
3. Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін тіркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.";
76-тарау. Автокөлік құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүргені
үшін алым
423-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi - алым):
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетел автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитi;
3) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруi;
4) отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруi үшiн өндiрiп алынады.
2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы уәкiлеттi орган берген рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
424-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстiң 419-бабының 1-тармағында белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 425-бап өзгертілді
425-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.
Қазақстан Республикасының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдаланған кезде алым сомасы осындай автомобиль жолдарымен жүргенге дейiн төленедi.
2. Алым банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы бюджетке аудару жолымен не көлiк саласындағы уәкiлеттi органның арнаулы пункттерiнде қатаң есеп бланкiлерi негiзiнде қолма-қол ақшамен төленедi.
Қатаң есеп бланкiлерiнiң нысанын және қолма-қол ақшамен енгiзiлген алымдар сомасын бюджетке есептеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейдi.
3. Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша немесе ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
4. Алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 76-1-тараумен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
76-1-тарау.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым
425-1-бап. Жалпы ережелер
1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым (бұдан әрі - алым) бұқаралық ақпарат құралын есепке қойған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде алынады.
2. Есепке қоюды Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
425-2-бап. Алымды төлеушілер
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес есепке қоюға жататын бұқаралық ақпарат құралын құрушы жеке немесе заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
425-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және тиісті құжаттарды уәкілетті органға бергенге дейін төленеді.
2. Алым сомасы төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша бюджетке енгізіледі.
3. Алымды төлеген тұлғалар уәкілетті органға тиісті құжаттарды бергенге дейін бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылмайды.
Бұл ретте қайтару аталған тұлғаның бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыруға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын, уәкілетті орган берген құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін жүргізіледі.
77-тарау. Аукциондардан алынатын алым
426-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi - алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.
427-бап. Алым төлеушiлер
Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
23.11.02 ж. 358-ІІ; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 428-бап өзгертілді
428-бап. Салық салу объектiсi
1. Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткізу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.
2. Сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқықтар) құнына:
1) мемлекеттік мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондардан;
3) мыналарды:
салық органдары иелiк етудi шектеген мүлiктi;
салық мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында кепiлге салынған мүлiктi;
соттың шешiмi бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыруды сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген мүлiктi;
белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi;
белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi сату жөніндегіаукциондардан;
5) банкрот кәсiпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі аукциондардан;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;
7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.
429-бап. Алым ставкалары
Алым ставкасы аукцион өткізу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сату құнының 3 процентi мөлшерiнде белгiленедi.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 430-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
430-бап. Алымды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Атқарушы құжаттар арқылы атқарушы iс жүргiзу органдары өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына қарай салық салынатын объектiге түзету жүргiзiледi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Алым төлеу аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерi жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.
431-бап. Салық декларациясы
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Алым төлеушілер аукциондар (аукцион) өткізілген есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен жердегі салық органдарына алым жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2. Аукцион ұйымдастырушылар тоқсан iшiнде өткiзiлген аукциондар бойынша тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
78-тарау. Елтаңбалық алым
ҚР 23.11.02 ж. 358-ІІ Заңымен 78-тарау алынып тасталды
79-тарау. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу
құқығы үшін лицензиялық алым
438-бап. Жалпы ережелер
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензия (лицензияның дубликатын) беру (қайта ресімдеу) кезiнде алынады.
2. Лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті орган (бұдан әрi лицензиар) жүзеге асырады.
439-бап. Алым төлеушiлер
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
440-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы алым төлеушiнiң салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркелген жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi лицензиар берген, лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
80-тарау. Телевизия және радио хабарларын
тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алым
441-бап. Жалпы ережелер
1. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат дубликаты) (бұдан әрi - рұқсат) берген кезде алынады.
Осы тараудың ережелерi бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып байланыс саласындағы уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
3. Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес конкурстық негiзде жүргізілуі мүмкін.
Радиожиiлiк спектрiнiң белдеулерiн (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезiнде алынатын бiр жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге тиiстi алымның есебiне жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда ақпарат табыс етедi.
442-бап. Алым төлеушiлер
Осы Кодекстiң 441-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.
Өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алған мемлекеттік мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.
443-бап. Алым ставкалары
Алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
444-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi органнан рұқсат алғанға дейiн бюджетке төленедi.
2. Алым сомасы салық төлеушiнi есепке алып, тiркеген жер бойынша бюджетке енгізiледi.
3. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы уәкiлеттi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн, рұқсат алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды.
Бұл орайда алым сомасы тиiстi уәкiлеттi орган берген, рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты салық төлеушi табыс еткеннен кейiн қайтарылады.
81-тарау. Жер учаскелерін пайдаланғаны
үшін төлемақы
445-бап. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп (жалға) уақытша жер пайдалануға бергенi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы (бұдан әрi төлемақы) алынады.
2. Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленедi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша мәлiметтер табыс етедi.