22-бап. Салық қызметi органдарының басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекетi
1. Салық қызметi органдары орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдармен өзара iс-әрекет жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттік органдар салық заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі мiндеттердi өзара iс-әрекет жасау арқылы орындайды.
4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша бiр-бiрiмен өзара iс-әрекет жасайды.
23-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады.
2. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
3. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамының денсаулығына кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiн ауыр зиян келген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан, кiнәлi адамдардан кейiн сомасы өндiрiп алынатын, бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
4. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):
1) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
5. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамдарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы сома кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп алына отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.
2-бөлім. Салық міндеттемесі
4-тарау. Жалпы ережелер
24-бап. Салық мiндеттемесi
1. Салық төлеушiнiң салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған сәйкес салық төлеушi салық органына тiркеу есебiне тұруға, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептілігiн жасауға, оны белгiленген мерзiмде табыс етуге, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
2. Мемлекет салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден - оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсiлдердi және осы Кодексте көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
25-бап. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер
Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды.
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемнiң әрбiр түрi бойынша салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объект осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес айқындалады.
26-бап. Салық базасы
Салық базасы дегенiмiз салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объектiнiң құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы айқындалады.
27-бап. Салық ставкасы
1. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне салық есептеулерiнің шамасын бiлдiредi.
2. Салық ставкасы салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.
28-бап. Салық кезеңi
Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi деп түсiнiледi, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиiс салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы есептеледi.
5-тарау. Салық міндеттемесін орындау
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Салық мiндеттемесiн орындау
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.
2. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
1) салық органына тiркеу есебiне тұрады;
2) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң есебiн жүргiзедi;
3) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi, салық базалары мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, бюджетке төленуге тиiстi салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;
4) салық есептілігiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық қызметi органдарына табыс етедi;
5) салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай-ақ салық мiндеттемесi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмпұлдары мен айыппұлдарын төлейдi.
Салық төлеушi салық мiндеттемесiн осы Кодексте белгiленген тәртіппен және мерзiмдерде орындауы тиiс.
3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4- тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасына төлем тапсырмасы акцептін алған күннен бастап немесе салық төлеуші төлемді банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы жүзеге асырған күннен бастап , ал қолма-қол ақша нысанында - салық төлеушi аталған соманы банкке немесе уәкiлеттi органға төлеген кезден бастап орындалды деп есептеледi.
5. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын салық төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi оны ұстап қалған күннен бастап орындалды деп есептеледi.
6. Салықтар төлеу жөніндегі салық мiндеттемесi осы Кодекстiң 39 және 252-баптарында белгiленген тәртiппен есепке жатқызу жолымен орындалуы мүмкін.
7. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөніндегі салық мiндеттемесi, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметiн реттейтiн заң актілерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерімен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.
30-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
есептеу ерекшелiктерi
1. Төлем көзiнен ұсталатын салық сомаларын есептеудi салық агентi жүзеге асырады.
2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөніндегі мiндет салық органына және уәкiлеттi органдарға жүктелуi мүмкiн.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Салық қызметi органдарының салық мiндеттемесiн орындау жөніндегі хабарламасы
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1- тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының салық төлеушіге қағазға түсірілген немесе оның жазбаша келісімімен электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады.
2. Хабарлама түрлерi төменде аталған түрлермен шектеледi және олар салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:
1) салық органы осы Кодекстiң 30-бабының 2-тармағына сәйкес есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы - есептеп шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2) салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің мен өсiмпұлдардың есептелген сомасы туралы - салық тексеруi актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
3) 23.11.02 ж. № 358-II ҚР Заңымен алынып тасталды
4) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар туралы, осы Кодекстің 45-бабының 1) тармақшасында белгіленген жағдайды қоспағанда, - осы Кодекстің 47-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін;
5) салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қолданылатын шаралары туралы - мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
6) дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы өндiрiп алуға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептілігiнде бұзушылық анықталған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
8) салық төлеушiнiң шағымын қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы - шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) салық заңдарын бұзушылықты жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешіктірілмей;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын және орналасқан (тұрғылықты) жері өзгерген күннен бастап мұндай өзгерістер туралы жиырма жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны есептен шығару туралы - қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
3. Хабарламада салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы; салық төлеушінің тіркеу нөмірі; хабардар етілген күн; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің сомасы; салық міндеттемесін орындау туралы талап; хабарлама жіберу үшін негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі.
Хабарламалардың нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы баптың 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, жіберу фактісі сол бойынша расталатын хабарламаны қоспағанда, хабарлама салық төлеушiнің (өкiлiнің) жеке өзiне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылуға тиiс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші өзіне (өзі) хабарлама тапсырылған (алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.
5. Осы бапта көзделген ережелер салық агентiне жiберiлетiн хабарламаға қатысты да қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi
1. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi осы Кодекспен белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды iс-әрекеттен кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Кодексте белгiленген кезең аяқталған күнiнiң соңында бiтедi. Егер мерзiмнің соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Салық органдары салық бақылауы нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге хабарлама тапсырылған (салық төлеуші хабарлама алған) күннен кейiнгi отыз жұмыс күнi iшiнде орындалуға тиiс.
3. Салық тексеруi нәтижелерi бойынша салық органдарының хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен өсiмпұлдар есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын акциздердің және салықтардың есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмi алпыс жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген сома төлеу мерзiмi ұзартылған әрбiр күнге өсiмпұл есептеле отырып, осы кезеңнiң әрбiр он бес жұмыс күнi сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиiс.
4. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың салық берешегi сомаларын жабу үшiн соттың шешiмiмен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргiзiлетiн салық берешек сомаларын төлеу жөніндегі мiндеттемелерiн орындау мерзімдерi жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешiмi күшiне енген кезден бастап оларды орналастыру (өткізу) аяқталғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Салық берешегiн өтеу тәртібі
Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) есептеп қосылған өсiмпұлдар;
2) бересi сомасы;
3) айыппұлдар сомасы.
34-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындауы
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу осындай салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Салық есептілігінде (тарату есептілігін қоспағанда) көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, мұндай төлем таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегі аталған заңды тұлғаның ақшасы, оның ішінде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі. Бұл ретте таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі де өтеледі.
2. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкi салық берешегiн толық сөйлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.
3. Егер таратылатын заңды тұлғада салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар осы Кодекстiң 39-бабында белгiленген тәртiппен таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу есебiне есептеуге жатқызылады.
Таратылатын заңды тұлғада салық берешегi болмаған жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтарылуға тиiс.
35-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық мiндеттемесiн орындау
1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.
2. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын (құқық мирасқорларын), сондай-ақ құқық мирасқорларының салық берешегiн өтеуге қатысу үлесiн белгiлеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлғаның құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды.
4. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғанға дейiн артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебiне есептеуге жатқызады.
5. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқық мирасқорына қайтарылуы тиiс.
36-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегiн өтеу
1. Қайтыс болған жеке тұлғаның ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлік құны шегiнде және мұраны алған күнгі ондағы үлесiне барабар өтейдi.
2. Жеке тұлғаның мұрагерi болмаған жағдайда, ол қайтыс болған күнiнде жиналып қалған салық берешегi өтелдi деп есептеледi.
37-бап. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау
1. Жеке тұлғаны сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жағдайда, мұндай жеке тұлғаға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрады.
2. Сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкiн басқаруға қорғаншы орган уәкiлеттiк берген адам өтейдi.
3. Егер белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеттi деп танылған адамның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда хабар-ошарсыз кеткен адамның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктің жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
4. Сот адамды хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы шешiмнің күшiн жойған жағдайда, салық мiндеттемесi бойынша белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi қайта басталады.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмi
1. Салық қызметi органы, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы.
1-1. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметi органы жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттың қолданылу мерзімi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ iшiнде салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеуге немесе олардың есептелген сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады.
1-2. Салық төлеушi осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептілігiн табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеп қосу және (немесе) олардың есептеп қосылған сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Салық төлеуші осы Кодекстің 100-бабының 4-тармағын және 144-бабының 25-1) тармақшасын қолданған жағдайда, осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығын есептеу және (немесе) қайта қарау бөлігінде жеке тұлғаның міндеттемелерді орындауы бойынша осы Кодекстің 100-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімнен бес жылға дейін ұзартылады.
2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-тарау. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен
есеп айырысу кезінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың
артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертілді ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
39-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп
айырысу кезінде салық төлеушінің артық төлеген салық,
төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызу
1. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша міндеттемелер ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген және төлеуге есептелген сомалары арасындағы айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады.
Осы Кодекстің 198-1-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып танылады.
2. Осы тараудың мақсаттары үшін жер учаскелерін пайдаланғаны, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақылар төлемақы деп танылады.
3. Бюджетке артық төленген салық және төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз салықтың және төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
2) салық төлеушінің өтініші бойынша өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай тәртіппен:
салықтың және (немесе) төлемақының басқа да түрлері бойынша бересіні, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу есебіне;
салықтың және (немесе) төлемақының осы және басқа да түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне міндетті есепке жатқызылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде кеден органдары алатын салықтардың бюджетке артық төленген сомасы салық төлеушінің өтініші бойынша салықтың артық төленген сомаларының бар екендігі туралы кеден органының растамасымен қоса, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен: